Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 13:07, курсовая работа
Курстық жұмыста тауарлы – материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған. Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. 12 «Қорлар» атты №2 ҰҚЕС-на сәйкес,
Кіріспе ............................................................................................................
3
1 бөлім. Тауарлы-материалдық құндылықтардың түсінігі, бағалануы және қойма шаруашылығын ұйымдастыру……………………………….
6
1.1 Тауарлы - материалдық құндылықтар түсінігі және жіктелуі ............
6
1.2 Қойма шарауашылығын ұйымдастыру………………………………..
11
2 бөлім. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі, құжатталуы және түгенделуі ......................................................................................................
13
2.1 Тауарлы - материалдық құндылықтарды құжаттау………………......
13
2.2 Материалдық-жауапты тұлғаның есеп беруі…………………………
23
2.3 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі және қорларды есепке алу жүйесі……………………………………………………………….......
27
Қорытынды…………………………………………......……………….......
36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……....................……………………….
39
Қосымшалар …….......………………………………
Мазмұны
Кіріспе .............................. |
3 |
1 бөлім. Тауарлы-материалдық
құндылықтардың түсінігі, бағалануы
және қойма шаруашылығын |
6 |
1.1 Тауарлы - материалдық құндылықтар түсінігі және жіктелуі ............ |
6 |
1.2 Қойма шарауашылығын ұйымдастыру……………………………….. |
11 |
2 бөлім. Тауарлы-материалдық
қорлардың есебі, құжатталуы |
13 |
2.1 Тауарлы - материалдық құндылықтарды құжаттау………………...... |
13 |
2.2 Материалдық-жауапты тұлғаның есеп беруі………………………… |
23 |
2.3 Материалдық қорлардың
қоймадағы есебі және қорларды
есепке алу жүйесі………………………………… |
27 |
Қорытынды…………………………………………..... |
36 |
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі……....................…… |
39 |
Қосымшалар …….......………………………… |
40 |
КІРІСПЕ
Курстық жұмыста тауарлы – материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған. Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. 12 «Қорлар» атты №2 ҰҚЕС-на сәйкес,
1) қарапайым қызмет барысында сатуға арналған;
2) осындай сату үшін өндіру процесіндегі; немесе
3) өндірістік процесте немесе қызметтер көрсету кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.
Қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:
1.Тауарлы –материалдық қордың ұғымы және бағалау тәртібін қарастыру.
2.Тауарлы –материалдық
қордың қозғалысын құжаттық
3.Қоймадағы тауарлы
–материалдық қор есебін
4.Материалды-жауапты тұлғаның есеп берілуін көрсету
5. ХҚЕС-на көшу жағдайындағы ТМҚ-ды есепке алуды қарастыру
Алдымен жұмысымның кіріспе бөлігіне шолу жасағаным, өзім жазған «курстық жұмысыма» дұрыс көңіл аударғандық деп ойлаймын. Курстық жұмыста мен «Қоймалардың түрлерімен, осы қоймалардағы материалдық қорлардың қоймалық есебін, толығырақ зерттеп көрсетемін.
Курстық жұмысымның кіріспе бөлігінде қоймаларға олардың түрлеріне қысқаша тоқталып өтейін.
Өндірістік қорлар мен ауыл шараушылық өнімдерінің түгелдігі мен амандығын қамтамасыз ету үшін мекемелер сақтау талаптарына толық сәйкес келетіндей дәрежеде «қойма шаруашылығы» ұйымдастырылады.
Қоймалардың орналасқан орын жағдайларына байланысты орталық қойма және өндірістік бөлімдерінің қоймалары болып бөлінеді. Осы бөлінген қоймалардағы материалдардың есебі қоймада да, бухгалтерияда да қатар есептеледі.
Барлық жағдайларда
материалдық қорлар белгілі бір
адамның жауапкершілігіне тапсырылады.
Ол адамдар негізінен қойма
Қоймадағы карточкаларда сандық есеп қана жүргізілсе, бухгалтериядағы карточкаларда сандық есеппен қатар олардың құндары да көрсетіледі.
Бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық, бағалық есебін жүргізу
көптеген адам күшін және уақытты керек етеді.
Барлық қоймаларда сақталатын материалдық қорлардың кіріс және шығыс операцияларының және олардың қалдықтарының заттық есебі жүргізіледі.
Есепті қабылдайтын бухгалтерлік – барлық кіріс-шығыс құжаттарының негізінде есептің дұрыс жасалғанын тексеріп, қабылданған соң есептің екінші данасында есепті қабылданғаны туралы қолтаңбасын қойып, қойма меңгерушісіне қайтарады. Ол материалдық жауапркешіліктегі адам үшін, есепті тапсырғаны жөнінде айғақ қызметін атқарады.
Материалдар өздері сақталынып тұрған жері бойынша, яғни шаруашылық субъектісінің қоймасында және субъектінің бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты.
Ал енді бухгалтериядағы материалдық қорлардың талдамалық есебі сандық және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді. Есеп жұмысына есеп тіркелімдерінің өте ұтымды жаңа түрлері енгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсартылып, есеп машиналары пайдаланылып, есеп беру жұмысы қысқартылып, жеңілдетудің басқа да түрлері қолданылуда.
Осы курыстық жұмыс барысында мен қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорларды есептеу түрлерін жеке–жеке ашып көрсету бағытын негізге алдым.
Сонымен менің курстық
жұмысымның мақсаты ұйымдардың қоймаларындағы
тауарлы-материалдық қорлардың
Курстық жұмыста Қазақстан Республиксының бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесін реттейтін нормативтік құжаттар, отандық және шет елдік авторлардың жұмыстары, периодикалық басылымдар пайдаланылады.
1 – бөлім. ТМҚ түсінігі, бағалануы және қойма шаруашылығын ұйымдастыру.
Тауарларды өндіру мен
жеткізуде бір қалыптылық жоқ
жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз
ету үшін сауда мекемелері мен
кәсіпорында қажетті тауар
«Қорларды есепке алу» атты №2 ҰҚЕС-на сәйкес,
1) қарапайым қызмет барысында сатуға арналған;
2) осындай сату үшін өндіру процесіндегі; немесе
3) өндірістік процесте немесе қызметтер көрсету кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.
Тауарлы - материалдық қорлар - бұл кәсіпорынның шынайы материалдық мүліктері түріндегі айналым құралдарының бір бөлігі. Тауарлы-материалдық қорлар кәсіпорындар сату үшін немесе өндіріс процесінде пайдалану үшін, басқа да шаруашылық қажеттіліктері үшін шығарылады және сатып алынады.
Тауарлы - материалдық қорлар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар; сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар (детальдар); отын; ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.
Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау, босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау, көліктік-дайындау шығындары мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау, көліктік - дайындау шығындарын өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау, ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.
Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір - бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай - ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
- шикізаттар;
- негізгі материалдар;
- көмекші материалдар;
- жартылай фабрикаттар және тағы да басқалары болып бөлінеді.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар - деп бұрын азды - көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген өнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына - өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері - ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалары жатады.
Өндірістік үрдістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында - бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда - шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үрдісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандайда бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояулар-ды, әктерді (известь) жатқызуға болады.
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, кұрылыс материалдары, тағы да басқалары есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй - жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.
Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлар еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір - ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін кұрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Өндіріс барысындағы функционалдық (қызметтік) ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық қорлар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгілер - дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін (нан пісіргенде ұн) құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін (сырлар, лак, желім) көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.
Бірақ материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие, өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына (мөлшеріне), технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторлеріне тәуелді болып келеді.
Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 1 "Қысқа мерзімді активтер" бөліміндегі 1300 "Қорлар" бөлімшесінің негізгі, активті мүліктік шотын пайдаланады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар ашылуы мүмкін:
1310 "Шикізат және материалдар",
1311 "Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, детальдар"
1312 "Отын",
1313 "Ыдыс және ыдыстық
1314 "Қосалқы бөлшектер", 1315 "Басқа да материалдар",
1316 "Қайта өңдеуге жіберілген материалдар",
1317 "Құрылыс материалдары".
1310 "Шикізат және
материалдар" шотында
1311 "Сатып алынған
жартылай фабрикаттар және
1312 "Отын" мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын түрлері есепке алынады.
1313 "Ыдыс және ыдыс материалдар" ыдыстың барлық түрі (цистернаны, бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар есепке алынады.
1314 "Қосалқы бөлшектер"
жөндеуге және машинаның