Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:29, дипломная работа

Краткое описание

Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорын есебінің және аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет;
Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.
Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды мінездеме беру.

Оглавление

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------5

1-бөлім Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру,
“МАРС” ЖШС еңбек ақы төлемдерінің есебі-----------------------------------------7
1.1 “МАРС” Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегінің еңбеккерлердің құрамының есебі--------------------------------------------------------------------------- 7
1.2 Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар ----------------------------------------------15

1.3 Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін ұйымдастыру----------------------------19
1.4 Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу------------------------ 24
1.5 Орташа жалақыны есептеу тәртібі Жұмыс берушінің есебінен төленетін жәрдемақы Демалыс ақысын төлеу -------------------------------------------------31

2-бөлім Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің еңбекке төлем ақысы есебін талдау--------------------------------------------------------------------------------37
2.1 Негізгі көрсеткіштерді талдаудың мәні және оның мазмұны --------------37
2.2 Шығындардың, сату көлемінің және табыстарының арақатынасын талдау
---------------------------------------------------------------------43
2.3 Қаржылық қор бірлестігі, есеп рентабельділігін талдау---------------------46
3 –тарау “МАРС” Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте еңбекке төлемақы есебінің аудиті------------------------------------------------------------------------------48
3.1 Аудит, оның пайда болу мерзімі және дамуы ---------------------------------48
3.2 Аудиттік ақпараттық базасының құрамы----------------------------------------62
3.3 Нақты тексерудің тәсілдері--------------------------------------------------------- 66
Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------- 68
Қолданылатын әдебиеттер-------------------------------------------------------------- 71

Файлы: 1 файл

Дипломка Назгуль .doc

— 439.00 Кб (Скачать)

 

Келтірілген кестеде  қазіргі кездегі дүние жүзіндегі аудитор жөніндегі ең ірі фирмалар көрсетілген. Осыған қарасақ, аудиторлық қызметтің жоғары бағаланатындығы байқалады.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды  қорыта келе, нарық  экономикасы дамыған шет мемлекеттерде  аудитжұмысы өзінің дамуымен қатар  басқару жүйесіндегі алдыңғы формалардың бірі болып есептелінеді.

Аудит Қазақстан  Республикасында жаңадан пайда  бола басьады. 1990ж. Бірінші аудиторлық фирма құрылды. Қазақстан Республикасының  Министрлер Кеңесінің 1990 ж. Ақпан айының 15-ші жұлдызындағы №60 қаулысына байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің құрамынан «Қазақстан-аудит» атты аудиторлық орталық құрылған. 1992 ж. Жылдан бастап бұл фирма өз бетінше бөлек ірі акционерлік бірлестікке айналып, Қазақстан территориясындағы кәсіпорындар мен мекемелерге билік формасына қарамастан аудиторлық қызмет пен кеңес беру жұмыстарын атқара бастады.

Аудиторлық  жұмыстың ары қарай дамуына 1993 ж. Қазан айының 18-ші жұлдызында шыққан “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет” туралы заңы әсерін тигізді. Бұл заң аудиторлық қызметпен байланысты қатынастарды реттеп отырады және оны Бухгалтерлік есептің стандарттарына, Бухгалтерлік есеп жөніндегі Заңға сәйкес қайтадан өңделіп,  1998 ж. Қараша айының 20-шы жұлдызында шықты.

Аудиттің бағыты – заңдылықтармен анықталған, аудиторлық қызметтің нормативтік жүйесін реттеу, аудиторлар мен клиенттердің шарттық міндеттемелерін нақтылы мақсатпен шешу болып есептелінеді. [5]

Аудиторлық қызметтің  негізгі бағыты – субъектілердің бухгалтерлік (қаржылық) отчеттарының дұрыстығын және олардың жасаған қаржылық және шаруашылық операцияларының нормативтік актілерге сай екендігін анықтау.

Сайып келгенде, аудиттің міндеті – қаржы отчетын  төмендегідей бағыттары бойынша  тексеру:

 отчеттардың дұрыстығын, анықтығын растау;

тексеру кезінде есеп пен отчетта көрсетілген шығындардың, табыстардың, қаржы нәтижелерінің қорытындысының анықтығын, дұрыстығын, толықтығын және дәлдігін тексеру;

бухгалтерлік  есепті жүргізуде олардың заңдар мен нормативтік құжаттарға сәйкестігін  және отчеттардың жасалуын , активтерді, міндеттемелерді және меншікті капиталды бағалау әдістемелерінің дұрыстығын тексеру;

өзінің негізгі  және айналым қорын дұрыс пайдаланудың арқасында, келешектегі резервтерді  анықтау.

  Қаржы отчеты жөніндегі аудиттің негізгі міндеті – отчетта көрсетілген активтердің, міндеттемелердің, меншікті капиталдың және субъектінің қаржы нәтижесінің толықтығына, дәлдігіне, дұрыстығына объективтітүрде белгілі бір мезгілге бағалау және де субъектіде қабылданған есеп саясатының заңдар мен нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру.

Аудит қызметінің қажеттілігі төмендегі жағдайларға  байланысты пайда болды:

пайдаланушылардың өздеріне қажетті ақпаратты әкімшіліктер жағынан дұрыс мәліметтер бермеудің  нәтижесіндепайда болған дау жайында;

ақпараттың  апалығы жөнінде қабылданған шешім-тәуелділігінің әсері;

ақпаратты тексеру  үшін арнаулы білімнің қажеттілігі;

сапасын анықтауға  ақпарат пайдаланушылардың  мүмкіншілігінің  жоқтығы.

Осы айтылған алдыңғы  жағдайлар тәуелсіз экспорттің қызметтерінің  қажеттілігін анықтады. Ол эксперттер немесе аудиторлар өздеріне сай дайындалған, тәжірибесі бар мамандар және аудиторлық қызмет жасауға куәлігі және құқығы бар адамдар немесе фирмалар.

Дұрыс ақпараттың барлығы капитал рыногінің үнемділігін, (тиімділігін) жоғарылату үшін қажет және әртүрлі экономикалық шешімдерді жобалауға және бағалауға мүмкіндік жасайды. Аудиторлық тексеруді жүргізу міндетті болмаса да, дегенмен оның келешекте дұрыс шешім қабылдау үшін маңызы өте зор.

Меншік иелері, әсіресе акционерлер, пайщиктер  жәнеде қарыз берушілер, кәсіпорынның көптеген орындалып жатқан шаруашылық операцияларына бейтаныс, олардың осы операциялардың дұрыстығына көзі жетпейді немесе мүмкіншілігі жоқ. Міне, осы айтылған ақпараттардың дұрыстығын анықтайтын тәуелсіз аудиторлардың шешімі керек. Тәуелсіз аудиторлар “МАРС” ЖШС шаруашылық  жұмысының нәтижесі жөніндегі ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеп, оның заңға сәйкес екендігін және дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді. Осыған орай аудиторлық қызметтің ролі ерекше орын алады.

Аудиторлық қызмет деп аудит жұмысын ұйымдастыру мен әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, аудиторлық тексеруді іс жүзінде орындау және басқа да  аудиторлық қызметті көрсету түріндегі кәсіпкерлік қызмет.

Аудиторлық  қызметтер  қаржылық есеп берудің заңдарға, өзге де қалыпты құжаттарға сәйкестігі мен  ондағы қаржы-шарушылық қызметі нәтижелерінің дұрыс көрсетілуі, бухгалтерлік есеп, қаржы, салық салу, құқық және сақтандыру ісі, өндірісті дұрыс ұйымдастыру, нарықтық динамика жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қуаттарының тиімділігін арттыру үшін резервтерді анықтау мақсатында ақы төлеу негізінде жасалған шарттар бойынша тәуелсіз түрде аудиторлық тексерулер, кеңес беру түрінде көрсетіледі.

Аудиттің  мазмұны және оның компоненттері.

ТМД мемлекеттерінде  шыққан арнайы әдебиеттерде “аудит”  жөнінде әртүрлі анықтамалар  кездеседі. Авторлар қанша болса, сонша  анықтама бар. Біреулері өте қысқаша  түрде анықтама берсе, басқалары  керісінше ұзақтау және қиындау түрінде береді, ал үшіншілері оның да, бұның да анықтамаларының қосындысынан айтылады.

Осыған орай аудит жөніндегі анықтама, Қазақстан  Республикасының өз ерекшеліктерін ескере отырып, “Қазақстан Республикасындағы  аудиторлық қызмет туралы” заңында  “Аудитке” төмендегідей анықтама береді. Аудит – бұл қаржы есеп беруді , шаруашылық жүргізуші субъектілердің берген есебінің дұрыстығын анықтау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы алғашқы құжаттар мен басқа да ақпараттарының есебін, оның толықтығын және қолданылып жүрген заңдар мен белгіленген нормативтерге сәйкестігін тәуелсіз түрде тексеру.

Аудит шаруашылық – жүргізуші субъектілермен (тапсырыс берушілермен) жасалған шарт негізінде  тәуелсіз жеке адамдар (аудиторлар), аудиторлық ұйымдар (фирмалар) жүзеге асырады.

Аудиторлық  тексерулер мемлекеттік органдар тарапынан    Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын ЖШС шаруашылық қызметінің заңдылығына бақылау жасауды жоққа шығармайды.

Егер белгіленген  тәртіп бойынша тіркелмеген және аудиторлық қызметпен айналысу құқығы біліктілік комисиясының аттестациясынан өтпеген болса, бірде-бір заңды ұйым немесе нақты адам аудитор деп атала алмайды немесе өздерін аудиторлық қызметпен айналысушы ретінде көрсете алмайды.

Аудиттің маңызын анықтау шеңберінде олар төмендегідей негізгі компоненттердің қажеттілігін анықтау қажет. Оларға жататындар:

1 Шаруашылық  жүргізуші субъектілер

          2 Ақпараттар

  3 Аудиторлардың кәсиби мамандылығы

4 Материалдарды  жинау және оларды бағалау

5 Стандарттар  мен критериялар (белгілер)

  Аудиттің негізгі принциптері.                                                                             

  Аудиторлық қызметтерді жүргізу үшін, олар аудиттің негізгі                принцитерін қолдануы тиіс. Өйткені бұл принциптер аудиторлық тексерудің барлық бағыттары мен жолдарын анықтауға көмектеседі.

Аудит жөніндегі  Қазақстандық  № 1 стандарты «Қаржылық  отчет аудитінің бағыты және жалпы  принципі» бойынша негізгі принциптерге мыналар жатады:

1.Тәуелсіздік;

2.Шындық;

3.Объективтік;

4.Ұқыптылық және кәсіби мамандылық;

5.Құпичлылық.

Аудиторлардың жұмысы стандарттың техникасына, бухгалтерлік есептің стандартына және заңға  сәйкес болуы қажет.

Жоғарыда айтылған принциптердің ішінде аса зор  көңіл бөлінетін принцип, ол аудиторлық жұмыстың тәуелсіздігі.

Тәжірибе жүзінде  тәуелсіздік төмендегілерді сақтау қажет:

*тексеру жөніндегі жоспардың тәуелсіздігі. Аудитор өзінің орындайтын жұмысына тексеретін МАРС-тің бастықтарының араласпауын талап етеді. Себебі олар аудиторлық жұмысты өз ыңғайларына қарай бағыттағысы келуі мүмкін;

* Тәуелсіз түрде зерттеу. Аудитор бухгалтерлік регистірлерге, қарапайым жазуларға, ақпараттарға т.б. еркін пайдалануын қажет. МАРС ЖШС бастығымен келісе отырып жасалынған жұмыс ақпараттардың жасырылуына және шындығына, анықтығына әсерін тигізбеу керек.

* тәуелсіз түрде  қорытынды беру. Осы айтылғандарға қарай тәуелсіздік принципінің аудиторлық жұмыста ақпаратын ролі мен маңызының маңызының анықтайды.

Жоғарыда айтылған принциптерден басқа төмендегідей принциптерді пайдалануға болады:

1.ғылымилық ;

2.нақтылық ;

3.құндылық ;

4.жылдамдық ;

5.толықтылық, комплектілік және жүйелік ;

6.пікірлік т.б.

 

Нарық экономикасына көшу кезеңіндегі  аудиттің ролі және оның негізгі функциялары (қызметтері).

Нарық экономикасы кезінде аудит тәжірибе жөнінде кәсіпкерлік қызметтердің бір түрі ретінде басты роль атқарады.

Төмендегідей  функцияларды орындауы тиіс:

    • эксперттік ;
    • аналитикалық ;
    • кеңес беру ;
    • өндірістік.

    Схема-2      Бұл функциялар схемалық түрінде былайша көрінеді :

 


 

Осы схемада  келтірілген аудиттің функцияларына  қарасақ, ең алдымен аудитор экспертпен айналысуы қажет есебін, яғни шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық отчетын тексеру, өзінің қорытынды  жазу мақсатында, өз пікірін айту жөнінде, отчет көрсеткіштерінің дұрыстығын және қаржы жағдайларының шындығын, олардың бухгалтерлік есепті белгіленген стандартқа және заңға сәйкес екендігін анықтап беру үшін. Отчетты тексерген кезде, оның кейбір формаларына көңіл бөліп, оны тереңірек зерттеуі қажет, ең алдымен бухгалтерлік балансты, оның көрсеткіштерінің дұрыстығын, бухгалтерлік есептің жазуларына сәйкес екендігіне көзін жеткізуі қажет. Шоттардағы жазулар бастапқы құжаттардың, мәліметтердің көрсеткіштеріне сәйкес болу керек. Сол себепті тексеру кезінде бухгалтерлік жазуларға, құжаттарға аса ұқыпты түрде көңіл бөлуі керек. Бұл көрсеткіштердің анықтылығына толық көзін жеткізу үшін түгендеу жүргізуіне болады, яғни қолда бар ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың дұрыстығын, дәлдігін анықтайды.

Қаржылық отчеты толық тексерген соң аудитор  қорытынды жазып, оны тапсырыс берушіге беруі қажет. Осы қорытындының нәтижесі бойынша тапсырыс берушілер өздерінің  шешімдерін қабылдауына, бузгалтерлік есеп пен отчетты одан ары жақсартуға әсерін тигізеді.

Аналитикалық  функцияның атқаратын ролі өте зор. Аудитор қаржы отчетын және қаржылық жобаларды талдай отырып, қаржы жағдайын жақсарту жөнінде өзінің ұсыныстарын  береді. Ұсыныстар мен қатар сол МАРС ЖШС-дің келешекте дамуы жөнінде өзінің пікірін айтады. Сонымен қатар аудиторлық жұмыс жүргізген мезгілде сол МАРС ЖШС-дің әртүрлі сұрақтары бойынша кеңес беріп отырады. Бухгалтерлік есеп жөнінде, салық жөнінде, табыс жөнінде, декларация жасау жөнінде, ұйымдастыру сұрақтары бойынша т.б. сұрақтарға кеңес береді.

Нарық экономикасы  дамыған мемлекеттерде кеңес  беру функциясының ролі өте зор. Өйткені  бұл мемлекеттерде аудиторлық қызметтің  салмағы кеңес беру функциясына аударылған. [24]

                Аудиттің мақсаты, пәні және  міндеті.

Әрбір ілімнің өзіне сәйкес пәні болады. Олсол ілімнің басқа салалардағы ілімнен айырмашылығын, оның өздеріне тән қасиеттерін, шектелуін анықтау үшін қажет.

Тану теориясына байланысты қандай да ілім болмасын, оның мәні объективті шындыққа негізделген. Егер, экономикалық теорияның пәні өндірістік қатынасқа, экономикалық заңдарға  байланысты болса, аудит те барлық экономикалық ілімдер сияқты, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қатынастарын дамыту процестеріне негізделген. Бірақта, олар сол процестердің белгілі жұмыстарының бір бөлімін ғана қарастырады.

Сонымен, аудиттің пәні дегеніміз  шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік (қаржылық) отчетты талдау, т.б.  шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындаған  жұмыстарының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объективті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылданған есеп саясатына, нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу.

Осы келтірілген  аудит пәнінің анықтамасы біздің ойымызша барлық талаптарға сай келеді деп ойлаймыз.

Арнайы әдебиттерде, т.б. ілімнің пәні мен объектілері  бірдей деп немесе бір-біріне ұйқас  деп айтылады, бірақта бұл түсініктемелер бір-бірімен ұйқас болғанымен, олардың  мағыналары ажырата білген жөн. Объекті дегеніміз сол ілімнің оқитын пәнінің шындығы.

Мысалы: дәрігерлік ілімнің объектісі-адам болып есептелінсе, экономикалық ілімнің объектісі  – мемлекет экономикасы, олардың  салалары. Ал, аудиттің объктісі белгілі  бір шаруашылық жүргізуші субъектілер (кәсіпорындар, бірлескен кәсіпорындар, т.б.) .

Информация о работе Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру