Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:29, дипломная работа

Краткое описание

Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорын есебінің және аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет;
Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.
Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды мінездеме беру.

Оглавление

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------5

1-бөлім Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру,
“МАРС” ЖШС еңбек ақы төлемдерінің есебі-----------------------------------------7
1.1 “МАРС” Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегінің еңбеккерлердің құрамының есебі--------------------------------------------------------------------------- 7
1.2 Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар ----------------------------------------------15

1.3 Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін ұйымдастыру----------------------------19
1.4 Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу------------------------ 24
1.5 Орташа жалақыны есептеу тәртібі Жұмыс берушінің есебінен төленетін жәрдемақы Демалыс ақысын төлеу -------------------------------------------------31

2-бөлім Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің еңбекке төлем ақысы есебін талдау--------------------------------------------------------------------------------37
2.1 Негізгі көрсеткіштерді талдаудың мәні және оның мазмұны --------------37
2.2 Шығындардың, сату көлемінің және табыстарының арақатынасын талдау
---------------------------------------------------------------------43
2.3 Қаржылық қор бірлестігі, есеп рентабельділігін талдау---------------------46
3 –тарау “МАРС” Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте еңбекке төлемақы есебінің аудиті------------------------------------------------------------------------------48
3.1 Аудит, оның пайда болу мерзімі және дамуы ---------------------------------48
3.2 Аудиттік ақпараттық базасының құрамы----------------------------------------62
3.3 Нақты тексерудің тәсілдері--------------------------------------------------------- 66
Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------- 68
Қолданылатын әдебиеттер-------------------------------------------------------------- 71

Файлы: 1 файл

Дипломка Назгуль .doc

— 439.00 Кб (Скачать)

 

 

. Түгелдеу барысында заңдарда ескерілген кезекті (жыл сайыңғы) және қосымша демалыстары үшін қызметкерлерге берілетін алдағы уақыттағы төлемге деген резерв қалдығы пайдаланылмаған (немесе пайдаланбаған) демалыс күндерінің саны-күндік сомасынан (орташа жалақыны есептеудің белгіленген әдісін ескере отырып) және әлеуметтік, зейнеткерлік қорға міндетті трде бөлінетін сомалардан құралады, сондықтан резервсомасы осы белгіленген төлемнің мөлшеріне сай анықталуы тиіс.

Нақты есептелінген резерв есеп беріп отырған жылғы  желтоқсандағы есепті түгелдеу арқылы расталған сомадан асып кеткен жағдайда өндіріс шығындарының шоттары бойынша қысқарту жазбалары жазылады, ал жетпей қалған жағдайда өндіріс шығыдарының шоттары бойынша қысқарту жазбаларыжазылады, ал жетпей қалған жағдайда өндіріс шығындарына есептелетін қосымша қаражат қосу жөнінде толықтыру жазбалары жасалады.

Көп жылғы сіңірген еңбегі үшін және бір жылғы жұмыс қорытындысы  бойынша жыл сайын берілетін  сыйақыларды төлеуге арналған резервтердің қалдықтары қызметкерлердің демалыстарының алдағы уақыттағы төлемдеріне арналған резервтер сияқты түгелденеді . Көп жылғы сіңірген еңбегі үшін жыл сайын берілетін сыйақылар есепті жыл өткеннен кейін төленсе, онда бұл ақыларды төлеуге арналған резерв туралы деректер есепті жылдан кейін келесі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жасалған баланста болмау да мүмкін .Жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша есептелген жәрдемақылардың және әлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен берілетін басқа да төлемдердіңсомасы 653 “Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша есеп айырысу” шоттың дебеті және 681 “Қызметкерлермен еңбек бойынша есеп айырысу” , 682 Басшылардың еңбек ақысы” шоттарының кредиті бойынша көрініс табады.

Жеке тұлғалардан  ұсталынған табыс салығына 681 және 682 шоттары дебеттеліп, 634 “Бюджетпен басқа да есеп айырысулар” шоты кредиттеледі.

Еңбек төлемінен  алынатын ұсталымдар мен шегерімдер 681-ші және 682-ші шоттардың дебеті бойынша  көрініс табады және мына шоттадың кредитіне жазылады :

950 “Өндірістік  ақау” шотында – еңбек төлемінің ұсталынған өндірістегі жарамсыз өнім сомалары;

333 “Жұмыскерлер  мен басқа да тұлғалардың қарызы”  шотында – есеп 

беруге тиісті тұлғалардан ұсталынған сомалар; жетіспеушіліктер; ысыраптар 

мен ұрлық-қарлықтар; несиеге алынған тауарлар т.б. көрсетіледі.

Қызметкерлерге  аванс ретінде және өткен ай үшін түпкілікті есеп айырысу ретінде  төленген еңбек төлемінің сомалары 451 және 441 шоттарының кредитінен 681 және 682 шоттарының дебетіне көшіріледі.

Өткен ай үшін түпкілікті есеп айырысу ретіндегі және қазіргі ай үшін берілетін аванс ретіндегі еңбек төлемі төлеу тізімдемелер бойынша төлейді , ол тізімдемеде төленуге тиісті сома, берілуге тиісті (3 күндік) мерзімі көрсетіледі. Оған басшы мен бас бухгалтер рұқсат етемін деп оның бұрыштамасына қол қойып бекітеді. Бекітілгеннен кейін тізімдеме төлем жасау үшін кассаға беріледі. Үш күндік мерзімде берілмеген жалақы депоненттеледі (завод оны сақтауға қабылдап алады).

Берілмеген  жалақы сомаларын кассир тізімге  жазады да, оны өзінің есебімен бірге  бухгалтерияға өткізеді. [2]

Жұмысшылар  мен қызметшілердің қолдарында есеп айырысу кітапшасы болуы керек, ол кітапшаларға жұмыс істеп жүрген адам туралы мәліметтерден басқа, ай сайын есептелген еңбек ақысының төлемдері (яғни төленгендері), ұсталымдары, шегерімдері, алуға тиесілі сомалар көрсетіледі, сондай-ақ оларды “МАРС” заводының  қызметкерлеріне қайтару уақыты кәсіподақ ұйымының келісімі бойынша шарттары бейнеленеді.

Есеп компьютерленген  жағдайда, есеп айырысу кітапшаларының арасына есеп айырысу парақтарын немесе айырысу-төлеу тізімдемелерінің жазылған көшірмелерін салып кояды, яғни ол аталған жұмыстарды жүргізудің жолдарын жеңілдетеді.

Еңбек туралы күші бар заңдарға сәйкес еңбек төлемін  ұжымдық шартпен бекітілген мерзімдерде, айына екі рет беріледі. Онда айдың  бірінші жартысы үшін еңбек төлемі бойынша аванстық және аванссыз тәртіптер белгіленуі мүмкін. Есеп айырысудың аванстық тәртібінде жұмысшылар мен қызметшілерге жоспарлы аванс береді; түпкілікті есеп айырысу кезінде, айдың екінші жартысында еңбек ақы төлемін жасайды. Аванс мөлшерін ұжымдық шарт жасасқан кезде әкімшілік пен кәсіподақ ұйымы анықтайды, алайда аванс жұмысшының жұмыс уақыты есебінің табелінен алынған нақты жұмыс істеген уақыты үшін тарифтік төлем мөлшері бойынша қойылған еңбек төлемінен кем болмауы тиіс. Есеп айырысудың аванссыз түрінде жоспарлы аванстың орнына айдың бірінші жартысы үшін нақты өдірілген өнім (орындалған жұмыс) бойынша немесе нақты істелінген жұмыс уақыты бойынша еңбек төлемі есептелінеді. Есеп айырысудың бірінші түрінің жұмысы аздау, сондықтан оны МАРС ЖШС жиі қолданады.

Ағымдағы айдың  еңбек төлемі бойынша есепайырысу  үшін және жұмыс істеп жүрген адамның  өткен кезеңдердегі жалақысы туралы мәліметтер алу үшін бухгалтерия  әрбір қызметкерлерге “Дербес шот” немесе “Бет есеп” толтырады. Дербес шот немесе бет есебі өткен кезеңдердегі еңбек төлемі туралы мәліметтер, өндірімдермен орындалған жұмыстардың және төлемнің әр алуан түрлеріне арналған құжаттардың негізінде қалыптасады.

Қызметкерлермен (персоналдармен) еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу жөніндегі деректердің жиынтығы. Әр бір кәсіпорынның  ай сайын бірнеше есеп айырысу-төлем тізімдемелері (цехтар, бөлімдер және кәсіпорын көрсететін қызметтері бойынша) жасалады, оларды жинақтап түйістіру керек. Бұл үшін “Қызметкерлермен (персоналдармен) еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу жөніндегі деректерінің жиынтығы” деп аталатын әзірлік кестесін пайдаланады. Онда қызметкерлермен есеп айырысу бойынша ай бойындағы қалдықтары ; есептелген, берілген, қайта есептелінген, есепке алынған және ұсталынған сомалары, сондай-ақ айдың айдың аяғындағы берешегі, (кәсіпорын қызметкерлердің) қалдықтары көрсетіледі. 681 және 682 шоттары бойынша Бас кітапқа жазылатын қалдықтарын алу ; мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру т.б. қаражаттар есебінен берілетін төлемдердің сомаларын жинақтау (бұл сомаларға 681 шоттың кредиті және 653 “Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша есеп айырысу” шотының дебеті бойынша корреспонденттелген шоттардың негізінде жасалады); еңбек төлемінен алынатын ұсталымдар бойынша қорытынды деректерді алу; депонеттелген жалақыны дер кезінде, әрі толық бақылау; төлем көзінен ұсталатын , жеке табыс салығы бойынша есеп беруді жасау; мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру органдарына және зейнетақы қорына тоқсан сайын беріліп отыратын әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыруға бөлінетін қаражат бойынша есеп беру; әлеуметтік салығы бойынша декларациясын алу үшін жинақ есебін пайдаланады. [1]

1.6 Орташа жалақыны есептеу тәртібі жұмыс берушінің есебінен төленетін жәрдемақы демалыс ақысын төлеу

        Заң жүзінде еңбеккерлердің орташа жалақысын сақтау көзделген (ақшалай нысанындағы төлемі), олардың заңмен арнайы есептеу тәртібі белгіленген (зейнетақыны, азаматтардың өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды есептеу кезінде және олардың еңбек міндеттемесін орындау кезінде) кезде:

  • ұйымдар жойылған жағдайда жеке еңбек шарты бұзылғанда, сондай-ақ еңбеккерлердің штаты немесе саны қысқарған кезде, босанғандарға компенсация есептеу үшін;
  • үш күннің ішінде ұсынған құжат бойынша еңбеккерлерді армияға шақырғанда;
  • пайдаланбаған демалыс үшін компенсациялық төлем немесе демалыс ақысын есептеу үшін;
  • қызмет бабымен іс-сапарға барған уақытына төлем жасау үшін;
  • шарасыз (яғни, еңбеккерлердің кінәсінен емес) уақытына төлем жасау кезінде;
  • басқа да әлеуметтік төлемдер жасау үшін.

Орташа жалақы – бұл белгілі бір уақыт  кезеңіне еңбеккерлердің жалақысынан  алынған орташа жалақының деңгейі (сағатқа, күнге, айға, жылға). Оны есептеу  үшін он екі календарлық айлар  және сол айлардағы тиесілі төлемдер алынады. Бұл кезеңді есептік кезеңнің ұзақтығы деп те атайды.

       Орташа жалақы белгілі бір құбылыстармен байланысты жағдайларды есептеу үшін қажет, мысалға: ұйымдар жойылған жағдайда, босанғандарға компенсация есептеу үшін, екіқабат және бала табуына байланысты жәрдемақыны есептеу үшін, жұмысқа уақытша жарамсыздығы үшін және т.б [13]

        Барлық жағдайда есептік кезеңнен Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мереке күндері, есептеу кезінде есепке алынбайды:

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер - мына күндері атап өтілетін мерекелер:

1-2 қаңтар - Жаңа жыл; 

8 наурыз - Халықаралық  әйелдер күні;

21-23 наурыз - Наурыз мейрамы; 

1 мамыр - Қазақстан  халқының бірлігі мерекесі;

9 мамыр - Жеңіс күні;

6 шілде - Астана күні;

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

1 желтоқсан - Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті  күні.

Бұл күндер демалыс күндерімен сәйкес келген жағдайда келесі күн  жұмыс күні болып саналады.

Еңбеккерлердің орташа жалақысын  есептеу үшін орташа күндік, не орташа сағаттық жалақысы алынады. Орташа еңбек ақыны есептеу барысында төлем жүйесінде қарастырылған әрі тұрақты сипатқа ие сыйлықты, үстемені, қосымшаны және басқа да марапаттау төлем түрлерін ескереді.

Орташа жалақы есептік  кезеңдегі нақты істеген уақтынан да анықталуы мүмкін. Демек, орташа жалақыны анықтаудың екі жолы бар, оның біріншісінде өткен кезеңдегі он екі айдағы еңбек ақы алынса, ал екіншісінде сол өткен кезеңдегі  нақты істеген күні үшін есептелген жалақысы алынады.

Егер де еңбеккерлер бір  жылдан аз жұмыс істесе, онда орташа жалақысы нақты істеген уақытынан  анықталады.

Егер де еңбеккерлердің ұзақ уақыт бойына жалақысы болмаса (жиырма төрт айдан көп), онда орташа жалақы минималды есептік көрсеткіштен алынады, бұл жағдай еңбеккерлердің екіқабат және бала табуына, сондай-ақ балаға қарауына және басқа да орынды себептермен байланысты болуы мүмкін.

Орташа жалақыны есептеген кезде мына төлемдер есепке алынбайды:

- жыл сайынғы  еңбек демалысы үшін берілген компенсация ;

- еңбекке уақытша  жарамсыздығына, екіқабат және бала  табуына, бала асырап алуына  байланысты берілген жәрдем ақылар;

- денсаулықты  жақсартатын шараларға берілген  компенсациялар және оларға қосылып  берілетін үстемелер мен қосымша  төлемдер;

- дала жұмыстары  мен шұғылданатын еңбеккерлердің  алатын үлестері;

- басқа жерлерге  қызмет бабы бойынша ауысқан  кезде алатын компенсация;

- тараптардың  келісімі бойынша, өндірістік  мақсат үшін жеке транспорт  пайдаланған кезде  төленетін  компенсация;

- арнайы берілген киімдер, аяқ киімдер, алғашқы медициналық көмектер, сабын, сүт, т.б. құндылықтардың құны;

- материалдық  көмектер;

- бір жолғы  берілетін мақтау (көтермелеу) сыйлығы;

- жалақыны кешіктіріп  төлегені үшін  жұмыс берушінің  еңбеккерлерге төлеген өсімі;

- еңбеккерлердің  мамандығын көтеру үшін оқумен  байланысты шығыстары;

- конкурста  және басқада жарыстарда жүлделі  орындарды алғаны үшін төленетін  ақшалай наградалар.

Сыйлықты және де басқа да ынталандырушы сипаттағы  төлемдерді есептеген кезде нақты  уақыты бойынша алынған жалақысы емес, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық табыстары алынады, сондай-ақ материалдық мақтау (көтермелеу) кезінде де 1/3, 1/6, 1/12 мөлшері бойынша есептелінеді, ал айлық сыйлықтар – сол айлық деңгейінде беріледі.

Егер де сыйлық және басқа да ынталандырушы сипаттағы төлемдерді есептеген кезде еңбеккерлердің жалақысы толық болмаса, онда оның деңгейі толық болған тоқсандарына пропорциональды алынады.

Орташа күндік жалақы барлық жағдайда, тек пайдаланбаған демалыс  үшін төленетін компенсиция мен демалыс ақыдан басқа есептік кезеңде есептелінген жалақының сомасынан заңмен белгіленген аптаның алты күндік немесе бес күндік календарлық жұмыс күні бойынша анықталады.

Орташа сағаттық жалақы да, орташа күндік жалақы сияқты анықталады. [1]

Уақытша еңбекке жарамсыз күндеріне төленетін төлем. Жұмыс беруші № 731  11 маусым 1999 жылы Республика үкіметінің қаулысымен бекітілген “Жұмыс берушінің есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдем ақыны төлеу мен тағайындау туралы” нұсқау талаптарымен сәйкес еңбекке уақытша жарамсыз күндері бойынша әлеуметтік жәрдем ақыны еңбеккерлерге төлеуге міндетті.

Ал олардың  қатарына:

- жалпы ауруы  бойынша (сырқаты) бойынша;

- жұмыста мертігуі  және кәсіби сырқаты үшін;

- тұрмыстық  зақым;

- екіқабат және  босану.

Еңбекке уақытша жарамсыз мерзімі бойынша берілетін жәрдем ақысы мына жағдайларда төленбейді:

- қылмыс жасау  кезінде алған зақымына;

- сот шешімі  бойынша анықталған, мәжбүрлік түрде  емделген уақытына;

- алкоголдің, есірткінің, улы заттардың салдарынан алған  зақымдарына.

Информация о работе Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру