Ойынның да өзіне
тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық,
рөлдік ойындар баланың зейінін, есін,
ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз
атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін
қалай қанағаттандыра алатынын, қандай
қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал,
ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді
сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын,
байқағыштығын, зейінділігін артырумен
қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.
Ойын түрлері
өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда
пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу,
сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы
ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын
есептер, ұлттық ойындар және т.б. Бұндай
ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді
толық игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде
кеңінен қолданылып ойынның тағы
бір түрі ол – дамытушы ойындар.
Дамытушы ойындардың маңыздылығы
оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала
отырып, оқуды қызықты етіп білім дағдыны
қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын
бірінші талап- оқушының танымдық әрекетін,
қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар
төмендегідей сұраныстарға жауап
береді:
- Балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
- Баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
- Білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;
- Ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету;
- Баланың ойын барысында жеткен жеңісінің, оның жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Осы көрсетілген
сұраныстардың ішінде балалардың
танымдық әрекеттерін дамытуда
әсіресе кейінгі 3 бөлімнің
маңызы зор.
Дамытушы ойындардың
ішінде оқушылардың өздері қолдан
жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың
орны ерекше. Өйткені өздері ойын
барысында жаңа білім алып, олардың
елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілмен
олардың ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері
дамиды.
Сабақтың бірыңғай
әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары
сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп
отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса
назар аударып, тез қадымдап, ұғып алады.
С.А.
шмаковтың анықтауы бойынша ойын
төрт түрлі қырымен сипатталады:
- еркін дамытушы
әрекет, ол әрекет белгілі бір
нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына
байланысты;
- әрекеттің
эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы,
яғни жарыстық орын алуы;
- ойынның
мазмұнын сипаттайтын қағидалар.
Ұлы
Абайдың « ойын ойнап ән
салмай, өсер бала бола ма?»
деген пікірінен бала өмірінде
ойынның маңыздылығын көруге
болады. Бастауыш сынып оқушыларының
психикасының дамуына ойын әрекеті
белгілі ғалымдар өз еңбектерінде
айтып кеткен: Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев,
Т.Тәжібаев т.б. Ал, ертедегі ойшылдар
Ж.Ж.Руссо мен И.Г. Пестолоций ойын
арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу
керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы
мен маңыздылығы туралы К.Д. Ушинский мен
П.Ф. Лестгафт, тәрбиеде және оқыту барысында
ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский,
С.П.Шацкий және Н.К.Крупская өз пікірлерін
білдірген.
Педагогикалық
үрдісті жетілдіру ойынның алар
орны жөнінде Қазақстандық Н.Құлжанова
да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу,
инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет
және өмірі дәл дәлелденген. Н.Құлжанованың
айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік
мақсатқа пайдалану- болашақ өміріне түзу
жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің
талаптарына сай деп түсіндірген.
Сонымен бірге
бастауыш сынып оқушыларының
назарын аударатын ойын түрі
берілген тапсырманы орындаумен
қатар баланың денсаулығын нығайтып,
т.б. көптеген қасиеттерін дамытады.
Бастауыш сынып
оқушыларының негізгі әрекеті-
оқу, қарым-қатынас, ойын және
еңбек болса, бұлардың әрқайсысы
негізгі функцияларды атқарып,
баланы дамытады. Оқу- білім алу мен
білік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас-
бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап,
сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады.
Ойын-пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп
жұмыс жасай білуге дағдыландырады.
Ал еңбек қолдың қозғалысын жақсартып,
практикалық кеңестік және көрнекі ойлауын
жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге
белсене қатысуы олардың психикалық дамуын
артырады деп түсіндірген.
Я.А.Коменский
«Ұлы дидактика» деген еңбегінде
6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін
өнерлі және қамқорлық тәрбие
мектебі деп атайды. Бұл кезеңдерде
балаларды нақты, түсінікті ана тілінде
білім беру керек. Сонымен бірге білім
балалардың есінде қалатындай болуы тиіс.
Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді,
сол сеептен оларға оқу әрекеті жеңіл
болып көрінеді. Осыған орай бастауыш
сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдетудің
бірден-бір құралы ретінде «ойынды» айтуға
болады.
Бастауыш сынып
оқушылары еліктеуіш, жаңаны жаны
сүйгіш болып келеді. Сондықтан
мұғалім сабақ барысында ойын
түрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың
сабаққа деген ынтасы артып,
алған білімдерін өмірде қолдана
білу мен ізденімпаздық дағдылары
жетіле түседі.
Ойын түрлерін мұғалім
сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық
«деректіден дерексізге, жеңілден ауырға,
жақыннан алысқа» деген принципті негізге
ала отырып, бірте-бірте күрделендіре
жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай,
әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып
сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін
шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.
Ойынның негізгі
мақсаты- баланы қызықтыра отырып
білімді берік меңгерту болса,
мұғалімнің міндеті- сол ойын
түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың
өздігімен жұмыс істей білуге, ойын белсенділігі
мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі
дағды шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалана-
бағдарламада анықталған білім, білік
және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау
,бекіту немесе тексеру болып табылады.
Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың
жас және психологяилық ерекшеліктеріне
сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырып
өткенде, өтілген материалды қайталағанда,
білімді тиянақтау және тексеру кезінде,
яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту
әдісінің құралы ретінде пайдалануға
болады.
Ойынның ерекшеліктері
Ойын балалардың негізгі
іс-әрекеті ретінде психологиялық,
анатомиялық-физиалогиялық, педагогикалық
маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын
баланың даму құралы, таным көзі,
тәрбиелік дамытушылық мәнге
ие бола отырып, адамның жеке тұлға
ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды
көп ойнаған адамның дүниетанымы
кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз
сезімтал тұлға болмақ. Әрине
ойын адамның дамуына, қалыптасуына
әртүрлі әсер етеді. Кей бала ойынды
шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі
сезімін білдіреді. Ойынның дамуына
және баланың ойынға араласуына
әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы,
үлкендердің ойынға басшылық жасауы,
ойыншықтар, баланың өсетін ортасы,
балалар ұжымы, баланың тәрбиесі
т.б.Дегенмен де ойын тек әрекет
емес, балалардың да ,үлкендердің де
қызығушылық ермегі, адамды рахат
және қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті.
Балалар тұрмақ, үлкен адамдар
да әлі күнге дейін ойнайды, әрине
ойынның түрлері өте көп. Балалар
ойынына талдау жасайтын болсақ, оның
өзгеріп отыруы балалардың жас және
дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы,
сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық,
музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық,
спорттық, дамытушы ойындардың түрлері
бар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ережелері,
тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық
функциялары бар. Оның әрқайсысына
жеке тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді
ойындар ойынның алғашқы танымы
десек, артық болмас.
Балалар ойындарының
тәрбиелік маңызын жоғары бағалай
келіп, А.С.Макаренко былай деп
жазды: «Бала өмірінде ойынның
маңызы зор, ересек адам үшін
еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай
маңызы болса, нақ сондай маңызы
бар. Бала ойында қандай болса,
өскен соң жұмыста да көп
жағынан сондай болады». Сондықтан
келешек қайраткерді тәрбиелей алумен
ойында басталады». Мысалы: сюжеттік-
рөлді ойындар.
Ойынның негізгі
ерекшелігі ол балалардың қоршаған
өмірді- адамдардың қиялын, іс- әрекеттерін
бейнелеу болып табылады. Ойында
бөлме теңіз, аспан кеңістігі
де, темір жол вагоны да болуы
мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері
ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайық
маңыз береді.
Ойын
іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі-
оның әрекеттік сипаты. Балалар
ойын шығарушылар, ойында жасаушылар
болып табылады. Олар ойында өздеріне
мәлім өмір құбылыстары мен
оқиғалары туралы білімдерін
бейнелейді, оларға өзінің қатынасын
білдіреді.
Балалар ойынының
ерекшелігі оның сондай-ақ бейненің,
ойын әрекеті мен сөздің ұштауымен
өзара байланыстылығында. Бұл
оның сыртқы белгілі емес, шын
мәні. Ойынды бала өз бейнеленген
қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен
тыныстайды. Кейде бейненің баланы баулап
әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей
шақырғанға жауап та қатпайды.
Балалар үн- түнсіз
ойнамайды. Тіпті бала жалғыз
болғанның өзінде ойыншықтармен
сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы
қатысушылар әңгімелеседі, өзі мен
мамасы үшін сөйлеседі және
т.б. Сөз нақ бір ойын әрекетін
сүйемелдеуші болып табылады, бейнені,
оған баланың қатынасын толығырақ
ашады.
Ойын
процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен
рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп,
әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын
анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық
қызмет атқарады, балалар арасында өзара
түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің
қайсыбір фактілері мен құбылыстарына
бірдей болуына және дамуына көмектеседі.
Бейненің, ойын
әрекеті мен сөздің өзара байланысы
ойын қызметінің өзегі болып
табылады, шындықты бейнелеудің
құралы қызметін атқарады.
Ойынның негізгі
құрылымдық элементтері мынадай:
ойынның түпкі ниеті, сюжеті
немесе мазмұны; ойын әрекеттері,
рөлдер; ойынның өзінен туатын
және балалар жасайтын немесе
ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Бұл эелементтері өзара тығыз
байланысты және ойынды балалардың
өзінше бір іс- әрекеті ретінде
көрсетеді.
Ойынның түпкі
ниеті- бұл балалардың нені
және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы,
мәселен: «дүкен», «аурухана», «әскер»,
«қызы мен шешесі», «мектеп», және т.с.с
болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып,
ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді,
ойынның мазмұнында қалыптасады және
ойынның өзегі болып табылады.
Ойынның түпкі
ниетіне қарай ойындарды азды-көпті
мынадай типтік топтарға бөлуге
болады:
а) тұрмыстық құбылыстарды
бейнелейтін ойындар ( «отбасы», «мектеп»,
«балабақша», және т.б. болып ойнау),
б) жасампаз еңбекті бейнелейтін
ойындар (кеме салу, үйлер, сатдиондар
тұрғызу және т.б.)
б) қоғамдық оқиғаларды, дәстүрлерді
бейнелейтін ойындар (мекемелер, қонақтарды
қарсы алу, саяхаттар)
ойындарды
бұлай бөлу әрине дұрыс, өйткені
ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын
бейнелеуді қамтуы мүмкін.
Ойынның сюжеті, мазмұны-
бұл оның жанды тұлғасын құрайтын,
ойын әрекеттерінің дамуын, көп
жақтылығын және өзара байланысын
анықтайтын.. Ойынның мазмұны оны
қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен
ынтаны қоздырады..
Ойынның
құрылымдық ерекшелігі мен түйіні-
бала атқаратын рөл. Ойын процесінде
рөлге берілетін маңызына қарай
көптеген ойындар рөлді немесе
рөлді- сюжетті ойындар деп
аталады. Рөл әрқашан адамға
немесе жануарға, ол қиялындағы
қылықтарға қатысты болады. Солардың
бейнесіне енген бала сол өзі
қалап алған нәрсеге айналады,
яғни белгілі бір рөлді ойнайды.
Ойын процесінде
балалардың өздері (ал кейбір
ойындарда- ересектер) ойнаушылардың
мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын
анықтайтын және реттейтін ереже
белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық,
тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын
баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара
қарым-қатынастардың одан арғы дамуын,
күрделене түсуін айқындайды. Сонымен
бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ
балалардың ойынға белсендірек қатысуына
көмектеседі.
Ойынның осы
құрылымдық элементтерінің бәрі
типтік болып табылады, бірақ
олардың түрлі маңызы бар және
әртүрлі ойындарды түрліше ара
қатынаста болады. Әрине ойынның әр
түріне сипаттама беруге болады, дегенмен
ойынның ішінде дидактикалық ойындардың
білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәні
зор.
Дидактикалық
ойындарды мұғалім сабақта
пайдаланып, оқыту мақсатын шешеді.
Дидактикалық
ойындар математика сабағында
Оқушылардың
математикаға деген ынтасын арттырып,
оны дамыту көптеген әдістемелік
жұмыстардың нәтижесінде ғана
іске асады. Соның ішінде сабақтың
қызықты өтуін қамтамасыз ететін
бір әдіс- дидактикалық ойындар.
Дидактикалық
ойындар – көп салалы, күрделі
педагогикалық құбылыс. Оны - балаларды
оқытудың бір әдісі, оларды
жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың
бірі деп айтуға болады.
Дидактикалық
ойын оқу процесінде ойын әдісі
ретінде екі түрлі мақсатта
қолданылады: ойын түрінде және
дидактикалық немесе автодинамикалық
ойындар.
Ойын түрінде
мұғалім үйрететін тақырыпқа
оқушылардың қызығушылығын, зейінін
арттыру мақсатында әр түрлі
әдіс- тәсілдерді қолданады. Атап
айтқанда, мұғалім ойын ситуацияларын
туғыза отырып, әр түрлі заттарды
көрсету арқылы сұрақтар қойып, затты
көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.
Дидактикалық оын
жалғыз математика сабақтарында
ғана қолданылып қана қоймайды,
ана тілі, табиғаттану, қоршаған
ортамен таныстыру мақсатында
да қолданылады.