Жанама салык

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 15:05, дипломная работа

Краткое описание

Салық салудың методологиясы мен оның әдістемелік негіздері салық механизмі мен оның элементтерінің негізін құрайды.
Қазіргі кезде, Қазақстанның даму моделі мен стратегиялық жоспарына сәйкес, мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін құрайтын салық жүйесі құрылып жұмыс істеуде. Бұл салық жүйесі құрамындағы салықтарды біз екі топқа (тура және жанама) бөлеміз.

Оглавление

Кіріспе
Бөлім 1 Жанама салық салудың теориялық негіздері және олардың
ҚР салық жүйесіндегі рөлі
1.1 ҚР жанама салықтардың даму тарихы
1.2 Жанама салықтың экономикалық мазмұны
1.3 ҚР салық жүйесінднгі жанама салықтың рөлі
1.4 Жанама салықтардың салық салудағы шетел тәжірибесі
Бөлім 2 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің
ұйымдық –экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы
2.1 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің
ұйымдық –экономикалық сипаттамасы
2.2 «Temirlan Development Company» ЖШС-нің қаржылық жағдайын
талдау
Бөлім 3 «Temirlan Development Company» ЖШС жанама саылықты
еспетеп төлеу механизмі және жетілдіру
3.1 «Temirlan Development Company» ЖШС қосылған құн салық
обьектісін анықтап есептеу
3.2 «Temirlan Development Company» ЖШС-нің қосылған
құн салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу
3.3 ҚР қосылған құн салығын және акциз салықтарын қолдануды
жетілдіру жолдары
Қорытынды мен ұсыныстар
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

жанама саылықты.doc

— 622.50 Кб (Скачать)

Экспорт кезіндегі қосымша құн салығының нөлдік ставкасы Қазақстаннан шикізат алатын елге тиімді. Себебі ол елде  өңделеді, тапқан табысына қарай  жұмыс орындарын ұлғайтып, өз бюджетіне түсімді көбейтеді, деген сенатор осыған байланысты қосымша құн салығын саралап қолдану ставкасына қатысты халықаралық оң тәжірибені терең жан-жақты зерттеп, қарау қажеттігін көлденең тартады.

Қосымша құн салығын  саралап қолдану ставкасы әлемнің  көптеген елдерінед бар десек, Еуроодақ елдерінде, мысалы, Австрияда  қосымша құн салығы ставкасының 20,12 және 10 пайыз үш түрі бар. Бельгияда – 21,12 және  6 пайыз, Испанияда да 18, 8 және  4 пайыз үш түрі қолданылады дей тұра, сенатор қосымша құн салығының салық түрлерінің ішінде ең коррупциялық салық болып табылатынын атап көрсетеді. Және атап көрсетумен қатар оның себептерін де нақтылап көрсетуді  ұмытпайды.

Біріншіден, қосымша құн  салығының заңсыз схемаларын еліміздің  ішкі жалпы өнімінде негізгі үлесті құрайтын экспортерлер белсенді пайдаланады. Біріншіден, мысал үшін, олар 600-ден  астам отандық компаниялар, оффшорлық аймақтарда тіркелген құрылтайшылар.

Екіншіден, ірі шикізат  экспортерлерінің тиісті ведомстволар мен биліктің құрылымында ықпалы мен лоббилары бар екені де анық, бұл да қосымша құн салығын  әкімшілендіру кезінде коррупциялық көріністерді ынталандырады.

Сондай-ақ, қосымша құн  салығын қайтару проблемасы қылмысқа әкеледі. Өйткені қосымша құн салығын заңсыз қайтарып беру біркүндік фирмаларды құруды ынталандырады. Өз кезегінде мұндай фирмалар жылдан-жылға көбейіп барады. Мысалы,  2008 жылы жалған кәсіпкерлік бойынша анықталған факті – 360, бұл көрсеткіш  2009 жылы 560 болып, 1,5 еседен де көп өсіп кеткен. 2010 жылы тағы да  30 пайыз өсіп,  725 қылмысқа жетті. 2011 жылдың  9 айында  29,1 млрд. теңге шығын әкелген  383 қылмыс анықталды.

Бақылауды қатайтуға бағытталып қабылданған шаралардың пайдасынан зияны асып, одан адал салық төлеушілер зардап шегіп, олардың көлеңкелі экономикаға кетуіне әкеп соғуда. Осы айтылған проблемаларға Үкіметтің позициясын білу мақсатында сенатор  төмендегідей сұрақтарды Үкімет басшысының назарына ұсынған болатын:

1)    бүгінгі күні шикізат экспорты үшін, соның ішінде көмірсутектері үшін қосымша құн салығын қайтару еліміз үшін қаншалықты пайдалы?

2)    Үкіметте     қосымша құн салығын қайтаруды саралап қарау, мысалы, тауарға «0» ставкамен, шикізатқа төленген салықтың тек бір бөлігін ғана қайтару мүмкіндігі қаралды ма?

3)    қосымша құн салығын қайтарудағы заңсыз әркеттерді жою бойынша салық әкімшілігін жетілдіруде Үкімет не істеуді ойлайды?

Бұл сауалға Премьер-министр Кәрім Мәсімов қосымша құн салығын қайтару мемлекетік бюджеттің кіріс бөлігінен жоғалту болып табылмайтын көрінеді. Мұнымен қоса, соңғы жылдары қосымша құн салығын қайтарудың көлемі өссе, бұл Қазақстанның экспорт көлемін ұлғайтуына байланысты екен. Мысалы, Қазақстанның экспорт көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 26,3 пайыз өсіпті, яғни  13 440,0 млн. АҚШ долларын құрады деп жауап берген болатын.

Сонымен, Үкімет экспортерлерге қосымша құн салығын қайтаруды  алып тастау отандық тауарлардың  бәсекеге қабілеттілігін едәуір деңгейде төмендеуіне, сатып алу нарығының қысқаруына әкеп соғатындықтан қосымша құн салығына қатысты бүгінгі қолданыстағы ереже Қазақстан үшін қолайлы болып табылады деп біледі.

Ал, отандық шикізатты  өңдеудің қажетті қуаттары болмай, еліміздің экспорт құрылымында шикізаттың үлесі 70 пайызға жетіп отырғандықтан,  қазіргі уақытта  қосымша құн салығын саралап қайтару әдісін енгізу күткендегнідей тиімді болмайды деп санайды. Үкіметтің жауабына қарағанда мұндай шара экспортерге дейін «өнім беруші-сатып алушы» біркүндік фирмалар санының көбеюіне алып келеді. Тоқ етерін айтқанда, Үкімет экспортерлерге қосымша құн салығын саралап қайтаруды енгізу пайдалы емес дегенге тоқтап отыр.

Қазақстан Республикасындағы  жалпы салықтардың ішіндегі акциз  салығының бюджетке түсімінің жылдан жылға өсіп отырғанының басты себептері, осы салық түрін төлеушілердің санының жылдан – жылға  өсіп отырғандығы мен сондай-ақ осы салық түрінің уақытында төленуімен түсіндірілуде.

Қазіргі қаржылық дағдарыс кезінде мемлекеттік бюджеттің кіріс қаражаттарын қалыптастыруда қажеттілігі маңызды болып отыр. Себебі, қазіргі кезде мемлекет акциз салығының ставкасын өсіре отырып, біріншіден, бюджеттегі қаржылық ресурстарды көбейтеді және екіншіден, қоғамдағы тұтынатын зиянды тауарлардың сатылуын, таралуын, пайдаланылуын шектейді.

Кейбір тарихи мәліметтерге сүйенсек акциз салығы алғашқыда-ақ жанама салық ретінде қалыптасқан. Жанама салықтар тарихта тұтынуға салық  ретінде қалыптасқан, тарихи тәжірибеде кедендік баждары, акциздер, монополия түрінде енгізілген. Жанама салықтар, оның ішінде акциз салығы көп ғасырлық тарихи даму кезеңдерінен өткен.

Акциздер көбінесе мұнай өнімдерін өндіруден және сатудан, белгілі бір тауардың салмақ өлшемінен немесе физикалық көлемінен, спирттік ішімдіктер мен темекі өнімдерінен, сән-салтанат заттарын (бұйымдарын), сирек кездесетін өте дәмді тағамдарды және т.б. сатудан түскен пайдадан немесе құнынан алынады.

Акциздер негізінен халық тұтынатын жаппай сұранысқа ие тауарлар мен сән-салтанат заттарының бағасына немесе көрсетілетін қызметтің тарифіне қосылатындықтан өзіне тән фискальдык функциясына қоса әлеуметтік функцияны жүзеге асырады.

Акцизделетiн тауарлар тізбесі:

  • спирттің барлық түрлерi;
  • алкоголь өнiмi;
  • темекi бұйымдары;
  • бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны; 
  • жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа); 
  • шикi мұнай, газ конденсаты акцизделетiн тауарлар болып табылады.

Қазақстан Республикасының  акциз салығын есептеу тәртібі  мен төлеу механизмі Қазақстан Республикасының Салық және Кеден Кодекстерінде белгіленген тәртіптер негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар түріне акциз салынады.

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің арнайы сайтында, яғни www.minfin.kz және арнайы статистикалық бюллетенінде жарияланған статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, мемлекттік бюжетке түскен салықтық түсімдер оның ішінде акциз салығының соңғы жылдардағы түсімін талдау жасауға болды.

Елімізге акцизделетін тауарлар негізінен жақын және алыс шетелдерден әкелінеді. Олар мұнай  өнімдерін және спирт өнімдерін  өндіріп сатумен айналысатын  кәсіпорындар. 

Қазақстандағы ірі акциз салығын төлеуші компанияларға тоқталып өтетін болсақ. Олар, еліміздегі арақ-шарап өндіретін «Бахус» шарап зауыты, «Жетісу», «Юникс», «PARLAMENT-ICE», әлсіз алкогольді газдалған сусын шығаратын фирмалар және Алматы арақ-шарап зауыты, сондай-ақ, АҚ «Филипп Моррис Қазақстан»,  Алматы және Шымкент темекі зауыттары, Атырау, Ақтау, Маңғыстау мұнай-газ өндіретін және Павлодар, Шымкент, Екібастұз жанар-жағар май өнімдерін өткізуші кәсіпорындар. Осы және тағы басқа кәсіпорындардан ірі көлемде акциз салығы алынып отырады.

Республикамызда алкоголь және темекі өнімдерінің контрабандалық жолмен әкелінуі ішкі нарықтағы отандық тауар өндірушілердің бәсекелестігіне елеулі түрде кері әсерін тигізіп отыр. Соңғы уақыттағы Қазақстанның темекі нарығындағы жағдайы жалпы көлемнің 10%-ын заңсыз айналым құрайтынын көрсетті. Ал республика нарығындағы бензинның заңсыз айналымы 50%-ке тең, яғни жыл сайын бюджетке шамамен 3,5 млрд.теңге түспей қалады екен.

 Заң бұзушылықтарды  шектеу және акцизделетін тауарлардың  заңсыз өндірісі мен айналымына қарсы күресі мақсатымен Қазақстан Республикасының үкіметі акцизделетін өнім сферасын реттеу саясатын жүргізуде. Жүргізілген экспертизалардың нәтижесі жасанды акциз маркаларының жоғары сапалылығын дәлелдеп, тіпті олардың жасандылығын анықтаудың қиын екендігін көрсетті. 2000 жылдан бастап осы күнге дейін республика бойынша заңсыз айналымнан 6 миллионнан артық жасанды акциз маркалары табылды.

Яғни бұндай заң бұзушылықтар санының өсіп бара жатқаны байқалады. Бұл әрине үрей туғызарлық жағдай. Сондықтан акциз маркаларының заңсыз айналымымен күресті күшейту мақсатымен ең біріншіден акциз маркаларының қорғау дәрежесін үнемі өзгертіп, толықтырып отыру керек.

Сонымен  Қазақстанның акцизделетін тауарлар нарығында туындап отырған негізгі мәселелер мыналар:

  • алкоголь өнімдерінің заңсыз өндірісі мен заңсыз айналымы көлемінің ұлғаюы;
  • сыра және шарап өндірісінің жеткілікті дамымауына байланысты осы өнімдердің контрабандасының кең етек жаюы;
  • акциз маркаларының қорғау дәрежесінің төмендігінен олардың заңсыз өндіріс көлемінің үлғаюы;
  • алкоголь өнімдерін тұтынуды реттеудің жеткіліксіздігі;
  • мұнай өнімдері нарығындағы көлеңкелі айналым көлемінің жоғары болуы;
  • мұнай экспортының ұлғаюына байланысты отандық мұнай өңдеу зауыттарының толық іске қосылмауы;
  • республиканың мұнай өнімдері нарығын мемлекеттік реттейтін нормативтік құқықтық актінің болмауы;
  • жергілікті атқарушы органдар тарапынан алкоголь өнімінің бөлшек саудасын бақылаудың жеткіліксіздігі және т.б. мәселелер.

Жоғарыда аталған мәселерді шешу үшін мынандай шаралар ұсынылып отыр:

  • акцизделетін тауарлар өндірісі мен қозғалысын есепке алу жүйесін жетілдіру;
  • акциз маркаларын қорғау дәрежесін жоғарлату, дизайнын күрделендіріп, толықтыру;
  • алкоголь өнімдеріне, құрамындағы этил спиртінің мөлшеріне байланысты, темекі өнімдеріне, құрамындағы зиянды заттардың (никотиннің) мөлшеріне байланысты дифференциалданған акциз ставкілерін белгілеу;
  • акцизделетін тауарлардың заңсыз өндірісі мен заңсыз саудасын жүзеге асырушыларға қолданылатын санкцияларды күшейту және айыппұлдар сомасын жоғарлату;
  • республикадағы мұнай экспортына шектеу квоталарын белгілеу;
  • Қазақстан Республикасының "Мұнай өнімдері нарығың мемлектеттік реттеу туралы" Заңының жобасын құру; - бұл біздің басты ұсыныстарымыз болып табылады.

Жалпы, қазіргі кезде акциз салығының маңызы мен ролі мемлекеттік ұйымдарды ресурстармен қамтамасыз етумен шектелмейді. Акциз салығы  ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Акциздер, әдетте мемлекеттің кейбір экономикалық секторларындағы мол табыс әкеледі.  Сондай-ақ бағалары онша қымбат емес, бірақ пайдалану нәтижесінде зардабы (зиянды) тиетін тауарлардың тұтынылуын шектеуді көздейді.

Акциз салығының жоғарғы ставкасын қолдану халықтың сатып алу қабілеттілігін төмендетіп, өндірушілер үшін өткізу нарығын тарылтады. Өндірушілердің бұл тауарларды, яғни адам денсаулығына зиян темекі  және арақ өнімдерін өндіруі азайтылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды мен ұсыныстар

 

Орындалған дипломдық  жұмыстың құрылымы бойынша жанама салықтардың  теориялық негіздері қарастырылып, олардың мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы ролі нақты мәліметтер арқылы көрініс тауып, қосылған құн салығы есептеліп-төлену механизмдері мен мәселелері ашылып, жетілдіру қажеттілігі бойынша ұсыныстар анықталды.

Салық Кодексін қабылдағанға дейінгі тауар айналымдылық операциясының қорытындысын барлық деңгейде қамту бойынша қызмет еткен жағдайлар, бір кездері мемлекеттік баға тұрақтылығы саясаты бойынша түсіндіріледі.

Әлемдік, нарық және халықаралық  бәсекелестік жағдайында артықшылыққа тауарларды сату мен қызмет көрсету әлемдік нарығында өзінің салық компонентімен өндірістегі шығындарының үлесін төмендету есебіне рационалды және үстанымды салық саясатын жүргізетін елдер ие болады.

Қазақстандағы экономикалық қайта құруларымен меншікті қатынастарды қайта құру мемлекет өзінің экономикалық функцияларын жүзеге асыруға және салық жүйесінің қайта құрылуына заңды негізде әсер етті. Нарықтық экономикаға өту кезінде салықтар жаңа экономикалық қарым қатынастарды реттеудегі әсері көбірек құралдардың бірі болып табылады. Олар өз кезегінде нарықтық үрдістердің стихиялық шектеуге, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының құрылуына әсер етіп, инфляцияны қысқартуға әсерін тигізеді.

Қазақстандағы экономиканы  қайта құрудың ерекшелігі салық  және салық жүйесінің сәйкес құқықтық қамсыздандыруы болмаған жағдайда тиімді түрде қызметін атқара алмауында.

Көптеген әлем елдерінің  салық жүйесі көптеген жылдары бойына біртіндеп дамып отырды. Қазақстанның салық жүйесін құрудың ұзақ мерзімді эволюциясына уақыты жоқ және болған емес, ұлттық экономиканың дамуын жеделдетіп құру қажеттілігі тұрды.  Бірақ Қазақстан бір мерзімде толықтай қанағаттанарлықтай және қазіргі кезгі салық жүйесіне өтіп кете алмайды.  Бұл мақсатқа жетудегі өзгерістер кезең кезеңмен, салық төлеушілермен салық ұйымдарына орын алып отырған өзгерістерді толықтай түсінуге мүмкіншілік бере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Қажетті өзгерістерге бір дегенде жету мүмкін болмағандықтан белгілі бір кезектілік болу қажет.

Информация о работе Жанама салык