Жанама салык

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 15:05, дипломная работа

Краткое описание

Салық салудың методологиясы мен оның әдістемелік негіздері салық механизмі мен оның элементтерінің негізін құрайды.
Қазіргі кезде, Қазақстанның даму моделі мен стратегиялық жоспарына сәйкес, мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін құрайтын салық жүйесі құрылып жұмыс істеуде. Бұл салық жүйесі құрамындағы салықтарды біз екі топқа (тура және жанама) бөлеміз.

Оглавление

Кіріспе
Бөлім 1 Жанама салық салудың теориялық негіздері және олардың
ҚР салық жүйесіндегі рөлі
1.1 ҚР жанама салықтардың даму тарихы
1.2 Жанама салықтың экономикалық мазмұны
1.3 ҚР салық жүйесінднгі жанама салықтың рөлі
1.4 Жанама салықтардың салық салудағы шетел тәжірибесі
Бөлім 2 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің
ұйымдық –экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы
2.1 Атырау қ. «Temirlan Development Company» ЖШС-нің
ұйымдық –экономикалық сипаттамасы
2.2 «Temirlan Development Company» ЖШС-нің қаржылық жағдайын
талдау
Бөлім 3 «Temirlan Development Company» ЖШС жанама саылықты
еспетеп төлеу механизмі және жетілдіру
3.1 «Temirlan Development Company» ЖШС қосылған құн салық
обьектісін анықтап есептеу
3.2 «Temirlan Development Company» ЖШС-нің қосылған
құн салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу
3.3 ҚР қосылған құн салығын және акциз салықтарын қолдануды
жетілдіру жолдары
Қорытынды мен ұсыныстар
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

жанама саылықты.doc

— 622.50 Кб (Скачать)

Акциздерге сипаттама  беріріп отырып оның құрылуымен алынуы мемлекетпен әртүрлі түрде жүргізілетінің атап кетуге болады:

- шикізат бойынша  – дайын өнім тек бір шикізаттан  тұратын жағдайларда қолданылады;

- жартылай фабрикаттар  бойынша – технологиялық үрдістердің  дамуына байланысты дайын өнім  әртүрлі шикізаттардан дайындалған  жағдайда шикізат емес жартылай  фабрикаттқа салынуына байланысты;

- құрал жабдықтардың  қуатына байланысты –акциздерді  алудың прогрессивті түрі, себебі  салық есептеу қолданылатын құрал  жабдықтың қуатына байланысты  есептеледі;

- дайын өнім  бойынша -салық әртүрлі тауарлардың  түріне байланысты бөлік белгеленеді (сәндік заттар, аяқ киім, мата және т.б.) акциздерді төлеушілері болып заңды және жеке тұлғалар және соның ішінде өкілдіктері, филиалдары, басқа да құрылымдық бөлімшелері бар резидент емес заңды тұлғалар табылады олар:

-Қазақстан республикасы  реттириясына акцизделетін тауарларды өндіреді;

-бензин және  дизелдік отынды көтерме және  бөлшек саудасын жүзеге асырады  (авиациаляқтан басқа);

-ҚР территориясына  акцизделген тауарларды имморттайды. 

Акциз бойынша  салық ставкасы Қазақстан Республикасының  территориясында жалпыға бурдей, республика үкіметімен бекітіледі және календарлық жыл бойына өзгертуге жатпайды.

Акциз бойынша сома жеке салық төлеушімен оның тауарларды жүзеге асару сомасы арқылы есептеледі және бюджетне бірреттік кезекте төленеді.

Акциздің абсолютті сомасын аудару базасы болып салық салынатын айналымды анықтау үшін акциздік тауарларды жүзеге асару құны табылады.

Акциздер сомасы республикалық  бюджет табыстарына енгізіледі және Қазақстан Республикасының республикалық  бюджет Заңымен анықталған нормативтер бойынша республикалық және жергілікті бюджет тер арасында бөлінеді.

Жанама салықтарға сонымен  бірге сыртқы экономикалық іс әрекеттер  нәтижесінде (кеден пошлинасы түріндегі  кедендік табыстар, экспорт пен импортқа салық, ішкі нарықта жүзеге асырылатын тауар бағаларының айырмашылығы мен олардың фактуралық құны) түскен түсімдер де жатады. Атап өтетін жәйт ммлекеттік бюджет түсімдерінің 26% жанама салықтардың еншісінде.

Дегенмен тұтынуға салықтың өсуінің  кемшіліктері де бар, олардың ішінде ең ықтималы инфляциялық пен регрессивтік сипаттағы кемшіліктер. Бірақ бұл салықтың жағымды жақтары оның барлық кемшіліктерін жабады. Егер баға өсіп, онымен бірге бюджеттік шығындарда өссе, онда бұл салықтан түсетін түсімдер бағаға байланысты өседі. Бұл арқылы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қаражаттар алуға мүмкіндік болады. Бюджеттік жүйеге автоматты түрде инфляцияға қарсы тетік салынады.

Салық салу жүйесінде  жалпы ортақ заңдылық бар екенін ескеру қажет: экономикалық кризис кезінде, стагнация-өндірістің, сауданың тоқтауы және тағы басқа экономика секторларында-салық салудың тұтынуға обьективтілік қайта бағдарлауы болады. Бұл өндірістің құлдырауымен өндірістік саладағы салық базасының қысқаруына әкеледі.

Бұндай жағдайда мемлекет шығындары азаймайды, кейде тіпті жұмыссыздық кезінде халықты әлеуметтік қолдауға, экономика құрылымын қайта құруға шығындардың өсуі, экномиканы дамытуға қажетті салларды және кейінге қалдыруға болмайтын шығындар нәтижесінде көбейіп кетеді. Сондықтан салықтық ауыртпашылықты оны көп пайдаланушыларға аударуға тура келеді.

 

1.3 ҚР салық жүйесінднгі жанама салықтың рөлі

 

Мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және басқа да тапсырмаларын  орындау үшін ақша қаражаттары қажет  және оны нарықтық экономикалық жағдайында дамып отырған басқа да мемлекеттер қажет етеді. «Қазіргі кезде экономикасы жоғары дамыған елдердің өздеріде экономикалық дағдарыстың әсеріне ұшырады».

Үкіметтің негізгі тапсырмасы болып мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын сақтау, оған мемлекеттің табыстарын толықтыру үшін қатан салықтық және кедендік әкімшілендіру жатады. Бұл жағдайда мынаны ескере алу қажет, «...бюджеттің ең маңызды сипаттамасының бірі оның дефициті».

Диаграммада көрініп  тұрғандай 2009 жылы салықтық түсімдердің төмендеуі көрінеді, бұл корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі 30% дан 20%ға төмендеуі және қосылған құн салығының 13% дан 12%ға дейін төмендеуі, кәсіпордыр төлейтін корпоративтык табыс салығының төлеу мемрзімінің өзгеруіне, аванстық төлемдердің төленбеуі (жылдық декларация қорытындысы бойынша төлеу) және қосылған құн салығы бойынша салық кезеңінің ай сайынғыдан кварталға ауысуы болып отыр.

Динамикадан көрініп отырғандай 2001-2010 жылдар арасындағы ҚҚС түсімдері 4,2 есеге өскен. 2009 жылы ҚҚС бойынша түсімдер жедел төмендеп кетті, бұл экономикалық дағдарыстың әсерінен пайыздық мөлшерлемесі   13% дан 12% ға төмендеуі және иммпортың бәсемдеуіне байланысты.

2009 – 2010 жылылдары ҚҚС бойынша қайтарылымдырдың өсімі тұрақтанды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


 

 

          Сурет 1- 2001- 2010 жылдары ҚҚС бойынша динамика

 

 

Мемлекеттік бюджеттің салық түсімдерінің ішінде акциздер оңша маңызды үлесте емес, сонымен қатар мөлшері қысқарып отыр. Сонымен 2001 жылы салықтық түсімдердің ішіндегі  акциздің үлесі 3,4%, 2010 жылы үлесі 2% қысқарған.

Болжамды мәліметтерді орындаған  кезде үлкен экономикалық мәнге  республикалық және жергілікті бюджеттер арасында салықтық түсімдерді бөлу ие, себебі бұл аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуына әсер етеді. Әрбір аймақ заңды тұлғалардың төлейтін табыс салығын, қосылған құн салығын, жеке тұлғалардың табыс салығын, әлеуметтік салықтардан түсетін салықтық түсімдердің көп бөлігі жергілікті бюджетте қалуына қызығушылық танытады. Бірақ үкіметтің тапсырмаларын орындау үшін республикалық бюджетке де ақша қаражаттары керек. 

Қазіргі кезде бюджет табысына түсетін ақша қаражаттарын болжау сұрағы ең маңыздылардың бірі болып отыр. Оның құрамына қаржы органдарының барлық деңгейіндегі органдар қатысады: маслихаттың, акиматтың, олардың қатысумен болжам жыл сайын өсіп отыр. Осыған байланысты, біз «салық қызметі болжамды ақпараттар жасамайды, бірақ дәлелсіз болжанған мәліметтер үшін жауапкершілікте болады».

Мемлекеттік бюджеттің  табысының 70%-ын салықтық түсімдер құрайды. Салықтық түсімдердің көп бөлігі республикалық мониторингке жататын, 300 ірі кәсіпорынды қосатын ұйымдардың үлесіне тиесілі. 2010-2011 жылдардың ішінде республикалық мониторинг жататын кәсіпорындардың салықтық түсімдері 39,4%-ға өскен.

Салықтардың ішіндегі бюджетке көп  табыс түсіретіндердің бірі ұосылған құн салығы мен акциздер табылады.

Қазақстан республикасының  қаржы министрлігінің ақпараттары  бойынша бюджет табысының негізгі  көзі болып жанама салықтар, яғни қосылған  құн салығы акциздермен қоса, содан  кейін заңды тұлғалардың табысына салық табылады. Талдау жасалып отырған  мерзімнің қорытындысы бойынша қосылған құн салығының үлесі артып отыр.

Республикалық бюджет табысын құрудағы қосылған құн салығы мен акциздердің  рөлін қарастырайық.

Республикалық бюджетке түсетін табыс  бойынша жыл сайынғы болжам бойынша  қосылған құн салығы мен акциздер өсуге бейім болып отыр.

                                                                                     

Кесте 1 - 01.12.2011 жылғы республикалық бюджет бөлігіндегі қосылған құн салығы мен акциздер бойынша болжамның орындалуы

 

Төлем атауы

01.12.2010 ж. нақты МБ

01.12.2011 ж. МБ жоспары

01.12.2011 ж. нақты МБ

Ауытқуы (4 жол-3 жол)          

%  (4жол /3 жол)    

Ауытқуы (4 жол-2 жол)          

өсімі % (4 жол / 2 жол) 

Қосылған құн салығы

657413 552,0

783 916 087

849 489 043

65 572956

108,4

192 075491

129,2

1) ішкі өндірістегі тауарлаға ҚҚС

267893 952

258 863547

305 957 091

47 093544

118,2

38 063 139

114,2

2) импорт

талатын иауарларға ҚҚС  барлығы

389 519 600

525 052 540

543 531 951

18 479411

103,5

154 012351

139,5

Акциздер барлығы

56 087 480,0

66 927 239

69 903 016

2 975 777

104,4

13 815 536

124,6

1) ішкі өндірістегі тауарлаға акциздер барлығы

43 104 730

51 957 653

52 396 446

438 794

100,8

9 291 716

121,6

  2) импорт

талатын иауарларға акциздер

12 982 750

14 969 586

17 506 570

2 536 984

116,9

4 523 820

134,8


  1 кестеде келтірілген мәліметтерге талдау жасай келе, 2011 қосымша құн салығы бойынша жоспарлы түсімдердің айтарлықтай өскенін көруге болады. Нақты 849 489 043 теңге түссе, бұл сома жоспар бойынша 783 916 087 теңгені құрау керек еді немес жоспардың орындалуы 108,4% құрап отыр. Жоспар 126 502 535 теңгеге өсіті немесе 19,2% құрады. Бұл көрсетілген факторға жоспарлы өсімнің емес, шегерімдер бойынша есепке алулардың айтарлықтай қысқаруы әсер етті. Импортталатын тауарларға қосымша құн салығы 2010 жылмен салыстырғанда 39,5%-ға өсті.

Қосылған құн салығы бойынша Ресей Федерациясынан таурларды  импорттайтын фирмалардың өкілдіктерінің, филиалдарының ашылуы бойынша қосылған құн салығының сомасын арттыруда.

Акциздер бөлімі бойынша  акциздер бойынша жағдай келесідей болып отыр. Акциздер республикалық бюджетке түсімдердің жыл сайынға болжамы бойынша өсуге және орындалуыға мүдделі, себебі мемелкет бюджет дефицитін минималды етуді қамтамасыз етуге тырысады. Бұл үшін жанама салықтар өте лайықты, жаңа акцизделетін тауар тұрін шығару жеткілікті және салық салынатын база да көбейеді.

                                                                             

 

    1.  Жанама салықтардың  салық салудағы шетел тәжірибесі

 

Жанама салықтарды пайдаланудың шетелдік тәжірибесі неміс экономисі А.Венгер ұсынғандай көптеген қағидалармен толықтырылып тұрды, оларға салықтардың жеткіліктілігі мен қозғалғыштық қағидалары жатады. Классикалық қағидалар туралы Д.Рикардо, А.Венгер, Ф.Кенэ, А.Тюрго, О.Мирабо және тағыда басқа атақты философтар мен экономистердің еңбектерінде қарастырылған.

Классикалық қағидалардың дамуына өз үлестерін Н.Тургенев, А.Соколов, М.Алексеенко, В.Твердохлебов және тағы да басқа орыс салықшылары  қосқан болатын. Салық салу жүйесінде  жалпы ортақ заңдылық бар екенін ескеру қажет: экономиканың кризистік жағдайында, стагнация-өндірістің, сауданың және тағы басқаның  экономика секторларының тоқтауы, тұтынуға салық салудың жаңа обьективтілік қайта қалыптастыру.

Салық салу жүйесінде  жалпы ортақ заңдылық бар екенін ескеру қажет: экономикалық кризис кезінде, стагнация-өндірістің, сауданың тоқтауы және тағы басқа экономика секторларында-салық салудың тұтынуға обьективтілік қайта бағдарлауы болады. Бұл өндірістің құлдырауымен өндірістік саладағы салық базасының қысқаруына әкеледі.

Бұндай жағдайда мемлекет шығындары азаймайды, кейде тіпті  жұмыссыздық кезінде халықты  әлеуметтік қолдауға, экономика құрылымын  қайта құруға шығындардың өсуі, экномиканы дамытуға қажетті салларды және кейінге  қалдыруға болмайтын шығындар нәтижесінде көбейіп кетеді. Сондықтан салықтық ауыртпашылықты оны көп пайдаланушыларға аударуға тура келеді.

Сондықтан да барлық елде жанама салықтар мен тікелей салықтардың  ұтымды байланысына байланысты мәселелер  болады. Демек, жалпы жанама салықтардың  салымының жүйесін жетілдіру үшін терең ғылыми талдау мен олардың дұрыс үйлестірілуін жүргізу керек.

Бұл сұрақта енгізілген нұсқауларға анықтық енгізу керек, жанама салықтардың тұрлерінің құрылымын  анықтырақ түсіндіру, олардың қозғалыс мөлдірлігі мен тиісті бюджеттерге салықтық түсімдердің түсуін қамтамасыз ету. Басты критерий болып жанаманы дамытуда олардың барлық есебі бойынша, бухгалтерік есеп және бюджетке төлеу кезіндегі обьективтілік негіздің болуы.

Нарықтық экономиканың қалыптасу процесінде салықтық жүйені жетілдіру мәселесі жоғарғы маңызға ие. Сонымен бірге нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің қоржынына жиналған бай тәжірибені орынды, мақсатқа сай қолдану.

Экономикасы дамыған  елдердің заңды тұлғаларға тиімді салық  салу мәселелеріне өзіндік жолы бар және бұл біздің елге қарама-қайшы.

Кейбір шет елдердің салық жүйесіне тоқталып өтсек, ал зерттеу  мақсатымыз бұл елдердің салық саясатының біздің салық салу жүйемізге қолдануға  болатын кейбір мәселелірне тоқталу  болып табылады.

Бұл үшін Нидерланды, Ұлыбритания, Испания, Италия, Франция елдерінің салық салу жүйелерін сараптау көреміз.

Алдымен бұл мемлекеттердің құрылу кезінде қалыптасқан содане кейін уақыт ағысымен нақты және тұрақты қаржы қатынастар жүйесінің  салық салу негіздерінен бастаған жөн  болар.

Қызығы сол Ресей  мен дамығын шет елдердің салық  жүйесі бір бастау алған, бұдан кейін  шет елдің салық жүйесі одан әрмен  шырақтаса, Ресейдің салық жүйесі Октябрь  қозғалысынан кейін сол қалпында қалған. Бұнда біздің елде жеке меншік біртіндеп жойылғаны, яғни салық салудың көзі мен негізгі обьект жойылды деген сөз. Ал шет елдерде жеке меншік дамып, жеке тұлғаларға салық салу мемлекеттік бюджетке табыс табудың негізгі көзі болды.

Жанама салықтар мысалында  бұл елдердегі жоғарыда аталған  заңды тұлғаларға салық салудың табысын қарастырайық.

Жанама салықтардың  түрлерінің ішіндегі ең маңыздысы болып  қосылған құн салығы табылады. (ҚҚС) Көбіне ҚҚС-ты Батыс еуропалық интеграциялық процестің дамуы мен құрылуындағы ерекше орнына сай «Еуропалық салық» деп атайды.

Нидерландыда ҚҚС тұтыну салығы болып табылады, себебі ол өзіне  тауарлар мен қызметтер бағасын  қосады. Барлық кәсіпорындар, кейбіреулерін  қоспағанда бұл салықты төлейді. ҚҚС екі ставкасы бар: дәрі-дәрмек пен азық-түлікке 17,5%, 6%. Экспортқа арналған тауарлар ҚҚС босатылады.

Информация о работе Жанама салык