Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 15:05, дипломная работа
Салық салудың методологиясы мен оның әдістемелік негіздері салық механизмі мен оның элементтерінің негізін құрайды.
Қазіргі кезде, Қазақстанның даму моделі мен стратегиялық жоспарына сәйкес, мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін құрайтын салық жүйесі құрылып жұмыс істеуде. Бұл салық жүйесі құрамындағы салықтарды біз екі топқа (тура және жанама) бөлеміз.
Кіріспе
Бөлім 1 Жанама салық салудың теориялық негіздері және олардың
ҚР салық жүйесіндегі рөлі
1.1 ҚР жанама салықтардың даму тарихы
1.2 Жанама салықтың экономикалық мазмұны
1.3 ҚР салық жүйесінднгі жанама салықтың рөлі
1.4 Жанама салықтардың салық салудағы шетел тәжірибесі
Бөлім 2 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің
ұйымдық –экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы
2.1 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің
ұйымдық –экономикалық сипаттамасы
2.2 «Temirlan Development Company» ЖШС-нің қаржылық жағдайын
талдау
Бөлім 3 «Temirlan Development Company» ЖШС жанама саылықты
еспетеп төлеу механизмі және жетілдіру
3.1 «Temirlan Development Company» ЖШС қосылған құн салық
обьектісін анықтап есептеу
3.2 «Temirlan Development Company» ЖШС-нің қосылған
құн салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу
3.3 ҚР қосылған құн салығын және акциз салықтарын қолдануды
жетілдіру жолдары
Қорытынды мен ұсыныстар
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосылған құн салығын төлеушінің өзі өндірген және өндіріс процесінде пайдаланылған және өндірілген өнімнің (тауардың) құрамына кірген, Қазақстан республикасының кеден заңнамасында көзделген жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес келетін шикізаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенінің коды бар өнім (тауар) өзі өндірген тауар болып танылады.
Қосылған құн салығы келесідей тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету бойынша айналымдар босатылады:
- осындай өндірістік ұйымдардың қызметкерлері жалпы санының кемінде 51 пайызын мүгедектер құраса;
- мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 пайызын (есту, сөйлеу, көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда кемінде 35 пайызын) құраса, осындай бірлестіктер мен ұйымдардың, сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарынан және акцизделетін тауарларды өндіру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа, тауарларын, жұмыстарын, қызмет көрсетулерін;
Салықты өзінің экономикалық табиғатына сәйкес мемлекет пен салыұ төлеушінің сұранысын қанағаттандыру үшін қаржы көзі ретінде қарастыруға болады. Салықтық қарым–қатынастың құқықтық формасын салық салу субьектілері мен салыстырмалы түрде артылықшылықтарға ие мемелекет арасындағы қоғамдық келісім–шарт , сонымен қатар абсолттті мінезге ие болмайтындай күй кешетін түрде көрінеді.
Cоңғы уақытта ұсақ саудагерлер ққс төлеуден бас тартып, қашып отыр. Өйткені, қосылған құн салығын төлеуге есепке кіру үшін, әуелі потенциалды салық төлеушінің айналымы заңмен белгіленген сомадан асып түскенін дәлелдеуі керек. Ал бұл топтағы мүшелер патент бойынша жұмыс істегендіктен құжаттар айналымын жүргізбейді немесе тіпті рұқсатсыз жұмыс істеп отырады.
Қосылған құн салығын салық жүйесіне енгізуде мемлекет өз алдына келесі мақсаттарды қойған:
- бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында салық салыну базасын кеңейту;
- салықтан түсетін түсімдерді инфляциялық құнсызданудан сақтау;
- тұрақсыз экономика жағдайында бюджеттің тұрақты кіріс көзін қалыптастыру;
- төлем қабілетінен артық сұранысты төмендету арқылы келесі екі мәселені шешу: тауар тапшылығын жою және инфляцияның қарқынды өсуін төмендету.
Салық салынатын айналымға мыналар жатады:
Қосылған құн салығы Салық Кодексіне сәйкес есепке жатқызылған (оның ішінде негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша) тауарлар қалдықтары тұлғаны ққс бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде, Қазақстан Республикасында тауарларды өткізу бойынша айналым ретінде қарастырылады. [36]
Cалық салынатын айналым мөлшері, оған
ққс қоспай, мәміле жасаған тараптар қолданатын
бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып,
өткізілетін тауарлар (жұмыстарды, өызметтер
көрсетуі) құны негізінде анықталады.
Өткізілген тауарлардың (жұмыстардың,
қызметтер көрсетудің) құны қандай бір
өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын
айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.[29]
Сурет 2- Cалық салынатын айналымда қосылған құн салығын есептеу сызбасы.
Kез келген (12 айдан аспайтын) кезеңнің қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналым мөлшері ең төменгі айналымнан асатын болса, тұлға осы кезең аяқталған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей ққс бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш беруге міндетті.
Өткізу бойынша айналымның ең төмен дейіңгі көрсетілген кезеңнің соңғы айына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 есептелген шамасын құрайды. Тұлға, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтініш беруге міндетті болған немесе ерікті түрде өтініш берген айдан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап ққс төлеушіге айналады.
Tұлғаны қосылған құн салығы бойынша есепке қойған жағдайда, салық органы оған ққс төлеуші ретінде есепке қойылғаны туралы куәлік беруге міндетті. Қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлік салық органына қайтарылуға тиіс.
Eгер қосылған құн салығы төлеушінің соңғы 12 айлық кезеңдегі салық салынатын айналым мөлшері салық салынатын ең төмен айналым мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін ққс бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге құқылы. Қосылған құн салығын төлеуші мұндай құқықты өзін қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде екі жыл өткеннен кейін пайдалана алады.
Tұлға қосылған құн салығы бойынша өзін есептен шығару туралы өтініш берген кезеңнен кейінгі салық кезеңінің алғашқы күнінен бастап қосылған құн салығын төлеуші болуын тоқтады.
Cалықты алу механизмі кезінде нақты түскен тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша төлеуге жататын ққс-ғы есепке алудың негізделуі маңызды болып табылады.
Қосылған құн салығының төмендегідей шарттар орындалса, онда есепке алынады:
Импортталатын тауарлар
бойынша Қазақстан
Қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке жатқызу механизмі келесі суретте көрсетілген.
Сурет 3- Есепке жатқызылған қосылған құн салығын өндіріп алу
Cалық салынатын айналым бойынша бюджетке төлеуге тиісті қосылған құн салығын сатылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) үшін есептелген қосылған құн салығы сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Салық салынатын айналым мөлшері қосылған құн салығын енгізбей, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағаларды негізге ала отырып, өткізілетін тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны негізінде анықталады.
Салық салынатын импорт импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ ққс қоспағанда, тауарлар импорты кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер негізінде анықталады.
Сурет 4- Бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығы
ҚР-ның кеден заңнамасына сәйкес мағлұмдамалануға тиісті, Қазақстан аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар ққс-нан босатылғандарын қоспағанда салық салынатын импорт болып табылады. Салық салынатын импорт мөлшеріне кеден заңнамасына сәйкес белгіленетін импортталатын тауардың кедендік құны, сондай-ақ қосымша құнға салынатын салықты қоспағанда, ҚР-на тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары қосылады.