Дидактикалық ойвндар

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 13:24, курсовая работа

Краткое описание

Миссиясы. Бәсекелеске қабілеттілік пен тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім беру мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты құру және іске асыру.

Файлы: 1 файл

Миссиясы.docx

— 29.83 Кб (Скачать)

Миссиясы. Бәсекелеске  қабілеттілік пен тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім беру мен ғылым саласындағы мемлекеттік  саясатты құру және іске асыру. 

Пайымдау. Жоғары білімді, бәсекелеске қабілетті, зерделі  ұлт. 
 
 

Білім беру және ғылым  министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары. 

I. Сапалы білім  берудің қол жетімділігін қамтамасыз  ету 

1. Мектепке дейінгі  білім беруге тең қол жетімділікті  қамтамасыз ету. 

2010 жылы республикада  контингенті 446,4 мың баладан тұратын  6 446 мектепке дейінгі ұйымдар  (2 261 бала бақша және 4 185 шағын  орталықтар) қызмет етеді, бұл  мектепке дейінгі жастағы барлық  балалардың 41,6 % (1 жастан 6 жасқа дейінгі)  қамтуды қамтамасыз етеді. 

2010 жылғы 29 қаңтардағы  Қазақстан Республикасы Президентінің  «Жаңа онжылдық – жаңа экономкалық  өрлеу – Қазақстанның жаңа  мүмкіндіктері» Қазақстанның халқына  жолдауын іске асыру мақсатында  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысымен  бекітілген, 2010-2014 жылдарға арналған  «Балапан» балаларды мектепке  дейінгі тәрбиелеу мен білім  беруді қамтамасыз ету жөніндегі  бағдарлама қабылданды. Аталған  Бағдарламаның негізгі мақсаты  – халықтың мектепке дейінгі  ұйымдардың сапалы қызметіне  деген мұқтаждығын қамтамасыз  ету. 2015 жылға дейінгі мектепке  дейінгі балаларды мектепке дейінгі  тәрбие мен біліммен қамту  3 жастан бастап 6 жасқа дейінгі  жастағы балалардың жалпы санының  70 % дейін жеткізілетін болады. 

Мектепке дейінгі  тәрбие мен білім беру мазмұнының сапасын арттыру мақсатында 2008 жылы Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің  стандарты әзірленді және бекітілді. Стандарттың негізгі ережелері  барлық балалардың тең құқылы қағидатын  есепке ала отырып, Денсаулық, Коммуникация, Таным, Социум, Шығармашылық тәрізді  жетекші білім беру салаларының  негізінде баланың жеке және даму дағдысының негізінде жасалды. 

Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында балаларды  тәрбиелеу мен оқытудың «Балбөбек», «Қайнар», «Қарлығаш», «Алғашқы қадам» (1 – 3 жастағыларға арналған), «Зерек бала» (3 – 5 жастағыларға арналған), «Біз мектепке барамыз» (5 – 6 жастағыларға арналған) бағдарламалары іске асырылуда. 2010 жылы аталған бағдарламалардың оқу-әдістемелік әзірлеулері аяқталады. 

2. Мектеп білімінің  қол жетімділігін қамтамасыз  ету және оның сапасын арттыру. 

2010 – 2011 оқу жылдары  жалпы саны 2 486,4 мың бала білім  алатын 7 516 күндізгі мемлекеттік  жалпы білім беретін мектептер  жұмыс атқарады. 2007 жылы республикалық  бюджеттің есебінен 27,1 оқу орындарынан  тұратын 52 мектеп, ал 2008 жылы 40,5 мың  орындық 60 мектеп, 2009 жылы 35,7 мың  орындық 56 мектеп, ал 2010 жылы 36,95 мың  орындық 48 мектеп енгізілді. 

Негізгі және бейімдік мектептердің білім мазмұнын анықтау  жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпы  міндетті стандартының (бұдан әрі  – МЖМС) және 12 жылдық білім берудің  МЖМС негізгі ережелері бекітілді. Мазмұны міндетке жетуге, мектептің  әр деңгейі үшін оқу жоспарында пәндердің  орнын анықтауға ықпал ететін, 12 жылдық білім беру пәндерінің құрамы анықталды. 12 жылдық білім беруге ауысу  үшін республиканың 104 мектептерінде  тәжірибе ұйымдастырылды, соның ішінде 45 ауылдық және 59 қала мектептерінде.  

2010-2011 оқу жылдарынан  бастап білім берудің барлық  деңгейінде аптасына бір сағат  көлемінде «Өзін өзі тану»  пәні енгізілді. Қайта даярлау  және біліктілікті арттыру курстарынан  23 268 мұғалім өтті, соның ішінде 5 178 мектепке дейінгі ұйымдардың  мұғалімдері. Бүгінгі күні білім  берудің мектепке дейінгі ұйымдарында  2 759 және жалпы білім беретін  мектептерде 5 671 мамандандырылған  кабинеттер құрылды. 

2010 жылы оқу әдебиетінің  1 920 түрлеріне сараптама жүргізілді. 12 жылдық тәжірибелік сыныптар  үшін қазақ және орыс тілдеріндегі 34 пән мен 78 оқу-әдістемелік кешендер (бұдан әрі – ОӘК), «Өзін өзі  тану» бойынша 35 пән, 9 электронды  оқулық әзірленді. 2010 жылы жақын  және алыс шет елдердегі қазақ  диаспорасының балалары үшін 16 420 оқулық пен 7 383 ОӘК қайта басылды  және жеткізілді. Республикалық  мектептерге қайта басылған 3 сынып  үшін 2 188 оқулық пен 382 ОӘК, 5 сынып  үшін 3 975 оқулық пен 1 411 ОӘК, 10 сынып  үшін 38 250 оқулық пен 968 ОӘК жеткізілді. 

Республиканың жалпы  білім беретін мектептерінде 275 655 мұғалім еңбек етеді. Соның ішінде 239 861 (87 %) жоғары білімге, 32 713 (11,9 %) орта кәсіби білімге ие. Жоғары санаттағы  мұғалімдердің саны 40 920 (14,8 %), бірінші  санаттағылардың саны – 84 721 (30,7 %). Мұғалімдерді, басқарушылар мен әдіскерлерді қайта  даярлау және олардың біліктіліктерін  арттыру бойынша жүйелі жұмыс  жүргізілуде. 2010 жылы біліктілікті арттыру  курсы мен қайта даярлаудан 80 мыңнан аса мұғалімдер өтті. 

2005 жылдан бастап  республиканың мектептері республикалық  бюджет қаражаты есебінен материалдық-техникалық  базаны бекіту мақсатында пәндік  кабинеттермен, лингафонды мультимедиялық  кабинеттермен (бұдан әрі –  ЛМК) жабдықталуда. 2005 жылдан бастап 3 450 ЛМК сатып алынды: 2005 жылы –  802, 2006 жылы – 515, 2007 жылы – 732, 2008 жылы – 483, 2009 жылы – 459, 2010 жылы – 459. Олардың көмегімен  балалар қазақ тілін, орыс және  шет ел тілдерін оқиды. 

2006 жылдан бастап 2 059 физика кабинеттері: 2006 жылы –  613, 2007 жылы – 746, 2008 жылы – 700 сатып алынды. 

2009 жылы 580 биология  кабинеттері, 2010 жылы – 569 биология  кабинеттері сатып алынды.  

Мектептердің материалдық-техникалық базасын бекіту жаратылыс тану-математика бағытындағы пәндерді оқытудың сапасын  жақсартуға мүмкіндік берді. Қазақстан  дүние жүзіндегі 43 елдермен бірге 4 сынып оқушыларының математика мен  жаратылыс тану бойынша білімдерін бағалау жөніндегі халықаралық  салыстырып тексерудің TIMSS-2007 (Third International Mathematics and Science Study) қатысушысы болып  табылады. Зерттеуге республиканың 141 мектебінен 3,99 мың оқушы қатысты. Қазақстанның нәтижелері (549 балл) төрт мемлекеттің нәтижесінен төмен, бірақ орташа халықаралық баллдан  елеулі жоғары. 

15 жастағы оқушылардың  оқу, математика және жаратылыс  тану саласындағы сауаттылықтарын  бағалау мақсатында Қазақстан  тұңғыш рет Халықалалық PISA (Programme for International Student Assessment) 2009 зерттеуіне  қатысты. Зерттеуге білім беру  ұйымдарының 5,59 мың оқушылары  қатысты. 

Соңғы екі жылда  физика және математика бойынша халықаралық  олимпиядаларға қатысатын қазақстандық команда тұрақты түрде дүние  жүзіндегі 15 ең үздік елдердің құрамына кіреді.  

Жыл сайын Қазақстан  оқушыларының халықаралық олимпиядаларында жеңіп алған медальдарының саны өсуде. Тек 2009 жылы ғана 544 награда жеңіп  алынды, соның ішінде 131 алтын медаль, 191 – күміс, 202 – қола және 20 грамота. 2010 жылдың 11 айында республиканың құрамдас командалары 599 медаль мен 22 грамотаны  иемденді, соның ішінде алтын – 168, күміс – 201, қола – 230.  

Одан өзге, қазақстандық оқушылар 2004 жылдан бастап қашықтықтан  жүргізілетін халықаралық олимпиядаларға «Қашықтықтан жүргізілетін Азия-Тынық  мұхиттық математика олимпиядасы» және «Жбек жол» қашықтықтан жүргізілетін математикалық олимпиядаларға қатысады. Санкт-Петербург Ақпараттық технология, ммеханика және оптика университетімен жасалған шартқа сәйкес тұңғыш рет информатика бойынша Евразиялық интернет-олимпияда жүргізілді.  

Мемлекетіміздің жас  зиялыларымыздың халықаралық олимпиядалардағы жеңістері, Қазақстанның ТМД елдерінің  арасында тұңғыш рет 2010 жылы 51 мерейтойлық  халықаралық математикалық олимпияданы  – ең абыройлы интеллектуалдық жарысты  ұйымдастыруына алып келді, мұнда қазақстандық команда 98 дүние жүзі елдерінің арасында 5 орынды алды. 

Қазақстан Республикасының  орта білім беру жүйесін модерлендіруге ықпал еткен шешуші жобалардың бірі – «Назарбаев Интеллектуалдық мектебі» жобасы болып табылады. Аталған мектептер  балалар бақшасы, мектепке дейінгі  және 12 жылдық білім беру бағдарламаларын  әзірлеу, енгізу және саралау бойынша  межелі алаңдар болып табылады. 2012 жылдары республика аумағында 20 мектеп қызмет ететін болады. Бүгінгі күні 3 730 оқушыдан тұратын контингентке ие 6 мектеп жұмыс жасайды: Астана, Семей, Көкшетау және Талдықорған қалаларындағы  физикалық-математикалық бағыттағы 4 интеллектуалдық мектеп, Өскемен  және Астана қалаларындағы химия-биология бағытындағы 2 интеллектуалдық мектеп. 

2007 жылдан бастап  берілетін білім қызметтерінің  сапасын жақсарту мақсатында  білім беруді ұйымдастыру үдерісіне,  құрамына 5 пәнді кабинеттен тұратын  кешен кіретін «Он-лайн оқу  жүйесі» жобасының аясында көпфункционалды  интерактивті жабдық енгізілді.  Олардың екеуі әмбебап болып  келеді, оларда математика, тарих,  география, астрономия сабақтар  және үш пәндік – физика, химия,  биология кабинеттері бар. Жобаны  іске асыру 2007-2009 жылдарға арналған. Жоба мектептердің кең жолақты  лимиттелмеген Ғаламторға қол  жетімділігін қамтамасыз етті.

2007-2009 жылдары республикалық  бюджет қаражаты есебінен 1721 мектепте  жоғарыда аталған үлгідегі интерактивті  жабдық орнатылған. 

Қазіргі уақытта 18 оқушыға  бір компьютерден келеді. Ғаламтор желісіне мектептердің 98 %, ауыл мектептерінің  – 97 % қосылып, кеңжолақты Ғаламторға мектердің 34 % қолы жетті. 

2001 жылдан бастап  қазақ және орыс тілдеріндегі  электронды оқулықтарды әзірлеу  жүргізілуде. Қазіргі уақытта  мектеп мазмұнындағы пәндердің  90 % сандық форматқа көшірілді. 

Білім беру саласындағы  мемлекеттік саясаттың басым  бағыты өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу  болып табылады. Республикада қосымша  білім беретін 620 ұйым балалардың шығармашылық дамуын қамтамасыз етеді. Әр бесінші  оқушы қосымша білім беру ұйымына  қатысады. 
 

Республика бойынша 5 431 жалпы білім беретін мектептер  спорттық залдарға ие. Оның ішінде стандартты спорт залдары мен спорттық жабдықтарға  ие мектептердің үлесі 72%. 

3. Техникалық және  кәсіби білім беру 

Қазақстан Республикасында 2010 жылы 882 техникалық және кәсіби білім  беретін (бұдан әрі – ТжКБ) оқу  орындары қызмет етеді, соның ішінде 322 кәсіби лицей, 560 колледж. Соның ішінде 268 оқу орны (немесе 19,7 %) ауылдық жерлерде орналасқан. Республикада үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту (бұдан әрі – ҮИИД) жобалары үшін кадрлар дайындау бойынша ТжКБ 543 оқу орны іске тартылды. 

ТжКБ оқу орындарында 609,0 мың адам, соның ішінде мемлекеттік  білім беру тапсырысы бойынша 221,0 мың адам (немесе 36,3 %) білім алады. Техникалық және қызмет көрсететін еңбектің білікті мамандарын дайындау 177 мамандық пен 416 біліктілік бойы нша жүзеге асырылуда. 

Соңғы екі жылда 3 кәсіби лицей салынды. Келесі құрылыстар жүргізілуде:

Атырау қаласында  мұнайгаз саласы үшін кадрларды даярлау  мен қайта даярлау жөніндегі  өңіраралық орталық;

Екібастұздағы отын-энергетикалық  сала үшін техникалық қамтамасыз ету  еңбегі үшін кадрларды даярлау мен  қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталық;

Астана қаласында 800 оқушыға арналған және Оңтүстік Қазақстан  облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылында 360 оқушыға арналған кәсіби лицейлер;

Өскемен қаласындағы  машина жасау саласы үшін еңбекті  техникалық қамтамасыз ету үшін кадрларды  даярлау мен қайта даярлау  жөніндегі өңіраралық орталық. 

Шымкент қаласындағы  өңдеу саласы үшін Еңбекті техникалық қамтамасыз ету үшін кадрларды даярлау  мен қайта даярлау жөніндегі  өңіраралық орталық құрылысының  жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді, «Мемсараптама» РМК Оңтүстік филиалында мемсараптамадан өткізілуде. 

2007-2009 жылдардағы  кезең ішінде:

«Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз»  АҚ ҰК, «Тенгизшевройл» СП ЖШС, «KEGOK»  АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС  жанында техникалық және қызмет көрсету  еңбегі мамандарын қайта даярлау, қайта  даярлау және біліктіліктерін арттыру  бойынша заманауи оқу орталықтары;

техникалық және кәсіби білім беру және біліктілікті иеленуді дамытудың Республикалық  ғылыми-әдістемелік орталығы. Ол ТжКБ жүйесінің нормативтік-әдістемелік  базасын құрумен және кәсіби даярлық  деңгейін тәуелсіз бағалау жүйесін  енгізумен және жұмыс берушілер  мен еңбек нарығының талаптарына  сәйкес мамандарға біліктілік беру (НОК) құрумен айналысады. 2007-2009 жылдары  республиканың 850 оқу орындарындағы 105,5 мың оқу бітірушілерді қамти  отырып, 125 мамандық бойыша кәсіби даярлық  пен біліктілікті иемденудің деңгейін бағалау бойынша жоғарғы курстарда  оқитындарды тестілеу жүргізілді;

ТжКБ жүйесі қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру бойынша 6 Өңіраралық орталық (Астана, Алматы, Қарағанды, Орал, Шортанды және Шымкент қалаларында) құрылды. Соңғы жылдары аталған  орталықтарда ТжКБ жүйесіндегі шамамен 2000 педагогикалық қызметкерлер біліктілік арттыру курстарынан өтті. 

ТжКБ қазіргі ұйымдарының  базасында индустриалды инновациялық дамыту жобалары бойынша кадрларды  даярлау жөніндегі базалық орталықтар құрылуда: Ақмола облысында Қотыркөл ауылындағы Ауыл шаруашылығы колледжінің  базасында етті-сүтті өнімді өңдеу  бойынша, Алматы қаласында № 6 КЛ базасында  автомеханика бойынша, Қарағанды қаласында  № 15 КЛ базасында металл өңдеу бойынша. 

Соңғы үш жылда кәсіби лицейлер мен колледждердің оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларының  материалдық-техникалық базасын жаңарту  проблемасы шешіле бастады (жергілікті бюджет (бұдан әрі – ЖБ), республикалық  бюджет (бұдан әрі – РБ), жұмыс  берушілердің қаражаты есебінен). Республикалық  бюджеттен «Өзін-өзі тану» кабинеттерін сатып алуға 14,5 млн. теңге бөлінді. 

Информация о работе Дидактикалық ойвндар