Ұйымдардың қоймаларында тауарлы-материалдық қорларды есепке алу және материалды-жауапты тұлғаның есептілігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 13:07, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыста тауарлы – материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған. Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. 12 «Қорлар» атты №2 ҰҚЕС-на сәйкес,

Оглавление

Кіріспе ............................................................................................................
3
1 бөлім. Тауарлы-материалдық құндылықтардың түсінігі, бағалануы және қойма шаруашылығын ұйымдастыру……………………………….
6
1.1 Тауарлы - материалдық құндылықтар түсінігі және жіктелуі ............
6
1.2 Қойма шарауашылығын ұйымдастыру………………………………..
11
2 бөлім. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі, құжатталуы және түгенделуі ......................................................................................................

13
2.1 Тауарлы - материалдық құндылықтарды құжаттау………………......
13
2.2 Материалдық-жауапты тұлғаның есеп беруі…………………………
23
2.3 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі және қорларды есепке алу жүйесі……………………………………………………………….......
27
Қорытынды…………………………………………......……………….......
36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……....................……………………….
39
Қосымшалар …….......………………………………

Файлы: 1 файл

КУРСОВ.doc

— 188.50 Кб (Скачать)

Табиғи шығын нормаларына  сәйкес материалдардың жоғалуы туралы актісі. Субъектінің қоймасына жабдықтаушылардан келіп түскен кезде табиғи шығын нормаларына сай қорлардың кемігені анықталса немесе өңделгеннен кейін оларға табиғи шығын нормалары қойылған болса, осы акты жасалады. Қорларды қабылдауды жүргізген кезде жасалынған актіге кіріс ордері қосымша қызмет атқарады. Комиссия 2 дана етіп жасап қол қойып, бірінші данасын бухгалтерияға өткізеді, ал қорлардың жоғалуына материалды жауапты тұлғалар табылса,онда сол адамдардың есебінен есептен шығаруға негіз бола алады, ал оның екінші данасы қоймада қалады.

Материалдардың (тауарлардың) бүлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі.

Кәсіпорында бүлінудің, сынудың, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды (тауарларды) есептен шығару үшін пайдаланылады. Ол 2 дана етіп жасалынады. Бірінші дана бухгалтерияға жіберіліп, қорлардың жоғалуына себепші болған материалды жауапты тұлғаларға есептен шығаруға негіз болады, екінші данасы бөлімшеде қалады.

Тауарлы - материалдық  қорларды босатқанда рәсімделетін құжаттар. Кәсіпорынның қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай-ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдаланылады.

ТМҚ цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы  деп санайды, ал егер де қорлар орталық  қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады.

Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді: лимиттік - жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға (қосымша босатуға) арналған талап - актісі; материалдарды босатуға (ішкі орын ауыстыруға) арналған талап накладнойы.

Лимиттік - жинақтама  картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдаланылатын құндылықтарды босату, сондай-ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін (шектерін) сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және оларды есептен шығаруға негіз бола алатын құжат.

Лимиттік - жинақтама карталарын жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың (номенклатуралық нөмірлердің) бір түріне (атауына) 2 дана етіп дайындайды. Бір данасы ай басталғанша цехқа (учаскеге) - қорды пайдаланушыға, екіншісі - қоймаға немесе цехтың (учаскенің) қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік - жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығын  шығарады.

Материалды айырбастауға (қосымша босатуға) арналған талап - актісі. Бұл құжат қорлардың белгіленген лимиттен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай-ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болып табылады. Ол екі дана етіп дайындалады: бірі алушыға (цехқа, учаскіге), екіншісі - қоймаға жіберіледі. Қоймашы актінің екі данасына да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, содан соң қалдығын шығарады. Алушының (цехтың, учаскенің) актісіне қойма меңгерушісі, ал қойма актісіне - алушының (цехтың, учаскенің) өкілі қол қояды. Талап - актілерді бухгалтерияға немесе компьютерлік техникаға өңдеуге берместен бұрын талап етілген босалқылар түгелдей алынуы керек. Материалдық босалқыларды лимиттен тыс босату және басқалармен айырбастау тек қана субъект басшысының немесе оған өкілетті тұлғалардың рұқсатымен субъектінің тиісті бөлімдерімен келісілгеннен соң ғана жүзеге асырылады.

Материалдарды босатуға (ішкі орын ауыстыруға) арналған талап накладнойы. Босалқыларды субъектінің өз ішіндегі қозғалысына және олардың кәсіпорынның аумағынан тыс жердегі шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа мекемелерге босатуды есепке алғанда пайдаланылады. Ол екі данада дайындалады. Материалдарды өз кәсіпорынының шаруашылықтарына босатқанда 1 данасын алушыға (цехқа, учаскеге) береді, екіншісін - қоймаға, кейінірек бухгалтерияға өткізеді. Бір данасы қоймаға, ал екіншісі цехқа құндылықтарды кіріске алуға негіз бола алады.

Үйлер мен ғимараттарды өңдеу және бөлшектеу кезінде алынған материалдық құндылықтарды кіріске алу туралы актісі. Үйлер мен ғимараттарды өңдеу және бөлшектеу кезінде алынған жұмыстарды жүргізуде пайдалануға жарамды материалды кіріске алуда қолданылатын құжат.

Құрамында тапсырыс беруші мен мердігер өкілдері бар комиссия актіні 3 дана етіп жасайды. Бірінші  және екінші данасы тапсырыс берушіде, үшіншісі -мердігерде болады. Тапсырыс беруші бірінші данасын мердігердің төлейтін шот - фактурасына тіркейді.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда  материалдық - техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын-ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасасады. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымалдау көлігінің жолдама құжаты, темір - жол жүк құжаты (накладнойы), көліктік жүк құжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі "Келген жүкті есептеу" журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүк құжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.      

Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын (үлгілі түрі) және нөмірін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А (төменде келтірілген 1 қосымша)сенімхаты беріледі. М-2 түрлі сенімхаты лауазымды адамның материалдық қорларды қабылдап алуға ұйымның сенімді адамы ретінде қатысу құқығын рәсімдеу үшін беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады. Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған түбіршегіне қол қояды. Сенімхаттың М-2А түрі жабдықтаушы ұйымдардан белгіленген мерзім ішіндегі материалды тұрақты алып тұратын экспедиторға беріледі. М-2А түрлі "сенімхат" алдын ала нөмірленген барлық парағы арқылы жіп өткізіп тігілген, және үлгілі түрі М-3 "берілген сенімхаттарды есептеу" журналына тіркелуі керек. Кәсіпорындар мен ұйымдардың экспедиторы немесе басқа да қызметкері М-2А түрлі "сенімхатты" алғаны үшін осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының нөмірін жазады.

Жабдықтаушы ұйым тауарлық - материалдық қорларды автомобиль көлігі арқылы жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін материалдарға 4 (төрт) дана етіліп "тауар-көлік жүк құжаты" (накладной) (төменде келтірілген 2-қосымша) толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады: екінші, үшінші және төртінші даналары материалдарды жіберуші (босатушы) ұйымның мөрі (мөртаңбасы) және лауазымды адамдардың қолымен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алғаны жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады.

Жүргізуші тауар - көлік  жүк құжатының екінші данасын  материалдарды қабылдап алушы ұйымға тапсырады. Бұл құжаттың негізінде ұйым келген материалдарды кіріске алады.

Құжаттың үшінші және төртінші даналары материалдарды қабылдап алғанын растайтын құжат ретінде  ұйымның мөрі (мөртаңбасы) басылып  және тиісті адамдардың қолдары қойылып, жүкті тасымалдаушы автомобиль көлігі тіркелген ұйымға тапсырылады.

Кейіннен ол құжаттың үшінші данасы материалдық құндылықтарды  тасымалдауға тапсырыс берген ұйымға тасымалдау құнын төлеуге табыс  етілетін шотқа негіздеме ретінде  қосылып беріледі.

Құжаттың төртінші данасы автомобиль көлігінің жол қағазына (путевой лист) тіркеліп, жүргізушіге еңбекақы және автомобиль көлігінің атқарған жұмысына сәйкес түрлі есептеулер есептеу үшін пайдаланылады.

Егер келіп түскен материалдардың нақты саны, көлемі, сапасы онымен келген құжаттағы дерекке сәйкес келмесе үлгілі түрі М-7 "қабылдау актісі" жасалынады. Сонымен қатар үлгілі М-7 "қабылдау актісі" жіберу құжатынсыз келген материалдарға да толтырылады. Бұл акт екі дана етіліп міндетті түрде материалдарды қабылдап алған кісінің және материалдарды жіберген жабдықтаушы кәсіпорын өкілінің қатысуымен, егер де жабдықтаушы ұйымының өкілі болмаған (келмеген) жағдайда бұл ұйымға ешқандай қатысы (мүдделілігі) жоқ ұйым өкілінің (адамның) қатысуымен жасалады.

Материалдар кәсіпорындар мен ұйымдардың ішіндегі цехтарына, бөлімшелеріне, өзінің аумағы (территориясы) сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға үлгілі түрі М-15А материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) "талап ету жүк құжаты" бойынша босатылады.

Материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) "талап ету жүк құжаты" екі дана етіліп жазылып, оған бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген тұлғаның қолы қойылуы арқылы шешіледі.

Егер материалдар қоймадан кәсіпорынның өзінің шаруашылықтарына (цехтарына, бөлімшелеріне) босатылатын  жағдайда үлгілі түрі М-15А материалдарды босатуды (ішкі ауыстыруды) "талап ету жүк құжатының" бір данасы материалдарды алушыға беріледі де, ал екінші данасы қоймада қалдырылып, кейіннен бухгалтерияға табыс етіледі. Бұл жағдайда толтырылатын қүжаттарды материалдарды босататын қойманың (цехтың) сол материалдарға жауапты тұлғасы толтырады.

 

2.2  Материалдың  жауапкершілік тұлғаның есеп  беруі

Тауарлар мен ыдыстардың саны мен сапасын және ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін материалдардың жауапкершілік енгізілген және ол жүктелген қызметкерлер материалды жауапты тұлғалар деп аталады.

Қоймадағы материалдық  босалқыларды есепке алуды материалды есепке алуды материалды жауаптыц немесе олардың келісімдерін жұмысын атқаратын  есепшілер (операторлар) материалдарды  есепке алу үшін арналған карточкаларында жүргізеді. Босалқылардың әрбір номенклатурысының нөміріне жекелеген карточкалар ашады да, содан соң ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.

Алған карточкаларда  қоймада материалдардың сақталатын орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде жазылады. Материалдарды ескере алудың толтырылған карточкасы төменде келтірілген.

Егер қоймадағы материалдық  қорлардың қалдықтары қорлардың  белгіленген нормасынан жоғары немесе тең болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарлауы тиіс. Бұл мақсатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты қалдық қорының ауытқушылығы туралы дабыл анықтамасы қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасының  деректері бойынша жасайды. Анықтамаға деректерді енгізудің өлшемдерін субъектінің материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді.

Бухгалтерияға берер  алдында жазбалардың дұрыстығы  және карточкадағы қалдықтардың шығарылуы  қойманың өзінде тікелей тексеріледі. Материалдық құндылықтардың қозғалысын рәсімдейтін құжаттарды бухгалтер қоймадағы «Құжаттарды қабылдау - өткізу тізімінің» негізінде қабылдайды. Тізім  реестрдің нысаны төменде келтірілген.

Жетіспеушілік және материалдық  жағынан жауапты адамдардың қызметіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай-ақ іріктеп тексерулер мен өткізілген нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бас бухгалтерге хабарлауы тиіс.

Айдың аяғында қоймаға  бухгалтериядан материалдардың қалдықтарының есепке алынатын кітабын қоймашыға береді, оған қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасындағы қалдықтарын көшіріп жазады. Мұнан кейін деректерді салыстыра отырып тексеру үшін материалдық босалқы қорлардың есептік топтары бойынша және бүтіндей алғанда кітап бойынша жиынтығын бухгалтерияға қайтарады.

Сөйтіп, қойма меңгерушісі  материалдарды есепке алуға, олардың  карточкаларын жүргізуге, құжаттардың  тізімдерін жасауға және қойма есеп кітабынның қалдықтарын шығаруға міндетті.

Есеп беру түрлері  мен мәні. Материалды жауапты адам басшы тағайындаған белгілі бір мерзімде бухгалтерияға бірінші ретті кіріс және шығыс құжатын есеп беру ретінде тапсырып отыруы тиіс. Ол әрбір шаруашылық операциялар тауадың шығуы және түсуімен байланысты болады. Тауардың түсуі мен шығуы көлемі мен жиілігіне байланысты болады.

Қызмет жасау саласына байланысты көтерме сауда кәсіпорында  тауарлар түрі, тауарлық операциялар  көлемі және құжат айналымы көп болғандықтан, аналитикалық есепке алу тауарларды  бухгалтерияда материалды жауапкершілікті адамдар тіркемелелі құжаттарды тапсыру реестрі немесе тауарлап есеп беруді құрайды. Реестрда тек кіріс және шығыс құжаттарының аттары, олардың нөмірлері мен күні көрсетіледі. Соңында, құжаттар мөлшерін көрсетеді. (қосымша №7) Реестр – тек құжаттар тізімі, онда т.б. мәліметтер болмайды. Көтерме сатуда көп тараған және МЖА тауар қозғалысының есеп беру үлгісі «Тауарлық есеп беру», ол тауарлардың қордағы қозғалысын және қалдығын көрсетеді.

Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары бухгалтерлік есепке қаржылық – шаруашылық іс - әрекетке енгізгеннен бастап тауарлы операцияларды есепке алу әдісі өзгерді. Тауар түскенде бір бөлек шотта салық қосылған сома мөлшерін айқындайды, жіберушілерге орын толтыратын, сатып алғанда тауарлар екі бағада көрініс табады. Сату құнымен және бұл тауарлар МЖА-н есеп бағасымен алынып тасталады. Көтерме баға мен бөлек сату кәсіпорындарда өзгерісті ескере отырып келесі унифицияланған формадағы тауарлық есеп беруді төменде көрсетіп өтемін . Онда құру және толтыру тәртібінің ерекшелегі көрсетіліп өтіледі. Тауарлық есеп беру болады.304-305бет.

Кәсіпорында кіші көлемде  тауар кезінде МЖА және тауар  жіберіп тұрғанда кіпріс- шығыс накладнойы екі көшірмеде жасалады. Бірінші  көшірме тауар қабылдаған адамға жіберіледі, ал екіншісі  - қоймада қалады.

Әрбір МЖА есеп беруі  аналитикалық тауарлар есебі, қаржы  құралдардың есебі, ол қол астындағы  тауарлардың көлемін айқындап отырады.

МЖА есеп беруі кәсіпорында  қандай үлгіде болмасын бірнеше бөлімнен тұрады. Есеп беру бастапқы бөлімді  толтырудан басталады, онда кәсіпорынға аты мен нөмірі (бөлім, секция), фамилиясы және МЖА аты –жөні, айлық тауар айналым жоспары және тауарлы қалдықтардың нормативі; ол норматив мекеме басшының тағайындалған мөлшеріне сәйкесті келеді, есеп беру нөмірі және есеп беру мерзімі, қай мерзімге есеп беру құралатыны көрсетіледі.

Есеп беру жыл басынан  жыл соңына дейін МЖА-м бірінші  нөмірден бастап нөмірленеді. Егер МЖА  жұмысқа жыл ьасынан кіріспесе, сол жұмыс бастаған күннен бастап нөмірленеді.

Информация о работе Ұйымдардың қоймаларында тауарлы-материалдық қорларды есепке алу және материалды-жауапты тұлғаның есептілігі