Бюджеттеудің негізі және бюджет туралы жалпы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 11:13, курсовая работа

Краткое описание

Басқару есебінің мақсаты – күн өткен сайын азайып келе жатқан тауарлық материалдық қорларды үнемдеу әдістерін тауып, ұйым мен фирмалардың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, өндірістік шығындарды азайтып, табысын көбейту.
Басқару есебі бойынша ұсынылатын ақпараттарға баса назар аудару, өндірісті басқару тиімділігіне, өткізу мен сатудың сәттілігіне тиісті әсерін тигізіп қана қоймай, менеджерлердің әрбір процесс бойынша уақытылы басқарушылық шешімдер қабылдауына ықпал етеді.

Оглавление

Кіріспе.........................................................................................................2-3

Негізгі бөлім...............................................................................................4 - 22
Кәсіпорын қызметінің бюджеті, бюджет туралы түсінік............ 4-7
Бюджеттің функциялары................................................................ 7-9
Бас және функциялық бюджет құрылымы....................................9-10
Кәсіпорын бюджетін қалыптастыру әдісі.....................................10-15
Кәсіпорын пайдасы бойынша бюджеттік міндемменің орындалуын факторлық талдау...........................................................................16-18
Кәсіпорынның жоспарлануы.…………………………………….18-21
Кәсіпорын қызметінің жоспарлануы. Қордың деңгейін жоспарлау және бақылау..................................................................................21-22

Қорытынды.................................................................................................23-24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................25

Файлы: 1 файл

курс раб.docx

— 60.71 Кб (Скачать)

       Өндірістік  қызметті басқару ең алдымен жиынтық  функциялар арқылы жүзеге асырылады. Ол көп қырлы әрі әр түрлі объектілерді, қызмет түрлерін, міндеттерді және т.б. қамтуы мүмкін. Бұл қатынаста басқару функциясын мына белгілер бойынша жіктеуге болады:

    • Ұйымның алдына қойған мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлау;
    • Әр түрлі қызмет түрлерін және бөлімшелерді үйлестіру, тұтас ұйым бойынша топтардың және жеке қызметкерлердің мүдделерін бір арнаға салу;
    • Өз жауапты орталықтардың мақсаттарына жеткізу үшін барлық деңгейлердегі басшыларды ынталандыру;
    • Ағымдағы қызметті бақылау және жоспарлы тәртіпті қамтамасыз ету;
    • Жауапты орталықтар мен оның басшыларының жоспарды қалай орындағанына баға берудің негізі;
    • Менеджерлерді оқыту құралы;
    • Ақпарат және басқару;
 

     Жоспарлау – маңызы зор жоспарлы шешім әдетте бағдарламаны әзірлеу барысында жасалады, ал бюджетті әзірлеу процесі мәні бойынша осы жоспарларды нақтылаушы болып табылады.

     Жылдық  бюджетті жасау процесі алдағы кезең  жоспарларын нақтылай түседі, өйткені  басшылар алдағы кезең жоспарлары нақтылыққа айналуы үшін ретімен толық жоспарлар  жасауы керек. 

     Үйлестіру  - әрбір жауапты орталықтың қызметі басқа жауапты орталықтардың жұмысына байланысты болып, бір біріне әсерін тигізіп отырады. Сондықтан да жеке қызмет түрлерінің бюджетін әзірлеу процесінде ұйымның ортақ мақсатына ұмтылатын бөлімшелердің ұйымшылдықпен, яғни келісімге келіп жұмыс істеулерін үйлестіреді. Өндіріс жоспары маркетинг бөлімінің жоспарымен үйлестірілуі аса маңызды, яғни жоспарланған сату көлеміне сай өнім өндіру аса қажет.

     Ынталандыру  - бюджетті жасау процесі тұтас ұйымның да, жауапты орталықтардың да мақсаттарын жүзеге асыруға басшыларды ынталандырудың аса қуатты құралы болуы мүмкін. Әрбір басшы өзінің жауапты орталығының қызметінен қандай нәтиже күтетінін анық білуі керек. 

     Бақылау. Бюджет – оны қалыптастыру, яғни жасау сәтінде қалаулы нәтижелер туралы есеп беруді білдіреді. Мұқият әзірленген бюджет – ең жақсы стандарт. Онымен нақты қол жеткен нәтижелерді салытырады, өйткені ол өзіне әзірлену кезінде болжам жасалған барлық өзгермелілердің тиімділігіне баға беруді де қосады.

Нақты деректерді бюджетпен салыстыру  қай салаға назар аударып, әрекет ету керектігін көрсетеді. Бюджет деректері  мен нақты нәтижелерінің арасындағы ауытқудың талдау мыналарға мүмкіндік  тудырады:

  • Бірінші кезекте назар аударуды талап ететін проблемалық саланы сәйкестендіру;
  • Бюджетті әзірлеу процессінде қарастырылмаған жаңа мүмкіндіктерді анықтау;
  • Бастапқы бюджеттің біршама деңгейде нақты еместігін көрсету.
 

 Бағалау. Ай сайын анықталатын бюджеттегі ауытқулар жыл бойы бақылауға алынады. Бір жылдың нақты деректерімен бюджетті салыстыру әрбір жауапты орталықтар мен бағалаудың басты факторы болып табылады. Бірқатар ұйымдарда менеджерлердің сыйақысы оның жауапты орталығы бойынша жағымды ауытқуының белгілі бір проценті ретінде есептеледі.

Басшылардың жұмысы әдетте олардың сметаны орындаудағы  жетістіктерімен бағаланады. Бірқатар кәсіпорындар өз қызметкерлеріне негізгі  сметада белгіленген мақсатқа жетудегі қабілеттеріне қарай сыйақы тағайындалады.

    Оқыту – бюджет менеджерлерді оқытуға да қызмет етеді. Бюджетті жасау әркімнің өз бөлімшелерінің қызметін толық зерделеп, басқа жауапты орталықтармен қалай қарым қатынас жасайтынын білуге мүмкіндік тудырады. Өз саласының жылдық бюджетін әзірлеуде тәжірибесі бар әрбір адам бұл процесстің үйретуші жағын бағалай білуі керек.

Бюджеттік бақылау үш сатыдан тұрады:

  1. Жоспарлауға әзірлеу;
  2. Жоспарлау;
  3. Бақылау.
 

   Жоспарлауға әзірлеу -  жеке келіссөздер мен талқылауларды талап ететін процесстің аса маңызды бөлігі. Фирманың мақсаттары мен саясаты бастан аяқ баян етілуі керек, өйткені әр түрлі ұйымдардың мақсаттары әр қилы болады.

   Жоспарлау – жоспарлау процесі шектеуші факторларды іріктеуден басталады. Көптеген кәсіпорындар үшін бұл бәсеке аумағы мен клиент санын қоса ескеріп нақты қол жеткізуге болатын сату көлемі болуы мүмкін.

   Бақылау   - не жоспарланды және нақты не болды, осылардың арасында  айырмашылық болғанда қолға алынатын әрекет. Бақылауды жүзеге асырмас бұрын, ең алдымен қол жоспар болуы шарт. Бақылау нақты іс пен жоспардың арасындағы айырмашылық алдын ала анықталған белгілі бір саладағы ауытқудың аясынан шығып кеткенде жүргізіледі. Бюджеттік бақылау нақты шаманы жоспарлы шамамен салыстырады. 

Бас және функциялық бюджеттердің құрылымы.

    Бас бюджет тұтас ұйым бойынша барлық бөлімшелер немесе функцияларды үйлестіретін жұмыс жоспары және ол екі негізгі  бюджеттен – оперативті және қаржылық бюджеттен тұрады.

    Бюджеттік жоспарлауға жататындар: барлық жауапты  орталықтарды жоспарлау, қызметті бағалау  барысында қолданылатын көрсеткіштерді анықтау, жаңа жағдаймен байланысты жоспардағы ықтимал өзгерістерді талқыға  салу, ұсыныстарды ескеріп, жоспарға түзету енгізу.

Міндеттерге байланысты бюджет түрлерін атап көрсетуге  болады:

  • Бас жоспар және жеке
  • Икемді және тұрақты
 

   Бас бюджет кәсіпорынның барлық қаржылық шаруашылық қызметін қамтиды. Бас бюджеттің  негізгі мақсаты жеке бюджет негізінде  бөлімшелерінің сметалары мен жоспарларын  біріктіру және жинақтау. 
 

   Бас бюджетті жасау нәтижесінде мыналар  жасалады:

  • Болжаулы баланс;
  • Табыс пен залал жоспары;
  • Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы жоспар.
 

Кез келген ұйымның бас бюджеті екі бөлімнен тұрады:

  1. Ұйымдардың кіріс және шығыс баптарын бейнелейтін қосалқы сметалар арқылы нақтыланған пайда және залал жоспарын қамтитын операциялық бюджет;
  2. Капитал жұмсау, ақшалай қаражаттың қозғалысы және болжаулы баланс бюджеттерін қамтитын қаржы бюджеті.
 

   Бас бюджеттің құрылымы, әсіресе оның операциялық бөлігі әзірлеушінің біліктілігі  мен тәжірибесіне қарай бюджетті жасау процесі кәсіпорынның қаржылық құрылымымен интеграцияланатын  ұйымдастыру деңгейінің мөлшері, бюджет мәні болып табылатындықтан ұйымның  қызмет түрлеріне көп байланысты.

   Бас бюджет бұл кәсіпорын қызметінің мақсаттарына қол жеткізуге аса  қажетті маркетингтік және өндірістік жоспарлардың қаржылық және сандық тұрғыдан анықталған көрінісі. 

Кәсіпорын бюджетін қалыптастыру әдісі. 
 

    Бюджет  – нақты жүзеге асыру мақсатындағы жоспардың сандық көрінісі. Ол тұтас  ұйым үшін де, оның бөлімшелері үшін де жасалуы мүмкін.

    Бюджет  шын мәнінде пайдалы құжат  болуы үшін бірнеше әзірлік жұмыстары  жүргізілуі керек.

    Тактикалық  бюджет әдетте өндіру немесе сату немесе құрылымдық бөлімшелер сияқты ұйымның жекелеген функциялары ретінде болатын әрбір бюджеттік орталықтар үшін жасалады. Бюджеттік орталықтарына бөлу ұйымның құрылымымен анықталса, ол әрдайым менеджерлердің жауапкершілігіндегі салаларға сәйкес келеді.

    Алайда, ұйымды басқару, тиімді жоспарлау және бюджет деректерін бақылау бейінделуі керек. Өндіріс бюджеті үшін жылдық нәтиже не ай үшін барлық шығарылатын  бұйымдардың номенклатурасы бойынша  және қор түрлері бойынша бөлшекте нақтыланады.

    Нақтылау  - қызметтердің маусымдық ауытқу параметрлерін көрсетеді жне мысал ретінде шикізат сатып алу кестесін айтуға болатын, кәсіпорынның өндіріс функцияларымен шектесуші орындаудың онтайлы кестесін әзірлеуге мүмкіндік береді. Стратрегиялық бюджет те, барлық мезгілі аясында жыл бойынша бейінделуі ықтимал. 

    Бюджетті  қалыптастырудың екінші сатысы –  капитал шығының бюджетін, ақшалай  қаражат қозғалысының бюджетін, жоспарлы кезеңнің соңындағы балансты және ақша ағыны туралы есеп беруді қамтитын кәсіпорынның қаржылық бюджетін жасайды.

    Бюджеттік кезең. Бюджеттендірудің негізгі мақсаттарының  біріне әр түрлі ұйымдық функцияларды үйлестіруді қамтамасыз ету кіреді. Бұл бюджетті жасаудың тәртібін көрінеді.

    Бюджетті  қалыптастырудың шығу нүктесі  - сату бюджеті, кәсіпорын сатылатын  тауарлардың қанша екенін біліп  отырса, оларға қанша тауар өндіру керек екенін анықтай алады.

    Бірінші қадам – сату бюджеті. Өнім түрлері  бойынша бюджеттік кезеңнің ішіндегі сату көлемін көрсетеді.

Сату  жоспары

Бұйым Саны Бағасы Сомасы
А      
Жиыны      
 

    Екінші  қадам – өндіріс бюджеті. Алдағы  бюджеттік кезенде шығарылатын  өнімдердің түрі мен санын анықтайды.

Өндіріс жоспары.

  А бұйымы Ә бұйымы
Сату  болжауы    
Жоспарлы  жылдың сон норма    
Қорытындысында  керегі    
Жоспарлы  жылдың басындағы қалдықты азайту    
Өндіріс қорытындысы    
 
 

           Үшінші қадам – материалдарды пайдалану бюджеті. Оны әзірлеу үшін өндіріс бюджетінде көрініс тапқан жоспарлы шығарылым туралы дерек және өнімнің әр түрін дайындау кезеңіндегі материалдарды пайдаланудың нормативтері туралы мәліметтер қажет болады.

Материалдарды сатыпалуды жоспарлауда жоспарлы кезеңнің басында да, аяғында да, материал қорының деңгейін ескеру керек.

Материалдарды пайдалану жоспары.

Атаулары М11 М12 Жиыны
«А» бұйым  саны, шығыны      
«Ә» бұйым  саны, шығыны      
Қорытынды керегі      
 

         Төртінші қадам - материалдарды сатып алу қадамы. Тұтас кәсіпорын және өнім түрлері бойынша заттай және құндық түрде алдағы бюджеттік кезеңдегі материалдардың, шикізаттың шығындары туралы ақпарат қамтиды.

         Материалдарды пайдалану бюджеті материалдарды сатып алу бюджетін жасау барысында жөнелтуші пункті рөлінде болады. Сатып алу бюджетінде өндірістік міндеттердің орындалуына қажетті шикізат пен материалдардың саны мен сатып алудың мерзімі анықталады.

Тікелей материал шығынының бюджеті.

Көрсеткіштер М11 М12 Жиыны
Материал  талап етілді      
Жоспарлы  кезен соңындағы мөлшер      
Қорытынды талап етілді      
Кезең басындағы мөлшер      
Сатып алуға қорытынды      
Баға, теңгемен      
Сатып алу шығыны      
 
 

    Бесінші қадам – нег– негізгі өндіріс  персоналының еңбек шығыны бюджеті. Негізгі өндіріс персоналының қажеттілігін және жоспарлы кезеңде оның еңбекақы шығының көрсетеді. 
 
 
 

Информация о работе Бюджеттеудің негізі және бюджет туралы жалпы түсінік