Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:29, дипломная работа

Краткое описание

Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорын есебінің және аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет;
Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.
Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды мінездеме беру.

Оглавление

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------5

1-бөлім Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру,
“МАРС” ЖШС еңбек ақы төлемдерінің есебі-----------------------------------------7
1.1 “МАРС” Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегінің еңбеккерлердің құрамының есебі--------------------------------------------------------------------------- 7
1.2 Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар ----------------------------------------------15

1.3 Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін ұйымдастыру----------------------------19
1.4 Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу------------------------ 24
1.5 Орташа жалақыны есептеу тәртібі Жұмыс берушінің есебінен төленетін жәрдемақы Демалыс ақысын төлеу -------------------------------------------------31

2-бөлім Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің еңбекке төлем ақысы есебін талдау--------------------------------------------------------------------------------37
2.1 Негізгі көрсеткіштерді талдаудың мәні және оның мазмұны --------------37
2.2 Шығындардың, сату көлемінің және табыстарының арақатынасын талдау
---------------------------------------------------------------------43
2.3 Қаржылық қор бірлестігі, есеп рентабельділігін талдау---------------------46
3 –тарау “МАРС” Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте еңбекке төлемақы есебінің аудиті------------------------------------------------------------------------------48
3.1 Аудит, оның пайда болу мерзімі және дамуы ---------------------------------48
3.2 Аудиттік ақпараттық базасының құрамы----------------------------------------62
3.3 Нақты тексерудің тәсілдері--------------------------------------------------------- 66
Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------- 68
Қолданылатын әдебиеттер-------------------------------------------------------------- 71

Файлы: 1 файл

Дипломка Назгуль .doc

— 439.00 Кб (Скачать)

                                               Мазмұны

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------5

 

1-бөлім Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру,

“МАРС” ЖШС еңбек ақы төлемдерінің есебі-----------------------------------------7

1.1 “МАРС” Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегінің еңбеккерлердің құрамының есебі--------------------------------------------------------------------------- 7

1.2 Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар ----------------------------------------------15


1.3 Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін ұйымдастыру----------------------------19

1.4 Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу------------------------ 24

1.5 Орташа жалақыны  есептеу тәртібі  Жұмыс берушінің  есебінен төленетін жәрдемақы Демалыс ақысын төлеу -------------------------------------------------31

 

2-бөлім  Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктің еңбекке төлем ақысы есебін талдау--------------------------------------------------------------------------------37

2.1 Негізгі көрсеткіштерді талдаудың мәні және оның  мазмұны --------------37

2.2 Шығындардың,  сату көлемінің және табыстарының  арақатынасын талдау

---------------------------------------------------------------------43

2.3 Қаржылық қор бірлестігі,  есеп рентабельділігін талдау---------------------46

3 –тарау  “МАРС” Жауапкершілігі  шектеулі серіктестікте еңбекке төлемақы есебінің аудиті------------------------------------------------------------------------------48

3.1 Аудит, оның пайда болу мерзімі және дамуы ---------------------------------48

3.2 Аудиттік ақпараттық базасының құрамы----------------------------------------62

3.3 Нақты тексерудің тәсілдері--------------------------------------------------------- 66

Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------- 68

Қолданылатын әдебиеттер-------------------------------------------------------------- 71

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Нарықтық экономикаға көшу кезінде  экономиканың барлық сапаларында түбегейлі өзгеріс болды. Сонымен қатар еңбек ақы төлеу жүйесі де өзгеріске ұшырады. Мемлекет пен кәсіпорындар және жұмысшылар арасында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруда жаңа қатынастар пайда болды. Нарықтық экономикаға көшу кезеңі еңбек қатынастарын реттеу формаларынада өзгеріс енгізді. Ендігі жерде еңбек қатынастарын реттеуші формалары  заңгерлік арқылы тарифтік және ұжымдық келісімдермен реттелетін болды.

   Әрбір кәсіпорын өз алдында тұрған мақсаттарына жету үшін өзіне қолайлы еңбек ақы төлеу жүйесін таңдауға құқылы.

Еңбек ақы төлеудің өзекті мәселелері –ол еңбеккерлерге еңбек ақы  төлеу мөлшерлерін төмендету  және жоғарлатуға байланысты: еңбеккер әр уақтада жоғары еңбек ақы алуға  ынталы, бірақ жұмыс беруші еңбекақыны төмендетуге сол жолмен өнімнің  құнын арзандатуға әрекет етеді.

   Еңбек күшін тиімді пайдалануда бірінші әсер ететін фактор –ол еңбекке ақы төлеу жүйесі. Ал осы жоғарыдағы фактор еңбеккердің жұмыс орнына келуге негізгі себеп болып табылады. Сол үшін бұл мәселені күрделілігін бағалап болмайды. Еңбек және еңбекке ақы төлеу еңбектің сапалылығына және санына жедел бақылау жүргізуге және еңбек ақы фондына әлеуметтік төлемдер кезегінде өз алдына белгілі бір ерекешілігі болады.

   Еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі. Еңбеккерлерге материалдық көмек көрсетеді. Алынған табыстың құрамы негізінен еңбек ақы төлеу жүйесін таңдауына байланысты болып келеді.

   Таңдап алынған тақырыптың маңыздылығына кез-келген мемлекеттің еңбек ақысына және өмір сүру кезеңіне байланысты болып келеді. Еңбек ақы көпшілік адамдардың негізгі табыс көзі болып есептелінеді. Сол себепті еңбек ақымен байланысты  мәселелер жұмыс болып есептелінеді.

   Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорын есебінің және аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.

  Көзделген мақсатқа жету  үшін төмендегідей мәселелерді  шешу қажет;

  • Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
  • Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.
  • Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды мінездеме беру.

     Еңбек ақы есептеу сондай-ақ одан ұсталынатын ұсталымдар 

           және  аударылатын аударымдардың заңдылығын көріп шешу.

  • Кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп жүргізуін еңбек ақы төлеудің ұйымдастырылуының артықшылықтарын үйрену.
  • Еңбек ақыны тексерудің методикасын ашып көрсету.

  Зерттеудің негізгі мақсаты  еңбек ақы төлеуде оның есебімен  аудитін жүргізу.

 Зерттеудің объектісі Жауапкершілік  Шектеулі Серіктестік “МАРС” кәсіпорын  жарнашылары және жарғысы болып табылады.

  Жауапкершілік Шектеулі Серіктестік  “МАРС” заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттік тіркеуден өткен  1997 жылы өзінің меншіктік капиталына ие. Сонымен қатар мүліктік есептеріне құқықтық иелігі белгіленген, жеке байланысы түзіледі.

   Негізгі мақсаты табыс алу өндірістің негізгі түрі мақта шикізатын өңдеп сауда сатық жасау. Сонымен қатар Жауапкершілік Шектеулі Серіктестік кәсіпорын ҚР-ның заңдарына қайшы келмейтін кез-келген басқада өндірістермен шұғылдана алады.

 

  1-тарау Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру, “МАРС” ЖШС еңбек ақы төлемдер есебі

 

1.1Еңбекақы  төлеудің еңбектің түрлері.

 

Әлеуметтік-экономикалық категория бойынша еңбекақының  маңызын қызметкерлер мен жұмыс  берушілер үшін қарастыру қажет.

Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.

Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен  қатар еңбекақы қызметкерлердің  және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әлауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.

Қазіргі нарықта экономика  жағдайында еңбекке ақы төлеу  күрделі құбылыс болып отыр. Ең алдымен ол нақты жалақының барлық салада төмендеуі орташа жалақымен күн көру шегінің қатынасы жұмыс күшінің табиғи құны дұрыс бағаланбайды. Екіншіден, түрлі әлеуметтік топтар арасындағы үлкен дифференциациясы пайда болды. Үшіншіден, ынталандырушы, қозғаушы күш болудан қояды. Ол ынталандыру саясатын жеткізуге кедергі келтіреді.

Кәсіпорындар мен жұмыскерлер  үшін жалақыны жүйелі түрде төлеу  үлкен мәселеге айналып отыр. Осы  жағдайдың себептерін анықтап, бұл  күрделіліктен шығудың мүмкін жолдарын қарастыру қажет, яғни еңбекақы төлеуді жетілдіру қазіргі уақытта өткір мәселе болып отыр. Еңбекақы төлеуді, ұйымдастыру дегеніміз - кәсіпорынның жұмыскерлерінің еңбекақыларының түрлері мен жүйесін анықтау, кәсіпорынның жұмыскерлерімен мамандарының жеке жетістіктері үшін қосымша ақы анықтау және бөлу.

Қазіргі еңбекақы жұмыскерлер  табысының негізгі бөлігін құраушы  болғандықтан еңбекке ақы төлеу  түрімен олардың еңбектерімен материалдық  ынталандыру формасы болып табылады. Сондықтан жалақыны дұрыс ұйымдатыру еңбек өнімділігінің өсу қарқына әсер тигізеді. Табыстар мен жалақы облысында саясаттың үш түрі бар:

1. Салықтар көмегімен  құнсыздануға бақылау жасау.

2. Табыстарды мемлекеттік  ережелер негізінде реттеу.

3. 3 жақты қатынас саясаты.

Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар. Қызметкерлерге ақшаны өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалану мүмкіндік беретін акшалай форма еңбекақы төлеудегі ең басты нышандардың бірі болып саналады. Қазіргі кезде еңбекақы төлеудің заттай нышаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлеудің мұндай нышанын ақша айналымының бұзылуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.

Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың механизмі жұмыс  күшінің еңбекақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. Олардың қазіргі нарықтық жағдайларға қаншалықты сәйкес келетіндігі. Еңбекақының негізгі қызметті орындауына байланысты. Еңбекақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғалушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастардың дамуына мүмкіндік, беретін, жұмыс беруші мен қызметкердің мүдделері арасында келісімдер жасалынады.

Еңбекақының көлеміне қызметкердің иемденетін ақшасының мөлшері ғана емес, сонымен қатар оның ол ақшаға нені сатып ала алатындығы да себепші бола алады. Сонда ақшаның сатып алу қабілеттілігі нақты еңбекақы мен номиналдық еңбекақының ара қатынасы арқылы анықталынады. Кәсіпорын қызметкерлерге еңбекақыны мемлекеттің бекіткен ең төменгі деңгейінен жоғары төлеуге міндетті.

Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.

Негізгі еңбекақыға мынандай төлемдер жатады:

♦ Мерзімдік, үдемелі  және кесімді еңбекақы төлеу кезінде  орындалған

жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт  үшін     төлемдер;

♦ Еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерге және т.б. күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;

♦ Қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;

♦ Сыйлықтар, сыйлықақылы  үстемелер және т.б. Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім-шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:

♦ Демалыс уақыттарына  ақы төлеу;

♦ Мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді  орындаған уақыттары үшін ақы  төлеу;

♦ Кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы, үзілістері үшін ақы төлеу;

♦ Жасөспірімдерге белгіленген  жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.

Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану. Жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған тарифтік біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және оның қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітіледі.

Тарифтік мөлшерлеме (еңбекақы) —  бұл жұмыс уақытының бірлігі  үшін (сағат, күн, ай) біліктіліктің айқын күрделілігінде еңбек нормасын орындаған қызметкерлердің еңбекақысының белгіленген мөлшері.

Тарифтік тор — бұл разрядтардың және оған меншіктелінген тарифтік коэффиициенттердің арақатынас мәкілі. Тарифтік тордағы  разрядтардың саны және тарифтік коэффициенттер арасындағы алшақтықтар әртүрлі және олар өнеркәсіптің әртүрлі саласында орын иемденген нақты ерекшеліктермен және бөлінісінің дәрежесімен анықталған.

Өнеркәсіптің көпшілік салаларында  жұмысшының біліктілігіне тәуелді  саналатын, алты разрядты тарифтік торды қолдану ұсынылған.

Мамандарға, қызметшілерге және басшыларға еңбекақы төлеу кезінде лауазымды  жалақының жүйесі қолданылады. Лауазымды  жалақы қызметкерлердің атқаратын  қызметтеріне байланысты бекітілген еңбекақының  абсолюттік еңбек мөлшері.

Еңбекақы деңгейі негізінен  мына төмендегі факторларға байланысты:

♦ Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің  нәтижесі, оның тиімділік деңгейі;

♦ Кәсіпорынның кадр саясаты;

♦ Аймақта, облыста мамандықтары сәйкес келетін қызметкерлер арасындағы жұмыссыздық;

        ♦ Мемлекет, кәсіподақ және бәсекелестердің ықпалы (әсері);

♦ Қоғаммен байланысты кәсіпорындардың  жалпы хал-ахуалы.

Кәсіпорында еңбекақы жүйесін  дұрыс ұйымдастыру, қызметкерлердің  еңбектің түпкі нәтижесіне ең қолайлы  ынталандыруға, олардың еңбек нарығында бәсекелестік, қабілетін қамтамасыз етуге, тиімділік деңгейін анағұрлым арттыруға жағдай жасайды.

Еңбекақыны үйлесімді  түрде үлестеуді ұйымдастырудың мақсаты — кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің жалпы нәтижесінде  қызметкер қабілетінің қосқан еңбек  үлесіне сәйкес келуін қамтамасыз ету, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемінің арасында сәйкестік орнату.Сурет 1

 

 

Сурет 1 Еңбекақыны ұйымдастыру

    

Еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі принцптері:

♦ Төлемнің еңбектің саны мен сапасына сәйкес келуін қамтамасыз ету;

♦ Еңбекақының кәсіпорынның салалық немесе аймақтық қатыстылығына, еңбек шарттарына, қызметкердің біліктілігіне қарай саралау;

♦ Нақты еңбекақыны жүйелі түрде көтермелеу, яғни, жалақының номиналды мөлшерін инфляцияға сәйкес арттыру;

Еңбек өнімділігінің өсу қарқыны еңбекақының орташа өсу қарқынынан жоғары болуы.

Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі элементтері:

♦ Еңбекақы қорын қалыптастыру;

♦ Еңбекті нормалау;

♦ Тарифтік жүйені сақтау;

♦ Еңбекақы жүйесін және оның негізгі нысандарын анықтау.

Еңбекақы қоры еңбекақының  және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтамасыз ету үшін белгіленген  қаржы көздерінің болуын көздейді.

Еңбекті нормалау ең алдымен  еңбектік сапасын бағалауға, сонымен  қатар қызметкерлердің кәсіпорын қызметінің жалпы нәтижесіндегі үлестерін есепке алуға мүмкіндік береді.

Тарифтік жүйе нақтылы еңбек түрлерінің өлшемі, ол әртүрлі еңбектің күрделілігі мен орындалу шарттарын бақылап отырудың негізі.

Тарифтік жүйенің негізгі  элементтері:

■ Тарифтік кесте кәсіпорынның салалық қатыстылығына және жұмыс разрядын есепке алғанда еңбекақыда саралауды белгілеу;

■ Тарифтік ставка — бірінші разрядты еңбекке тиісті көлемнің абсолютті шамасын уақыт өлшемімен анықтау (күн ,сағат);

Информация о работе Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру