Салык тексеру тартиби

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 19:15, реферат

Краткое описание


Салықтық тексеру – салық қызметі органдары:
1) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, сондай-ақ орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының орындалуын;
2) тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) кәсіпкерлік қызметімен байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер алу үшін тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызметіне қатысты құжаттары, ақпараттары бар адамдарды;
3) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органы қызметінің хабарламаға шағымды қараудың нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым берген салық төлеушіден (салық агентінен) қосымша мәліметтер алу үшін жүргізетін тексеру.

Файлы: 1 файл

Слайд салыкка(Салыктык тексерушилер,Салыкты тексеруди жургизу тартиби.docx

— 22.45 Кб (Скачать)

     . Салықтық тексеру – салық қызметі органдары:

     1) Қазақстан Республикасы салық  заңнамасының, сондай-ақ орындалуын  бақылау салық қызметі органдарына  жүктелген Қазақстан Республикасының  өзге де заңнамасының орындалуын;

     2) тексерілетін салық төлеушінің (салық  агентінің) кәсіпкерлік қызметімен  байланысты мәселелер бойынша  тексерілетін салық төлеуші (салық  агенті) туралы мәліметтер алу  үшін тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызметіне қатысты  құжаттары, ақпараттары бар адамдарды; 

     3) салықтық тексерудің нәтижелері  туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органы  қызметінің хабарламаға шағымды  қараудың нәтижелері бойынша  шығарған шешіміне шағым берген  салық төлеушіден (салық агентінен)  қосымша мәліметтер алу үшін  жүргізетін тексеру. 

     Қажет болған кезде салық қызметі органдары салықтық тексеру барысында:

     - оның орналасқан жеріне қарамастан  салық салу объектісі және (немесе) салық салумен байланысты объекті  болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруді;

     - салық төлеушінің (салық агентінің)  мүлкін (тұрғын үйінен басқа) түгендеуді  жүргізуі мүмкін.

     Мыналар:

     - нұсқамада көрсетілген салық  қызметі органдарының лауазымды  адамдары және Кодекске сәйкес  салық қызметі органдары тексеру  жүргізуге тартатын өзге де  адамдар; 

     Мынадай:  
      - салық органдарында тіркеу есебіне қою;

     - бақылау-кассалық машиналардың болуы; 

     - этил спиртін босатуға лицензияның,  рұқсаттың, патенттің, салық Кодексінің 574-бабында көрсетілген тіркеу  карточкасының болуы мәселелері  бойынша тақырыптық тексерулер  кезінде - нұсқамада көрсетілген  аумақтың учаскесінде кәсіпкерлік  қызметті жүзеге асыратын салық  төлеуші; 

     - салықтық тексерудің басқа түрлері  кезінде – нұсқамада көрсетілген  салық төлеуші салықтық тексерулерге қатысушылар болып табылады.

     Салықтық  тексеруге қатысушы болып табылатын  салық қызметі органы лауазымды  адамының жазбаша түрде қойған сұрақтары  бойынша салықтық тексеруге тартылған  маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру барысында пайдаланылады. Мұндай жазбаша сұрақтар мен қорытындылардың  көшірмесі салықтық тексеру актісіне, соның ішінде салық төлеушіге  табыс етілетін салықтық тексеру  актісінің данасына қоса беріледі.

     Салық қызметі органы маманды салықтық тексеруге тартқан жағдайда салық  төлеуші өз тарапынан маманды  тартуға құқылы, оның қорытындысы  салық төлеуші маманының қорытындысын салық қызметі органына салықтық тексеру актісіне қол қойылған күннен кешіктірмей ұсынған жағдайда, салықтық тексеру актісіне қоса беріледі.

     Салықтық  тексерулерді тек қана салық қызметі  органдары жүзеге асырады.

     Салықтық  тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

    • құжаттық тексеру;
    • хронометраждық зерттеп-тексеру.

      Құжаттық  тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) кешенді тексеру - салық және  бюджетке төленетiн басқа да  мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық мiндеттемелерiнің  орындалуы, міндетті зейнетақы  жарналарының толық және уақтылы  есептелуі мен аударылуы және  әлеуметтік аударымдардың толық  және уақтылы есептелуі мен  төленуі бойынша салық қызметі  органы салық төлеушіге қатысты  жүргізетін тексеру. 

      2) тақырыптық тексеру - мыналар: 

      - салықтың және (немесе) бюджетке  төленетін басқа да міндетті  төлемдердің жекелеген түрлері  бойынша салық міндеттемесінің  орындалуы; 

      - міндетті зейнетақы жарналарының  толық және уақтылы есептелуі,  ұсталуы мен аударылуын, сондай-ақ  әлеуметтік аударымдардың толық  және уақтылы есептелуі мен  төленуі; 

      - банктердің және банк операцияларының  жекелеген түрлерін жүзеге асыратын  ұйымдардың салық Кодексінде, сондай-ақ "Міндетті әлеуметтік сақтандыру  туралы" және "Қазақстан Республикасында  зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында  белгіленген міндеттерді орындауы;

  • трансферттік баға белгілеу;
  • акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу;
  • соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау;
  • сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниеттенбестен жүзеге асырылған деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша салық міндеттемелерін анықтау мәселелері бойынша;
  • салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау;
  • халықаралық шарттардың (келісімдердің) ережелерін қолдану заңдылығы;
  • қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау;
  • салық органдарында тіркеу есебіне қою;
  • бақылау-кассалық машиналардың болуы;
  • этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің болуы т.б.

      3) қарсы тексеру - салық қызметі  органы салық төлеушімен (салық  агентімен) операцияларды жүзеге  асыратын тұлғаларға қатысты  жүргізетін тексеру, салық қызметі  органдары аталған салық төлеушіні  тексеру барысында пайдалану  үшін осындай операциялар туралы  қосымша ақпарат алу мақсатында  оған қатысты кешенді немесе  тақырыптық тексеру жүргізеді.

      Қарсы тексеру кешенді немесе тақырыптық тексеруге қатысты қосалқы тексеру  болып табылады.

      Хронометраждық  зерттеп-тексеру - салық органдары салық төлеушінің зерттеп-тексеру жүргізілетін кезең ішіндегі нақты табысын және табыс алуға байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру.

      Салықтық  тексерулер мынадай типтерге бөлінеді:

      1) жоспарлы тексеру – салықтық тексерулер жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын кешенді және тақырыптық тексерулер, оны уәкілетті орган жыл сайын бекітіп отырады. Салықтық тексерулер жоспары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау негізінде жасалады;

      2) жоспардан тыс тексеру:

  • салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша;
  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер бойынша;
  • салық төлеуші (салық агенті) бұрын тексерілген салық кезеңіне қосымша салық есептілігін осындай қосымша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында табыс еткен жағдайда;
  • салық қызметі органының бұрын жіберілген сұрау салулары бойынша алдыңғы салықтық тексеру барысында келіп түспеген жауап алынған жағдайда;
  • резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;
  • дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат қызметінің тоқтатылуына байланысты т.б. тексерулер.
 
 

2. Нұсқамада көрсетiлетiн салықтық тексерулер жүргiзудің мерзiмi, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

      Салықтық  тексеру жүргізу мерзімін:      

      1) құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында орналасқан жері бір орыннан аспайтын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер үшін:

  • салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - қырық бес жұмыс күніне дейін;
  • жоғары тұрған салық қызметі органы - алпыс жұмыс күніне дейін;
 

      2) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында орналасқан жері бір орыннан асатын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер үшін:      

  - салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - жетпіс бес жұмыс күніне дейін;     

  - жоғары тұрған салық қызметі органы бір жүз сексен жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.      

      Салықтық  тексеру жүргiзуге мынадай деректемелер негіз болып табылады:

  • нұсқаманың салық органында тiркелген күнi мен нөмiрiн;  
    нұсқама шығарған салық органының атауын;
  • салық төлеушiнің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не толық атауын;
  • сәйкестендіру нөмірін;
  • тексеру түрiн;
  • тексеретiн тұлғалардың лауазымын, тегiн, атын, әкесiнің атын (олар болған жағдайда);
  • тексеру жүргiзiлетiн мерзiмдi;
  • тексерiлетiн салық кезеңiн (құжаттық тексерулер кезiнде) қамтитын нұсқама негiз болып табылады.

     Салық төлеушiге (салық агентiне) нұсқама  берiлген күн салықтық тексеру жүргiзудiң  басталуы болып есептеледi. Салық  қызметі органының салықтық тексеру  жүргiзушi лауазымды адамдары салық  төлеушiге (салық агентiне) өзінің қызмет куәлiгiн көрсетуге мiндеттi. Салық  қызметі органының салықтық тексеру  жүргізуші лауазымды адамы салық  төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманың түпнұсқасын тапсырады. Нұсқаманың көшiрмесiне салық төлеушiнің (салық  агентiнің) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы қолы, нұсқаманы  алған күні мен уақыты қойылады.

     Салық төлеушi (салық агенті) салық қызметі  органы нұсқамасының данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда тексеру  жүргізетін салық қызметі органының  қызметкері куәгерлерді (екеуден кем  емес) тарта отырып, қол қоюдан бас  тарту туралы акті толтырады. Бұл  ретте қол қоюдан бас тарту  туралы актіде:

  • толтырылған орны мен күні;
  • акт жасаған салық қызметі органы лауазымды адамының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);
  • тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы;
  • нұсқаманың нөмірі, күні, салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
  • нұсқамаға қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетіледі.
 

      Хронометраждық  зерттеп-тексеру жүргізу кезінде салық төлеуші және (немесе) оның өкілі қатысады.      

  Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізу үшін салық қызметі органдары зерттеп-тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша мәселелерді дербес айқындайды. Бұл ретте міндетті түрде мыналар:

  1. салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер. Салық қызметі органдарының қажет болғанда салық төлеушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізуге құқығы бар;
  2. ақшасының, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің, сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың және зерттеп-тексерілетін салық салу объектілерімен және (немесе) салық салуға байланысты объектілерімен байланысты өзге де құжаттардың болуы;
  3. бақылау-касса машинасының фискалды есебі зерттеп-тексерілуге тиіс.

      Хронометраждық  зерттеп-тексеруді жүргізу кезінде  хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізуші  салық қызметі органдарының лауазымды  адамдары күнделікті хронометраждық-бақылау  картасына зерттеп-тексеру барысында  алынған мәліметтердің толық  және нақты енгізілуін қамтамасыз етуге  тиіс. Әрбір салық салу объектісіне  және (немесе) салық салуға байланысты объектіге, сондай-ақ басқа да әрбір  табыс алу көзіне бөлек хронометраждық-бақылау  картасы жасалады, олар мынадай мәліметтерді:

    • салық төлеушінің атауын, сәйкестендіру нөмірін және қызмет түрін;  
      зерттеп-тексеруді жүргізу күнін;
    • салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектісінің орналасқан жерін;
    • хронометраждық зерттеп-тексерудің басталу және аяқталу уақытын;  
      салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні, өткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын;
    • зерттеп-тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша деректерді;
    • зерттеп-тексеру нәтижелерін;
    • басқа да деректерді қамтиды.

Информация о работе Салык тексеру тартиби