Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:29, дипломная работа

Краткое описание

Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорын есебінің және аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет;
Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.
Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды мінездеме беру.

Оглавление

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------5

1-бөлім Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру,
“МАРС” ЖШС еңбек ақы төлемдерінің есебі-----------------------------------------7
1.1 “МАРС” Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегінің еңбеккерлердің құрамының есебі--------------------------------------------------------------------------- 7
1.2 Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар ----------------------------------------------15

1.3 Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін ұйымдастыру----------------------------19
1.4 Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу------------------------ 24
1.5 Орташа жалақыны есептеу тәртібі Жұмыс берушінің есебінен төленетін жәрдемақы Демалыс ақысын төлеу -------------------------------------------------31

2-бөлім Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің еңбекке төлем ақысы есебін талдау--------------------------------------------------------------------------------37
2.1 Негізгі көрсеткіштерді талдаудың мәні және оның мазмұны --------------37
2.2 Шығындардың, сату көлемінің және табыстарының арақатынасын талдау
---------------------------------------------------------------------43
2.3 Қаржылық қор бірлестігі, есеп рентабельділігін талдау---------------------46
3 –тарау “МАРС” Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте еңбекке төлемақы есебінің аудиті------------------------------------------------------------------------------48
3.1 Аудит, оның пайда болу мерзімі және дамуы ---------------------------------48
3.2 Аудиттік ақпараттық базасының құрамы----------------------------------------62
3.3 Нақты тексерудің тәсілдері--------------------------------------------------------- 66
Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------- 68
Қолданылатын әдебиеттер-------------------------------------------------------------- 71

Файлы: 1 файл

Дипломка Назгуль .doc

— 439.00 Кб (Скачать)

Еңбек төлемінен  алынатын кәсіподақ мүшелік жарналарының шегерімдері қызметкерлердің жазбаша түріндегі арыздары бойынша жүзеге асырылады. Қызметкерлердің еңбек төлемінен ұсталынған мүшелік жарналары тиісті кәсіподақ ұйымдарының шоттарына аударылады.

 

1.4 Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін ұйымдастыру

 

Өндірім мен еңбек төлемінің есептері өндірілген өнім саны аяқталмаған өндіріс пен шығарылған жарамсыз өнім туралы уақытында және дәл деректер

алуды қамтамасыз етуге; әрбір қызметкердің өндіріміне сәйкес еңбек ақы төлемінің мөлшерін дұрыс және уақытында анықтауға; өндірілген өнімнің материалдар мен өңдеуге жіберілген шала өнімдердің санына сәйкестігін бақылауға; өндірістегі тетіктердің бөлшектердің және агрегаттардың қозғалыстарын қадағалап отыру үшін қажет.

Өндіріс технологиясы мен оны ұйымдастыруға, еңбек  төлемінің қолданылатын жүйесіне, өнім сапасын бақылауға, есеп пен басқа да жайларын компютерлендіру деңгейіне қарай бастапқы құжаттар есебі мен үлгісінің әртүрлі әдістерін қолданады. Әр түрлі өндірістегі өндірім мен еңбек төлемі есебінің ұйымдастырылуын қарастырайық.

Жаппай –  толасыз өндірісте және еңбекті  бригадалық әдіспен ұйымдастыруда  өнім өндірімі мен еңбек төлемінің  есебі, әдетте соңғы операциялардан кейін өнімді қабылдап алудан бастап жүргізіледі.

Бригаданың  әр бір мүшесінің өнім өндіру мастер немесе бригадир толтыратын өндірім туралы айлық рапортта көрсетіледі. [3]

Жұмысшыға еңбек  төлемі оның операциялары бойынша өндіріміне сәйкес есептелінеді. Бұл мақсаттар  үшін төмендегі өндірім рапорттары мен ведомостарын қолданады.

Бригаданың  өндірімі туралы рапорт өндірілетін өнімнің белгілі бір түріне жазылады, оның бір данасына өңделуі бойынша баға белгілейді. Ай бойы немесе басқадай мерзімде бригада өндірімі – соңғы операциялардан қабылданған өңделген тетіктер ретінде рапортта күн сайын көрініс тауып отырады. Соңғы операциялардан кейін қабылданған өнім, жұмыс істеген уақыты және жұмысшылардың разряды – осы үшеуі еңбек төлемінің есептелуіне негіз бола алады.

Өндіріс туралы рапортты (жинақтау рапортын) жаппай өндірісте  әр түрлі мезгіл сайын қайталанып отыратын жұмыстарды істеуге келгенде бір немесе бірнеше жұмысшының өндірімі мен еңбек төлемінің есебі үшін қолданады.

Өндірім есебінің тізімдемесін ай бойы бір текті жұмыс  істеген бір топ жұмысшыға (бригадаға  жазады. Өндірім есебінің ведомосын  ай бойында әртүрлі жұмыс істеген бір топ жұмысшыға жазады.

Металургиялық және химиялық өнеркәсіпте бір не бірнеше аппараттың немесе агрегаттың жұмысын жүргізетін бригада өндірімі есебінің тізімбемесін қолданады; тау-кен  өнеркәсібінде істелген жұмыстар есебінің тізімдемесін жүргізеді.

         Сериялық өндірісте өндірім және еңбек төлемі есебін бір сменадағы өндірім рапортымен сәйкес келетін етіп, оларды маршруттық парағында жүргізген жөн. Егер өнімдерді өңдеу ұзақтығы бір сменадан аспайтын болса, бір рапортпен шектелуге болады. Маршруттық парақты тетіктердің топтарына (партияларына) жазады, ол өндіріс процесінде өңдеу операцияларының бір-біріне өтетін топ тетіктермен бірге ілесіп жүреді. Бұл жұмысшылардың өндірімі мен еңбек төлемдеріне дұрыс есеп жүргізіп, бақылау жасап отыруға септігін тигізеді. Бір сменадағы өндірім туралы рапорт өнімнің нақты өндірімін көрсетуге арналған және еңбек төлемін есептеуге негіз болып табылады. Маршруттық парақтардың деректе бойынша рапарт жазылады. [3]

Маршруттық  парақты өндірістегі тетіктердің  қозғалысын жедел есептеп отыруға, және өндірім мен еңбек төлемінің біріңғай құжаты ретінде қолданады. Ол өндіріс процесінде тетіктер бабына ілесіп отырады. Маршруттық парақтың жұмысшыларға еңбек төлемін есептейтін бір сменадағы өндірім рапортымен сәйкестілігін сақтап, жұмысшылардың өнім өндірімін және жалақыларын есепке алудың біріңғай құжаты ретінде қолданады.

Жеке және ұзақ сериялық өндірісте өндірім мен еңбек  төлемінің есебі кесімді жұмысқа  жасалған нарядына жүргізіледі. Орындалатын  тапсырманың ұзақтығына қарай нарядтары сменаға немесе одан да ұзағырақ (бір айға дейінгі) мерзімге жазады. Оны жазуға учаскенің технологиялық карталары мен өндірістік бағдарламасы негіз болады.

Өндірісте байқалған  жарамсыз өнімге “Жарамсыз өнім туралы актісін” немесе аптаға ашылатын “Жарамсыз өнім есебінің тізімдемесін” жасайды. Егер жарамсыз өнімді бұған жазықсыз жұмысшы жөндесе , онда оларға әдеттегідей наряд жазылады да оған “Жарамсыз өнімнің жөнделуі” деген таңба басылады.

Еңбек жағдайының өзгеруінен туындаған бағаларға  қосылатын төлемге және өндіріс технологиясында ескерілмеген жұмыстарға қосымша төлем парағын немесе ерекшелік белгілері (қағазға көлденең түскен қызыл жолақ) бар кесімді жұмысқа жасалатын нарядтар толтырады. Парақтарда өндірім туралы негізгі нарядтың немесе рапорттың нөміріне сілтеме жасап, қосымша төлемнің әр бір түріне жеке жұмысшыға не бригадаға жызады. “ МАРС” ЖШС те жұмыстың тоқтап қалу және үзілістердің болу себебі ашылып , жұмыс уақытынан артық жұмыс істегендердің табелімен бірге кәсіпорынның бухгалтериясына беріледі. Қосымша төлемдер туралы мәліметтерде бухгалтерия ауытқушылық себептерін тауып, қажетті шаралар қабылдау үшін цнх (кәсіпорын) басшылығына үнемі ұсынып отыруға міндетті.

Мерзімінен  тыс жұмыстар есебін мерзімінен тыс  жұмыс істеген адамдардың тізімінен тыс істелген жұмыстарға төлем төлеу үшін бухгалтерияға береді.

Кідірістер  уақытының есебі кідірістер есебінің парақтары негізінде 

жүзеге асырылады, оларда кідіріс уақытын, себептерін және кінәлі адамдарын, төлем проценттерін және жұмысшы туралы басқада мәліметтерін (тегін, атын, әкесінің атын, разрядың, табельдік нөмірін) көрсетеді. Параққа мастер мен цех бастығы қол қояды.

Қабылданып, тексерілгеннен кейін құжаттардың деректері  еңбек төлемін есептеу жөніндегі  есеп айырыс-төлемнің тізімдемесін жасауға негіз болады. [3]

Есеп  айырысу-төлем тізімдемесінің жасалуы. Бухгалтерияға келіп түскен жұмыс уақыты мен өндірілген өнімнің есебі жөніндегі құжаттарды тексеріледі де , тек содан соң есептік өңдеуге жіберіледі.

Әр бір жұмысшыға  бір ай ішінде құжаттар жазылуы мүмкін. Бір айлық жалақыны есептеу үшін жалақы есебінің жинақ карточкасы қолданылады. Онда қызметткердің тегі, аты, әкесінің аты, табельдік нөмірі, цез, учаске, құжаттарының толтырылған күні мен нөмірі, сағаттық нормасы, әрбір құжат бойынша есептелінген жалақы сомасы, төлемдердің басқада түрлері көрсетіледі. Карточка деректерін есеп айырысу төлем тізімдемесін жасау үшін пайдаланады. Есепті жүргізу компьютерлендірілген жағдайда жинақ карточкалары, сондай-ақ есеп айырысу төлем тізімдемелері де әдетте, бір ғана жұмыс күнінде жасалады.

Еңбек төлемі боынша есеп айырысу әр түрлі “МАРС” ЖШС мынадай құжаттарда: есепайырысу-төлеу тізімдемесінде, оны сонымен қатар жалақы беру үшін де пайдаланылады; есеп айырысу тізімдемесінде және жеке толтырылған төлем тізімдемесінде; әрбір жұмысшыға жасалған еңбек төлемінің арнайы есеп айырысуларында (бөлек парақтарда); жыл бойы пайдаланатын кітапқа тігілген есеп айырысуы тізімдемелерінде жүргізіледі.

Есеп айырысу  – төлем тізімдемесі – жиынтық  құжат, онда есептелген еңбек төлемінің барлық түрі және жұмыс істеп жүргендерге берілетін басқа да төлемдер сондай-ақ күші бар заңдарға сәйкес жасалған ұсталымдар мен шегерімдер жинақталады. Оны еңбек төлемі жөніндегі есеп айырысу деректері негізінде жасайды. Тізімдеменің қызметкерлердің тегін, аттарын, әкелерінің аттарын, олардың табельдік нөмірлері мен қызмет орындарын , разряттарын немесе айлық ақыларын көрсетеді. Оған “МАРС” Жауапкершілік шектеулі серіктестік басшысы мен бас бухгалтер қол қояды.

Тізімдеменің  “Есептелді” деген бөліміне құжаттармен негізделген кесімді, мерзімнен тыс т.б. төлемдердің есептелген сомалары еңзіледі. «Ұсталынды және есепке алынды» деген бөлімінде табыс салығының сомасы, сондай-ақ атқару қағаздары бойынша ұсталымдардың сомалары; несиеге сатылған тауарлар үшін есепке алынған сомалар, еңбек төлемінің есебіне кіретін аванс және басқа ұсталымдар еңгізілді. Салықты өткен айдың

жалақысынан ұстайды. Айдың аяғында тізімдемеге әрбір  жұмысшыға берілуге тиісті сомасын шығарады. [1]

 

1.5 Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу

Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 681 “Қызметкерлермен еңбек ақысы  бойынша есеп айырысу” шотында жүргізіледі. Бұл пассивтік шот.

Еңбек ақыны есептегенде 681 шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:

126-шоты “Аяқталмаған құрылыс” күрделі құрылыспен шұғылданатын және сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек төлемінің сомаларына ;

811-шоты “Тауарларды  (жұмыстарды , қызметтерді) сату жөніндегі  шығындар” өнім өткізумен, жұмыстар  мен қызмет көрсетулерді жүзеге асырумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына ;

821-шоты  “Жалпы  және әкімшілік шығындар” жалпы  шаруашылық және әкімшілік –  басқармашылық қызметкерлеріне  есептелінген еңбек төлемінің  сомаларына;

902-шоты “Өндірістегі  жұмысшылардың еңбек ақысы” негізгі өндірістегі жұмысшыларға есептелген еңбек төлемінің сомаларына;

932-шоты “Қызметкерлердің  еңбек ақысы” цехтар (жалпы өндірістегі)  қызметкерлерге есептелінген төлемінің  сомаларына;

942-шоты “Қызметкерлердің  еңбек ақысы” әлеуметтік салада қызмет көрсетумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына ;

952-шоты “Жұмысшылардың  еңбек ақысы” ақау өнімдерді  жөндеумен шұғылданатын жұмысшыларға  есептелген еңбек төлемінің сомаларына 

Басшылықтағы  тұлғалармен есепайырысудың есебі. Басшылықтағы тұлғалармен сеп айырысу үшін 682 “Басшылықтағы тұлғалардың қарызы” шоты арналған, онда мынадай тұлғалармен

есептеседі (басқарма мүшесі мен төрағасы, бақылау кеңесінің  мүшесі және ревизиондық комиссияның  мүшесі және т.б.)  Басшылықтағы адамдарға есептелген еңбек төлемінің сомаларына 821-шоты дебеттеледі де, 682 шоты кредиттеледі, ал оны төлеген кезде 682 шоты дебеттеліп, 451 шоты кредиттеледі. [2]

“ МАРС” ЖШС-дің қызметкерлеріне есептелген еңбек ақыны тарату. 681-шотының кредитінен, басқа шоттардың дебетіне (902 , 922 , 942 , 126 , 821 , 950 , т.б.) жатқызылған сомасы есеп объектілеріне, тапсырыстарына сәйкес баптарына жазылуы керек, яғни талдамалық есеп талап етті. 
 Демалыс ақысын төлеуге құрылған резервтер. Қызметкерлердің демалыс ақысы бойынша есеп айырысу есебі 685 “Еңбеккерлерге демалыс бойынша қарыздарын есептеу” шотында жүреді. Бұндай резервтерді құру оларды өндіріс шығындарына жатқызудуң бірқалыптылығын және дұрыстығын қамтамасыз етудің жолы болып табылады. Резервке аударудың пайызы демалыс төлемдерінің орташа ұзақтылығына байланысты боып келеді. Резервті құру кезінде 685 шоты кредиттеліп, мына шоттар дебеттеледі, 126, 811, 821, 902, 922, 932, 942, 952 . Ал, демалысты есептеген кезде 685 шот дебеттеліп, 681, 682, шоттары кредиттеледі . Жылдық түгелдеу кезінде демалыстардың төлеміне арналған резервтің

дұрыс жасалып, пайдаланылуын тексеру қажет.

Жыдық түгелдеу кезінде демалысқа төленетін  резервтердің пайдалануын және оның дұрыс құрылуын тексеру керек

 

 

Кесте-2 Кәсіпорынның дайындау бөлімінің қызметкері жалақы есептеу бойынша Қаңтар 2005 жылғы кестесі:

 

Аты-жөні

Қызметі

Жалақы

Сый ақы

Сый ақымен жинағы

ескерту

1

Тулеманов А

Директордың орынбасары

35000

50

52500

 

2

Ильясов  Т

Басшы

26700

50

40050

 

3

Урунбасаров А

Басшы

16700

50

25050

 

4

Аскаров Б

Меңгеруші

13400

50

20100

 

5

Мирашев А

Бас есепши

26700

50

40050

 

6

Уәжбеков Е

Экономист

20000

50

30000

 

7

Кан Инга

Шикізат б-ша бас есепші

20000

50

30000

 

8

Асанкызы Г

Есепті есепші

18700

50

28050

 

9

Жунтаева М

Заттық есепші

18700

50

28050

 

10

Досмуратова Г

Тапсырушы

13400

50

20100

 

11

Кадыров К

Бригадир ММ

16700

50

25050

 

12

Бишенов С

Моторист

12000

50

18000

 

13

Асанов Е

жүргізушіПСО

15000

50

15000

 

Ескету:Жалақы есептеу  статистика мәліметі бойынша

Информация о работе Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру