Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 17:17, курсовая работа
Еліміздің егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару- оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекмелерінің алдынан күрделі міндет тұр. Ол- оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.
І. Кіріспе бөлім
Ойын туралы ұлы ойшылдардың пікірлері
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Дидактикалық ойындар
2.2. Дидактикалық ойындардың қолдану мақсаттары
2.3. Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
2.4. Дидактикалық ойындар математика сабағында
2.5. Дидактикалық ойындардың түрлері
2.6. Санамақ
ІІІ. Қорытынды бөлім
3.1. Практикалық жұмыс
3.2. Зерттеу жұмысы
3.3. Әдістемелік нұсқау
3.4. Қолданылған әдебиеттер.
Дидактикалық ойын
оқыту процесінде мынадай екі
түрлі мақсатта қолданылады:
Мұғалім өзі де ойынға қатысады, баланы үйретеді. Бала ойнай отырып, үйренеді.
Бастауыш сыныптардың
математика сабақтарында
Дидактикалық ойындар оқушылардың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймайды, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер берері сөзсіз.
Тақырыпқа сай жүргізілген ойын түрлері, әсіресе тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушының ойлау белсенділігін арттырады. Сондықтан мұғалім әр сабақта дидактикалық ойын түрлерін орнымен қолданса, оқушының ынтасын арттыра оытырып, пәнге деген қызығушылығын, білімі мен ынтасын, сол пәнге деген сүйіспешілігін арттырады.
Мұғалім өтетін
тақырыпқа сай ойын түрлерін
дұрыс таңдап алуы керек.
Дидактикалық
ойын түрлері көп. Соның бірі-
оқушының ақыл-ойын дамытатын
ойын түрлері. Мысалы, өзін қоршаған
қоғамдық орта, табиғат, Отаны
туралы, әр түрлі мамандықта жұмыс
істейтін адамдардың еңбектегі
істері- бәрі де оқушыны идеялық
бағытта тәрбиелеуге дағды
Оқушыны дұрыс
сөйлеп үйренуге бағыт беретін
ойынның түрі- сөздік ойындары. Сөздік
ойындары әр сабақта жүйелі
жүргізілуі тиіс. Сол арқылы балалар
тапқырлыққа, заттың атын, түрін,
түсін, қасиетін, сапасын танып
білуге дағдыланады. Өтілетін
тақырып бойынша әр түрлі ойын
түрлерін жүргізуден басқа
Басты мәселе
мұғалім сабақта ойын
Қорыта айтқанда, бастауыш сыныптар математика сабақтарында тіл дамыту жұмыстарында дидактикалық ойындарды кең түрде қолдану оқушылардың ой –өрісін дамытып, ауызша сөйлеу қабілетін жетілдіруге, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Кім биік? Кім аласа? Жаттығуы
Керекті материалдар. Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген демокративтік таблица.
Таблицаның
әр жеріне ілмек тігіледі. Беті
жабық қорапта жұлдызшаның,
Жаттығудың мазмұны:
Бала қораптан
қолын салып, фигураның
Бұл жаттығу
«жоғарыда- төменде», «биік-аласа»
ұғымдарын пысықтауға
Ойыншық
таразысына дүкенші бала сатып
алушының сұраған нәрсесін
3. «дабыл соғу» жаттығуы
Керекті материалдар. Бірден төртке дейінгі нәрсенің суреті салынған топтамалар (әр балаға бір топтамалар берілуі тиіс)
Жаттығудың мазмұны. Мұғалім дабыл соғады немесе үстелді тақылдатады. Балалар неше соққы болғанын ішьерінен санап, топтамаларында осыншама нәрсенің суреті бар бала оны жоғары көтереді, балалардың бір тобы ауызша жауап беруі тиіс.
Мысалы: «сіз үш рет соқтыңыз, ал менің топтамамда үш балапанның суреті бар»
Қолданылатын көрнекіліктер: (+ - =) таңбалы 10 көлеміндегі сандар.
Ойынның барысы:
Оқушының қолдарына сандармен таңбалар үлестіріп беріледі. Ойын мазмұнын түсіндіргендер кез келген түпкі нәтижемен таңбаны ескере отырып, өрнектерді құрастыру. Ойлаған өрнектерін тақтаға жазбаша орындауына болады.
Ойын барысында:
таңбалар арасындағы
5. «Сенде осынша көрсет»
Мақсаты: Балалардың көрген нәрселерін немесе естіген дыбыстарын санап, есте сақтап, оған басқа нәрселерді сәйкестендіруге үйретеді.
Керекті материалдар: Фигуралардың ою- таңбалардың суреті салынған топтамалар бала санайтын материалдар.
Ойынның мазмұны:
І вариант. Мұғалім топтаманы көрсетеді де алып қояды. Алалар топтамада неше фигура, ою-таңба бар екенін айтып, сонша жалауша немесе басқа нәрсе көрсетуі тиіс. Тапсырманы дұрыс әрі тезірек орындаған қатар жеңімпаз атанады.
ІІ вариант. Мұғалім бірнеше рет алақанын (барабан, дабыл) жалауша көрсетіледі.
6.«Өз жұбыңды тап» ойыны
Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілетін пысықтау.
Керекті материалдар: Балалар 10 адамнан командаларға бөлініп ойнайды. Ойынға қатысушылар қарама-қарсы қарап, сапқа тұрады. Бір қатардағы балалардың омырауында суреттер салынған топтамалар. Бәрі неше соққы соғылғанын санайды. Омырауында осы соққы санына сай келетін топтамалары бар бала ойын бастаушының қасына жүгіріп келеді де екеуі бірге ойыннан шығады.
Барлық балалар өзіне жұп болғанда ойын аяқталады. Ойынға қатысушылар жеңімпаз команданы айтады.
Ескерту: ойын бастаушы алақанын қарсы команда балаларының топтамалардағы санға сай соғуы тиіс, өйтпейінше ол өзіне жұп таңдай алмайды.
7. «Өз пәтеріңе жайғас»
Мақсаты: Іріктеп алынған заттарға ұқсас нәрселерді таба білу.
Керекті материалдар: бетіне дөңгелектер сызылған (үлкен форматты) топтамалар.
Ойынның мазмұны: Мұғалім сыныптың бұрышына топтамаларды іледі. Топтамалардағы дөңгелектердің саны әр пәтерде неше бала тұра алатынын білдіреді. Мұғалім балаларға былай дейді: «Әрбір топтамаға зер салып қараңдар да, бұл пәтерді неше бала тұратынын есте сақтаңдар». Әр пәтерде балалардың дұрыс орналасуын тексеруге жауапты төрт баланы тағайындаймын. Енді әрқайсысы өз пәтеріне жайғасып, онда өзінен басқа неше бала болуы керектігін ойланыңдар. Балалар өз «пәтеріне» барып, есептей бастайды мұғалім «тұрғындарды қабылдауға даярланыңдар». Алдыңғы екі үстел басында отырған балалар, өздеріне ұнаған пәтерлерге барыңдар. Балаларды жайғастыруды шамалы жүргізу керек, өйтпейінше топ ішінде абыр-сабыр болып, ойынның берекесі кетеді. Осыдан кейін мұғалім: «мен енді тексерейін, пәтеріңде артық балалар жоқ па екен?» -дейді. «Менің пәтерімде үш бала бар»,- деп жауап береді.
Балалар жеңімпаз «пәтерді» анықтайды.
Балалардың санына
қарай «пәтердің» санын
8. «Ұқсасын тап»
Мұғалім балаларға
зат көрсетеді, балалар
Ойынға қажетті материалдар: Үлестірмелі заттар немесе суретті топтамалар (он-оннан).
Ойынның барысы: Әр оқушыда он-оннан топтамалар және түрлі заттардың көбін (8-10) «аз» десе азын (2-3 немесе3-4), ал «бір» десе тек қана бір затты көрсетулері керек.
Бұл ойында керісінше
«бір», «аз», «көп» деп айта отырып ойнатуға болады.
10. «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» ойыны
І вариант.
Балалар дөңгелене тұрады. Ортасында тұрған мұғалім мысалы: «қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал», «3 және 2» деп бір балаға допты лақтырды. Допты қағып алған бала 3 және 2 болады бес деп допты мұғалімге қайтарады.
ІІ вариант.
Балалар екі командаға
бөлініп 2 жаққа тұрады да допты
кезек-кезек бір-біріне
Көрнекілік: Доп
Ойынның барысы: Мұғалім допты лақтырып немесе еденге ұрып балаларға санату, сонша немесе біреу (екеу) артық (кем) ойын барысында неше болса сонша, содан (артық), «кем» деген мұғалім өзінің допты еденге ұруымен балалар шапалағымен тақылдатуы керек.
12. «Бірде бір» ойыны
Тақта алдында 10 оқушы шығып қатар тұрады. Ең бірінші тұрған бала бір деп, бір қадам алға тұрады, бір қосу бір болады деп екінші баланың алдына тұрады, екі қосу бір болады 3 деп келесі бала қатарға қосылады, қалған балалар да ойынды осылай жалғастырады. Ойын барысында балалардың натурал сандар қатарының қалай құралатыны туралы түсініктері дами түседі.
13. «Поезд құрастыр» ойыны
Қолданылатын көрнекіліктер: 1-ді қосу кестесінде берілген топтамалар: 0+1,1+1, 2+1 т.с.с.
Ойынның барысы: Мұғалім топтамаларды оқушыларға таратып береді, оларды вагондар, ал бір оқушыны тепловоз деп тағайындайды. Оқушылар қолдарындағы топтамаларына қарай отырып, алдымен «тепловозға» ретімен тіркелуі тиіс.
Ойынның мақсаты: 1- қосу кестесін қайталату.
Бұл ойынды 10-ға дейінгі натурал сандар қатарын өтіп болғаннан кейін жүргізуге болады. Мұғалім 10 баланы тақтаға шығарып, омырауына кеспе цифрлар жапсырылған топтама тағады. Балалар ретсіз араласып тұрады, мұғалім балалардың ретімен қатарға тұруын талап етеді. Екі цифрын ұстаған бала «мен екімін» деп екі цифрын ұстап баланың жанына барып тұрады, қалған балалар да өз қолдарындағы цифрларының ретімен орындарына тұрады.
Ойынның мақсаты: алғашқы ондықтағы сандар қатарын, оның атауын, белгісін, орнын қайталатып есте сақтайды.
15. «Қапшықтан неше ойыншық алдың?» ойыны
Мақсаты: Балаларға заттың санын қолмен сипап білуді үйрету.
Керекті материалдар: Әрбір балаға ішіне шошқа жаңғақ, ұсақ тастар, түйме, т.с.с. саналатын заттар салынған қапшық берілуі тиіс.
Ойынның мазмұны: Мұғалім балаларға қолдың саусақтарымен сипап білу арқылы қапшықтан 4 шарик алуды тапсырады. Балалар тапсырманы орындау үшін қапшықтан шариктерді алып, үстел бетіне қояды және санайды. Осыдан кейін балалар тапсырманы орындауын өзара тексереді, қателік жөнінде мұғалімге айтады.
Тапсырма бірнеше
рет қайталанады. Ешқандай
Мақсаты: Балаларға заттарды үлкен –кішілігі бойынша салыстыруды, үлгіге қарап нәрсені таңдай білуге үйрету.
Керекті материалдар: Әрбір бала үлкен-кішілі үйдің бөлшектері (төбесі, есігі, терезесі т.б.)
Мұғалім үйдің
бөлшектерінен құрастырылған
Ойынның мазмұны: Мұғалім балаларға ағаш ұстасының үлкен-кішілі төрт үй тұрғызғанын айтып, оларды көрсетеді. Балалар үй бөлшектерінің пішінін, үлкен-кішілігін атап, үймен оның кеңістігі арасындағы ара қатынастарды анықтайды. Балалар табылған бөліктерді үлгіге қарап салыстырып көреді, оларды тұрғызатын үйдің тиісті жерлеріне қояды. Балалар тапсырманың орындалуын өздері бағалайды, үздік «ағаш ұстасын» атайды.
17. «Сипаттамасы бойынша тап» ойыны
Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа және т.с.с ұғымдарды қолдану.
Керекті материалдар: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі секңілді 5-6 ойыншық қойылғанын балалар көріп отырады. Олар мұғаліммен бірге әрбір ойыншықты анықтап қарайды, олардың атын қайталайды. Осыдан кейін ойнаушылардың біреуі бөлмеден сыртқа шығады да, басқалары ойыншық туралы жұмбақ құрастырады, мәселен мұғалім балаларға қоянды көрсете отырып, олармен бірге мынадай жұмбақ құрастырады: «Ұзын құлақ , қияқ көз, қысқа құйрық- бұл қай аң?» балалар жұмбақты құрастырып болған соң оны шешетін баланы шақырады. Егер ол жұмбақты дұрыс шеше алмаса қолына сол ойыншық беріліп жұмбақ қайта айтылады. Ол тағы қиналса балалар жәрдемдеседі. Ойынға келесі бала шығады. Ойын қайталанады. Балалар жеңімпазды анықтайды.
Информация о работе Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы