Ұйымдардың қоймаларында тауарлы-материалдық қорларды есепке алу және материалды-жауапты тұлғаның есептілігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 13:07, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыста тауарлы – материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған. Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. 12 «Қорлар» атты №2 ҰҚЕС-на сәйкес,

Оглавление

Кіріспе ............................................................................................................
3
1 бөлім. Тауарлы-материалдық құндылықтардың түсінігі, бағалануы және қойма шаруашылығын ұйымдастыру……………………………….
6
1.1 Тауарлы - материалдық құндылықтар түсінігі және жіктелуі ............
6
1.2 Қойма шарауашылығын ұйымдастыру………………………………..
11
2 бөлім. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі, құжатталуы және түгенделуі ......................................................................................................

13
2.1 Тауарлы - материалдық құндылықтарды құжаттау………………......
13
2.2 Материалдық-жауапты тұлғаның есеп беруі…………………………
23
2.3 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі және қорларды есепке алу жүйесі……………………………………………………………….......
27
Қорытынды…………………………………………......……………….......
36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……....................……………………….
39
Қосымшалар …….......………………………………

Файлы: 1 файл

КУРСОВ.doc

— 188.50 Кб (Скачать)

Есепті қабылдайтын  бухгалтерлік – барлық кіріс-шығыс  құжаттарының  негізінде есептің  дұрыс жасалғанын тексеріп, қабылданған  соң есептің екінші данасында  есепті қабылданғаны туралы қолтаңбасын қойып, қойма меңгерушісіне қайтарады.  Ол материалдық жауапркешіліктегі адам үшін, есепті тапсырғаны жөнінде айғақ қызметін атқарады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Тауарлы - материалдық құндылықтар  баланс активінің неғұрлым маңызды  және ірі бабы болып саналады. Олар: шикізаттың алуан түрлері, материалдар, ыдыстар, алынған материалдар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауарлар түрінде болады.

Тауарлы - материалдық  қорлардың көп немесе аз болуы  өндірістің сипаты мен ұйым қызметінің түріне қатысты болады.

Тауарлы - материалдық  қорлар есебі ҰҚЕС-ның 12 «Қорлар» және №2 ХҚЕС-на сәйкес субъектінің қаржылық шаруашылық қызметі шоттары типтік Үлгі жоспарының 1 «Қысқа мерзімді активтер»  бөлімінің 1310 шотында жүргізіледі.

Кез - келген кәсіпорын  белгілі бір өнімді өндіру үшін немесе жұмысты орындау, қызмет көрсету үшін ең алдымен материалдық заттармен қамтамасыз етілуі керек. Көп жағдайда материалдық қорларды сырттан сатып алады.Осы тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы әр түрлі құжаттармен: кіріс және шығыс тіркеме (жүк) құжаттарымен, тауар-көлік жүк құжаттарымен, қабылдау, есептен шығару актілерімен, босату парақшаларымен, шот-фактуралармен және т.б. рәсімделеді. Барлық қорлар қоймада сақталады және олардың қозғалысын дұрыс есепке алу өте маңызды. Қоймадағы қорлар қозғалысының есебін қойма меңгерушісі немесе материалды жауапты тұлға жүргізеді.

Тауарлы - материалдық  қорлардың аналитикалық есебі қоймада  және бухгалтерияда карточкаларда  немесе тауар кітаптарында материалды жауапты тұлғаларға бөлек жүргізіледі. Карточкаларға жазу алғашқы кіріс және шығыс құжаттарының негізінде толтырылады.

Тауарлы - материалдық  қорларды бағалау қолданылатын мерзімдік  немесе үздіксіз есеп жүйесіне байланысты болады. Материалдық қорларды бағалау үшін ҰҚЕС-на сәйкес үш әдіс ұсынылған (ФИФО, орташа өлшемді құн немесе арнайы сәйкестендірілген әдіс). Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық қаржылық есеп беру стандартына көшуіне байланысты қорларды бағалау үшін әділ құн әдісі қосылды. Кәсіпорынның есеп саясатында сатылған немесе сатылып алынған материалдардың өзіндік құнын бағалау немесе анықтау қай әдіс арқылы жүргізілгені көрсетілуі тиіс. Осы материалдық қорларды бағалаудың орташа өлшемді құн әдісі отандық тәжірибеде кең қолданылатын әдіс.

Тауарлы - материалдық  қорлар есебінде, сондай-ақ түгендеу, оның нәтижесін есепке алу және қайта бағалау саясаты және жұмыстары маңызды болып саналады. Материалдық қорларды түгендеу олардың сақтауда тұрған жері бойынша жүргізілуі тиіс. Түгендеу қорларды санау, өлшеу және құжаттағы деректермен нақты қолда бар қорларды салыстыру жұмысын қамтиды.

Осы айтылғандардың барлығы  қаржылық есепте толық және дұрыс  ашылып көрсетілуі тиіс. 

Қорларды есепке алу  жүйесін дамыту өсіп және серпінді дамып келе жатқан мемлекет құруға маңызды жағдай болып табылады. Курстық жұмыста берілген орта мерзімді перспективаға арналған даму жөніндегі негізгі бағыттар бухгалтерлік мамандықты одан әрі ұдайы қалыптастыру үшін негіз жасайды. Қазақстан нарығы мен қоғамды тұтастай дәйекті және сенімді қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ететін кәсіп. Қорлар есебін ұйымдастыру сұрақтарын қарастыру нәтижесінде мынадай қорытындылар жасауға болады. Қорлар қалдығын есептеу әдісін дұрыс таңдау мен сатылған қорлардың құнын дұрыс анықтау маңызды болып табылады. ХҚЕС сәйкес қор бағалау кем дегенде екі көлемде өзіндік құн немесе мүмкіндік сату бағасы бойынша жүзеге асады. Қордың өзіндік құн орташа өлшенген құн бойынша немесе Фифо, бойынша анықталады.

  Қорларды бағалау  дұрыс әдісін таңдау кәсіпорынның  таза табысын да, тұтас табысында,  қаржылық жағдайында да мәнді әсер етеді.

Қорлар сипаттауға алғашқы  есеп құжаттары негізіне кіріс және шығыс, ал толтыру әдісі бойынша  есептеу техниксының көмегімен  және қолмен толтыру болып бөлінеді. Толтырған құжаттар мен олардың  құжат айналымы данасының санын  субъектінің өзі субъектінің сипатына, өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктеріне, материалдық, техникалық жабдықталуына және есепті ұйымдастыру жүйесіне байланысты бекітіледі.

Концепцияны іске асыру  Қазақстан ұйымдарына халықаралық  нарық мүмкіндігін толық шамада кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді, осылайша ол өзінің бәсекеге қабілеттілігін артады, бұл Қазақстанның ДСҰ-ға кіру қарсанында аса өзекті болып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Радостовец В. К. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп.– Алматы 2002 жыл. 573 – 590 бет.
  2. Толпаков Ж. С. Саудадағы шығындардың есебі. 2000 жыл. 9-15 бет.
  3. «Әдістемелік ұсынымдар» №10, Бухгалтер бюллетені, желтоқсан 2011 жыл.
  4. Бухгалтер бюллетені. №32 (137) қаңтар 2010 жыл. 11-13 бет.
  5. Кеулімжаев Қ. К. Бухгалтерлік есеп принциптері.– Алматы, 2003 жыл. 256-290 бет.
  6. Жакупова О.М. «Бухгалтерлік есеп принциптері-1»
  7. Жакупова О.М. «Бухгалтерлік есеп принциптері-2»
  8. Назарова В.А «Шаруашылық жүргізу субьектісі»
  9. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңы
  10.   №2 ХҚЕС «Босалқылар»
  11. №2 ҰҚЕС 12 бөлім «Қорлар»
  12. «Қаржылық есеп-1» Нургалиева Р.Н,. 2003 жыл
  13. Баймұханова С. Б., Балапанова Ә. Ж. Бухгалтерлік есеп.- А. : Қазақ университеті, 2002.
  14. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары.
  15. «Бухгалтерлік  есеп  принциптері»  Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева,  Н.А.Құдайбергенов, 2003
  16. «Бухгалтерлік есеп»  В.Л.Назарова
  17. «Басқару есебі»  В.Л. Назарова, М.С.Жапбарханова, С.Д.Фурсова, Д.А.Фурсов. Экономика, 2005
  18. «Қаржылық есеп»  С.Б.Баймұханова  2007
  19. «Теория бухгалтерского учета» Москва, 2005
  20. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік  есеп» В.К Радостовец    В.В.Радостовец,  О.И.  Шмидт, Т.Р.Ғабдуллин.

21. magister.kz, google.kz


Информация о работе Ұйымдардың қоймаларында тауарлы-материалдық қорларды есепке алу және материалды-жауапты тұлғаның есептілігі