Жанама салык

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 15:05, дипломная работа

Краткое описание

Салық салудың методологиясы мен оның әдістемелік негіздері салық механизмі мен оның элементтерінің негізін құрайды.
Қазіргі кезде, Қазақстанның даму моделі мен стратегиялық жоспарына сәйкес, мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін құрайтын салық жүйесі құрылып жұмыс істеуде. Бұл салық жүйесі құрамындағы салықтарды біз екі топқа (тура және жанама) бөлеміз.

Оглавление

Кіріспе
Бөлім 1 Жанама салық салудың теориялық негіздері және олардың
ҚР салық жүйесіндегі рөлі
1.1 ҚР жанама салықтардың даму тарихы
1.2 Жанама салықтың экономикалық мазмұны
1.3 ҚР салық жүйесінднгі жанама салықтың рөлі
1.4 Жанама салықтардың салық салудағы шетел тәжірибесі
Бөлім 2 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің
ұйымдық –экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы
2.1 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің
ұйымдық –экономикалық сипаттамасы
2.2 «Temirlan Development Company» ЖШС-нің қаржылық жағдайын
талдау
Бөлім 3 «Temirlan Development Company» ЖШС жанама саылықты
еспетеп төлеу механизмі және жетілдіру
3.1 «Temirlan Development Company» ЖШС қосылған құн салық
обьектісін анықтап есептеу
3.2 «Temirlan Development Company» ЖШС-нің қосылған
құн салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу
3.3 ҚР қосылған құн салығын және акциз салықтарын қолдануды
жетілдіру жолдары
Қорытынды мен ұсыныстар
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

жанама саылықты.doc

— 622.50 Кб (Скачать)

Cалық салынатын импорт=Ққұны+Қалым+ҚБәкелінген+Акциз, бұл жерде:

Ққұны-әкелінген тауарлардың  кедендік құны;

Қалым-әкелінген тауарларға кедендік алымдар;

ҚБәкелінген-әкелінген  тауарларға кедендік баждар;

Акциз-әкелінген тауарларға акциз.

  1. Салық салынатын импортты анықтау:


                              =                                        -

 

 

 

 

  1. Cалық салынатын импорттың мөлшерін анықтау:



 

=                                          +

 

 

 

3.Қосылған құн салық сомасын есептеу:


 

=                                              *

 

 

Сурет 5- Салық салынатын импорттарда қосылған құн салығын есептеу сызбасы.

 

         Қосылған құн салығы бойынша  обьектіге салынатын салық ставкалар  әртүрлі болып келеді. Сол ставкаларға  тоқталып өтсек.

 

Кесте 6 - Қосымша құн салығы бойынша ставкалар

Салық салынатын обьект

Салық ставкалары

Салық салынатын айналым

12 пайыз

Салық салынатын импорт

12 пайыз

Экспортқа тауарларды өткізу бойынша айналым

нөлдік ставка

Халықаралық тасымалдаудағы қызмет көрсету бойынша айналым

нөлдік ставка

Жер қойнауын пайдалану  шарты негізінде өндірушінің  өз тауарларын өткізу бойынша айналым

нөлдік ставка


 

Aртық төленгенді қайтаруға жатпайтындар:

  1. 2000 МЕК құрайтын «осы үлгі 2009 жылға дейін жарамды болды);
  2. нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдармен байланысты емес;
  3. резидент емеске қосылған құн салығы, импортқа қосылған құн салығы төлеумен байланысты емес құрылған (2009-2010 жылдардан қолданылады);
  4. алынған биологиялық активтермен, жылжымайтын мүлікке инвестициямен, негізгі құралдармен пайдалануға алу бойынша емес (2009-2010 жылдардан қолданылады);
  5. ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режиміндерінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушіге;
  6. Қосылған құн салығын төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданатын және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші ұйымдар;
  7. 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін тауарлар, қызметтер, жұмыстарды алу бойынша, нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдармен байланыстыны қоспағанда.

Aсып кеткен қосылған құн салығын қайтарудың шекті мерзімі бекітілген:

  1. Қосылған құн салығын төлеушілерге – салық кезеңі ішінде ққс асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген ққс жөніндегі декларацияны салық органына табыс ету үшін осы Кодексте «ұзарту кезеңін ескере отырып) белгіленген соңғы күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде;
  2. Салықтық тексеру нәтижелерімен расталған ққс асып кеткен сомасын қайтару:

- Салық кезеңі ішінде қайтару туралы талап көрсетілген ққс жөніндегі декларация табыс етілген күннен бастап күнтізбелік жүз сексен күн ішінде жүргізіледі;

- Салық кезеңі ішіндегі өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайызын құрайтын нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын ққс төлеушіге, қайтару туралы талап көрсетілген ққс жөніндегі декларация табыс етілген кезден бастап алпыс жұмыс күні ішінде қайтару жүргізіледі.

         Eсепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы,егер:

  1. Қосылған құн салығын төлеушінің кәсіпкерлік қызметіне жатпайтын шаралар өткізумен байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді);
  2. Қонақ үй ретінде пайдаланылатын ғимараттарды қоспағанда, тұрғын үй қорындағы ғимараттарды (ғимараттың бір бөлігін);
  3. Негізгі құралдар ретінде сатып алынған жеңіл автомобильдерді;
  4. Жалдау шартына сәйкес жөндеу шығыстарын жалға беруші өтеген және жөндеуді жүзеге асырған жалға алушының салық салынатын айналымы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй қорындағы жалға алынған ғимараттарды жөндеуге пайдаланылған тауарларды(жұмыстарды, қызмет көрсетуді);
  5. Өтеусіз алынған мүлікті(тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді), осындай мүлік Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден әкелінген және осы мүлікті алушы импорт кезінде ққс төлеген жағдайларды қоспағанда, алумен байланысты төленуге тиіс болса, есепке жатқызылмайды.

Бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасын  анықтауда әлемдік тәжірибеде 2 кең тараған әдіс қолданылады:

Тура (бухгалтерлік) әдістің  мәне – қосылған құн салықты келесідей  формула бойынша есептеуде: ҚҚС=С*ҚҚ,

мұндағы: С-салық ставкасы; ҚҚ-қосылған құн.

  1. Жанама (барабарлық) әдіс шот-фактура арқылы келесідей формуламен анықталады: ҚҚС=СБ-СТ,

мұндағы: С-салық ставкасы; Б-өткізу бағасы; Т-тұтынылған тауарлардың құны; ҚҚ-қосылған құн.

Tауардың бірнеше кәсіпорындардан (шикізат өндірушіден түпкілікті даяр өнімді тұтынушыға дейін) өткен кездегі қосылған құн салығын есептеудің қарапайымдалған сызбасын қарастырсақ.


 



Шикізат


 

Құраушы бөлшектер



Өнім



 

 

Тауар


 

Тауар 



 

 

 

 Сурет 6- Қосылған құн салығын есептеудің сызбасы

 

Қазіргі кезде Қазақстан  Республикасында қосылған құн салығын  есептеудің барабарлық әдісі қолданылуда (әлемдік тәжірибеде-салықтық несие әдісі). Бұл әдістің мәні келесіде: өткізілген өнімге қатысты есептелінген салық сомасы бюджетке түгелдей емес, салықтардың «кіргізілген» шама мен «шығарылған» шамасының айырмасын төлеу қағидасы негізінде жатыр. Басқаша айтқанда, есепке жатқызылған ққс-ның сомасы салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай анықталады.

Қосылған құн салығын  есептеу есепке жатқызу әдісіне  негізделген. Бұл әдістің негізінде  бюджетке аударылатын төлем тауарларды өткізу бойынша есептелген, ққс-ның барлық сомасы емес, тек «Кіріс» және «Шығыс» салық шамаларының айырмасы ғана. Яғни, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтер) бойынша есептелген салық сомасын шегереміз.

Сатып алынған қосылған құн салығынан босатылған тауарлар бойынша қосылған құн салығының  сомасы есепке жатқызылмайды. Тауарлар бүлінген, жоғалған жағдайда, бұрын осы тауарлар бойынша алынған есепке жатқызу, бюджетке қайтарылуы тиіс.

Егер салық төлеушінің салық салынатын және салық салынбайтын  айналымдары болған кезде, салық  салынатын айналымның салмағы арқылы анықталатын салық сомасы қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызуға алынады.

Cалық төлеушінің тауар (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) алушының бюджет жарнасына жатқызылуға тиіс салық сомасы, негізгі құралдарды қоса алғанда, егер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:

  • Тауарды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса;
  • Өнім өндіруші өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) шот-фактурасын ұсынса, егер өнім өндіруші қосылған құн салығының төлеушісі болып табылмаса, шот-фактура «ҚҚС» деген белгімен жазылса;
  • Тауарлар импорты жағдайында-ққс бюджетке төленген болса;
  • Егер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алатын Қазақстан Республикасындағы салық төлеушінің айналымы болып табылса, қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.

Қосылған құн салығының сомасы болып келесілер табылады:

  1. Қосылған құн салығы бөліп көрсетілген шот-фактуралар бойынша өнім беруші төлеуге тиіс салық сомасы;
  2. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес рәсімделіп, кедендік жүк декларациясында көрсетілген және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және кеден режимінің шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын салық сомасы;
  3. Қосылған құн салығының төленгенін растайтын төлем құжатында көрсетілген салық сомасы;
  4. Темір жол немесе әуе көліктерінде берілетін жол жүру билеттерінде көрсетілген салық сомасы;
  5. Есеп айырысуларды банктер арқылы жүргізілетін, коммуналдық қызмет көрсету қолданылатын құжаттарда көрсетілген салық сомасы;
  6. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) қолма-қол есеп айырысу арқылы сатып алған жағдайда, бақылау-кассамашинасының чегіне көрсетілген салық сомасы.

Eгер Салық Кодексінде өзгеше белгіленбесе, онда қосылған құн салығын төлейтін барлық төлеушілер үшін міндетті құжат шот-фактура болып табылады.

Қосылған құн салығын  төлеуші тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдарды жүзеге асырған кезде, Салық Кодексінде өзгеше белгіленбесе, аталған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушыға шот-фактураны жазып беруге міндетті.

Қосылған құн салығын  төлеуші шот-фактурада:

  • Қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша-қосылған құн салығының сомасын;
  • Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша «ҚҚС-сыз» белгісін көрсетеді.

Егер өнім беруші Салық  Кодексіне сәйкес ққс төлеуші  болып табылмаса, онда Салық Кодексіне сәйкес берілетін шот-фактура немесе басқа да құжат «ҚҚС-сыз» белгісімен жазылады.

      Салық кодексінің 263 бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке алынуға негіз болатын шот– фактурада салық кодексінің 256 бабына сәйкес келесі мәліметтер болуы қажет:

шот-фактураның араб цифрларымен көрсетілетін реттік нөмірі;

  • шот-фактураның жазып берілген күні;
  • тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші мен алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не толық атауы, мекен жайы;
  • тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші мен алушының сәйкестендіру нөмірі;
  • өнім беруші-қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің нөмірі;
  • өткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің атауы;
  • салық салынатын айналымның мөлшері;
  • қосылған құн салығының ставкасы;
  • қосылған құн салығының сомасы;
  • қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны көрсетілуге тиіс.

Шот–фактура айналым болғаннан күннен бұрын жазылмайды және айналым болған күннен бес күн өткенге дейін жазылады.

Шот–фактурада жазылуға тиісті Заңды тұлғаның заңды атауы ұйымдастырушылық–құқықтық формасын қоса алғанда заңды тқлғаның мемлекеттік заңды тұлғаларды тіркеу регистріне сәйкес жазылуы тиіс.

Сонымен қатар, заңды тұлғаның атауының қысқартылып жазылуы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу регистріне кірістірілген «ЖШС» аббревиатурасы түрінде жазылса рұқсат етіледі.

Шот–фактура заңды тұлғаның атауы, ұйымдық–құқықтық форамсы көрсетілген мөрмен куәландырылып, кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтерінің қолы қойылады:

– жеке кәсіпкерлер үшін тегі, әкесінің аты немесе атауы көрсетілген мөрмен (болған жаңдайда) және жеке кәсіпкердің қолымен куәландырылады.

Шот–фактура салық төлеушінің шешімі бойынша қол қоюға құзіретті қызметкердің қолымен де куәландырыла алады.

Сонымен қатар, салық төлеушінің шешімі бойынша  заңды тұлғаның  құрылымдық бөлімшесі  жазған шот–фактураны дәл сондай заңды тұлғаның атауы мен құрылымдық–құқықтық формасы бар заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің мөрімен куәландыруға болады.

Салық салынатын  айналымның мөлшері шот–фактурада әр тауар үшін бөлек (қызмет, жұмыс) көрсетіледі.

Айналымының жалпы  мөлшерін де көрсетіп те жазуға болады, бірақ бұл жағдайда шот–фактураға қосымша өткізілетін тауарлардың (қызмет, жұмыс) тізімі бар құжат болуы қажет.  Сонымен шот–фактурада ол құжаттың нөмірі мен күніне және атауына сілтеме болуы қажет.   

 «Temirlan Development Company» ЖШС барлық заңды тұлғалар сияқты осы қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) бюджетке тапсырады. Бұл декларация 300.00 нысанында тапсырылады.

Осы қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалар (300.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 8-бөліміне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Енгізу туралы заң) 2, 12, 24, 25, 28, 34, 35, 44, 47, 48, 49, 49-1-баптарына сәйкес қосылған құн салығы сомасын есептеуге арналған қосылған құн салығы бойынша салық есептілігінің нысанын (декларация) (бұдан әрі – Декларация) жасау тәртібін айқындайды.

Қазақстан Республикасының  аумағына кейіннен қайта өңдеу өнімдерін  басқа мемлекеттің аумағына әкете  отырып, Ресей Федерациясының аумағынан  әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша салықтық кезең ішінде Ресей Федерациясына сатылған (тиеген) тауарлар немесе орындалған жұмыстар бойынша шот-фактуралардың тізілімі жазылған шот-фактуралар бойынша ұсынылады.

Информация о работе Жанама салык