Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:29, дипломная работа
Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорын есебінің және аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет;
Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.
Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды мінездеме беру.
Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------5
1-бөлім Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру,
“МАРС” ЖШС еңбек ақы төлемдерінің есебі-----------------------------------------7
1.1 “МАРС” Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегінің еңбеккерлердің құрамының есебі--------------------------------------------------------------------------- 7
1.2 Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар ----------------------------------------------15
1.3 Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін ұйымдастыру----------------------------19
1.4 Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу------------------------ 24
1.5 Орташа жалақыны есептеу тәртібі Жұмыс берушінің есебінен төленетін жәрдемақы Демалыс ақысын төлеу -------------------------------------------------31
2-бөлім Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің еңбекке төлем ақысы есебін талдау--------------------------------------------------------------------------------37
2.1 Негізгі көрсеткіштерді талдаудың мәні және оның мазмұны --------------37
2.2 Шығындардың, сату көлемінің және табыстарының арақатынасын талдау
---------------------------------------------------------------------43
2.3 Қаржылық қор бірлестігі, есеп рентабельділігін талдау---------------------46
3 –тарау “МАРС” Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте еңбекке төлемақы есебінің аудиті------------------------------------------------------------------------------48
3.1 Аудит, оның пайда болу мерзімі және дамуы ---------------------------------48
3.2 Аудиттік ақпараттық базасының құрамы----------------------------------------62
3.3 Нақты тексерудің тәсілдері--------------------------------------------------------- 66
Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------- 68
Қолданылатын әдебиеттер-------------------------------------------------------------- 71
Аудит объектілеріне мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жағдайлары, олардың өндірістік жұмыстары, шаруашылық жұмыстарының экономикасын дамыту жөнінде және тиімділігі жөнінде ұсыныс беру.
Егер, аудит объектісі болып жоғарыда айтылғандар болса, онда олардың міндеті болып мыналар есептелінеді: сенімділігі, нақтылығы, отчет көрсеткіштерінің ұқыпты түрде тексерілуі, олардың толықтылығы, дұрыстығы. Осыған орай аудиттің міндеті – қаржы нәтижесі бойынша жасалынған отчетқа (есептілікке) аудиторлық қорытынды беру, олардың бухгалтерлік есебі мен қаржы нәтижелері бойынша жасалынған көрсеткіштерінің заңдарға, стандартқа, нормативтерге сәйкестігін тәуелсіз экспертиза бойынша дәлелдеп көрсету және оның дұрыстығын анықтау. Ол жөнінде Аудиттің Қазақстандық стандартында толық мәлімдеме берілген. Аудиттің Қазақстандық бірінші стандартында былай делінген: “Қаражат нәтижесінің отчеттарын аудиторлық тексеру жүргізудің негізгі міндеті аудиторлық қорытындының заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес жасалғандығын анықтау” .
Осы айтылғандарға сәйкес аудит пәні мен объектілерінің алдында төмендегідей мақсат пен міндеттемелер қойылады:
3.2 Аудиттік ақпараттық базасының құрамы
Аудит оңтайлы басқару шешімінің негізінде жататын экономикалық ақпарат жүйесіне негізделеді.
Тиімді ақпараттар жиының құру белгілі бір қағидаларға сүйенуі тиіс. Ол қағидалар келесілер: ақпараттық қажеттіліктерді, өндіріс процесінің дұрыстығын көрсету, табиғи, материалдық, қаржылық ресурстарды тұтыну, бөлу және пайдалану, әртүрлі көздерден келіп түсетін ақпараттардың бірлігі, статистикалық және жедел есеп); соңғы байланыс құралдарын қолдану арқылы ақпаратты жеделдету, дербес комюьтерде ақпаратты жан-жақты өңдеу; ақпараттарды пайдаланудың коэффицентін жоғарылату; жоспарлауға және басқаруға керекті ақпараттарды өңдеу және талдау. [24,25]
Қазіргі кезде “МАРС” ЖШС-тің экономикалық ақпараттық жүйесіне келесі түрде мінездеме беруге болады.
Экономикалық ақпараттар біріңғай бола бермейді. Ақпарат көлемінің жүйелік өсуіне байланысты басқару шешімдерінде жеткіліксіз сезіледі. Сонымен қатар ақпарат тасқынының өсуі мәліметтердің артылып қалуына әкеледі. Ғылыми басқару ұйымдары ақпараттардың бағытын зерттейді.
Аудиттік деректер есептік, аналитикалық және есептен тыс болып бөлінеді.
Аудиттің есептік деректеріне жататындар: бухгалтерлік есеп және есеп беру; статистикалық есеп және есеп беру; таңдаулы есептік мәліметтер. Бухгалтерлік есеп және есептілікте бизнес жоспардың орындалуын бақылайтын шаруашылық операциялар және жалпылама шаруашылық қорлар көрініс табады. Тұтастық және үздіксіздік қадағалау әдісі, қатаң құжаттау әдісі, шоттарды жүйелеу арқылы әртүрлі сипаттағы шаруашылық операциялардың дұрыстығына қол жеткіземіз. Сонымен қатар жиынтық шаруашылық қорларды мақсаттық тағайындаулар бойынша жұмсауға мүмкіндік туады.
Статистикалық есеп және есептілік, сандық және сапалық жақтарды сипаттайтын жиынтық жалпылама құбылыстар мен процестерден және талдауды маңызды қызмет атқаратын белгілі бір заңдылықтардан тұрады. Қадағалаудың ерекшеліктерін қолдана отырып, статистика бухгалтерлік есеп мәліметтеріне жүгінеді.
Жедел есеп және есептілік статистика мен бухгалтерияға қарағанада керекті ақпаратпен жылдам қамтамасыз етеді және “МАРС” ЖШС-тің шаруашылық қызметінің жекеленген учаскелерінде қолданылады. Мұндай ақпараттар іцшкі аудитке өте қажет.
Таңдаулы есептік мәліметтер есептілік көрсеткіштерін нақтылауға және тереңдетуге көмектеседі. Таңдаулы мәліметтерді есептік дерек ретінде қарастыру керек. Өйткені олар бухгалтерлік есеп пен бастапқы құжаттан алынады.
Экономикалық талдаудың мәліметтері аудит үшін маңызды дерек болып табылады.
Есептен тыс деректерге келесілер жатқызылады: ішкі және сыртқы аудиттегі, ішкі және ведомствалық тексеруден тыс материалдар, лабораториялық және дәрігерлік-санитарлық бақылаудағы материалдар; салық қызметінің тексеруінен кейіңгі материалдар; еңбек колективінің жиынының материалдары; баспасөз материалдары; қаржы және несие органдарының хаттары және т.б. аудиторларды қызықтыратын материалдар.
Аудит процесінде жоспарлы көрсеткіштерден басқа нормативтік актілер, анықтамалар, сонымен қатар ұлттық және аудиттің халықаралық нормативтері қолданылады.
Аудитордың
әртүрлі деректерден
Тікелей куәлік – дегеніміз бастапқы құжаттар және тізім есептерімен бекітілетін дәлелдеме. Мысалы: жетіспеушілікті растайтын инвентарлық және салыстырмалы ведомость. Тікелей куәлік материалдық және материалдық емес болып бөлінеді. Материалдыққа жататындар, яғни құжаттар және натуралдық объектілер. Ал материалдық емеске жататындар: бір сәттік құбылыстар, ЖШС, ұйым және азаматтар.
Аудиторлар алатын ақпараттар нақты үш топқа бөлінеді: тиянақты, нақты-шартты, бағыттық.
Тиянақты ақпарат толық нақты болып табылады, өйткені аудитордың бастапқы құжаттарды, заттай объектілерді тексеруінің нәтижесінен қалыптасады.
Нақты шартты ақпарат
аудитордың белгілі бір жағдайға
толық нақты жауап бере алмауынан
қалыптасады. Мысалы: құжаттардың жетіспеушілігі.
Аудиторлар тексеру барысында өздерінің жұмыс қағаздарымен бірге әртүрлі куәліктерді есепке алулары тиіс. Мұндай құжаттау кейбір мәселелерге маңызды болып табылады. Атап айтсақ : аудиторлардың қорытынды есебін бекітеді; аудиторлық өнімділік нәтижеліліккті арттырады; алдағы жұмыстарды ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Жұмыс қағаздарының болуы аудитордың кәсіптік дайындық деңгейін көрсетеді. Жұмыс қағаздарындағы жазулар нақты, әрі анық болуы тиіс.
Натуралдық нормативтер – бұл құнды емес сипаттағы критерийлер (өлшемдер). Олар материалдарды қолданудың нәтижелілігіне, еңбек шығынына баға беруде қолданылады.
Шығын нормалары – бұл нәтижелілікке баға берудің ақшалай критерийі. Операциялардың өзіндік құны ақшамен көрсетіледі. Бұған жататындар: өнім бірлігіне кеткен материалдық шығындар, машина жұмысының бір сағаттағы шығыны.
Капиталдық
нормативтер – бұл шығын
Бағдарламалық норматив – бұл қандайда бір бағдарламаның орындалуының мерзімі.Мысалы: Өнім шығару және т.б.
Мақсат нормативтері – мұндай мақсаттар, күрделі бағдарламаны жүзеге асырғанда немесе басқару функцияларын орындағанда қалыптасады. Бұлар материалдық және материалдық емес сипатта болуы мүмкін.
Тексеріліп жатқан кәсіпорынның мамандарымен берілген куәлік аудиторр үшін маңызды. Осындай жағдайда аудитор маманының іскерлігінің тәжірибесін ескереді.
Егер аудитор құжаттарда күдікті мәліметті байқаса, онда ол маманмен немесе клиентпен ақылдасады.
Тексеру процесінде аудитор банкілерден куәлік ала алады. Клиентке қызмет көрсететін банкілерге арыз – хат жіберіледі. Банкілер керекті қаржы мәліметтермен қамтамасыз етеді.
Сонымен қорытындылай келе, аудитор әртүрлі мәліметтерді иемденеді. Мәліметтер келесі жағдайларды қамтиды: Эксперттік, бақылау, аналитикалық бақылаудың нәтижелерінің көрсеткіштері. [5,24,25]
«МАРС» ЖШС-тің табысы мен шығынын, активі мен міндеттемесін басшылыққы ала отырып, аудитор қорытынды жазады.Бухгалтерлік есептілік және есептік регистр аудиттің ақпараттық базасының негізі болып табылады.
3.3 Нақты тексерудің тәсілдері
Нақты тексеру дегеніміз – натуралдық түрде тексеретін объектінің көрсеткіштерінің нақты жағдайын зерттеп оларды анықтау. Нақты тексерудің көмегімен бастапқы құжаттар мен есеп жазуларының толықтығын, дұрыстығын анықтайды. Осыған орай нақты тексерудің методикалық тәсілдері бойынша тексеретің объектінің нақты жағдайын анықтау, орындалған жұмыстар мен оның көлемін анықтау, орындалған операциялардың құжаттарда дұрыс көрсетілуін анықтау және т.с.с.
Нақты тексерудің тәсілдері төмендегідей үш топқа бөлінеді:
Түгендеу- негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық құндылықтардың, ақша қаражаттарының нақты қалдығын анықтау тәсілі және олардың бухгалтерлік есеп көрсеткіштеріне белгілі бір мезгілге сәйкестігі.
Эксперттік бағалау – кәсиби мамандар мен орындалған жұмыстардың, олардың сапалары, өндірілген өнімдердің көлемін эксперттік түрде анықтау тәсілі.
Көзбен шолу байқау – цехтардағы, бөлімшелердегі жұмыстардың ұйымдастырылуын зерттеу, қоймадағы тауарлы-материалдық запастардың сақталуын тексеру, метериалдардың сыртқа шығарылуын және ішке кіргізілуін тексеру.
Аудиторлық қызмет жөніндегі заң, оның ролі және мазмұны.
Аудиторлық қызмет екі топқа жататын құжатқа сәйкес ұйымдастырылуы қажет: мемлекеттік заң актілері және аудиторлық стандарт бойынша.
Аудиторлық жұмыстың тәуелсіз тексеру екендігін ескере отырып, оларға құқылық негіз беру қажет. Міне осыны ескере отырып 1998 жылы Қараша айының 20 күні ҚР Президентінің Жарлығы бойынша “Аудиторлық қызмет” жөнінде Заң қабылданды. Бұл заң аудиторлық қызмет жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен заңды және жеке тұлғалардың өзара қарым – қатынасын реттеу. Бұл заңды ҚР территориясының тұратын барлық субъектілер қолданады. Заң 6 тараудан, 25 баптан құралған.
1-тарау – Жалпы жағдай (1-4 баптар)
2-тарау – Аудиторлар палатасы, аудиторлар және аудиторлық мекемелер (5-8 баптар)
3-тарау –
Аудиторларға үміткелерді
4-тарау –
Аудиторлық қызметті
5-тарау –
Аудиторлар мен аудиторлық
6-тарау –
Аудиторлық қызмет жасайтын
Қорытынды.
Қорыта келе қызметкерлердің
құрамдық өзгерісінің есебін мамандар
бөлімі жүргізеді. Жұмыс беруші қабылдаған
кезде еңбеккерлермен өзара тікелей
жеке еңбек келісім-шарттарын
Дегенмен де келісім-шартқа “Қазақстан Республикасының еңбек туралы” заңының 7,8 және 9 баптары енгізілуі тиіс.
Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әр түрлі ұсталымдар жасалады: міндетті зейнеткерлер жарнасын жинақ зейнеткерлер жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару парақтарын, сондай-ақ еңбеккерлердің өзі берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін тағы басқа ұсталымдар ұсталады.
Өндіріс технологиясымен оны ұйымдастыруға, еңбек төлемінің қолданылатын жүйесіне, өнім сапасын бақылауға, есеп пен басқада жайларын компьютерлендіру деңгейінің әр түрлі әдістері қолданылады.
Бухгалтерияға келіп түскен жұмыс уақты мен өндірілген өнімнің есебі жөніндегі құжаттар тексеріледі де, тек содан соң есептік өңдеуге жіберіледі.
Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 68 “ қызметкерлер мен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу үшін 682 “Басшылықтағы тұлғалардың қарызы” шоты арналған.
Кез келген деңгейдегі шаруашылықтарды басқару үшін, оған ғылыми жағынан негізделген жедел талдау жүйесін тұрақты түрде жүргізіп отыру керек. Экономиканы дамыту мен қызымет етудің жетекші категориясы болып жалғыз ағымдағы тапқан пайдасы ғана емес сондай-ақ оның стратегиясы да болған жөн. Бұл экономикаға мемлекеттің ықпалын және қызымет етуі үшін қолайлы жағдайларды туғызудың кезектегі және қажеттілігі келіп жеткендігін көрсетеді.
Информация о работе Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру