Ұйымдардың қоймаларында тауарлы-материалдық қорларды есепке алу және материалды-жауапты тұлғаның есептілігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 13:07, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыста тауарлы – материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған. Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. 12 «Қорлар» атты №2 ҰҚЕС-на сәйкес,

Оглавление

Кіріспе ............................................................................................................
3
1 бөлім. Тауарлы-материалдық құндылықтардың түсінігі, бағалануы және қойма шаруашылығын ұйымдастыру……………………………….
6
1.1 Тауарлы - материалдық құндылықтар түсінігі және жіктелуі ............
6
1.2 Қойма шарауашылығын ұйымдастыру………………………………..
11
2 бөлім. Тауарлы-материалдық қорлардың есебі, құжатталуы және түгенделуі ......................................................................................................

13
2.1 Тауарлы - материалдық құндылықтарды құжаттау………………......
13
2.2 Материалдық-жауапты тұлғаның есеп беруі…………………………
23
2.3 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі және қорларды есепке алу жүйесі……………………………………………………………….......
27
Қорытынды…………………………………………......……………….......
36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……....................……………………….
39
Қосымшалар …….......………………………………

Файлы: 1 файл

КУРСОВ.doc

— 188.50 Кб (Скачать)

1315 "Басқа да материалдар"  өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін  ақау бөлшектер, негізгі құралды  жою барысында алынған материалдар  және т.б есепке алынады. 

1316 "Қайта өңдеуге  жіберілген материалдар" шотында сыртқа өңдеуге берілген материалдардың және өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнға енгізілгені есепке алынады.

1317 "Құрылыс материалдары" құрылыс бөлшектерін, монтаждау  жұмысын және құрылыс процесінде  тікелей пайдаланатын құрылыс материалдарын есепке алады.

ХҚЕС - на сай шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша синтетикалық шоттар және материалдық есебі бойынша  аналитикалық (талдамалық) шоттар аша  алады. Мен негізге алған «ААА»  ЖШС-де әр материал түріне синтетикалық шоттың ашылған үлгісі берілген. Бірақ материалдардың барлық түрі ХҚЕС-ы шоттарына сәйкес 1310 шотта есепке алынады.

Материалдардың есебін ұйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дұрыс бағалау болып табылады.

 

 

 

 

 

1.2 Қойма шарауашылығын ұйымдастыру

Өндірістік қорлар мен  ауыл шараушылық өнімдерінің түгелдігі  мен амандығын қамтамасыз ету  үшін шаруашылық ұйымдар мекемелері сақтау талаптарына толық сәйкес келетіндей дәрежеде қойма шаруашылығын ұйымдастыру тиіс. Сақталатын материалдық  заттардың ерекшеліктеріне байланысты жалпы қоймалар және арнайы қоймалар ұйымдастырады. Жалпы қоймаларда экономикалық сипаттарына қарай әр түрлі шоттарда есептелетін және ерекше жағдайларды талап етпейтін материалдық заттардың бірнеше түрлері сақталынады. Кейбір материалдық заттардың дара ерекшеліктеріне байланысты оларды басқа материалдық заттармен қатар сақтау мүмкіншілігі болмаған жағдайда арнайы қоймалар ұйымдастыруы керек. Оған жататындар: мұнай өнімдерінің қоймасы, астық қоймасы, минералдық тыңайтқыштар қоймасы, жем қоймасы тағы сол сияқты.

Қоймалардың орналасқан орын жағдайларына байланысты орталық  қойма және өндірістік бөлімдерінің қоймалары болып бөлінеді. Шарушылықтың темір жолы, су жолы, станцияларының ара қашықтығына байланысты көп жағдайларда станцияларда орналасқан экспедиторлық қоймалары болуы мүмкін. Бұл қоймалар су немесе темір жол транспортарымен жеткізілген жүктерді шаруашылыққа тасып алғанға дейінгі  амандығы мен түгелдігін қамтамасыз ету қызметін атқарады.

Барлық қоймалар тиісті өлшеу құралдарымен және өрт сөндіру жабдықтары мен тиісті дәрежеде жабдықталынуы керек. Сонымен қатар барлық қоймаларда материалдық заттардың қалыпты жағдайда қамтамасыз етілуі керек.  Мысалы: босалқы бөлшектер  қоймасында босалқы бөлшектердің машиналар мен жабдықтардың түрлеріне, бөлшектердің қызмет ерекшеліктеріне және прейскуранттарына нөмірлеріне қарай орналасуын қамтамасыз ету үшін қойманы стелождармен жабдықтау керек.  Мұнай өнімдерінің қоймасы тиісті сыйымдылықтарымен жабдықталып, басқа өндірістік немесе тұрғын үй құрыслыстарынан белгілі қашықтықта оқшау орналасуы керек.

Минералдық   тынайтқыштар қоймасы минералдық тынайтқыштарды қолдану жұмыстарын механикаландырудың типтік технологиясының талаптарына  сай болуы керек.

Барлық жағдайларда  материалдық қорлар белгілі бір  адамның жауапкершілігіне тапсырылады.  Ол адамдар негізінен қойма меңгерушілері болуы керек. Қойма меңгерушілері қоғам алдынада сенімін жоғалтпаған адам болуы шарт. Оларды жұмысқа қабылдау, ауыстыру немесе жұмыстан шығару бас бухгалтердің келісімімен ғана жүзеге асырылады.  Жұмысқа қабылданатын қойма меңгерушісі бас бухгалтерден өзінің міндеттерімен жауапкершіліктері туралы арнайы нұсқау алады және белгілі тәртіп бойынша материалдық жауапкершілік жөнінде жазбаша түрде келісім шарт жасалынады. Сонан соң қойма меңгерушілері оларға,сеніп, тапсырылған матералдық заттардың түгелдігі мен амандығына  міндетті түрде толық жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 – бөлім. Тауарлы материалдық қорлардың есебі, құжатталуы және түгенделуі.

2.1 Тауарлы - материалдық қорларды құжаттау

Өндіріс қорларының шығысы мен түсімі бойынша жасалатын алғашқы құжаттар кәсіпорындағы материалдық есепті ұйымдастырудың негізі болып табылады. Тікелей алғашқы құжаттардың көмегімен тауарлы - материалдық қорлардың тиімді пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және келешектегі бақылануын жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде қорлардың сақталуы мен есепке алынуына қатысы бар барлық тұлғаларға баға көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда субъектінің қолында бар барлық материалдық қорлар белгілі бір белгілері бойынша әзірленеді.

Әрбір материалға атаулары, сорттары бойынша шартты сандық белгілері  номенклатуралық нөмірі (коды) - беріледі, содан соң барлық құжаттарда ТМҚ-дың  бары мен қозғалысы бойынша берілген нөмірі қойылады. Номенклатуралық нөмірі: баланс шоттарының нөмірі немесе материалдардың  реттік нөмірі бойынша берілуі мүмкін. Материалдардың номенклатурасында есептелінетін материалдардың бірлік бағасы көрсетіледі, яғни ол баға номенклатурасы деп аталады. Ол жүйеленген материалдар тізімі бойынша жасалады және оны кәсіпорынның барлық бөлімшесі (материалды-техникалық жабдықтау, бухгалтерия, қаржы бөлімдері) анықтама ретінде пайдаланады.

ТМҚ - ды кәсіпорын әртүрлі  жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станциясынан, айлақтардан, аэропорттан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.

Жабдықтаушылардың (жіберушілердің) қоймаларынан ТМҚ-ды алған кезде алушы кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады.

Материалдардың қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтік құжаттар пайдаланылады.

Жабдықтаушылардың коймасынан тауарларды алу үшін материалды жауапты  тұлғаға сенімхат беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын  қойғызып, қолхат алу арқылы береді. №М-2а. типтік ведомосы аралық нысаны, алдын ала нөмірленіп және түптеліп Журналға  (ү.№М-3) тіркеледі.

Берілген сенімхатты есептеу Журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғада сақталады.

Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім - шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатта алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы (кері) жағында жазылады.

Егер де алынатын тауарлар саны жағынан көп болмаса және түрлері де бір тектес болып келсе, онда олардың жалпы саны мен сомасы бір жолға жазылады.

Бір қоймаға жататын  ТМҚ алынған жағдайда оған бірнеше  накладной керек болса, сенім беруші сенімді тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладнойдың нөмірі, күні көрсетілуі тиіс. Егерде бір ғана сенімді тұлғаның бірнеше қоймадан тауар алуына тура келсе, онда оған әрбір қоймаға ұсыну үшін жеке сенімхат беріледі.

Сенімхат, әрекет ететін мерзіміне қарамастан, тауарлы - материалдық  құндылықтарды алған кезінен  бастап беріледі. Мерзімі өткен сенімхаттары бойынша есеп бермеген лауазымды  тұлғаға жаңа сенімхаттар берілмейді. ТМҚ ала салысымен материалды жауапты тұлға тапсырманы орындағаны туралы құжаттарды бухгалтерияға беріп, ТМҚ қоймаға өткізу керек, олардың сол құндылықтарды қуаттайтын сенімхаты толық болмаса да.

Егер де ТМҚ-ды алу  құқы жойылса, онда одан сенімхат қайтып алынады, ал жіберушілерге басқа сенімхат беріледі.

Пайдаланылмаған сенімхаттар  мерзімі өткеннен кейін келесі күні сенім білдірушіге қайтарылады. Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған  кезде оны "Сенімхаттарды есепке алу журналына" тіркейді және оның түбіршегіне "пайдаланбаған" деген белгісін жасайды. Осындай сенімхаттар есеп беру кезеңінің соңына дейін сақталады, сосын есепті кезеңнің соңында жойылады.

Жабдықтаушылар (жіберушілер) ТМҚ босатқан кезде, әрбір жіберілген бөлігіне үш данада накладной жазады, онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. Оның біріншісі ТМҚ алушыда, екіншісі жіберушінің өзінде қалады, оны ол алдағы кезеңде жіберілетін ТМҚ-ға  бақылау жасау үшін пайдаланады. Ал үшіншісі бухгалтерияға беріледі. ТМҚ босатып біткен соң, ең соңғы партиясының кұжаттарымен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырады. ТМҚ-ды мынадай жағдайларда сенімхат бойынша босатуына болмайды:

- сенімхаттың барлық реквизиттері толық толтырылмаса және жөнделген немесе өшірілген болса;

  • көрсетілген сенімхаттағы құжаттары болмаса;
  • сенімхаттың мерзімі біткен болса;
  • субъектіден берілген сенімхаттың жойылғаны туралы хабар алса;
  • сенімхат берген субъекті өз қызметін тоқтатса (жойылса, қайта құрылымдық өзгерістер жасаса).

Жабдықтаушылар сатып  алушының қоймасына автотранспортпен ТМҚ-ды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалды жауапты тұлғасы (қойма меңгерушісі) жабдықтаушылардың экспедиторынан алған ТМҚ-дың санын және брутто салмағын, тауарлы - транспорттық (көліктік) накладной мәліметімен салыстырады және олар екі данада жазылады. Егер олардың мәліметінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып ТМҚ қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты тұлғада қалады. Ал егер айырмашылық болса, онда оның саны мен сомасына Акті жасалады. Ол екі дана етіп жазылады және оған екі жақтың да жауапты тұлғалары қол қояды.

Оның біреуін жабдықтаушыға  жібереді, ал екіншісі ТМҚ қабылдаған жауапты тұлғада қалады, одан әрі  ол бухгалтерияға беріледі. Акты жабдықтаушыға  талап - тілек қоюға негіз бола алады.

ТМҚ-ды теміржол транспортымен жеткізіп берген кезде ТМҚ қабылдау вагондардан, контейнерлерден, цистерналардан түсірген жерінде немесе теміржол қоймаларынан қабылданады. ТМҚ алушы өкілі олармен қоса келген құжаттардың (жүкті тасымалдауға берілген накладной) негізінде қабылдап алады және қабылдау процесіне тасымалдаушының өкілі де, Сауда-өнеркәсіп палатасынан келген тәуелсіз бақылаушы да қатысады.

Егер жүк қосарлана  жүретін құжаттарынсыз келсе, онда ТМҚ-ы актімен рәсімделеді және сол актіде нақты ТМҚ - дың саны мен бағасы көрсетіледі. Бұл жағдайда жабдықтаушылардың өкілі қатысқаны жөн, егер де олар болмаса тәуелсіз бақылаушылар қатысады. Актіні жасаудың барлық ережесі сақталса, онда ол заңды құжат болып табылады және жабдықтаушыға талап - тілек қоюға негіз бола алады. ТМҚ қабылдау кезінде жүзеге асырылатын операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелінетін жүктердің операциясына ұқсас болып келеді.

Жоғарыда аталғандардан  басқа ТМҚ халықтан да сатылып  алынуы мүмкін. Бұл кезде материалды жауапты тұлға сатып алынған ТМҚ - ға акті жасайды, онда: сатушының аты - жөні, СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі), ТМҚ аты, алынған бағасы, жалпы құны көрсетіледі. Осы актіде патенттің (куәлігінің) нөмірі және әрекет ететін мерзімі, қызмет түрі немесе басқа да құжаттары (квитанциясы, бір жолғы талоны) көрсетіледі. Егер де аталған құжаттар болмаса кәсіпорын бюджетке төленетін жеке табыс салығын өзі төлейді.

ТМҚ - ды қабылдауға мына құжаттар негіз болып саналады:

  • шот - фактура, онда: реттік нөмірі мен күні, жабдықтаушы мен

ТМҚ - ны сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген ТМҚ атаулары мен саны, құны, акцизделетін ТМҚ сомасы т.б.көрсетіледі;

  • тауарлы - транспорттық накладной;
  • тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған накладнойы мен құжаттары, атап айтқанда:

Кіріс ордері. Жабдықтауышылардан немесе өңдеуден түскен қорларды есепке алу үшін пайдаланылады. Ол бір ғана данада жазылады және ол жауапты тұлғадан материалдар қоймаға келіп түскен кезде толтырылады.

Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерінде сандық және сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады, сондай-ақ құжатсыз түскен материалдарды қабылдаған кезде де. Қабылдау комиссиясы міндетті түрде материалдық жауапты тұлғаның, жіберуші (жабдықтаушы) өкілінің немесе мүдделі емес мекеме өкілінің қатысуымен актіні 2 дана етіп жасайды. Құндылықтар қабылданғаннан кейін құжаттармен қоса (тауарлық - көліктік жәнелтпе қағаздар, спецификациялар т.б.) актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, екіншісі -жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне немесе олардың бухгалтериясына жіберіледі. Қ-4 нысаны (3-қосымша)- тауарлық-материалдық қорларды қабылдаудан кейін актілер құжаттардың қосымшаларымен (тауарлық-көліктік құжаттармен және т.б.) бір данасы тауарлы-материалдық қорлардың есебі үшін ұйымның (жеке кәсіпкердің)  бухгалтериясына, келесі данасы берушіге талап хатын жіберу үшін бухгалтерияға немесе жабдықтау бөліміне беріледі. «Паспорт нөмірі» бағаны бағалы металдар мен тастардан тұратын қорлардың түсуі бойынша операцияны ресімдеу кезінде алшақтық болған жағдайда ғана толтырылады

Материалдық құндылықтардың өндірісте дайындалған және сақталған  кезеңдегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі.                                                                         Табиғи шығын нормалары айқындалмаған материалдық қорларын дайындау, сақтау немесе өндіру процесінде орын алған жоғалтуды анықтау үшін қолданады. Қорлардың сақталуына жауапты бөлімдердің балансынан шығаруға және кінәлі адамдардан өндіріп алуға аталған кұжат негіз бола алады.

Бұл құжат материалды қабылдау жөніндегі АКТ-ге тіркеледі. Екі данасы толтырылып, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. Бірінші данасы бухгалтерияға жіберіледі, ал екіншісі - бөлімшеде қалады.

Информация о работе Ұйымдардың қоймаларында тауарлы-материалдық қорларды есепке алу және материалды-жауапты тұлғаның есептілігі