Бюджеттеудің негізі және бюджет туралы жалпы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 11:13, курсовая работа

Краткое описание

Басқару есебінің мақсаты – күн өткен сайын азайып келе жатқан тауарлық материалдық қорларды үнемдеу әдістерін тауып, ұйым мен фирмалардың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, өндірістік шығындарды азайтып, табысын көбейту.
Басқару есебі бойынша ұсынылатын ақпараттарға баса назар аудару, өндірісті басқару тиімділігіне, өткізу мен сатудың сәттілігіне тиісті әсерін тигізіп қана қоймай, менеджерлердің әрбір процесс бойынша уақытылы басқарушылық шешімдер қабылдауына ықпал етеді.

Оглавление

Кіріспе.........................................................................................................2-3

Негізгі бөлім...............................................................................................4 - 22
Кәсіпорын қызметінің бюджеті, бюджет туралы түсінік............ 4-7
Бюджеттің функциялары................................................................ 7-9
Бас және функциялық бюджет құрылымы....................................9-10
Кәсіпорын бюджетін қалыптастыру әдісі.....................................10-15
Кәсіпорын пайдасы бойынша бюджеттік міндемменің орындалуын факторлық талдау...........................................................................16-18
Кәсіпорынның жоспарлануы.…………………………………….18-21
Кәсіпорын қызметінің жоспарлануы. Қордың деңгейін жоспарлау және бақылау..................................................................................21-22

Қорытынды.................................................................................................23-24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................25

Файлы: 1 файл

курс раб.docx

— 60.71 Кб (Скачать)

Тікелей еңбекақы шығынының бюджеті.

Бұйым Саны, дана Еңбек сыйымдылығы, адам сағат Барлық сағаттар Сома
«А»        
«Ә»        
Жиыны        
 

    Алтыншы қадам  - жанама өндірістік шығындар. Өндірістік бағдарламаларды орындалуына  қажет өндірістік инфрақұрылымын қамтамасыз етуге кететін шығындар.

Жалпы өндірістік шығын бюджеті.

Шығын Сома
Амортизация  
Коммуналдық қызмет  
Бақылау  
Қосалқы персоналдың төлемі  
Жанама  өнд шығынның жиыны  
 

    Жетінші қадам – бұйым өндірісінің  өзіндік құны.

Қайта санау коэффициенті, шығарылатын  өнімдердің еңбек сыйымдылығы және материалдар шығындарының нормалары  туралы ақпаратпен, бір бұйымды өндірудің  шығынын есептеуге ақпарат бере алады.

Бір бұйымды  өндіру шығыны.

  Бағасы «А» бұйымы «Ә» бұйымы
    саны сомасы саны сомасы
М 11          
М 12          
1 адам  сағатқа келетін негізгі қызметкердің  еңбегі          
Жанама  өндіріс шығыны          
Шығын қорытындысы          
 
 

    Сегізінші қадам  - жоспарлы кезеңнің соңындағы  қойма қалдықтарының бюджеті.

Кәсіпорынның  жоспарлау қызметінің сатысында  есептік кезеңнің соңындағы заттай бағаланатын дайын өнімдердің қорлары  басшылық тарапынан анықталады.

Қорларды  ақша түрінде бағалау үшін өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құнын есептеу  керек. 

Өнім  бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.

Материалдар Саны Бағасы Сомасы Қорытындысы
М 11        
М 12        
Материалдың қорытындысы        
Дайын өнім        
А        
Ә        
Дайын бұйым жиыны        
Қор жиынтығы        
 
 

    Тоғызыншы қадам – өткізілген өнімдердің өзіндік  құн бюджеті.

Өткізілген  өнімдердің бюджетін жасау негізінде  мынадай есептеу формуласы жатады.

Өткізілген  өнімдердің өзіндік құны =  кезең  басындағы дайын өнімдерің қоры + жоспарланған кезеңде өндірілген өнімдердің өзіндік құны – кезең  соңындағы дайын өнімдердің қоры. 

Өткізілген  өнімдердің өзіндік құндарының бюджеті.

Жоспарлы  кезең басындағы дайын өнімдердің қалдығы  
Пайдаланылған материалдар  
Негізгі өндіріс персоналының еңбек шығыны  
Жоспарлы  өндірістік жанама шығындар  
Жоспарлы  кезең өндірістік шығын қорытындысы  
Өткізуге  жарамды өнімдердің өндірудің қалдығын азайту  
Жоспарлы  жылда өткізілген өнімдердің өзіндік  құны  
   
 

    10 – қадам. Коммерциялық және  әкімшілік шығындарының бюджеті.

Коммерциялық  шығын бюджеті алдағы бюджеттік  кезеңде өнімді өткізуге байланысты шығынды көрсетеді. 

Коммерциялық  және әкімшілік шығындарының бюджеті.

Жарнама  
Өткізу  шығындары  
Комиссиялық шығындар  
Маркетингтік  шығындардың қорытындысы  
Офис  жалақысы  
Басшылардың жалақысы  
Офисті  жалдау  
Басқадай  шығындар  
Әкімшілік шығындардың қорытындысы  
Коммерциялық  жалпы шаруашылық шығындарының қорытындысы  

Әкімшілік шығын бюджеті алдағы бюджеттік  кезеңде тұтас кәсіпорын бойынша  инфрақұрылымды қамтамасыз етуге шығынды  көрсетеді.

Коммерциялық  шығын бюджеті алдағы кезеңде  өнім өткізумен байланысты шығынның ретімен жасалған жоспарын білдіреді. Коммерциялық шығын бюджетін әзірлеуде  және орындауды сату бөлімі жүзеге асырады. 

    11 – қадам. Бюджет  - кірістер мен шығыстар туралы жоспарлы есеп беру.

Кірістер  мен шығыстар бюджеті тұтастай кәсіпорынның және алдағы бюджеттік кезеңге алынатын қаржылық нәтижеге жоспарланған оның құрылымы мен шамасын көрсетеді. 

Табыс пен шығыстардың есебі.

Сатулар Сомасы
  Өткізілген  өнімдердің өзіндік құны  
Жалпы маржа (пайда)  
  Маркетингтік  және әкімшілік шығындарын азайту  
Негізгі қызметтен түсетін пайда  
 
 

Кәсіпорын пайдасы бойынша  бюджеттік міндеттің  орындалуын факторлық  талдау.

    Бюджет  функциясы бақылау құралы ретінде  жоспарлы көрсеткіштерді нақтымен салыстыру  барысында жүзеге асады. Кәсіпорын  қызметінің көрсеткіштерін талдау мен  түзілу мақсаттарына қарай бюджеттер  тұрақты және икемді деп бөлінеді.

    Тұрақты бюджет -  бұл ұйымның іскер белсенділігінің нақты деңгейіне есептелген, яғни өткізудің бір деңгейіне негізделген жоспар.

    Икемді  жоспар – бұл іскер белсенділіктің белгілі бір диапазоны үшін жасалатын динамикалық жоспар және өткізу деңгейінің өзгеруіне байланысты шығындардың өзгерісін ескереді.

    Тұрақты бюджет – табыс пен шығын өзгерудің тек бір деңгейімен жоспарланады. Бас бюджетке кіретін барлық бюджет тұрақты болып саналады, өйткені кәсіпорынның кірісі мен шығысы өткізудің нақты жоспарланған деңгейінен бас бюджеттің құрамдық бөлігінде болжанады. Тұрақты бюджет болжалды өндіру мен өткізудің белгілі бір деңгейіне есептелген бюджет.

    Тұрақты бюджетті нақты қол жеткен нәтижелермен салыстыруда ұйым қызметінің нақты  деңгейі ескеріледі, яғни барлық нақты  нәтижелер болжауларымен салыстырылады. Жоспардан ауытқуларды талдаудың бұл деңгейі нөлдік деп саналады. Тұрақты бюджет негізінде қызметтердің есеп беруін қарастырайық. 

2004  жылдың тұрақты бюджет негізінде  кәсіпорынның қызметі туралы  есеп беру.

Көрсеткіштер Нақты Бас бюджет Бас бюджеттен  ауытқу Жайлы (ж) жайлы  емес (е)
  Өткізу, данамен 14 000 18 000 4 000 Е
  Өткізуден түскен түсім, мың теңгемен 434 000 558 000 124 000 Е
  Өзгермелі шығын, мың теңгемен. Оның ішінде 293 000 418 000 124 600 Ж
 
  1. Материалдың тікелей шығыны
140 000 180 000 40 000 Ж
 
  1. Негізгі жұмысшылардың  еңбекақысы
112 000 164 000 52 000 Ж
 
  1. Қосалқы жұмысшылардың еңбекақысы
22 400 28 800 6 400 Ж
 
  1. Көлік шығындары
8 400 10 800 2 400 Ж
 
  1. Басқа да өзгермелі шығындар
10 600 34 400 23 800 Ж
  Тұрақты шығын, мың теңгемен. Оның ішінде: 140 600 14 000 600 Е
 
  1. Цех бастықтары мен мастерлердің еңбекақылары
29 400 28 800 600 Е
 
  1. Үй ғимаратты  жалдау
10 000 10 000 - -
 
  1. Амортизация
30 000 30 000 - -
 
  1. Басқа өнд  тұрақты шығындар
5 200 5 200 - -
 
  1. Тұрақты әкімшілік  шығындар
66 000 66 000 - -
 

    Икемді  бюджет  -  өндіріс көлемінің  өзгеруіне байланысты шығындардың  өзгеруі мен өндіріс көлемінің  әр түрлі деңгейін ескереді. Ол жоспарлы көрсеткіштермен қол жеткен нәтижелерді  салыстырудың динамикалық негізін  білдіреді.

Егер  тұрақты бюджетте шығындар жоспраланса, онда икемді де олар есептеледі.

    Икемді  бюджетті жасаудың негізінде шығындар өзгермелі және тұрақты болып  бөлінеді.

    Икемді  бюджет ұйым мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерін талдау мен бақылауға  үлкен мүмкіндік тудырады, өндіру ауқымының өзгеруіне қарай жоспарланған шығын деңгейінің өзгерісін ескеруге мүмкіндік береді. Осы мақсатта, нақты өнім шығарылымын ескеріп  өзгермелі шығынға түзету жасайды. Тұрақты шығын өзгеріссіз қалады, өйткені өндіру мен өткізудің  көлеміне тәуелді болмайды.

    Өзгермелі шығынға өнім бірлігінің мөлшері  анықталады. Кестеден белгілі болғандай, материалдардың тікелей шығыны: 180 000 : 18 000 = 10 000 теңгені құрайды.

    Оны өткізудің нақты қол жеткен көлеміне көбейтеміз:

10 000 * 1 400 = 140 000 теңге. Одан әрі есептеу барлық өзгермелі шығындар бойынша жүргізіледі.

    Кәсіпорын өз стандарттары бойынша өндірістік ресурстардың шығын мөлшерін дербес анықтайды. Алынған түсім нақты  қол жеткен деңгейге түзетіледі.

Өткізудің болжанған бағасы мынаған тең  болады: 558 000 : 18 000 = 31 000 теңге.

    Нақты өткізілген өнім бірлігі 14 000 теңге.

Осыған  орай, икемді бюджет бойынша өткізу көлемі 31 000 * 14 000 = 434 000 теңге.

Сату  көлемін кеміту есебінен түсім 124 000 теңгеге кеміді. 
 

      Кәсіпорын қызметінің жоспарлануы.

    Жоспарлау -  бұл тек бір жағдайды ғана емес, барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтитын шешім қабылдау процесінің ерекше тұрпаты. Ол ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болуы мүмкін. Алдағы кезеңге құрылған жоспар төрт бес жылдың ішінде, тіпті одан да ұзақ кезеңдегі келешектегі оқиғалардың дамуына қатысты әкімшіліктің ұйғарымдарын жинақтайды.

    Ұзақ  мерзімді жоспарлаудың міндеті  - бүгінгі  таңда немесе жақын арада арнайы шараларды қабылдауды талап ететін қажеттіліктер мен сұрау салуларды  қарастырады. Кәсіпорын ұзақ жылдардың  ішінде қандай да бір оқиғаның дамуына  аяқ астынан ұрылып қалмауы керек. Кәсіпорын басшылығы болашаққа  қам жасауы керек, өйткені кәсіпорынның негізгі өнім түрі, айталық он жылдың ішінде жеткілікті дәрежеде пайда әкеледі  деп кесіп айту қиын. Жоспарлау  процессінде мына сауалдарға жауаптар әзір болуы керек. Кәсіпорын неге ұмтылады? Алдына қойған міндеттерін  қашан және қалай шешеді? Егер басшылық бұл мәселелерде бір келісімге  келетін болса, онда ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспардан тұратын  қолданысқа енгізетін бағдарламаны әзірлеуге кірісуі қажет. Қысқа  мерзімді жоспар рет ретімен жасалатын, жылдық бюджетті білдіреді.

Информация о работе Бюджеттеудің негізі және бюджет туралы жалпы түсінік