Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 19:24, курсовая работа
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің әлемге белгілі "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы атты еңбегінде" "Барлық стратегиялық басымдылықтардың көш басында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оны дәйекті де батыл реформалау, сондай-ақ тұтыну рыногын өнеркәсіп тауарлармен толтыру шаралары жүретін болады"-деп, атап көрсеткен болатын
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………......3
І. АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІҢ ДАМЫТУДАҒЫ
ШАРУАШЫЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАСЫНЫҢ РОЛІ………....5
1.1. Шаруашылық инфрақұрылым — агроөнеркәсіп кешенінің жүйесіндегі орны..............................................................................................................................5
1.2. АӨК-нің өндірістік инфрақұрылымның салаларының дамуы......................10
1.3. Агролизингтік дамудың әлемдік тәжірибесі....................................................16
II. Ауыл шаруашылығындағы есептің ерешелігі............................................22
2.1. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есептің мақсаты және ерекшелігі...................................................................................................................22
2.2. Өсімдік шаруашылығыдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру....................23
2.3. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі..........................25
III. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................28
3.1. Ауылшаруашылық өндірістік инфракұрылымды жетілдіруде
мемлекеттің ролі................................................................................................28
3.2. Шаруашылық инфрақұрылымды маркетингтің маңызы.............................29
3.3. Агротехникалық сервисті жетілдіру жолдары...............................................31
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................37
Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында Европалық Одақ экспертінің қатысуымен "КазАгро" федерациясымен фермерлік несие қоры құрылған. Бұл аталған шаралар Қазақстанның аграрлы саласын ынталандыруға, кейбір әлеуметтік топтардың жағдайын көтеруге себін тигізуде.
Дегенмен, экономикалық басқа салаларына қарағанда аграрлық салада экономикалық белсенділік байқалмауда. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету деңгейі бойынша ауылдың қаладан кейін қалу каупі күшейе түсуде. Ауьшшаруашылық өнім өндірушілерінің табысының төмен болуына байланысты бұл саладағы әртүрлі төлемдердің көлемі азаюда.
Көп жылдық статистикалық мәліметттерге сүйенсек шаруашылықтардың жаңа техникамен жабдықталғандығына қарамастан, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің еңбек өнімділігі жоғарыламай отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдердің жалпы түсімі, техникаға салынған инвестицияларды жаппайды, сондықтан фермерлер мен шаруашылықтардың жұмысында алға басушылық баяу болыл отыр. Мұндай жағдай бір қатар келесідей себептермен түсіндіріледі, еңбектің соңғы нәтижелерін өз еркінше пайдалану мүмкіңдігінің жоқтығыдан, тауар өңдірушілерге деген жеңілдіктердің жоқтығынан, техниканы пайдаланудың төмен деңгейімен қажетті технологиялық құралдардың жетіспеушілігінен, машина технологияларының ғылыми қамтылмаған.
Агротехникалық сервис, жөндеу жұмыстары барысында, тауар өндірушілерді құрал-жабдықтармен және материалмен кепілді түрде жарақтандырып отырады. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін, пайдаланған машиналарды сататын және қымбат тұратын машиналарды уақытша пайдалануға беретін орталықтарды ұйымдастыру қажет.
Аталған мәселелерді шешуде, Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтің 8 ақпан 2000 Республикалық АӨК қызметкерлерінің алдына қойған 7 мәселені ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығының өсуіне арналған 2003-2005 жылы бағдарлама қабылданған. Бағдарламада ауыл шаруашылығы жеке салаларының дамуына экономикалық талдау жасай келіп, олардың тиімді шешілу жолынының бірі ретінде облыстық аудандарда машина-технологиялық станциялар құру (МТС), сөйтіп облыс көлемінде бұл станциялардың санын 116-ға жеткізу қарастырылған.
Өйткені
ауыл шаруашылығындағы машина-трактор
паркі қатты қысқарып, қолда бар техникалар
ескіріп, тым тозып отыр. Бұл жөнінде 10
кестеден көруге болады.
"Агротехсервис" МТС-ы қызметінің тиімділігі
Көрсеткіштср | Өлшем бірлігі | |
І.Жұмыс көлемі (қызмет) | мың теңге | 176755,62 |
2.Шығындар: | мың теңге | |
а) амортизация | мын теңге | 3271 |
б) жанар-жағар май | мың теңге | 120911,66 |
в) жалақы | мың теңге | 16800 |
г) қосымша | мың теңге | 14098 |
З.Пайда | мың теңге | 21673 |
4. Рентабельділік | % | 13,9 |
Амортизация шығындарын есептеу
Амортизация - жалпы құнының 10% есептелінеді. МТС-ке келесі негізгі құpaлдap жатады:
Аталуы | Саны | Баға бірлігі | Жалпы құны |
Трактор | 556 | 50,000 | 27800000 |
Соқалар | 150 | 10,000 | 150000 |
Дән сепкіш | 86 | 15,000 | 1290000 |
Культиватор | 71 | 30,000 | 2130000 |
Барлығы: | 3370000 |
Жанар-жағар майды есептеу
Төлем соммасын есептеу үшін, ауылшаруашылық өндіріс кооперативнің мақта және астық дақылдарында дизель отынының шығын мөлшерін міндетті түрде анықтау.
Мақта дақылдарының жалпы дизель отынының шығын мөлшері мына келесідей орналысады.
Жырту 27,5 л/га Егу 13,5 л/га
Өңдеу 27 л/га (2 рет) 13.5 л/га
Жинау 45 л/га
1 гектар жерді жыртуға кеткен дизель отынының барлық шығыны -113 л. құрайды.
Астық дақылдарына Жырту 27,5 л/га Егу 13,5 л/га
Өңдеу 13,5 л/га
Жинау 45 л/га
1 гектар жерді жыртуға кеткен дизель отынының барлық шығындары -99,5 л. құрайды.
Жанар-жағар майдың жалпы шығыны ссептеледі 36824 х 99,5 =3663988 л. дизель отыны 3663988 х 33 =120911,6 мың теңге 33 теңге - 1 л. жанар-жағар майдың бағасы.
Есептеу. Еңбек ақы қоры. Негізгі: 12000 мың теңге. Қосымша: 4800 мың теңге. Барлығы 16800 мың теңге.
Қосымша шығындар барлық шығындардың 10% көлемінде алынған. Пайда жұмыс көлемі мен шығындардың арасындағы айырмашылық ретінде есептелінеді.
Пайда 21673
Рентабельділік =----------- х 100% = 13,9%
Шығын
155082
Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қазіргі кездегі дамуы елдің экономикасын реттеу механизмдерін жетілдіруде талап етеді. "2030 стратегиясында" Мемлекет Президенті ең басты сфералардың ішінде ауыл шаруашылығын ерекше атап айтты.
Өтпелі кезенде агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы барлық салалар бойынша өндірістің төмендеуімен сипатталды және 2002 жылмен салыстырғанда 2005 жылы екі есе азайған. Пайдаланылатын техниканың деңгейі өте төмен, ауылшаруашылық көліктер, комбайндар және т.б. саны күрт қысқарды. Агроенеркәсіптік кешенін өркендету үшін инвестиция, нарықтық ойлау қабілеті жоғары, мамандандырылған кадрлар және жаңа басқару тәсілдері қажет.
Республикада ауыл шаруашылығында соңғы жылдары біраз осындай тенденциялар байқалуда: Біріншіден, экономиканың көп түрлілігі тұрақты сипат алды. Екіншіден, ауылды жерде біртіндеп аграрлық қызмет көрсету, өнімді өңдеу және сату саласы қалыптасуда. Үшіншіден, заңдылық-құқықтық база ауылды жерде шаруашылық кәсіпті табысты атқаруға қолайлы жағдай жасауда.
Бірақ, кейбір аймақтарда ауыл шаруашылығының қажетті жүйесі болып саналатын өндірістік инфрақұрылымның және маркетингтік қызметтердің қалыптасуы қиындықтарды тудыратын құбылыс болып отыр.
Экономиканың аграрлы секторында шаруашылық жүргізудің экономикалық тетіктері жетілмегендігі салдарынан бұл саланың қосымша өнімінің бір бөлігі баға, салық, несие, инвестиция жүйелері арқылы экономиканың басқа салаларына әсіресе банк және коммерциялық капитал саласына бөлініп кетті. Қатаң ақша, несие саясаты ауылшаруашылық кәсіпорындарының төлем қабілетіне өз әсерін тигізді. Берешекті төлемеудің көбеюі есеп айырысуды кешеулетті, өндірілетін және сатылатын өнім көлемін азайтты, сөйтіп тауар өндірушілерді қажетті көлемде материалдық - техникалық ресурстарды (жанар-жағар май материалдарын, техниканы, минералдық-тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын және т.б.) сатып алу мүмкіндігінен айырды. Ауыл шаруашылығы жөнінде қолданылып отырған инвестициялық саясаттың тиімділігі жеткіліксіз, несие қорларын пайдаланғаны үшін алынатын пайыздық ставка жоғары, қарыз үшін кепілге ұсынатын мүліктің жоқтығы, жұмсалатын қаржы мен мемлекеттік қолдаудың қатты қысқарғаны үлкен қолбайлау.
Осы. уақытта ауыл шаруашылығына несие беру жөніндегі үйлесімді заңдар жинағының жүйесі жоқ, ондай жүйе нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде бар. Ауыл шаруашылығына қолдау көрсету үшін мемлекет бөліп отырған ақша қаражаты мардымсыз. Борышты кешіру түріндегі мемлекеттік көмек берешектің қайтадан пайда болуының себептерін жоя алмайды.
Ауылшаруашылық
өңцірісін материалдық-
Өндірушілер сатып ала алмайтындықтан ауыл шаруашылығы техникаларының көбінің жетіспеуі салдарынан агротехникалық операциялар мезгілінде орывдалмайды, қолмен атқарылатын жұмыс көлемі көбейіп және түсім көп ысырап болады.
Ауылшаруашылық өндірісінің жоғары қарқынмен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік деңгейде біраз кезек күттірмейтін шараларды жүзеге асыру керек.
Қазіргі
кезде елдің машина-трактор
паркі іс жүзінде мүлдем ескірген
және оны тезірек жаңарту қажет. Шаруашылықты
жүргізудің технологиялық
деңгейінде ауыл
шаруашылығы тауарларын
өндірушілердің кәсіби
деңгейі де төмен,
механизатор кадрлар жетіспейді.
Мемлекеттік лизинг қоры бойынша техниканы
жаңартуға бөлінген қаржы жеткіліксіз.
Сондықтан бұл қормен бірге облысымыздың
әр ауданында жаңа ауылшаруашылық машиналары
мен техникалық құралдарды игеру үшін,
ұсынып отырғанымыздай "Агротехсервис"
кооперативтері құрылып олардың жетілдіру
бағыттарын жүзеге асыра отырып, ауыл
шаруашылығының экономикалық тиімділігін
көтеруге болады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Закон РК "О крестьянском (фермерском) хозяйстве", от 31 марта N214-1,
"Экономика и предпринимательство", N7(59), 1998 год.
2. Назарбаев НА. Стратегия Казахстана-2030, Алматы, 1998г.
3. Назарбаев НА. Не подняв сельскохозяйство, не сделаем экономику процветающей. // Казахстанская правда 2000г. 9 февраля стр. 1-2.
4. Казахстанкая правда. 2002г декабрь
5. Оңтүстік Қазақстан облысының Ауылшаруашылық департаментінің 2001-
2002 жылдық қорытындылар жинағы.
6. Оспанов М.Т. Аутов P.P. Ертазин X. "Агробизнес теориясы мен
практикасы", Алматы. 1999 ж.
7. Белгібаев ҚА Ауылшаруашылық экономикасы. // Алматы 1991 ж.
8. Балапанов А.А. АӨК-дегі инфрақұрылымды дамыту. //Алматы
1994 ж.
9. Макбулатова А. Финансовое планирование в сельскохозяйственных
предприятии. //Қаржы-қаражат, N3, стр 65, 1998 ж.
10. Махмутова Ж. Пути повишения эффективности функционирования
хозяйствующих субъектов агробизнеса в Южно Казахстанской области.
//Саясат. N7, стр 73-76, 2000 г.
11. Сабирова А. И Ауылшаруашылығын дағдарыстан шығару
бағытындағы кейбір ұсыныстар. //Жаршы 2002 ж.
12. Растениеводство Южно Казакстанской области 1998- 1999-2000.ггг.
//Статистический сборник. Шымкент, 2002 г.
13. Селезнев А. Некоторые проблемы управления АПК и пути их
решения. //Экономист N6, стр 76-79, 2000 г.
14. Елубаев М Не подняв селское хазяйство, не сделаем экономику
приватизацией. //Қаржы-қаражат, стр 3-11, 2000 ж.
15. Калгулова Р. Лизинг-как один из методов кредитования
сельскохозяйственных товаропризводителей. //Банки Казахстана N6,