Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 17:17, курсовая работа

Краткое описание

Еліміздің егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару- оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекмелерінің алдынан күрделі міндет тұр. Ол- оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.

Оглавление

І. Кіріспе бөлім

Ойын туралы ұлы ойшылдардың пікірлері

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Дидактикалық ойындар
2.2. Дидактикалық ойындардың қолдану мақсаттары
2.3. Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
2.4. Дидактикалық ойындар математика сабағында
2.5. Дидактикалық ойындардың түрлері
2.6. Санамақ

ІІІ. Қорытынды бөлім
3.1. Практикалық жұмыс
3.2. Зерттеу жұмысы
3.3. Әдістемелік нұсқау
3.4. Қолданылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

математика курс.docx

— 62.73 Кб (Скачать)

 

    Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

       Есік гуманитарлық-экономикалық  колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          

Тақырыбы:   Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы

 

Пәні: Математика оқыту әдістемесі

 

 

 

 

 

 

                                   Орындаған: Иминова З.

                                  Жетекшісі:  Үсенбаева З.Ұ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Жоспар

 

І. Кіріспе бөлім

 

  • Ойын туралы ұлы ойшылдардың пікірлері

 

ІІ. Негізгі бөлім

 

2.1. Дидактикалық  ойындар

2.2. Дидактикалық  ойындардың қолдану мақсаттары

2.3. Дидактикалық  ойындардың ерекшеліктері

2.4. Дидактикалық  ойындар математика сабағында

2.5. Дидактикалық  ойындардың түрлері

2.6. Санамақ

 

ІІІ. Қорытынды  бөлім

3.1. Практикалық  жұмыс

3.2. Зерттеу жұмысы

3.3. Әдістемелік  нұсқау

3.4. Қолданылған  әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Еліміздің егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму  стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару- оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекмелерінің алдынан күрделі міндет тұр. Ол- оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.

      Қазіргі кезеңде саласының алдына қойылған талаптар- оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтар да көруімізге болады. Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе: оқушыны  қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану- бұл проблеманы шешудің бірден- бір жолы.

     Ойын - күрделі философиялық, педагогикалық ұғым. Философия адам мәселесін зерттегендіктен, бұл жерде адамның санасы мен ойын арасындағы қарым-қатынас жайы тыс қалмайды. Мысалы, сонау ерте заманға грек ойшылдарынан бастау алатын ойын теориясы қазірге дейін өрбу, даму үстінде.

   Біздің эрамызға дейінгі ІV ғасырда өмір сүрген грек философы Гепокрит ойынды мәңгілікке теңеген. Оның пікірінше, ойын «Мәңгілік- шахмат ойнап отырған бала». Платон ойын теориясын қалыптастырушы ретінде назарға алынады, оның пікірінше, ойын –әрі жоғары ақыл, рахаттану, қызық және теңдесі жоқ жоғары құбылыс.

     Осының нәтижесінде  қазіргі кезеңде ойынды философиялық  тұрғыдан ұғындыруда мынадай  теориялар қалыптасқан:

  1. Ойын- мәңгілікке ұштасатын құбылыс (Платон, Демокрит).
  2. Ойын- артық күштен арылу жолы (Ф.Шиллер., Г.Спенсер).
  3. Ойын балаларды ересек өмірге дайындайды (К.Гросс, К.Блююллер)
  4. Функционалды тенденция теориясы (Д.Н.Узнадзе, т.б.)

  К.Г. Исулов ойынды  адам санасының қоршаған ортамен  қарастырады. Психологтар ойынның  мынадай тізбесін дәлелдеген:

   Қажеттілік→ матив→мақсат→  ойынның іс-әрекеті→ нәтиже.

    Демек, психологиялық  тұрғыдан ойын:

а) Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды  қалыптастырады;

ә)Танымдық мативтің дамуына  әкеледі;

б) Іс- әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар  тұрады;

в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.

  Педагог ғалымдар  ойынның  оқыту процесіне оң  әсерін тигізетініне келісе отырып, мынадай пікір айтады.

    А.С. Гуревич,  А.В. Килиниюктер ойынды оқытудың  активті түрі деп қарастырса, Н.Н. Скатова, Р.И. Половникова,  В.К. Романт оқытудың ойын әдісі  дейді. Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырамыз. Біз ойынды әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес, стратегияны анықтайды. Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді.

    Ойын элементтері  ойынның біртұтас құрылысын береді.  Ойын құрылысында алдымен оқытудың  мақсаты тұрады.

 

       «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдер мен іскерліктерді игерудің формасы ғана болып қоймай, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілеттерін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет».

 

                                                                                              А.В.Запорожец

 

    «Балалардың  рөлді немесе шығармашылық деп аталатын ойыны дамыған түрінде балалар өзіне ересектердің рөлін алатын және жинақталған формада ойын жағдайында ересектердің қызметі мен олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта жасайтын іс-әрекет болып табылады. Бұл жағдайда тән нәрсе- ересектер қызметінің шын құралдарын алмастыратын алуан түрлі ойын құралдарын пайдалану».

 

                                                                                            Д.Б. Эльконин

 

    «Ертегі сияқты, ойын да баланы бейнелейтін адамдардың ойы мен сезіміне терең бойлауға үйретеді, күнделікті әсер шеңберінен адамның алға ұмтылыстары мен қаһармандық істерінің кең әлеміне шығарады».

 

                                                                                          А.В. Запорожец

 

    «Балалар үшін ойынның айрықша маңызы бар: ойын олар үшін – оқу, ойын олар үшін- еңбек, ойын олар үшін- тәрбиенің мықты формасы»

 

                                                                                           Н.К.Крупская

 

     «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай болса, өскен жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерлерді тәрбиелеу ең алдымен ойында басталады»

                                                                                         А.С. Макаренко

 

     «Бала ойынының ерекшелігі- ол өз ойлағанының шындығына сенеді. Бала өзіне «солай болған екен» десе бітті, оның қиялы шарықтап жүре береді».

                                                                

                                                                                      К.С. Станистлавский

 

     «Ойын дегеніміз- орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне, қоршаған орта туралы түсініктерін, ұғымдардың ширақ тасқыны келіп құралады. Ойын дегеніміз- ынталық пен құмарлықтың отын жағатын ұшқын».

 

                                                                                          В.М.Монахов

 

       «Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз керек».

                                        

                                                                                    В.А. Сухомлинский

 

       « Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу- тәрбие процесін ұйымдастыруына көмектеседі».

 

                                                                                             С.В. Селевко

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                Дидактикалық ойындар

 

     Бүгінгі таңда  қоғамымыздың даму бағытында  жан-жақты дамыған, сауатты саналы  азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп  отыр. Мұндай мақсаттың баянды  болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне  түсетінін ескерсек, білім негізі  бастауыштан басталғандықтан, жас  жеткіншектердің білімді, білікті  болуына ойынның алатын орны  ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім  алуға, оқуғап қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға  болады. Мазмұны бойынша барлық  дидактикалық ойындар оқушылардың  ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың  маңызды құралы бола отырып, олардың  бағдарлама материалының негізгі  тақырыптары бойынша алған білімдерін  тереңдете түсуді, әрі пысықтауды  көздейді. Бұл ойындардың сабақ  үстіндегі жұмысын түрлендіре  түседі, олардың пәнге қызығушылығын  оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды  және оқушылардың зейінін, ойлау,  зерде үрділерін дамытады. Өмір  тәжірибесін бір жүйеге келтіруге  үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады.  Міне , сондықтан да ойын оқу  әрекетінде жетекші рөл атқарады.

      Мұның барлығы  дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының  оқу  іс-әрекетінде  белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді

    1. Ойын-саяхат. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше  түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық- оңай жолмен; қажеттілер- қызық жолмен беріледі;

2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді.

Ойынның дидактикалық мазмұны  балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындамауды   талап етеді.

4. Ойын-жұмбақ. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

5. Ойын-әңгімелер. Мұғалімнің балалармен, мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - эмоционалдық түрде белсендіруге, бір сөздікке,өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.

                 Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:

1. Балалардың орындаушылық  әрекетті талап ететін ойындар.

2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін  орындауға бағытталған ойындар.

3. Қайта жасау іс-әрекетін  жүзеге асыруға бағытталған ойындар.

4. Оқушылардың іс-әрекетін  бақылауға бағытталған ойындар.

 

Құрлымы бойынша  дидактикалық ойындарды мынадай  түрлерге жіктеуге болады:

1. Сюжеттік-рөлдік ойындар.

2. Жаттығу ойындары.

3. Шығармашылық ойындар.

4. Драмалық ойындар.

5. Әдеби-музыкалық ойындар.

Халық ойындарының  педагогикалық мүмкіндіктеріне  сәйкес мынадай жіктемесі бар:

1. Білім беретін ойындар.

2. Тәрбиелейтін ойындар.

3. Дамытатын ойындар.

4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін  ойындар.

5. Диагностикалық ойындар.

     Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнынына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш сыныптың оқу үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.

                  Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы.

     Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай сызба арқылы суреттесек те болады:

 

 


 

 

 

 

 

 

 

     «Ойын» ұғымына түсінік берсек-бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мыныдай қызметтерді атқарады:

-ойын-сауық;

-коммуникативтік  немесе қарым-қатынастық:

-диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);

-коррекциялық (өзін-өзі түзету);

-әлеуметтендіру

      Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда.

       Ойын-адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.

       Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.

Информация о работе Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы