Ауыл шаруашылығы есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 19:24, курсовая работа

Краткое описание

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің әлемге белгілі "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы атты еңбегінде" "Барлық стратегиялық басымдылықтардың көш басында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оны дәйекті де батыл реформалау, сондай-ақ тұтыну рыногын өнеркәсіп тауарлармен толтыру шаралары жүретін болады"-деп, атап көрсеткен болатын

Оглавление

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………......3

І. АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІҢ ДАМЫТУДАҒЫ
ШАРУАШЫЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАСЫНЫҢ РОЛІ………....5
1.1. Шаруашылық инфрақұрылым — агроөнеркәсіп кешенінің жүйесіндегі орны..............................................................................................................................5
1.2. АӨК-нің өндірістік инфрақұрылымның салаларының дамуы......................10
1.3. Агролизингтік дамудың әлемдік тәжірибесі....................................................16
II. Ауыл шаруашылығындағы есептің ерешелігі............................................22
2.1. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есептің мақсаты және ерекшелігі...................................................................................................................22
2.2. Өсімдік шаруашылығыдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру....................23
2.3. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі..........................25

III. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................28
3.1. Ауылшаруашылық өндірістік инфракұрылымды жетілдіруде
мемлекеттің ролі................................................................................................28
3.2. Шаруашылық инфрақұрылымды маркетингтің маңызы.............................29
3.3. Агротехникалық сервисті жетілдіру жолдары...............................................31

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................35

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................37

Файлы: 1 файл

Курсовая Лаура12.DOC

— 261.50 Кб (Скачать)

        Әрбір Ауыл шаруашылық  кәсіпорын өзінің есеп саясатында типтік шот жоспарына сәйкес шот жоспарын құрасырады. ХҚЕС бойынша №41 «Биологиялық активтер» атты стандарт негізінде жүргізіледі. Бухгалтерлік есепте 2500 «Биологиялық активтер» шотында есепеледі.

Оған:  2510 «Өсімдітер»

            2520 «Жануарлар»

            2522 «Жұмыс малы»

            2523 «Өсірілетін жас мал»

            2525 «Борақыдағы ересе мал»

Сонымен қатар: 1318 – «Тұқымдар және ем азығы»

                             1319 – «Тыңайтқыштар»

    Ауыл  шаруашылығының кәсіпорын салық  кодексіне сәйкес өзінің жұмысын  және төлейтін салықтардың тәртібі,  мөлшрін белгілейді.

     Ауыл шаруашылығының шығындар есебі 8110, 8310, 8410 шоттарда жүргізіледі. Сонымен қатар арайы қосымша шоттар ашылды.

1320 – Дайын  өнім есебі

2423 – Жас  мал өсімдері

2521 – Негізгі  табы

2.2. Өсімдік шаруашылығыдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.  Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының өнімдерін құрайтын бір сала өсімдік шаруашылығына мынадай топтарға өлінеді және осы топтары бойынша аналитикалық есебі жүргізіледі:

                        Астықтық: бидай, арпа, сұлы.

    1. Техникалық: соя, темекі, мақта, қант қызылшасы, күнбағыс.
    2. Көкөнс: қияр, бұрыш, қызанақ.
    3. Бақалық: қауын, қарбыз, асқабақ.
    4. Азықтық: жүгері, біржылдық және көпжылдық шөптер.
    5. Жидетер: көпжылдық екпе ағаштары – алма, алмұрт, қарақат.

    Өсімдік  шаруашылығының дән өнімнің есебі  алғашқы есепті алғашқы құжаттар бойынша жүргізеді. Өнім қабылдау туралы алашқы есепті қырманда жауапты тұлғалардың өлшп, құжат толтырып, бақылап, қабылдап алғаны арналғаны журналда тіркеледі. Өнімді түсірген кезде қырман  меңгеруші қойма есеп кітабында астықтың қозғалысы ен басқа өнімдердің қозғалысы бойынша ведомость толтырады. Егер де комбайыннан астық қабылданса, әрбір комбайыдарға талон берілді. Бір бункер астық деп бір талон болып саналады. Шаруашлықтың бухгалтерияда, қырманда әр күндік астық салыстырылып не талондарды тексеріп отырады. Қырманға түскен астық кептіруді және іріктіруді қжет етеді. Кепірілген және ірітелген әр партияны өлшеп отырады. Тазартылған бидай кәсіпорынның қоймасына өлшеніп тапсырылады. Қырманнан астық нан пісіруге, басқа да кәсіпорындарға сатқан кезде тауарлы – транспорттық накладной толтырады. Астық қабылдау және астық айналымы бойынша ведомость әр күн сайын бухгалтерияға есепті бақылау үшін қажет.

  Шот корреспонденциясы:

  1. Жыл аяғында өсімдік шаруашылығы бойынша барлық шығындар қорытады шотқа жинақталады:

    Дт 8110/1       Кт 2510

  1. Өсімдік шаруашылығынан дайын өнім кіріске алынады:

    Дт 1320/1       Кт 8110/1

  1. Өндірістегі жұмысшыларға еңбекақы есептелінеді (тракторшы, машинистерге)

    Дт 2510/1        Кт 3350

  1. Өсімдік шаруашылығындағы агрономға еңбекақы есептелді:

    Дт 2510/1        Кт 3350

  1. Сатылған бидай өзіндік құнымен есептен шығарылды:

    Дт 7010           Кт 1320

  1. Сатып алушыларға шот көрсетілді:

    Дт 1210           Кт 6010

 Қырман меңгерушісінің  тапсырған есебі бойынша бухгалтерияда  өндірістік есеп жасады. Өсімдік шаруашылығының өнімнің қозғалысы бойынша шот корреспонденциясы, ведомость толтырды. Бидай өнімін және басқа  өнімдерді алу бойынша акт толтырылады және № 10 журнал – ордер толтырып, барлық ақпаратты бас кітапқа кіргізеді.

       Бухгалтериядағы есептерін өнімдердің саны мен сомасы қоймаға өнімдердің саны мен сомасымен бірдей болу керек.

2.3. Мал шаруашылығындағы  бухгалтерлік есептің  ерекшеліктері. 

Мал шаруашылығының ерекшелігі – бір өнімнен бірнеше  өнім алынады. Мал шаруашылығының негізгі өзіндік құнын есептейтін объектілері – ірі қара мал шаруашылығы, шошқа, қой шаруашылығы, жылқы және түйе шаруашылығы, ара шаруашылығы, құс шаруашылығы. Мал шаруашылығының өніміне жатады: сүт, ет, бал, төл, жұмыртқа, малдардың өсу салмағы және тағы басқа өнімдер. Мал шаруашылығының өнімі бөлінеді: негізгі және негізгі емес.

Синтетикалық  есебі № 10 журнал – ордерде жүргізіледі,

Шот корреспонденциясы:

  1. Басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан кіріске алынды:

    А) жас малдар Дт 2523  Кт 3110

    Б) ірі қара мал бастары Дт 2521  Кт 3110

  1. Мал шаруашылығынан кіріске мал төлі алынды:

    Дт 1320/2   Кт 2520/2

  1. Мал төлі жас малдарды өсіруге жіберіледі, өз шаруашылығында

    Дт 2523      Кт 1320/2

  1. Жас малдар негізгі табынға аударылды

    Дт 2520/2  Кт 2523/2

  1. Басқа өнімдерді алу үшін ірі қара малдарды союға жіберілді:

    Дт 8110      Кт 2521/2,2523/2

  1. Мал союдан басқа өнімдер кіріске алынды

    Дт 1320/2    Кт8110

  1. Малды санағанда жетіспеушілік анықталды:

    Дт 1280/2    Кт2522/2,2523/2

  1. Анықталған жетіспеушілік:

    А) табиғи нормемен есептен шықты

         Дт 7210,7470   Кт 1280

    Б) кінәлі адамдарға  апарылды

         Дт 1253            Кт 1280

  1. Кінәлі адамның еңбекақысынан ұсталынды:

        Дт 3350              Кт 1253

  1. Өткізілген ірі қара мал және жас малдар есептен шығарылды:

      Дт 7010                  Кт 2522/2,2524/2

  Ірі қара  мал шаруашылығы бойынша өнімнің  өзіндік құнын есептеу. Мұнда  өзіндік құнын есептеу өнім, сүт  және төл саналады. Негізгі емес  өнімнің сомасы шегеріледі. Сүтке  барлық шығындардың – 90 %, ал төлге – 10% алынады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

         IІI. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ    САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

             3.1 Ауылшаруашылық өндірістік инфрақұрылымды жетілдіруде                              мемлекеттің ролі

     Ауылшаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу аяқталғаннан кейін жаңадан болған агроқұрылымдардың эволюциялык дамуы басталды. Осы кезеңде оларды мемлекеттік реттеу мен қолдау көрсетудің маңызы зор.

     Ауыл  шаруашылығы экономиканың күрделі саласының бірі. Біріншіден, ол табиғат — климат жағдайына тәуелді. Екіншіден, өңдірістік циклі ұзақ әрі маусымдық сипатта. Үшіншіден, ауыл шаруашылығы маусымдық шығындарын несиелеудің дамыған жүйесіне өте-мөте мұқтаж. Төртіншіден, қысқа мерзімді несиелер рыногында шағын ауылшаруашылық кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі төмен.

     Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге қызмет көрсеткенде өндірістің осы ерекшеліктерін ескерген жөн. Оның үстіне ауыл шаруашылығы дайындау, ұқсату, қызмет көрсету, сауда және басқа ұйымдардың, сондай-ақ материалды-техникалық ресурстарды жеткізушілердің монопольдық әрекетінен үнемі зардап шегетінін ұмытпау қажет.

     Біздің республикада ауыл шаруашылығын дамытудың 2010 жылға дейінгі стратегиясы қабылданған (Қазақстан Рсспубликасы Үкіметінің 1997 жыл 22 желтоқсандағы N1817 Қаулысы). Оның кіріспе бөлімінде мынадай мәліметтер бар:

-    ауылшаруашылық машинаның негізгі түрлерімен  қамтамасыз етілуі-65-70 процент;

-    пайдаланылғанына 5 жылдан асқан машина мен жабдықтардың үлесі-90 проценттен астам;

-    содғы   7   жылда   топыраққа   органикалық   тыңайтқыштарды енгізу-10-11  есе, минералды тыңайтқыштарды енгізу-16-17 есе қысқарды.

     Ауыл  шаруашылығын мемлекетгік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру, осы арқылы аграрлық секторда рынокты дамыту кепілі ретінде мемлекеттің ықпалып күшейту.

     Мемлекет ауылшаруашылық тауарларына деген сұраныс пен ұсынысқа. агроөнеркәсіп кешенінде салааралық айырбас оның салаларында табыс табу үшін жағдай туғызу мақсатында жанама жолмен ықпал жасау керек. Бұл бағыттарда арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасау жәнә оларды жүзеге асыратын институттар құру қажет.

     Қазақаграрлық өнеркәсіп кешені экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының ұжымы жүргізіліп отырған реформаны түзетуге бағыталған кейбір ұсыныстар дайындады. Оларга негіз ретінде нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеу принциптері, республиканың азык-түлік қауіпсіздігің нығайту мақсатында аграрлық секторды мемлекетгік-құқықтық және экономикалық қолдау мәселелері алынып отыр.

     Аграрлық  экономика үшін келешекте инвестициялық проблема шешуші роль атқарады. Агроөпсркәсіптік кешенінің капитал сиымдылығы өте жоғары, сондықтан ол капиталды көп салғанда және салу қарқыны жоғары болғанда дами алады. Бұндай механизм мемлекеттік экономикалық реттеу тұтқалары мен аспаптары және нарықтық ынталандыруды оңтайлы үлестіруге негізделу керек, инвестициялық ресурстардың толыққанды тауарға айналуына жағдай жасау қажет. 

3.2. Ауылшаруашылық инфрақұрылымның маркетингтің маңызы.

     Ауыл    шаруашылығы    саласында    маркетингтің    атқаратын ролі өте аумақгы. Осыған орай маркетинг өндірістік, өткізу ( сату ) қызметін басқару саласын камтып, оның өнімдерін нақтылы тұтынушыларға бағыттайды.     Маркетингтің мақсаты нарық қатынасын дербес пайдалана отырып, тұтынушыларға қажетті сапалы тауарларды ұсыну арқылы, олардың қажетілігін қанағаттандыру, өндірістің дамуына ықпал жасай отырып, шаруашылықтардың нарық    экономикасы    кезінде   дұрыс   жұмыс   істеп кетуіне жағдай жасау болып табылады. Алдыңғы қатардағы мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, экономика тиімділігіне тек қана маркетинітің көмегі арқылы, сұраныс пен ұсынысты реттеу арқылы жетуге болатыны дәлел. Сондықтан еліміздің нарықтық қатынас жағдайында маркетингтің нарық механизмін реттеуде атқаратын ролі көп.

     Маркетинг басқа халық шаруашылығындай, агроөнеркәсіп салаларында да өндіріс аяқталатын жерде жүргізілмейді, керісінше, оның негізгі мақсаты - өндіріс көлемін анықтау, шаруашылықтың өндірістік және техникалық - технологиялық мүмкіншілігін тиімді пайдалану.

     Ауыл  шаруашылығы саласында маркетинг жөнінде дұрыс шешім қабылдау өндіріс жөніндегі және нарық туралы алынған хабарларға негізделеді. Соңынан қабылданған шешімнің дұрыстығы өндірілген тауарларды сату кезінде тексеріледі.

     Сонымен маркетинг туралы анықтамаларды қорытындылай келіп, маркетинг - өндірісті тұтынушыларға бағыттау, олардың мұқтаждығын, қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.

     Тұтынушыларға бағьпталу — нарық қажетілігін зерттеу арқылы тұтынушыларды қанағаттандыру үшін болжау жасау. Нарықтық халық шаруашылығында оның орны-сұраныс пен ұсыныс механизмдерінің дамуына, олардың тұтынушылардың қажетін қанағаттандыру болып табылады. Осы тұрғыдан қарағанда, сұраныс дегеніміз тауарға немесе істелетін қызметке қажеттілік. Қысқаша айтқанда, сұраныс төлеуге қабілетгілігі бар қажеттілік. Ол өңдіріс пен тұтынушылар арасын байланыстыратын бөлім. Сұранысқа ықпал ететін факторлар:

     -    қоғамдағы  саяси  жағдайдың    деңгейі    экономикалық -         техникалық, әлеуметтік және мәдениеттің дамуы;

     -    қоғамдағы өндірілетін өиімдер құрылымы;

     -    ұлттық табыстың мәлшері жәнс оның бөліну жагдайы;

     -    тауарды ұқсату механизмі;

     -    халықтың тұрмыс деңгейі;

     - мемлекеттің белгілі-бір уақыт арасында жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясаты.

                     3.3  Агротехникалық сервисті жетілдіру жолдары.

     Агроөнеркәсіп кешенінде реформаны жүргізудің негізгі мақсаты, отандық өндірістің тиімділігін арттыру, өнім сапасын жақсарту және өнімнің өзіндік құнын әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілікке дейін төмеңдету, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету болатын. Осы мақсатқа жету үшін 10 жыл көлемінде құрылымдар қайта құрылып, мемлекет меншігіндегі шаруашылықтар жекешелендіріліп, казіргі қүні шаруашылық субъектілерінің саны республика бойынша 100 мыңға жуық болып отыр.

     Қазіргі уақытта ауылшаруашылық өнім өндірушілеріне мыңға жуық кәсіпорындар қызмет көрсетіп, техникалық сервис орталықтары құрылуда, Агроөнеркәсіп кешеніні басқаруды жетілдіру мақсатында облыста ауылшаруашылық қызметкерлерінің білімдерін қайта көтеру үшін, Германияның техникалық ынтымақтастық жөніндегі қоғамымен Израильдың фирмаларымен бірігіп, фермер мен шаруа қожалықтарының  басшыларын,     нарықтық     қатынастағы     бизнес, кәсіпкерліктің баскару әдісін жүргізу үшін білімін көтеру жұмыстары қолға алынуда.

Информация о работе Ауыл шаруашылығы есебі