Бюджеттеудің негізі және бюджет туралы жалпы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 11:13, курсовая работа

Краткое описание

Басқару есебінің мақсаты – күн өткен сайын азайып келе жатқан тауарлық материалдық қорларды үнемдеу әдістерін тауып, ұйым мен фирмалардың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, өндірістік шығындарды азайтып, табысын көбейту.
Басқару есебі бойынша ұсынылатын ақпараттарға баса назар аудару, өндірісті басқару тиімділігіне, өткізу мен сатудың сәттілігіне тиісті әсерін тигізіп қана қоймай, менеджерлердің әрбір процесс бойынша уақытылы басқарушылық шешімдер қабылдауына ықпал етеді.

Оглавление

Кіріспе.........................................................................................................2-3

Негізгі бөлім...............................................................................................4 - 22
Кәсіпорын қызметінің бюджеті, бюджет туралы түсінік............ 4-7
Бюджеттің функциялары................................................................ 7-9
Бас және функциялық бюджет құрылымы....................................9-10
Кәсіпорын бюджетін қалыптастыру әдісі.....................................10-15
Кәсіпорын пайдасы бойынша бюджеттік міндемменің орындалуын факторлық талдау...........................................................................16-18
Кәсіпорынның жоспарлануы.…………………………………….18-21
Кәсіпорын қызметінің жоспарлануы. Қордың деңгейін жоспарлау және бақылау..................................................................................21-22

Қорытынды.................................................................................................23-24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................25

Файлы: 1 файл

курс раб.docx

— 60.71 Кб (Скачать)

Жоспарлау мен бақылау кәсіпорынды басқарудың аса қажетті шарты болып табылады. Бұл процесс кәсіпорынның белгіленген  жоспарға сай мақсатқа қол жеткізуін  білдіреді. Жоспарлау процесі бақылау  процесімен ажырағысыз байланыста болады. Жоспарлау мен бақылаудың негіздерінде көбінесе бухгалтерлік есеп жүйесі мен статистикалық есеп беруде жиналатын қаржылық және өндірістік ақпараттардың өткен шақтағы талдауы жатады.

    Бақылау мен реттеу  - ауытқуларды анықтау мен алшықтарды түзету мақсаттарында жоспарлы көрсеткіштер мен нақты нәтижені салыстыруды білдіреді. Бұл келтірілген нақты нәтижелердің жоспарлануына сәйкес бағытталған немесе одан әрі жүзеге асыруға жарамайтыны анықталса, жоспарды қайтадан қарастыратын әрекет түрінде де көрінуі мүмкін. Бақылау және реттеу процесі ұзақ мерзімді жоспардан жүзеге асатынын немесе аспайтынын бағалауға мүмкіндік береді. Күрделі проблемаларды шешеді, келешекте зиянды болдырмау үшін мақсаттар мен міндеттемелерді өзгерту шараларын қабылдайды. Егер алдыға қойған мақсатқа қол жетпейтіні анықталатын болса, онда бақылау мен реттеу процессінде алынған мәліметтерді компанияның мақсаттары мен ұзақ мерзімді жоспарын қайтадан қарастыруда қолданады.

    Өндіріс процессін басқару бірнеше қызметті қамтиды, олардың іщінде жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, реттеу, есептеу, бақылау, талдау және ынталандыру бар.

    Жоспарлау  - басқару қызметінің маңызды бір  саласы ретінде қарастырылады. Әрі  басқарушылық бақылау процесінің бір  бөлігі болып табылатын жоспарлау  бойынша, негізгі екі қызмет түрін  бөліп қарастырады. Оның біріншісі  бағдарламаны әзірлеу, қызметтің негізгі бағыты бойынша шешім қабылдау процесі, ол қабылданған стратегияны жүзеге асыру үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеуді білдіреді. Екіншісі бюджетті әзірлеу, тұтас кезеңдерге, әдетте бір жылға созылатын барлық ұйымдардың, оның жекелеген бөлімшелерінің қызметін жоспарлау процесі.

    Жоспарлау – бұл тек бір жағдайды ғана емес, барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтитын шешім қабылдау процесінің ерекше тұрпаты.

    Жоспарлау қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) болады. Келешек кезеңге жоспар үш бес жылдарға құрылады.

    Жоспарлау кәсіпорынға белгілі бір кезеңде  қол жеткізуге міндетті немесе мүдделі  сандық және сапалы көрсеткіштер түріндегі  қызметтің алдына мақсат қоюын ұйғарады.

Жоспарлау кезеңдеріне қарай,

  • Оперативті жоспарлау.

    Бір жылға дейінгі кезеңге жасалады.

  • Тактикалық жоспарлау.

    Бір жылдан үш жылға дейін кезеңді  қамтиды.

  • Стратегиялық жоспарлау.

    Үш  жылдан аса көп кезеңге арналған. 

Кәсіпорынға жоспарлау жүйесін енгізу мына міндеттерді  шешуге тиісті;

  • Кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру;
  • Тұтас кәсіпорын мен оның жекелеген бөлімшелерінің мүдделерін ұштастыру және қызметтерді үйлестіруді қамтамасыз ету;
  • Шаруашылық қызметтің әр түрлі нұсқаларына болжам жасау, талдау, бағалау және қабылданатын басқарушылық шешімнің негізділігін арттыру;
  • Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту.
 
 

Жоспар  былайша жіктелуі мүмкін:

  • Оперативті жоспар  - ұйымның өз мақсатына қол жеткізумен тікелей байланысты тактикалық жоспар. Оған мысал ретінде, жылдық немесе тоқсандық бюджеттер түрінде қалыптасатын қысқа мерзімді өндіріс жоспарын айтуға болады.
  • Әкімшілік жоспары  -  ұйымдық құрылымды дамытудың және қолдаудың тактикалық жоспары. Оның мақсаты, орындаудың қалаулы деңгейіне жететін ұйым құру. Ол жыл сайын қарастырылатын, орта мерзімді жоспарлар болып табылады.
  • Стратегиялық жоспар -  бизнестің негізгі даму жоспары және ұйымдардың ұзақ мерзімді құрылымдық жоспары. Кәсіпорын стратегиясы жүйелі түрде қаралмайды, тек қажет болған жағдайда ғана қарастырылады.

    Стратегиялық  жоспарлау арқылы бизнесс саласындағы  қызметті қалай кеңейту туралы шешім қабылданады, бизнестің жаңа саласын қалыптастырады. Тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру процессін ынталандырады, нарықтық сұранысты қанағаттандыру үшін кәсіпорын қандай шарттарды орындауы керектігін, қандай нарықта әрекет етуді, бизнесті қандай серіктестікпен жүргізуді анықтайды. Стратегиялық жоспарлаудың нәтижесінде кәсіпорын алдағы кезеңнің мақсаттарын айқындап, оларға қол жеткізетін құралды жасайды. 

    Жоспарлау – ресурстарды пайдалану және табыс табу үшін болашақта орындалуы қажет әрекеттерді анықтау процессін білдіретін басқарудың аса маңызды бір функциясы. Бүгінгі таңда кәсіпорын қызметін жоспарлау мыналарға байланысты күрделі мәселе күйінде қалып отыр:

    • Жоспар және қаражат бұрыңғыдай «жоғарыдан» түспейді, кәсіпорын нарық жағдайына өздігінен бағдарлануы керек;
    • Жоспарлау процесі уақытты созатындықтан ол оперативті басқарушылық шешім қабылдауға жарамсыз болады;
    • Көптеген кәсіпорындарда нарық конъюктурасы туралы, ағымдағы ресурстарға қажеттілікпен оны қаржыландыратын көздер туралы шындыққа жанасымды және уақтылы ақпараттар жоқ;
    • Жоспарлау барысында баға белгілеудің шығын механизмі тән, бағалар нарықтық жағдайларды ескермей, толық өзіндік құндар мен пайдалылық нормативімен қалыптасады;
    • Экономикалық жоспарлау жоспарлы құжаттарды дәстүрлі жолмен әзірлейтіндіктен олардың көбісі кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдауда жарамсыз.
 

        Жоспарлау дегеніміздің өзі  -  кәсіпорынның проблемаларын алдын ала болжай отырып, асығыстық шешімге жол бермеу. Жоспарлау шешім қабылдаудың ерекше түрі ретінде барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтиды. Жоспарлаудың негізгі мақсаты, кәсіпорынның өндірістік қаржылық операцияларындағы қызметін анықтау, уақыт бойынша және кәсіпорынның бөлімшелері бойынша оны нақтылау, алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қаржы көздерін және ресурстардың қажетті мөлшерін анықтау. 

    Қордың  оптималдық мөлшерін есептеу.

         Қорлардағы  инвестициялар -  олар көпшілік өнеркәсіптік және саудалық кәсіпорындардың ірі активтері. Сондықтан, қорлармен тиімді басқару және сол инвестициялардың ақталмай қалғаны аса маңызды. Фирма қорлардағы инвестициялардың оптималдық деңгейін анықтау қажет, бірақ сонымен қатар ол екі қайшы талаптарымен қақтығысады. Біріншіден, ол өнімді өндіруге және үлестіруіне жеткілікті қорлардың бар болуын қамтамасыз ету керек. Екіншіден, ол қажетті, бірақ ескіру тәуекелін көбейтетін, артық қорлардан тұратын қордан тұру қажет. Қорлардың оптималдық шамасы осы ақырғы нүктелер арасында болады. Біздің мақсатымыз белгілі сұраныс бойынша қөорлардың оптималдық мөлшерін анықтау, сонымен қатар өнім және материалдар қажеттілігін жоспарлаудың альтернативтік әдістерін қарастыру. Тапсырыстың оптималдық мөлшері сақталған қорлардың көлеміне немесе орындалған тапсырыстардың көлеміне әсерін тигізетін шығындармен анықталады. Егер бір уақытта көп бірлік көлемі тапсырылса, онда бір жыл ішінде аз тапсырыс орындалады, яғни тапсырысты орынлау құны төмендейді. Бірақ, аз тапсырысты орындаған кезде, тауарлы құндылықтарды қорының сақтау құнын көбейтуге соқтыратын үлкен орташа қор болу керек. Қорлардың үлкен көлемін орналастыру құнымен салыстырғанда, тауарлы материалдық құндылықтар қорының сақтау құнының төмендету мәселесінде болып тұр. Тапсырыстың оптималдық мөлшері, ол ТМҚ қорларын сақтау және тапсырыстардың барлық көлемінің құны оптималдық мөлшері экономикалық мөлшері ретінде қарастырылады. Оны әртүрлі шама бойынша жалпы тапсырыс құнының кестесінің көмегімен, графмкалық бейнелеумен немесе формуламен анықтауға болады. Барлық үш тәсілдер келесі мысалда көрсетілген;

    Мысалы:

    Сыртқы  жабдықтаушыдан компания бір бөлігін  тоғыз теңгеден шикізат сатып  алуда. Бұл өнімнің жалпы жылдық қажеттілігі, қырық мың бірлік және келесідей қосымша ақпараттар бар:

    ТМҚ қорына салынған инвестицияларға қажетті  жылдық тапсырыс (10% * 9)         0,90

    Қорлар  бірліктерін сақтаудың басқадай шығындары  0,10

     Қорлар  бірліктерін сақтаудың құны    1,00  

    Бір тапсырысты жабдықтау шығыны,

    Кеңселік,тұрақты, пошталық, телефондық   2,00 

     Сіз тапсырыстың оптималдық мөлшерін анықтауыңыз қажет.

    Кестелік  әдіс.

    Тапсырыстың мөлшері, бірлік 100 200 300 400 500 600 800 10000
    Орташа  қор, бірлік 50 100 150 200 250 300 400 5000
    Жабдықтау тапсырыстың көлемі 400 200 133 100 80 67 50 4
    Тапсырысты  сақтаудың жылдық құны, теңге 50 100 150 200 250 300 400 5000
    Тапсырысты  орындаудың құны, теңге 800 400   200 160 134 100 8
    Жалпы релеванттық, теңге 850 500 416 400 410 434 500 5000
 
 
 
 

Қорытынды.

    Бақылаумен  қатар, басқарудың ең маңызды функциясына  жоспарлау жатады. Жоспралаудың ең нақтыланған деңгейі, бюджеттік  жоспарлау. Ақша түріндегі сандық жоспарды бюджет деп ұғуға болады. Бюджет жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалаудың негізі болып табылады.

    Жоспарлар оперативті, әкімшілік және стратегиялық деп бөлінеді. Мерзімі бойынша  қысқа мерзімді жоспарлау және алдағы кезеңді жоспарлау деп бөлінеді. Нақтыланған бюджеттер әдетте қысқа  кезеңдерге бөлу арқылы ең ұзақ дегенде  бір жылға жасалады. Қысқа мерзімді жоспарлау бақылап басқарудың мақсаттары  үшін жасалады.

    Бюджет  функцияларына жататындар: алға қойған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлау, әр түрлі қызметтер және жекелеген  бөлімшелерді үйлестіру, басшыларды жауапты  орталықтарының мақсаттарына қол жеткізуін  ынталандыру, ағымдағы қызметтерді  бақылау.

    Бас бюджет, тұтас ұйымдағы барлық бөлімшелер мен функциялардың үйлестірілген  жұмыс жоспары. Ол екі негізгі  жоспардан, опреативтік және қаржылық бюджет. Оперативтік, кәсіпорынның жеке функциялары немесе сегменті үшін жоспарлы операциялар қайта есептеледі. Қаржылық бюджетте қаржы қаражатының болжаулы көздері мен оларды жоспарлы кезеңде пайдаланудың бағыттары көрсетіледі.

    Оған  кіретіндер: капиталдық шығын бойынша  жоспар, ақшалай қаражат жоспары  және ақшалай қаражат қозғалысы  туралы есеп берумен жоспарлы бухгалтерлік баланс.

    Бюджеттің орындалуын бағалау жоспарлыдан  нақты қол жеткен нәтижелерінің  ауытқуын талдауға негізделеді.

    Бас бюджетті жасау процесінің шығу нүктесіне  сату бюджетін әзірлеу жатады, өйткені  түсім нақты нарықтағы өткізудің  негізгі мүмкіндіктерімен, яғни, сыртқы факторлармен анықталады.

    Ақшалай қаражат бюджеті, бұл ақшалай  түсімінің төлемдердің және алдағы кезеңге төлеу жоспары.

    Аталған жоспар, екі бөлімнен тұрады және мына мақсаттарды көздейді. Біріншіден, жоспарлы кезең соңында ақшалай  қаражат шотындағы ақырғы сальдоны көрсетеді. Екіншіден, жоспарлы кезеңнің ішіндегі әр айдың аяғында ақшалай  қаражаттың қалдықтарын болжайды, қаржылық ресурстың артық шығатын немесе кем шығатын кезеңдерін анықтайды.

Информация о работе Бюджеттеудің негізі және бюджет туралы жалпы түсінік