Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:29, дипломная работа

Краткое описание

Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорын есебінің және аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет;
Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.
Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды мінездеме беру.

Оглавление

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------5

1-бөлім Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру,
“МАРС” ЖШС еңбек ақы төлемдерінің есебі-----------------------------------------7
1.1 “МАРС” Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегінің еңбеккерлердің құрамының есебі--------------------------------------------------------------------------- 7
1.2 Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар ----------------------------------------------15

1.3 Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін ұйымдастыру----------------------------19
1.4 Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу------------------------ 24
1.5 Орташа жалақыны есептеу тәртібі Жұмыс берушінің есебінен төленетін жәрдемақы Демалыс ақысын төлеу -------------------------------------------------31

2-бөлім Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің еңбекке төлем ақысы есебін талдау--------------------------------------------------------------------------------37
2.1 Негізгі көрсеткіштерді талдаудың мәні және оның мазмұны --------------37
2.2 Шығындардың, сату көлемінің және табыстарының арақатынасын талдау
---------------------------------------------------------------------43
2.3 Қаржылық қор бірлестігі, есеп рентабельділігін талдау---------------------46
3 –тарау “МАРС” Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте еңбекке төлемақы есебінің аудиті------------------------------------------------------------------------------48
3.1 Аудит, оның пайда болу мерзімі және дамуы ---------------------------------48
3.2 Аудиттік ақпараттық базасының құрамы----------------------------------------62
3.3 Нақты тексерудің тәсілдері--------------------------------------------------------- 66
Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------- 68
Қолданылатын әдебиеттер-------------------------------------------------------------- 71

Файлы: 1 файл

Дипломка Назгуль .doc

— 439.00 Кб (Скачать)

Сонымен, еңбекке  уақытша жарамсыз мерзім бойынша  берілетін жәрдем ақыны есептеу  орташа айлық жалақыдан алынады, бірақ орташа айлық жалақы он есе  еселенген МЕК-тің деңгейінен аспауы керек.

Жеке еңбек  шартын бұзу. Жұмыс беруші келесі есептер бойынша еңбек қатынасын тоқтатқан жағдайда орташа айлық жалақының мөлшерінде компенсация төлеуі тиіс:

- заңды тұлғалар жойылған кезде, жұмыс беруші өз қызметін тоқтатқан кезде (жеке тұлға) («Еңбек туралы» занының 26 бап. 1т);

- еңбеккерлердің  штатын немесе санын қысқартқан кезде («Еңбек туралы» заңның  26 бап. 2т);

- үш күннің  ішінде ұсынған құжаты бойынша  еңбеккерлер армияға шақырылған  кезде («Еңбек туралы» заңның 30 б 1т).

Демалысқа шыққанда төленетін төлем. Белгіленген тәртіп бойынша, жыл сайын жұмыс орнын сақтай отырып және еңбек шарты бойынша әрбір жұмыс істеуші төленетін демалысқа шығуға құқылы. Еңбек демалысына шығуға барлық қызметкерлердің құқы бар, олардың арасына жеке кедлісім шарт жасалса да, жасалмаса да.

Бұндай заң  құқығы “Еңбек туралы” заңының 12 б.  5т. қарастырылған. Еңбек демалысының ұзақтығы әртүрлі болады, егерде еңбеккер бірінші жыл жұмысістеп жатса, онда оған демалыс 12 ай өткен соң беріледі. Демалысқа шығатын күніне мереке күндері қосылмайды, яғни еңбеккерлердің демалыс күні 24 жұмыс күніне тең болса, бірақ ол арада 1 мейрам күні болатын болса, онда қызметкер 25 күн демалуына болады.

Демалысқа шығу кезінде оның алдынала жасалып қойған кезектілігі сақталады. Демалыс  аванс ретінде келесі қызмет категориясына  бөлінеді:

- Ұлы Отан  соғысына қатысушыларға;

- орта және  бастауыш оқу орындарының мұғалімдеріне,  сондай-ақ жоғары оқу орнының  оқытушыларына;

- екі және  одан да көп балалы әйелдерге  ( 14 жасқа және мүгедектердің 18 жасқа дейін балалары бар болса) ;

- медициналық  қорытындының негізінде емделуге берілген жолдамасы бар еңбеккерлерге;

Еңбек демалысы аванс ретінде берілетін жағдай еңбек шартында қарастырылуы керек.

Еңбек стажын есептеудің тәртібі  “Еңбек туралы” заңының 61 бабына сәйкес жүргізіледі, ал ол өзіне келесі кезеңдерді еңгізеді:

- есепті жылдың  барысында нақты істеген уақыты;

- заңсыз жұмыстан  шығарылған, жұмыссыз жүрген күндері;

- уақытша жұмысқа  жарамсыз, яғни емдеуде жүрген  уақыты.

Жалақысы сақталмаған  кездегі алған демалысы стажға кірмейді. [1]

 

 

2- тарау  Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктің еңбекке төлем ақысы есебін талдау.

2.1 Негізгі көрсеткіштерді талдаудың мәні және оның мазмұны

         Кез келген деңгейдегі шаруашылық субъектісін басқару үшін, оған ғылыми жағынан негізделген жедел талдау жүйесін тұрақты түрде жүргізіп отырудың керектігі жөнінде аз айтылып жүрген жоқ.

         Сондықтан да көптеген экономикалық әдебиеттерде оның ролі мен алатын орны туралы жан-жақты баяндалған. Бірақта ол өндіріс процесін басқаруда әлі де болса тұрақты сипатқа ие болмай келеді. Осындай олқылықтарды жою үшін академик Ветров А.А. біршама талпыныс жасаған болатын. Ветров А.А. , Стоянов Е.С жедел талдауға оң баға бере отырып, аталған талдаудың жаңа қырын ашуға талпынған. Олар өздерінің анықтамаларында тиімділік пен өнімділікке қатысты белгілеріне басты мән берген. Ал бұл белгілер өз кезегінде, жедел талдау мен тығыз байланысты, атап айтсақ: функционалдық, ұйымдастырушылық және арнайы белгілерімен.

           Экономиканы дамыту мен қызмет етудің жетекші критериясы болып жалғыз ағымдағы тапқан пайдасы ғана емес, сондай-ақ оның стратегиясы да болған жөн. Бұл экономикаға мемлекеттің ықпалын және оның негізгі бағыттарын , елдің өз өндірісіне қызмет етуі үшін қолайлы жағдайларды туғызудың кезектілігі және қажеттілігі келіп жеткендігін көрсетеді.

Кесте-3 Негізгі көрсеткіштерді талдау кестесі 2004-2005ж.  мың т.

 Көрсеткіштер

Өткен жылы

Есепті жылы

Ауыт  -  Сомада

қулар пайыз

1

Сатудан түскен табыс м.т

69214

69886

+672

109.7

2

Жұмысшылардың орташа тізімдік адам саны

426

431

+5

101.1

3

Негізгі активтердің орташа жылдық құны

94190.0

94384.1

+194

100.2

4

Ағымдағы активтердің  орташа жылдық құны

313967

314614

+647

100.2

5

Еңбек өнімділігі

162474

162148

-326

   -

6

Қор қайтарымдылығы

7.34

7.40

+0.06

100.8

7

Қор сиымдылығы

1.36

1.35

-0.01

    -

8

Өнімнің өзіндік  құны

64085

64830

+745

101.1

9

Жалпы табыс

5129

5056

-73

    -

10

Кезең шығыстары

    -

   -

   -

    -

11

Салық салынғанға дейіңгі табыс

5129

5056

-73

    -

12

Корпаративтік табыс салығы

2338

2304

-34

    -

13

Көзделмеген жағдайдан табыс

    -

   -

   -

    -

14

Таза табыс

2791

2752

-39

    -

15

Активтер айналымы

   -

   -

   -

    -

16

Ағымдағы активтердің  айналымы

   -

   -

   -

    -

17

Ағымдағы активтердің  бір рет айналымының жалғастығы

   -

   -

   -

    -

18

Сату табыстылығы %

4.35

4.24

-0.11

    -

19

Меншікті капиталдың табыстылығы

   -

   -

   -

    -

20

Актив табыстылығы

    -

   -

   -

    -

21

Ағымдағы жою  коэффиценті

   -

   -

   -

    -

22

Жедел жою коэффициенті

    -

   -

   - 

    -

23

Дебиторлық  қарыздардың айналым коэффициенті

    -

   - 

   -

    -

24

ТМК-дың айналымдық коэффициенті

    -

   -

   - 

    -


 Осыдан, ірі ұйымдық құрылымдары басқару стратегиясын қатаң бәсекелестік жағдайында тиімді қызмет етуіне және перспективалық мәселелерді шешуіне мүмкіндік жасалуы керек. Бұл икемділікті қабілеттілікті, өзгерістерді, ұмтылысты т.б. шараларды талап етеді.

Әрине, бұл жағдайда ШС-нің қызметін басқару жүйесі түбегейлі  өзгеріске ұшырауы мүмкін. ШС өз ресурстарын басқарумен, өндірістің тиімділігі мен өнімділігін арттыруына тура келеді. Тиімділік параметрлерін анықтайтын барлық мүмкіндіктерін және басқа да тетіктерін толық немесе ішінара көлемде пайдаланған жөн. Сонымен жедел талдаудың талаптарына жауап бере алатын және экономикалық әдебиеттерде бұрыннан танымал болған әдістерді пайдаланады, атап айтсақ: ауытқуды талдау әдістері; “шығын-көлем-табыстарының” ара қатынасы; зиянсыздықты талдау; жедел табыстар мен зияндарды талдау; шығындардың калькуляциясын жедел бағалау және т.б.

        Өзінің спецификалық ерекшеліктеріне байланысты жедел талдау жоғарыда келтірілген талдау әдісіндегі барлық қызметтерін орындап қана қоймай, оған қоса инфляция жағдайында тез өзгеретін шаруашылық жағдайларын да ескереді, демек барлық экономикалық процестердің басын біріктіріп, шын мәніндегі оптимизациялауға кіріседі. Мұнда, кейбір ішкі өзгерістерді жеке-дара алғанда, басқарушы есептің күшті және әлсіз жақтарын бағалау керек. Сонымен аталған талаптардың бәріне жауап беру үшін шаруашылық субъектісі өз қызметіне жедел басқарудың талдауын жүргізеді.

         Жедел басқарушылық талдау – бұл ішкі ресурстардың ситуациялық процесін және жоспарлаудың қисынды өзгерістерін, үйлесімділігін, яғни ШС-нің бизнесіндегі ағымдық жағдайын бағалауға бағытталған талдау болып табылады. Мұндай «ресурстардан стратегияға қарай» жоспарлаудың қисынды әдісі Қазақстанның жағдайында да оң белең ала бастады.

          Өкінішке орай бірде-бір автор өз анықтамаларында жедел басқарушы талдаудың мәнін, яғни аталған талдаудың мазмұндық ерекшеліктерін көрсетпейді. Сондықтан ғылыми тұрғысынан осы күнге дейін шаруашылық субъектісінің және оның бөлімшелерінің көп қырлы қызметтерін әлі терең зерттеліп біткен жоқ. Бұл қызмет соншалық кең және көп қырлы сондықтан оны көптеген экономикалықпен бірқатар басқа да ғылымдарының өкілдерінің әр қилы деңгейдегі зерттеулері кездеседі. Жедел басқарушы талдаудың мақсаты ШС-нің қызметіндегі кейбір өзара байланысы бар ситуациялық жақтарына ғана зер салады. Жедел басқарушы талдаудың шешуші кілті ол шаруашылық субъектісінің күшті және әлсіз жақтарын анықтау болып табылады. Ал бұл өз кезегінде шаруашылықтың ресурстарына , есептік жүйесіне және басқада стратегиялық маңызы бар жағдайларына сүйенеді. Сондықтан да мұны көп жағдайда басқарушы талдаудың мақсата немесе мәселені шешудің басты кепілі деп санайды.

        Онда басқа, шарушылық субъектісінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауда, алдымен жекелеген бизнес-бірліктерінің және жекелеген жауапкершілік орталықтарының күшті және әлсіз жақтарын зерттеуден бастайды. Өйткені, әрбір жауапкершілік орталықтары бойынша күшті және әлсіз жақтарының тізбегі қатаң түрде дербес тіркеледі.

Бірақта, экономикалық әдебиеттерде әлі де болса жедел  талдаудың әдістері толық қарастырып отырған жоқ, сондықтан оны есептік  немесе аналитикалық-бақылау қызметі  ден дербес қарауға болмайды. Аналитикалық бақылаудың осы бағыты өте аз зерттелгендіктен, оны қаржылық-экономикалық талдаудан, оның жедел талдауын бөліп қарауға болмайтын сияқты. Бірақ, жедел талдаудың мақсаты өндірісті басқарудың талдауымен әрқашан үйлесе бермейді және ол біршама ауқымды болып келеді. Мұнда жедел талдаудың технологиясы-әртүрлі қызметтердің түрлерін үйлестіру кезінде, басқаруды жақсартатын қуатты құрал болып табылады.Өйткені, жедел талдауды ұйымдастыру жүйесінің нәтижесі көптеген критерийлерімен байланысты екені белгілі. Бұл жерде жедел талдаудың көмегімен тек талдауда қолданылатын сол немесе басқа әдістерінің басымдылығы емес, сондай-ақ жалпы ШС тиімділігі мен өнімділігі де анықталады, сонымен қатар ол ішкі де , сыртқы да факторларына сүене отырып, іс-әрекет жасайды және бір мезгілде ШС сол немесе басқа операцияларының әрекеттері қаншалықты мақсатқа, үнемділікке, шындыққа сай екендігі анықталады. Осы тұрғыдан алғанда, жедел талдау, шаруашылықтағы операцияларды фотографиялаумен айналысатын сияқты және сол сәтте олардың барлық жақтарын түсіріп алып, ШС-де болып жатқан нақты жағдайларын салыстырып және соған сәйкес қортындылар жасайтын сияқты. Сондықтанда оны, кейле әдебиеттерде жағдайлылық талдау деп атайды. Нақты шаруашылық субъектілерінде әрекеттілік, үнемділік, рентабльділік, жаңалықтарды ендіру сияқты нәтижелік критерийлердің әртүрлі комбинациялары кездеседі.Мысалы: Ұйымдастыру жүйесі табысты болғанымен, бірақ оның өнімділігі мен үнемділігі болуы мүмкін, немесе керісінше. Жедел талдау процесінде бұндай экономикалық дамудың ерекшеліктері назардан тыс қалмайды.

         Жедел талдауды пайдаланудың арқасында, басқарушылық шешімдерді қабылдаудың мүмкіндіктері артады және ҮШ шығындарын бөліп көрсетуді көздейді. Сонымен қатар, басқарушылық шешімдердің өзгеруімен бірге өзгеріп отыратын шығындардыда бөліп көрсетіледі және олар белгілі бір білімдер мен ептілікті қажет етеаді. Онымен қоса ол қолма-қол ақшаның болашақтағы ағынын жақсартудың бірден – бір кепілі болып табылады. Қандай да бір жағдайдың өзгеруіне шығындардың сезгіштігі “шығындар қозғалысы” деп аталатын жинақтаушы термині арқылы көрсетіледі.

          Шығындар қозғалысының маңыздылығын көрсететін бір мысалға тоқталайық. Кез-келген шаруашылық субъектісінбе басқарудың маңызды мақсатының бірі, жасалған операциялардан қолма-қол ақшаның максималды санын табу болып табылады. Басқарушылар максималдыақша ресурстарын алуға болатын, өндіріс көлеміне жету үшін, барлық күш жігерін жұмсайды. Сондықтан, өндіріс көлемінің деңгейінде шығындардың қозғалысы туралы мәліметтер, оптималды шешімдерді жоспарлауда жетекші роль атқарады.

          Осы кезге дейін, біз саналы түрде белгілі бір шығындарға “жарлықты жапсырудан” қашқақтап келдік. Егер шаруашылық субъектісінде жұмсалатын шығындар қолма-қол ақша ағынының болашақтағы өсіміне қолайлы септігін тигізсе, онда ондай шығындардың мәселесә шешілуі тиіс деп келдік. Бірақта тәжірибеде шығындардың барлығы ұқсас, біркелкі қозғалыста болады,  сондықтан олардың жіктемесі осы қозғалысы бойынша біріктіріп жасау керек. Мысалы; әртүрлі топтар бойынша шығындарды жіктеу және орналастыру олардың ең маңыздысын анықтауға көмектеседі. Олар, яғни топтастыру жіктемесі “шығындар-көлем-табыстар” тіркемесі бойынша , яғни зиянсыздық нүктесі, ауытқулар және т.б. осы сияқты нысанда көрсеткен маңызды.

         Тиімділікті және өнімділікті жедел басқару үшін, өзінің талдау процедурасына өткен кезеңдерде алынған өндірістік  және еңбек ресурстарын кіргізеді.  [8]

 

2.2 Шығындардың,  сату көлемінің және табыстарының                арақатынасын талдау

 

Шаруашылық серіктестігінің шаруашылық қызметіндегі басты экономикалық көрсеткіштердің келесі тобы – шығыстар, сатылған өнімнің көлемі және табыстар болып бөлінеді және солардың ара қатынасын, яғни оптималды деңгейін сақтап басқарудың ең тиімді деңгейін сақтап басқарудың ең тиімді жағдайын қалыптастыру керек. Егерде өндіріс көлемі анықталса, онда ол тапсырыстар портфеліне сәйкес, талдаудың арқасында, баланстық пен таза пайданың белгілі бір деңгейін анықтауға және соның көмегімен “МАРС” ЖШС өздерінің шығындарын және сату бағасын есептеуге мүмкіндік алады.

         “Шығын-көлем-табыс” тіркесінің арақатынасын талдау – бұл менеджерлердің қолдарында бар ең күшті құралы болып саналады. Кейде өндірістік левериджі (тетігі) деп те атайды.

           Бірақта, басқару моделі, сату көлемінің, шығынның және табыстың арақатынасын зерттеуге негізделеді және оны тым көбірек тар мағынасында, талдаудың сындарлы нүктесі ретінде түсіндіріледі. Сындарлы көлемі, бұл сату көлемінің тап сол нүктесі, онда барлық өнімді сатқаннан түскен түсім мен шығын теңдестіріледі, яғни ол жерде табыс та , зиян да болмайды. Бұл жағдайды “түйісу” немесе зияндық нүктесі, немесе теңдік нүктесі деп атайды. Ақша ағымы бойынша бейнелейтін болсақ, онда ондағы зиянсыздық нүктесі бұл не ақшалай қалдықта, не овердрафта жоқ жағдайды көрсетеді. Әдебиеттерде осы нүктені ВЕР ретінде, яғни рентабльділік нүктесі ретінде өте жиі кездестіруге болады.

Информация о работе Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру