Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 20:11, реферат
Ежелгі Қытай мемлекеті шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы әрі монах, әрі жрец және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда рубасылары, отбасы (семья) тұрды. Ал құлдар болса, олар жануарлар сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды. Заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады.
1. Ежелгі Қытай философиясы және негізгі мектептері
І. Кіріспе:
1. Көне Қытай философиясы 2
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: 3
2.2. Конфуций мектебі 4
2.3. Даосизм мектебі 6
2.4. Легизм мектебі 7
ІІІ. Қорытынды 8
Қолданылған әдебиеттер 9
І. Кіріспе:
1. Көне Қытай философиясы 2
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: 3
2.2. Конфуций мектебі 4
2.3. Даосизм мектебі 6
2.4. Легизм мектебі 7
ІІІ. Қорытынды 8
Қолданылған әдебиеттер 9
1. Көне Қытай философиясы
Ежелгі Қытай мемлекеті шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы әрі монах, әрі жрец және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда рубасылары, отбасы (семья) тұрды. Ал құлдар болса, олар жануарлар сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды. Заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) алдында әртүрлі әлеуметтік сатылардың бәрі тең болды. Халық арасындағы қарым-қатынас күрделі, шым-шытырық ритуалдарға негізделді. Мысалы, тірілердін өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына, жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни көзқарас, әдет-ғұрып, дәстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар жоғары әлеуметтік сатыда түрғандар мен төменгі сатыдағылардың арақатынасын нақтылап, айқындайды, т.б.
Қытайлардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары «Бес кітап» (У цзин) аталатын кітаптарда шоғырланған. Бұл кітаптар өздерін білімді санайтын өр адамның көзқарастарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы, математика, астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер негізінде Ай мен Күннің тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық және жердегі құбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе, уақыт есептеу, т.б. тәсілін ойлап табуға мүмкіндік туды. Бірақ ғылым әлі де болса әлжуаз қалыпта еді. Бүл жағдай философиялық ілімдердің деңгейіне әсер етпей қойған жоқ.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа — мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі. Біз бұл аталған философиялық мектептердің ішіндегі ең көрнектілері — конфуцийшылдық, даосизм және легистерге ғана қысқаша тоқталамыз.
2.1. Көне Қытай философиясының негізгі мектептері:
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа — мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі. Олардың арасындағы бастысы - Конфуций мектебі болды деуге болады, оның біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтан бастап, XX ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарғаны бұл пікіріміздің дәлелі бола алады.
2.2. Конфуций мектебі
Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фуц-зы, оның ізбасарлары Мэн-цзы жөне Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты.
Кун-фу-цзы (б.д.д. 551—479 жж.) кедейленген ақсүйек әскер-басы отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылған ол тек 15 жасында ғана білімге құштарлық тынытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Оның көптеген ізбасарлары болған. Олар ұстазының және өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын жинақтап, «Әңгімелер мен пікірлер» («Лунь юй») деген конфуцийшылдық ілімнің негізі шығармасын дүниеге келтірді. Қытайлықтардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі тұтып, басшылыққа алған.
Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш — Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білеміз», — деуінің өзі осыған айғақ.
Керісінше, оның қарастыратын негізгі
мәселесі — адамдар арасындағы қарым-қатынас,
тәрбие мәселелері. Осыған орай, ол мынадай
ұғымдарға көбірек көңіл
«Тең орта» — адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті. Өмірде мүндай «ортаны» ұстап, іс-әрекет жасау оңай емес, себебі адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді.
Ал адамгершіліктің негізі — «жэнь» — «ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау», жалпы алғанда, үлкендерді сыйлау. Кім де кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса, ол еш уақытта жамандық жасамайды. Ал «өзара сүйіспеншілік» арқылы қарым-қатынас — конфуцийшылдық әдептілік туралы ілімінің негізгі өзекті ұғымы. Бұл әдептілік қағидасы, бір сөзбен айтқанда, «озің қаламайтын нәрсені басқа біреуге жасама» дегенге сайып келеді. Аталған әдептілік қағидаларын «текті адамдар» (цзюнь-цзы) ғана басшылыққа алып, іс-әрекет жасайды.
Конфуцийшылдар өздерінің
«Текті адам» тек қана этикалық үғым емес, ол саяси ұғым да. Ол халықты басқарады. Ал басқарудың негізгі қайнар көзі — басшының оз басының әдептілік қасиеттерін озінен төмен тұрғандарға мысал ретінде көрсету. Егер басшылар «дао» жолымен жүрсе, онда халық оларға қарсы келмейді.
Мэн-цзы (б.д.д. 372—289 жж.) — Кун-фу-цзының ілімін әрі қарай жалғастыра отырып, Аспан (Көк) — объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды дей отырып, аспаннның еркі адамдардың жігер-еркі арқылы көрінеді деген пікір айтады.
Сюнь-цзы (б.д.д. 313 ж. — белгісіз) Аспан мен жерді барлық денелердің шығу тегі ретінде мойыңдаса да, тағдырды Аспанның жігер-еркі ретінде мойындамайды. Жалпы, адамдар табиғатынан зұлым, қызғаншақ, дүниеқоңыз болып туады. Тәрбие арқылы адамдарды адамгершілікке баулып, оның табиғатын өзгертуге болады. Ал адамдар өз тарапынан өзін өзі жетілдіруге құлшынуы тиіс.
Конфуцийшылдық б.д.д. I ғ. мемелекеттік ілімге, ал IX ға-сырдан бастап Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа
2.3. Даосизм мектебі
Даосизм (VI—V ғғ. б.д.д.). Бүл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VI ғ. өмір сүрген Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі — «Дао және дэ туралы кітап» («Дао дэ цин»). Даоцизм ілімі «дао» үғымына негізделген. Егер басқа қытайлық философиялық ағымдарда «дао» «жол» деген мағына берсе және ол Қытайдың дамуы-мен әдептілікті жетілудірудегі негізгі үғым болса, даосизмде «дао» — жалпы дүниетанымдық үғым. «Дао» — алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз және Қытайдағы, Жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы. «Да-оның» алғашқы түпнегіз екенін мынадай сөздерден байқаймыз: «Дао — барлық заттардың анасы», «дао — барлық заттардың түп атасы», «Даоны аспан аясыңдағы империяның (Қытайдың) анасы деп есептеуге болады», т.б.
Әлемдегі денелерде Аспан (ян — еркек) мен жер (инь — әйел) бастамалары заттардың өмір сүру заңы (цу) арқасыңда гармониялық бірлікте болады. «Дао» — болмыс заттарды дүниеге келтірсе, «дэ» оларды қоректендіреді. Бүл екеуінсіз («дао және дэ») еш нәрсе өмір сүруі мүмкін емес.
Заттардың гармониясы дегеніміз
— олардың өздерінде
Кейін келе даосизм дінге айналып, өзінің алғашқы кездегі көптеген идеяларынан айрылып қалды.
2.4. Легизм мектебі
Легистер (заңгерлер) Негізгі өкілдері Шан Ян (б.д.д IV ғ.), Хань-Фэй-цзы (шамамен б.д.д III ғ.). Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі «мейірімділік пен адамгершілік» — қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның орнына қорқынышты дәріптейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін:
1. Мақтаудан жазалау көп болу керек. 2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру қажет. 3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады. 4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, өлімге де барады.
Конфуцийшылдардың «Мемлекет — үлкен отбасы, оның басшысы — халықтың әкесі» деген ілімінің орнына легистер: «Мемлекет — өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші — өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, Аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: 1. Ұсақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясыңдағы (Қытай) мемлекет құру;
2. Осы мемлекетке
басқа халықтарды бағындыру.
Мемлекеттегі қызмет орындары адамдардың жүмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі тиіс».
Конфуцийшылдар мен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға созылды. Тіпті қазірдің өзінде де осы философиялық бағыттарды жақтаған немесе қарсы шыққан саяси топтардың кездесетінін ескерткен артық болмас.
ІІІ. Қорытынды
Қытай мемлекеті қазіргі уақытта әлемдік деңгейде танымал мемлекеттердің бірі болып отырғаны күмәнсіз. Өзінің экономикалық қуатын, мәдениетін, саяси ықпалын күннен күнге күшейтіп отырған көршіміздің ұлттық болмысын, философиялық дүниетанымын, адамгершіліктік ұста-нымдарын танып білу біз үшін аса маңызды және пайдалы. Әр халықтың ішкі, нағыз мәні оның философиясы арқылы ашылатыны белгілі, сондықтан да көне Қытай философиясымен танысу, оның бастауларына үңілу қазіргі Қытай қоғамын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII -VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мектептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді.
Әдебиеттер
Информация о работе Ежелгі Қытай философиясы және негізгі мектептері