Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:37, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Констиутциясының 24-бабының 2-бөлігіне және Қазақстан Республикасындағы Еңбек Кодексінің 6-бабының әркімнің де еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да болмасын кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне иелік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар. Өкінішке орай, тәжірибеде жалғыз норманы ғана қабылдау әрқашан оң нәтижеге әкеле бермейді.

Файлы: 1 файл

Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау.docx

— 24.74 Кб (Скачать)

Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін  қорғау

 

  • Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
  •  

               Қазақстан Республикасы Констиутциясының 24-бабының 2-бөлігіне және Қазақстан  Республикасындағы Еңбек Кодексінің  6-бабының әркімнің де еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да болмасын кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне иелік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар. Өкінішке орай, тәжірибеде жалғыз норманы ғана қабылдау әрқашан оң нәтижеге әкеле бермейді. 1999 жылы елімізде жедел тәртіппен бірқатар реформалар жүргізілді. Қазақстан Республикасының Парламентінде кейбір заң жобалары «жедел» графигімен қарастырылып өтті. Бірақ халықтың және мүдделі органдар мен ұйымдардың арасында талқыға салынбай заң қабылдаудың мұндай тәсілі көп балалы отбасылардың құқытырына, мүгедектерге, кейбір санаттағы жұмысшыларға және әйелдердің құқықтық жағдайына кері әсерін тигізді.

              Мұндай негативті реформалауға  көбінесе еңбек саласы ұшырады. 1999 жылдың аяғында «Қазақстан  Республикасындағы еңбек туралы»  заң қабылданды. Бірақ ол Қазақстан  әйелдерінің еңбек құқығын реттеуде  оң өзгерістер бермеді. Әйелдердің  еңбек құқықтарына мемлекет пен  заң шығарушы тарапынан тиісті  көңіл бөлінбеді.

              Кейбір мамандардың бағалауы  бойынша 2006 жылы халық шаруашылығында  жұмыспен қамтылғандар саны 6127,6 адам, олардың ішінде әйелдер  саны 2806,4, яғни барлық жұмыспен  қамтылғандардың     45,8% құрайды.  Бұның ішінде әйелдердің көп  бөлігі денсаулық сақтау, дене  шынықтыру және әлеуметтік қамсыздандыру  саласында жұмыс істейтіндердің  жалпы санының 82%-ын құрайды,  білім беру саласында - 77%, қоғамдық  тамақтандыру және ақпарттық-есептеу  қызметі саласында-76%, мәдениет -70%, сауда-саттық - 63%, «қаржы, несие және сақтандыру»  саласында - 66% [8,С.78-79].

             Әйелдердің еңбек қауіпсіздігі  мен еңбек қорғау саласына  мемлекет пен заң шығарушы  тарапынан тиісті көңіл бөлінбеудің  салдары статистикадан мынадай  көрініс тапты. Қазақстанның халық  шаруашылығының негізгі салаларына  әрбір оныншы әйел санитарлық-гигиеналы  нормаларға сай келмейтін жағдайларда  еңбектенуде, 138 мыңға жуығы түнгі  ауысымда жұмыс істесе, әр жүзінші  әйелге ауыр физикалық еңбек  жүктелеген. 40 мыңға жуық әйел  шу мен вибрацияның жоғары  деңгеінде, 64 мыңы ауасы лас және  шаң жағдайда, 26 мыңы қолайсыз  температурада жұмыс істейді.

              2001 жылы Қазақстанда әйелдер арасындағы  өндірістік жарақаттың төрт мыңға  жуық жағдайы тіркелді. Бұл өндірісте  жарақаттанғандардың жалпы санынан  15% құрап отыр. 47 әйел қаза болды.  Одан кейінгі өндірістік жарақаттар  жөнінде мәліметтер жоқ, бірақ  2000 жылы өндірістегі әйелдердің  өлімі 6,1% пайыз құрағаны белгілі  – 17 әйел қазаға ұшыраған.

              Әйелдерге тек еңбек етуге  ғана емес, сондай-ақ бұл құқығын  толық, жан-жақты жүзеге асыруына  мүмкіндік беру қажет. Тамырымен  жоймасақ та, әйелдердің еңбек  қызметін жүзеге асыруына кері  әсер ететін мән-жайларды барынша  азайтуға шаралар қолдану қажет.

               Жұмысшы әйелдердің ерекше бір  санаты – бұл жүкті әйелдер  және жас балалары бар әйелдер.  Қазақстан Республикасының заңнамасында  олардың құқығын қорғайтын кейбір  шаралар қарастырылған. «Қазақстан  Республикасындағы еңбек туралы»  Заңның 23 бабы 3-бөлігіне сәйкес жүкті  әйелдердің медициналық қорытындыға  сәйкес ауыр және қолайсыз  өндірістк факторлардың әсері  болмайтын басқа жұмысқа бұрынғы  жұмысындағы орташа айлық жалақысы  сақтала отырып ауыстырылуы қарастырылған.  Бұдан басқа аталған заңның 48-бабының  2-бөлігінде жүкті әйелдерді түнгі  уақытта жұмысқа тартуға олардың  келісімімен ғана жол беріледі  делінген.

              Аталған нормалар кеңестік заңнамада  алғашқы қабылданған сәттен айтарлықтай  өзгерістерге ұшыраған. Еңбек туралы  заңдар Кодексіне сәйкес жүкті  әйелдер түнгі уақытта жұмысқа  жіберілмеген, оларды орташа жалақысы  сақтала отырып жеңілірек жұмысқа  ауыстырған. Сонымен бірге, жүкті  әйелдерге айтарлықтай мөлшерде  жеңілдіктер қарастырылған. Нарықтық  экономика мен жұмыссыздықтың  өсуі, еңбек ресурстарының үлкен  мөлшері, өндірістің өсу деңгейінің  төмендегі жағдайында жүкті әйелдерге  түнгі уақытта еңбектенуге тыйым  салу дәстүрлі әйелдер саласында  еңбектенуді таңдау мүмкіндігін  шектейді. Сондықтан жүкті әйелдерге  олардың келісімімен түнгі уақытта  еңбектенуге рұқсат беруді жақсы  жетістікке жатқызуға болады.

             Қазақстан Республикасында әйелдерге  жүктілігі мен босануы бойынша  босанғанға дейін ұзақтығы жетпіс  күнтізбелік күнге, босанғаннан  кейін елу алты (ауыр босанаған  немесе екі не одан да көп  бала туған жағдайда жетпіс) күнтізбелік  күнге демалыс беріледі. Есептеу  жиынтықтап жүргізіледі және  демалыс әйелдің ұйымда жұмыс  істеу ұзақтығына қармастан, жұмыс  берушінің қаражаты есебінен  жүктілігіне және босануы бойынша  осы кезеңге төленген жәрдемақыны  босанғанға дейін нақты пайдаланған  күндерінің санына қармастан  оған толық беріледі («Қазақстан  Республикасындағы еңбек туралы»  Заңның 66-бабы).

              Заң шығарушының әрекеттері халықаралық  құқық нормаларымен кейбір тұстарда  келеді (Қазақстан Республикасының  ратификацияланған құжаты жөнінде  сөз болып отыр). Аталған шешім  Ана болуды қорғау туралы ХЕҰ-ның  Конвенциясына қайшы келеді [9,С.355]. 4-баптың 8-бөлігіне сәйкес кәсіпкердің  қармағында жұмыс істейтін әйелдерге  төленетін жәрдемақымен байланысты  шығындар үшін кәсіпкер жеке  жауапкершілік көтермейді. Г.Тіленчиеваның  пікірінше бұл жұмыс берушінің  әйелдер еңбегіне мүдделілігін  төмендетеді. Жұмыспен қамтылған  әйелдердің үлес салмағы басым  кәсіпорындарды әлеуметтік қамтамасыз  етуге байланысты шығындар бойынша  көріну теңсіздік жағдайына қояды  [10, С.64]. Бұл оймен толық келісуге  болады. Жүктілігі мен тууына  байланысты демалыстан басқа,  әйелге оның өтініші бойынша  баласы бір жарым жасқа толғанға  дейін оған күтім жасау жөнінде жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беріледі. Қосымша демалыс уақыты ішінде оның жұмыс орны (қызметі) сақталады. Кеңестік мемлекетпен салыстырсақ, мұндай демалыстың уақыты үш жылға дейін созылған. Аталған мерзімді үш жылға дейін созу негізді деп есептейміз, себебі психология мен педагогиканың көзқарасы бойынша, баланың дұрыс тәрбиеленуі үшін балалық шақтың алғашқы кезеңінде анасының оның жанында болуы қажетті.

                 Жоғарыда айтылған барлық шаралар  стратегиялық маңызды болып табылады. Өйткені мемлекеттің  жүкті  әйелдерді қорғау және жеңілдіктер  ұсыну дәрежесі тікелей балалардың  өмірі мен денсаулығынан және  елдің жалпы демографиялық саясатынан  көрініс табады. 90-шы жылдардан  бастап Қазақстанда қолайсыз  демографиялық жағдай қалыптасып  отыр: өмір сүру ұзақтығы төмендеуде, туудың азаюы, аналар мен сәбилер  өлімі деңгейінің жоғарылығы [11]. Созылмалы ауруларға шалдыққан  балалрдың саны артты; балалрдың  80% анемия, рахит және т.б. ауруларға  душар болған [12]. Мысалы, Павлодар  облысында соңғы екі жылдың  ішінде сәбилер өлімінің өсуі  тіркелген, өткен жылы ол бір  мың туылған баланың 26,5 бөлігін  құраған, одан басқа, әрбір  жаңа туған бір мың сәбидің  288-і ауру болып туылған [13].

                            Әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары  еңбектік және әлеуметтік заңнаманың  гендерлік сараптамасын өткізді.  Соның нәтижесінде әйелдер құқығына  қатысты келесі бұзушылықтарды  анықтады:

      1. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңға сәйкес қазақстандық әйелдер бала емізуге арналған үзіліссіз құқығынан айырылған, ал ол ХЕҰ-ның Ана болуды қорғау туралы Конвенциясының 5-бабына қайшы келеді. Яғни, егер әйел баласын емізетін болса, онда ол осы мақсат үшін елдің заңнамасымен бекітілген мерзімге күніне бір немесе бірнеше үзіліс жасап, өзінің жұмысын тоқтата тұруға құқғы бар;
      2. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңы әйелдің жүктілігі мен босануы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны төлеу  міндетін мемлекеттен жұмыс берушіге жүктеп отыр. Ал жұмыс беруші әлеуметтік жәрдемақыны өз қаражаты есебінен төлеу тиіс;
      3. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңында жүктілігі мен босануына байланысты демалыста жүрген әйелдерді жұмыстан шығаруға  тікелей тыйым салынбаған;
      4. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңында әйелдердің толық емес жұмыс уақытының жеке графиктері мен тәртібін белгілейтін норма қарастырылмаған*.

     

            Осыған байланысты «әйелдердің  еңбекке құқығы» ұғымында қандай  мазмұн жатқанын анықтау қажет.  Өз тарабымнан бұл әйелдердің  мемлекет таныған және кепілдік  берген мамандық таңдау құқығы, оған қол жеткізу, біліктілігі  мен кәсіби дайындығына сәйкес  жұмыстарды атқару, сондай-ақ сол  жұмыстарды орындау кезінде оның  денсаулығы мен еңбегінің барынша  қауіпсіз болуы, қорғалуы деп  пайымдаймын. «Әйелдердің еңбекке  құқығы» ұғымы бұл құқықтың мәнінен, яғни оны қоғамдық көрініс ретінде сипаттайтын ішкі мазмұнынан ажырағысыз болуы керек. Оның мәні - әйелдердің еңбекке құқығы заңнамамен бекітілген және мемлекет таныған мүмкіндігі ғана болуы тиіс емес, ол, сонымен қатар, түрлі кепілдіктермен іске асатындай қамтамасыз етілуі керек.

    ____________________________

    *ОБСЕ есебінен

     

     

     

     

             Қазіргі заманның көрінісі ретінде  бүкіл әлемдегі әйелдердің еңбек  белсенділігінің қарқынды өсуін  бөлек айта кеткен жөн. Олардың  еңбекке қатысуының көрсеткіші 1950 жылы 54%-дан 1990 жылы 66%-ға дейін  өскен және болжамдарға қарағанда,  өсуін тоқтатпақ емес. Санамызға  сіңіп қалған еркек отбасының  жалғыз асыраушысы деген пікір  артта қалуда. Әлемнің барлық  елдерінде көптеген отбасылардың  берекеті екі асыраушыға тәуелді  болып отыр. Осындай жағдай Қазақстанда  да орын алған. Ал республикамызда  тұратын кейбір отбасылар үшін  әйел еңбегі табыстың негізгі  қайнар көзіне айналған.

             Бұл, өз кезегінде, әйелдер  еңбегін ерекше әлеуметтік-құқықтық  санат ретінде оның мәнін және  дамуының үрдісін зерттеуді қажет  етеді.

             Зерттеу объектісі ретінде әйелдер  еңбегін бөле отырып, пәні жағынан  қарастырғанда, ол еңбектің жалпы  ұғымынан шығатынын көреміз. Ғылыми  және энциклопедиалық әдебиеттерде  аталған ұғымға көптеген анықтамалар  берілген. Бұның бәрін саралап,  қорыта келгенде: еңбек – бұл  адамның физикалық немесе ақыл-ойға  күш салуымен ілесетін, қандай  да бір нәтижеге жетуіне бағытталған  ұжымдық және жеке мақсатты  қызметін көрініс табатын адамзат  тіршілігінің қалыпты кейібі  және объективті қажеттілігі.

              Теоретикалық көзқарас бойынша  әйелдер еңбегі еңбек түрлерінің  бірі. Ол өзіне тән ерекшеліктері  бар еңбектің жалпы табиғатына  ие.

             Еңбек процесі өзінің мазмұны  жағынан, біріншіден, еңбек құралдарының, еңбек пәнінің және еңбектің  өзара ара қатынасы, екіншіден,  жұмыс күшін пайдалану, жұмсау  болып табылады [156, C.196]. Бұл мағынада  еңбек, ең біріншіден, физиологиялық  жағынан жұмыс күшін жұмсау  болады. Егер әйел мен еркектің  еңбек үрдісіне талдау жасасақ,  онда сырттай олар ұқсас. Еңбек  үрдісі барысында екеуі де  белгілі бір нысанда, қажетті  еңбек құралдарының көмегімен  еңбек пәніне әсер ету арқылы  мақсатты қызметті жүзеге асырады.  Алайда бұл үрдістің ішкі мазмұны  күрделі. Еңбектің әрбір жеке  түрінің ерекшелігі оның ерекше  мақсатынан, операциялардың ерекше  сипатынан, өндіріс құралдарының  ерекше табиғатынан объективті  және субъективті көрініс табады. Осы жағынан әйелдер мен еркектердің  еңбегі өзіне тән ерекшеліктерге  ие. Бұл ерекшеліктер әр жыныстың  табиғатпен берілген ағзаның  табиғи қабілетінен шығып отыр.

              Әйелдер еңбегін реттеу және  ұйымдастыруға байланысты зерттеулер  мен ұсыныстар енгізу белсенді  сипатқа ие бола бастады. Соның  нәтижесінде әйелдің еңбек саласындағы  орны мен оның еңбегіне қатынасты  анықтайтын екі түрлі концепция  пайда болды.

             Біріншісі, әйелді өндірісте қамқорлықпен  және ерекше  көңілмен қоршауды  қажет ететін ерекше жан иесі  ретінде қарастырды.

            Екіншісі, керісінше әйел мен  ер адамның арасында ешқандай  айырмашылыққа жол бермеді. Қандай  болмасын айырманы дискриминация  ретінде қарастырып, толық теңдікті  талап етті.

           Әйелдерді қамқорлыққа алатын  және олардың еңбегін регламенттейтін  заңдардың көп мөлшерде пайда  болуы, біріншіден, кәсіпкерлер үшін  әйелдерді жұмысқа қабылдауды  машақты көп іс қылды, ал  екіншіден, көптеген әйелдердің  кейбір мамандықтарға қол жеткізуін  шектеді (өндірістің немесе жұмыс  режимінің ерекшелігіне байланысты).

              Көптеген жылдар бойы және  осы күнге дейін жоғарыда аталған  концепциялар бір бірімен бақталасуда,  ал еңбек құқығының теоретиктері  бірде жұмыс істеуші әйелдердің  мүддесі үшін қабылдануы тиіс  арнайы қорғау шараларының жағына  шықса, бірде әйелдердің кәсіби  өсуін және өндіріс саласын  таңдау құқығын шектемеу үшін  олардың еңбектік мүмкіндіктерінің  толық теңдігін талап етеді.

              Еңбекті қорғау салалық институтының  өте маңызды және көлемді нормалар  тобын әйелдер еңбегін қорғау  жөніндегі арнайы нормалар құрайды.  Аталған нормалар еңбекті қорғаудың  құқықтық тәсілдері болып табылады. Олар қандай да бір техникалық, санитарлық және өзге де шаралар  өткізуді бекітпейді, тек негізінен  құқықтық тыйым салулар мен  жеңілдіктерді қарастырады [16.С.59].

               Сонымен, әйелдер еңбегін қорғау  деп - әйелдер еңбегінің қауіпсіз  және қалыпты жағдайларын қамтамасыз  ету үшін мемлекеттің қолданатын  және өткізетін құқықтық, экономикалық, медициналық және техникалық  бір-бірімен өзара байланысқан  шаралардың жүйесін айтамыз. Бұл  жүйенің маңызды компоненті ретінде  әйелдер еңбегін қорғау жөніндегі  еңбек заңнамасының жалпы және  арнаайы нормалары құрайды.

    Өткенді қойып қазіргі таңға оралсақ, қазіргі таңда 2007жылы 15мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сай әйелдердің еңбегін реттеу жөнінде бірқатар мәселелер қарастырылған. Соған дәлел болтын Еңбек кодексінің 17 тарауы. Онда әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар, әйелдердің және отбасылық міндеттері бар басқа да адамдардың еңбегі мен тынығу режимінің ерекшеліктері, баланы тамақтандыруға арналған үзілістер, әйелдерге және отбасылық міндеттері бар басқа да адамдарға толық емес жұмыс уақытын белгілеу, жүкті әйелдерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануды шектеу, жүкті әйелдерді басқа жұмысқа уақытша ауыстыру, жыл сайынғы ақылы демалыс кезектілігін белгілеу кезінде әйелдерге берілетін кепілдік, жүктілікке және босануға байланысты демалыс, жаңа туған балаларды асырап алған қызметкерлерге берілетін демалыс, балалардың күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс сияқты мәселені қарастырған.

    Информация о работе Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау