Негизги куралдардвн есеби жане оларды багалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 14:06, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзекті мәселелері. Нарықтық экономиканың даму барысында, кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік есебінің рөлі мен қажеттілігі артуда. Тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің өсуінің, нарық коньюнктурасының жиі өзгерістерінің жағдайларында, кәсіпорынды басқаруда оперативті және тактикалық басқару шешімдерін қабылдау мақсатында шынайы және аналитикалық ақпарат қажет.

Оглавление

КІРІСПЕ
4

1
ДАЙЫН ӨНІМНІҢ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
6
1.1
Өндірістің экономикадағы рөлі
21
1.2
Дайын өнімнің классификациясы мен бағалануы
31

2
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ҰН – ҚҰРАМА ЖЕМ КОМБИНАТЫ» АҚ – ның ДАЙЫН ӨНІМІНІҢ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІН ЖҮРГІЗУ

33
2.1
«Шығыс Қазақстан ұн – құрама жем комбинаты » АҚ – ның негізгі – экономикалық көрсеткіштері
33
2.2
Дайын өнім шығару есебіне талдау жүргізу
40
2.3
2.4
Дайын өнімнің сатылу есебіне талдау жүргізу
Дайын өнімнің аудиті
47

3
ДАЙЫН ӨНІМІНІҢ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІН ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ
53
3.1
Халықаралық есеп стандартына көшу жолдары
53
3.2
Жұмыс жоспарының есебін өзгерту
56


ҚОРЫТЫНДЫ
60


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

образец курсовой.docx

— 26.77 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ

4

     

1

 ДАЙЫН ӨНІМНІҢ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

6

1.1

Өндірістің экономикадағы рөлі

21

1.2

Дайын өнімнің  классификациясы мен  бағалануы 

31

     

2

«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ҰН – ҚҰРАМА ЖЕМ  КОМБИНАТЫ» АҚ – ның  ДАЙЫН ӨНІМІНІҢ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІН ЖҮРГІЗУ

 

33

2.1

«Шығыс Қазақстан  ұн – құрама жем комбинаты » АҚ – ның негізгі – экономикалық көрсеткіштері

33

2.2

Дайын өнім шығару есебіне талдау жүргізу

40

2.3

2.4 

Дайын өнімнің сатылу есебіне талдау жүргізу

Дайын өнімнің аудиті

47

     

3

ДАЙЫН ӨНІМІНІҢ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІН ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ

53

3.1

Халықаралық есеп стандартына көшу жолдары

53

3.2

Жұмыс жоспарының есебін өзгерту

56

     
 

ҚОРЫТЫНДЫ

60

     
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

62

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзекті мәселелері. Нарықтық экономиканың даму барысында, кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік есебінің рөлі мен қажеттілігі  артуда. Тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің өсуінің, нарық коньюнктурасының жиі өзгерістерінің жағдайларында, кәсіпорынды басқаруда оперативті және тактикалық басқару шешімдерін қабылдау мақсатында шынайы және аналитикалық ақпарат қажет. 

Қазіргі заман  өзгерістері жағдайында кәсіпорын  жұмысын жетілдіру және қадағалауда, бухгалтерлік есептің толыққанды қолданылуы артуда.

Басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды орын алады. Бухгалтерлік есеп  өндірістің регионалдық процесстерін, тұтыну , тарату процестерін, кәсіпорынның қаржылық жағдайын, тұрақтылығын сипаттайды және кәсіпорын қызметін жоспарлауға  негіз болып келеді. Бухгалтерлік есеп кәсіпорын қызметін көрсетіп қана қоймай, оған әсер етеді. Бухгалтерлік есеп кәсіпорын мүлкінің бар болуының жүйелі қадағалайтын, олардың тиімді қолданылуын және өнімнің өзіндік  құнын төмендетудің қосымша резервтерін  айқындаушы құрал болып келеді.

Қазақстан Республикасында  бухгалтерлік есеп  «Бухгалтерлік  есеп» туралы заңымен регламенттеледі.

2005 жылдан бастап Қазақстанның  көптеген кәсіпорындары Халықаралық  қаржылық есеп стандарттарын  қолдана бастады. Халықаралық  стандарттарда әр стандарттың  қолдану мақсаты, қадағалау аясы, қолдану сферасы айқындалып көрсетілген.  Осыған орай Қазақстан Республикасының  Қаржы Министрлігінің   «ҚЕХС  бойынша қаржылық есеп беруші  кәсіпорындар үшін бухгалтерлік  есептің жоспарлы жұмысшы шоттарын  қолдану нұсқаулықтарын бекіту  жайлы»  2005 жылы 22 желтоқсанда бұйрық  шықты.

Бухгалтерлік  есепте дайын өнім есебіне ерекше көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның өнідіріс процессінің және басты мақсатының қорытындысы ретінде дайын өнімді қарастырамыз. Дайын өнім  дегеніміз - өндіріс аясынан шығарылатын,  негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің  өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалык шарттарға  сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) кызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және баскадай құжаттармен  куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің кабылдап алғаны және басқа жайлары — міндетті түрде актімен рәсімделеді.

Бұл дипломдық жұмыстың негізгі  мақсаты – дайын өнімнің есебі мен аудитін жүргізу және оны жетілдіру үшін ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей  міндеттерді анықтадым:

- дайын өнімнің есебі мен аудитінің теориялық аспектілерін қарастыруды;

      - «Шығыс қазақстан ұн – құрама жем комбинаты» АҚ – ның  дайын өнімінің есебі мен аудитін жүргізу үшін өндірістік практикада алған тәжірибемді пайдалануды;

- жүргізілген  талдау  нәтижелері бойынша дайын  өнімнің есебі мен  аудитін  жетілдіру шараларын ұсынуды.

Талдау объектісі ретінде - «Шығыс қазақстан ұн – құрама жем комбинаты»  АҚ алынды. 

 Зерттеу пәні болып дайын өнімнің есебі мен аудитін ұйымдастырудың әдістемелік және тәжірибелік сұрақтары келеді.

Мәселені зерттеу дәрежесі. Дайын өнімнің есебі мен аудитін жүргізудің теориялық негіздері келесі экономистердің еңбектерінде көрсетілген: К.Қ Кеулімжаевтың, Э.Т. Төлегенов-тың, В.К. Родостовецтің, В.В.Ковалевтің, Э.О Нурсеитовтың және т.б..

Зерттеу әдістері: жұмыста жалпы диалектикалық әдіс, салыстыру әдісі, аналитикалық және синтетикалық, тарихи және логикалық әдістер, сонымен қатар жалпылау әдісі қолданылған.

Ғылыми жаңалығы және оның жағдайы Дипломдық жұмыстың негізі ғылыми жаңалығы мынадай:

  1. Дайын өнімнің есебі мен аудитін қалыптастырудың тұжырымдамасы дайындалды.
  2. Зерттеу объектісін басқарудың қағидаларына сәйкес дайын өнімнің есебі мен аудитін  жетілдіру шаралары қарастырылды.

Тәжірибелік маңыздылығы. Дайын өнім барлық салаларда көрініс алады. Соның ішінде экономикадағы маңызы өте зор. Экононмиканың дамуы да дайын өнімге байланысты, яғни  жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар сұраныс пен ұсыныс болғандықтан өнім шығарып экспорт пен импортты дамытады.

Дипломдық жұмыстың пратикалық базасы болып қазіргі кездегі кәсіпорындардың дайын өнім есебі мен аудитін жүргізу мәселелері табылады.

Жұмыстың құрылымы Кiрiспеден, үш бөлiмнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеті, зерттеу  объектісі, зерттеу құралы, ғылыми жаңалығы, жұмыстың тәжірибелік маңызы және жұмыстың құрылымы қарастырылған.

Жұмыстың  теориялық бөлімі, яғни бірінші бөлімі  дайын өнімнің түсінігін ашуға негізделген.

Жұмыстың  тәжірибелік бөлігі, яғни екінші бөлімі «Шығыс қазақстан ұн – құрама жем комбинаты» АҚ - ның дайын өнімінің есебі мен аудитін талдауға негізделген.

Үшінші бөлімде дайын өнім есебін талдау, дайын өнім аудиті және оларды жетілдіру жолдары қарастырылған.

Жұмыстың зерттеу нәтижелері қорытындыда жалпыланған.

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Дипломдық жұмыс бойынша қысқаша  қорытындылау:

Дайын өнім — негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі.  Дайын өнімнің  өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалык шарттарға  сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) кызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және баскадай құжаттармен  куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің кабылдап алғаны және басқа жайлары — міндетті түрде актімен рәсімделеді.

Дайын өнімді есептеу үшін 1320 "Дайын өнім" деп аталатын активті инвентарлық (мүліктік) шот пайдаланылады. Дайын  өнім кәсіпорынның айналым каражатының  құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты езіндік құны бойынша  көрініс табады

Қарастырылып  отырған «Шығыс Қазақстан ұн – құрама жем комбинаты» акционерлік қоғамында дайын өнім өндірілуі  толығымен орындалып және уақытында есеп айырылысып тұрады..

Қандай  да болмасын шаруашылық субъектілерін  олардың қандай салада қызмет атқаратындығына  қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың  барлығының дайын өнім өндіреді. Кез  келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын  шаруашылық субъектісі сол сататын  тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы  субъектінің алдында міндетті болуы  мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі  қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы  қызметкерлерге олардың істеген  еңбегі үшін, сондай –ақ бюджетке түрлі  салықтар үшін қарыз немесе оның алдында  міндеттемесі болуы мүмкін.

Кәсіпорынның  қаржы жағдайының тиімділігіне талдау жасау үшін түрлі әдстер мен көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен ресурстарды  тиімді пайдалануды және олардың  қайтарымын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, пайдалылық көрсеткіштер, кәсіпорынның нарықтағы кәсіпкерлігінің белсенділігін  қамтитын көрсеткіштер, кәсіпорынның қаржы орнықтылығы және төлем  қабілеттілігінің көрсеткіштер жүйесі. Нарықтық жағдайда кәсіпорын экономикалық дербес тауар өндіруші ретінде мемлкеттік шеңберде бекітілген салық аударымы және әлеуметтік шектеу меншікті өндірісті  дамыту тиімділігінің кез келген бағалылығын пайдалануға ерікті.

Өндірістің  тиімділігін анықтау тиімділіктің өлшемін белгілеуден басталады. Ол кәсіпорынның қойған даму мақсатына  сай қол жететін нәтижелілікті  барынша көбейту немесе өндірістік шығындарды, барынша азайту қажеттілігінен шығады.

Кәсіпорынның  қаржы жағдайы төлем қабілеттілігі, пайдалылығы, активтерді пайдалану  тиімділігі және меншікті (акционерлі) капиталы, өтемпаздығымен сипатталады.

Жұмысқа қорытынды жасай отырып мынадай кеңестер және тұжырым шығаруға болады. Дайын өнім өндіруін басқарудың ғылыми негізделген стратегиясы мен бағдарламасын жасау қажет. Компанияның төлемге қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы көбіне бизнеске салынған қаржының қаншалықты тез айналысқа түсетіндігінде және шынайы табыс әкелетіндігіне байланысты болады. Тартылатын ресурстардың ұтымды деңгейін белгілеу кәсіпкерлік қызметте табыстарды жоғары шамаға жеткізудің, шығын мен коммерциялық тәуекелділікті азайтудың ең маңызды алғышарттарының бірі болып табылады.

Техникалық –экономикалық  бағалануды енгізу. Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі шаруашылық субъектілерді күнделікті басқаруда олардағы есеп беру және экономикалық жобалауда аса маңызды орын алады.

Бухгалтерлік  есеп пен аудиттің даму тұжырымдамасы  заңды тұлғалармен жеке кәсіпкерлердің негізін қалайды. Дайын өнім барлық салаларда көрініс алады. Соның  ішінде экономикадағы маңызы өте  зор. Экононмиканың дамуы да дайын  өнімге байланысты, себебі экспорт  пен импорт өнім арқылы дамиды.

Дипломдық жұмыста қарастылып отырған  мәселе толығымен талқыланып экономикаға өз үлесін қосты деп есептеймін. Шаруашылық субъектілердің қаржылық есебінің дұрыстығы тәуелсіз аудиторлар арқылы расталып, олардың есеп беру жұмыстарымен расталып бекітіледі.

Өндірістік  тапсырмалардың орындалу барысын жедел  байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел  есептеп отыру үшін енеркәсіптің барлык салаларында "Өнім шығару жиынтығы" деген кұжаттың нысаны колданылады.

Дайын өнім есебі кәсіпорын үшін ең маңызды  негізгі  есеп түрлерінің бірі болып  табылады. Дайын өнім есебінің дұрыс, уақытында ұйымдастырылуынан, өткізуден  түскен табыстың есептелуі, өндіріс  шығындарының жабылуы, өткізу көлемінің  анықталуы тығыз байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

[1] В.В. Родостовец, В.К. Родостовец «Бухгалтерлік  есеп теориясы». Экономика баспасы,  Алматы 2006. – 351 б. 

[2] Б.С. Мырзалиев,  А.А. Сәтмырзаев, Р.С. Әбдішүкіров  «Бухгалтерлік есеп    теориясы  және тәжірибесі». Экономика баспасы,  Алматы 2008.- 336 б.

[3] Қ.К. Кеулімжаев, Н.А. Құдайбергенов «Бухгалтерлік  есеп теориясы және   негіздері». А.: Экономика 2006.- 450 б.

[4] Баян Көшенова  «Ақша, Несие, Банктер, Валюта  қатынастары» А.: «Экономика». 2000. –  335 б.

[5] Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов  «Бухгалтерлік есеп принциптері»  Алматы баспасы,  Экономикс 2003. – 360 б.

[6]  Д.О  Абленов «Аудит негіздері» А.:  Экономика, - 2005.- 351 б.

[7] С.Б. Баймұханова  «Қаржылық есеп» А.: Экономика  , -2007. – 256 б.

[8] Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева «Қаржылық есеп»  Алматы баспасы, Экономика 2001. – 336 б.

[9] Б.С. Мырзалиев,  Р.С. Әбдішүкіров «Кәсіпкерлік  қызметте бухгалтерлік есепті  ұйымдастыру» А.: Экономикс. 2006. –  450 б.

[10] В.Л. Назарова Кәсіпорын бухгалтерлік есебі Оқулық /. Т. Рыскулова. 2006. – 355 б.

[11] А.П. Салина Бухгалтерлік есеп принциптері. Оқулық. А.: Экономика .2003. – 333 б.

[12] Э,О, Нурсеитов Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп: Оқулық. Алматы: LEM 2006. – 260 б.

[13] В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы баспасы, Экономика  2002. – 456 б.

[14] Сәтмырзаев, Б.Е. Укашев «Аудит теориясы»  Алматы 2000. – 339 б.

[15] Я.Ә. Әубәкіров,  Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.  Табиев      «Экономикалық  теория» Алматы «Қазақ университеті»  1999.- 315 б.

[16] К.З. Хамитова  «Экономика және кәсіпкерлік  негіздері» Фолиант баспасы , Астана 2007. – 233 б.

[17] С.С. Мәуленова,  С.Қ. Бекмолдин, Е.Қ. Құдайбергенов  «Экономикалық  теория» Алматы.Экономика  2003. – 336 б.

[18] С.С. Сахариев, А.С. Сахариева «Жаңа кезең  – экономикалық теориясы» Алматы  «Данекер» 2004.- 351 б.

[19] Ө.Қ. Шеденов,  Ү.С. Байжомартов, Б.А. Жүнісов,  Б.И. Комягин «Жалпы экономикалық  теория» Алматы-Ақтөбе 2002.- 351 б.

Информация о работе Негизги куралдардвн есеби жане оларды багалау