«Статистика» пәнінен дәрістің қысқаша конспектісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2011 в 19:21, реферат

Краткое описание

Статистика - мақсаты әр түрлі қоғамдық құбылыстарға жататын мәліметтерді жинақтау, реттеу, талдау және салыстыру болып табылатын қоғамдық ғылым.

Файлы: 1 файл

statistika.doc

— 253.00 Кб (Скачать)

    Тақырып №4. Ішінара бақылау 

    1. Ішінара бақылау-бұл жаппай емес бақылау, мұнда зерттеуге жататын бірліктер кездейсоқ тәртіппен алынады, алынған бөлік зерттеледі, ал нәтижесінде алынған бірлік бөлігі жиынтықты көрсетеді, тек кішірек масштабта.

    Ішінара бақылау мәні:

  • қысқы мерзімде және азайтылған еңбекпен, материалдармен және ақшалай шығындармен жүргізіледі;
  • жаппай бақылауды жүргізу мүмкін емес жағдайда жүргізіледі, себебі кейде ішінара бақылау ғана жүргізілуі мүмкін, мысалы өнімнің сапасын тексеруде алынған бірліктер жойылатын болса;
  • жаңа әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды алдымен статистикалық талдау әдісін дамыту үшін ішінара әдіспен зерттейді. М: шағын кәсіпкерлік, тауар нарығы және т.б.
  • бақыланатын жиынтықтың шағын көлемі тіркеу қателегі санын азайтады.

    Ішінара бақылау мақсаты – алынған  бірлік бөлігі белгісінің орташа мәнін  пайдаланып, жетерлік дәлдікпен сол топтағы барлық бірліктердің көрсеткіштернің  шамасы туралы қорытынды беру.

    Ішінара бақылаудың негізгі мінездемелеріне  жатады: іріктеме көлемі, жалпы жиынтық  көлемі, орташа ішінара, жалпы орташа, ішінара бөлік, жалпы бөлік.

    Ішінара бақылау әдістемесі:

    А) жалпы жиынтықтан кездейсоқ тәртіппен  іріктелген жиынтық алынады.

    Б) әр бірлікке зерттелетін сандық немесе альтернативті (сапалық) белгісі мәні анықталады.

    С) алғашқы мәліметтер негізінде орташа ішінара (сандық белгісі бойынша) немесе ішінара бөлік (альтернативті белгісі бойынша) есептеледі.

    Д) ықтималдың белгілі бір деңгейімен жалпы орташаның  ауытқуы шекарасын  береді немесе ішінара орташадан  бөлікті береді.

    Іріктеу жүргізу әдісі бойынша қайталанатын және қайталанбайтын болады.

    Іріктеу түрлері: механикалық, кездейсоқ, типтік, сериялық, жинақталған.

    Ішінара жиынтық – бұл бас жиынтықтың бөлігі ғана, сондықтан бас жиынтықтың қорытынды сипаттамасы ішінараның алынғвн сипаттамасынан бір шамаға алшақтанады.

    Ішінара орташа (бөлік) мен жалпы орташаның (бөліктің) арасындағы алшақтану шамасы туралы тек белгілі бір ықтималмен айтуға болады, ол сенім коэффициентіне байланысты. Ішінара орташаның жалпы орташадан ауытқу ықтималы арнайы кестеде мына фрагментпен беріледі: 

Ықтималдылық, Р 0,683 0,954 0,997 0,999
Сенім коэффициенті, Т 1 2 3 4
 

    Ықтималдылық  мыңның қанша жағдайында жалпы орташа бекітілген шекте болатынын көрсетеді.

    4.2 Ішінара бақылау  қателіктері деп репрезентативті қатені немесе өкілдікті қатені айтады. Олар ішінара бақылау мәліметтері мен барлық жиынтықтың арасындағы айырмашылық өлшемін сипаттайды. Репрезентативті қателіктер кездейсоқ және жүйелі болып бөлінеді. Бақылаудың жаппай емес сипатынан ішінара жиынтық жалпы жиынтықты жетерліктей тура көрсетпеуі нәтижесінде кездейсоқ қателік туындайды. Олардың көлемі үлкен сандар заңы және ықтималдар теориясы негізінде тура анықталады. Жүйелік қате бақылауға жиынтық бөліктерін кездейсоқ таңдау принципі бұзылу нәтижесінде пайда болады.

    Іріктеменің орташа қателігі – жалпы орташаның  ішінара орташадан басқа жаққа орташа ауытқуын көрсетеді.

    Орташа  қате негізінде іріктеменің шекті  қатесі анықталады, ол жалпы орташадан  ішінара орташаның ауытқу шегін  белгілі бір ықтималдар деңгейімен бекітеді.

    Негізгі ұғымдар:

    Ішінара жиынтық- іріктеп алынған бірліктердің жиынтығы.

    Жалпы жиынтық- одан бірліктер алынатын жиынтық.

    Іріктеме  үлес (бөлік) – ішінара жиынтықта сол белгіге ие бірлік үлесі (бөлігі).

    Қайталама іріктеу- жиынтықтың әр бірлігі оның белгісінің зерттелуінен кейін жалпы жиынтыққа қайтарылатын және ол тағы да таңдап алынуы мүмкін іріктеу тәсілі.

    Кездейсоқ іріктеу- жалпы жиынтықтан бірліктерді таңдау кездейсоқ болады.

    Механикалық іріктеу – жиынтық бірліктері белгілі бір тәртіппен орналасып, іріктемелі пайызға керісінше топтарға интевалдармен бөлінетін іріктеу тәсілі.

    Типтік  іріктеу – жалпы жиынтықтың бірліктерін типологиялық топтау негізінде, әр топта бірліктердің іріктелуі бірліктердің санына пропорционалды жасалатын іріктеу тәсілі.

    Сериялы іріктеу – жалпы жиынтықтан бірліктер емес , олардың сериялары кездейсоқ немесе механикалық жолмен алынатын ірктеу тәсілі.

    Шағын іріктеу – бірліктердің саны 20 бірліктен аспайтын ішінара бақылау.

    Сенім коэффициенті – шекті ауытқуға ықтималдың әсерін анықтайтын коэффициент. 
 
 
 
 
 
 

    Тақырып 5 Экономикалық индекстер 

    5.1 Статистика практикасында, индекстер орта шамалармен қатар статистикалық жиынтық бірліктерінің қорытындылама сипаттамасы болып табылады. Индекс- уақыт ішінде, кеңістікте немесе жоспармен кез-келген әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың шамасының қатынасын көрсететін қатысты шама. Сонымен қатар индекстер бір көрсеткіштердің мәнінің өзгерісінің басқалардың динамикасына әсерінің деңгейін анықтайды, нақты бағадан салыстырмалы бағаға макроэкономикалық көрсеткіштердің  ауысуының  мәнін есептецді, әр аймақ бойынша көрсеткіштер қатынасын өлшейді және т.б.

    Индекс  сөзі көрсеткіш деген мағынаны береді.

    Үйреншікті  жағдайда салыстырмалы көрсеткіштер әртүрлі  элементтерден тұратын құбылыстарды сипаттайды, оларды өлшеу мүмкін еместігінен қосуға болмайды.

    Индекстер қатысты санмен көрсетіледі.

    Индекстер мәні мынада:

  • ұлттық экономиканың дамуын толық және жеке салалары бойынша сипаттайды;
  • кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижесін талдайды;
  • маңызды экономикалық көрсеткіштерді құруда жеке факторлардың ролін зерттейді; 
  • өндіріс резервтерін айқындайды және т.б.

    индексті  әдістің өзінің символикасы мен  терминологиясы бар:

    q-натуралды  формадағы кез-келген бір өнімнің  саны (көлемі);

    p-тауар  бірлігі бағасы;

    z- өнім  бірлігінің өзіндік құны;

    T- уақыттың  жалпы шығыны (Т=p*q) немесе жұмысшыларды  саны

    П- егіс көлемі

    У- егіншілік

    p*.q- берілген түрдің өндірілген өнімнің  жалпы құны

    z.*q- барлық өнімді өндіруге кеткен  шығындар

    5.2 Индекстер топтамасы:

    құрастыру формасы бойынша:

  • агрегатты;
  • орташа;

    салмағы бойынша:

  • тұрақты салмақпен;
  • ауыспалы салмақпен;

    зерттейтін  объектінің сипаты бойынша:

  • сандық көрсеткіштер индексі;
  • сапалық көрсеткіштер индексі;

    құбылыстың  құрамы бойынша:

  • ауыспалы құрам индекстері;
  • тұрақты құрам индекстері;

    Индекстерді есептеуде салыстырмалы деңгейді және базисті деп аталатын салыстыру  жүргізілетін деңгейді бөліп қарайды. Салыстыру базасын таңдау зерттеу  мақсатымен анықталады.

    5.3 Бір аттас құбылыстардың динамикасын зерттеу салыстырудың, динамикалардың  және жоспарды орындаудың  белгілі қатысты шамалары  болып табылатын жеке индекстер (і) көмегімен зерттеледі.

    Салыстырылмайтын  элементтерден тұратын жиынтықтарды өлшеу топтық немесе жалпы индекстер  көмегімен зерттеледі.

    Соңғылары құрастыруәдісі бойынша агрегатты индекстер және жеке индекстерден орташа салмақталған  болып бөлінеді.

    5.4 Негізгі индекстердің арасында өзара байланыс бар, олар бір индекстің негізінде басқа индекстерді алуға мүмкіндік береді:

    - өнім құны индексі- бағалар  мен өнімдердің физикалық көлемінің индекстерін шығару,

    - өнім шығыны индексі дегеніміз  өнімнің өзіндік құнының индексін  шығарылған өнімнің физикалық  көлемінің индексіне шығару;

    - тауарайналым индексі – баға  индексі мен тауарайналымның  физикалық көлемінің индексін  шығару.

    Егер сапалық көрсеткіштер индексі ағымдық кезең деңгейінде  алынған салмақтар негізінде құрастырылған болса, онда қарастырылған жоғарыдағы агрегатты индекстер, с.қ. олардың элеметтері бір-бірімен өзара байланысты.

    Негізгі ұғымдар:

    Жеке  индекстер- әртүрлі элеметтердің жиынтығын өлшеуді сипаттайды, оны құратын бөлік тікелей өлшенбейді.

    Индекс  салмағы – индекстелетін шамалардыөлшеу мақсатына қызмет ететін шама.

    Базисті индекс – салыстыру базасы болып саналатын кезең деңгейі мен ағымдық деңгейді салыстыру арқылы алынатын индекс.

    Тізбекті  индекс – ағымдық деңгей мен алдыңғы деңгейді салыстыру жолымен алынатын индекстер.

    Орташа  индекс – жеке индекстерден орташа шама үстінде шығарылып алынатын индекс.

    Өзгермелі құрамның индексі - әр түрлі уақыт кезеңдеріне жататын зерттелетін құбылыстың орташа деңгейінің қатынасын көрсететін индекс.

    Тұрақты құрам индексі -  индекстелетін шамалардың өзгеруі есебінен зерттелетін құбылыстың орташа мәнінің өзгеруін көрсететін индекс.

    Құрылымдық  қозғалыс индексі – зерттелетін құбылыстың құрылымының өзгеруі осы құбылыстың орташа деңгейінің динамикасына әсерін сипаттайтын индекс.

    Ласпейрестің  құн индексі - өнімнің көлемі және құрылысы өзгермеуі кезінде өнімге бағаның өзгеруін көрсетеді.  
 
 
 
 

Таќырып № 6. Құбылыстардың  арасындағы өзара  байланысты статистикалық өлшеу

6.1 Байланысты статистикалық өлшеудің мәні құбылыстардың арасындағы объективті бар байланысты зерттеуде және байланыс моделін құруда 

Таќырып № 12. ¤ндіріс тиімділі статистикасы.

12.1 Ќоѓамдыќ  µндіріс тиімділігі мєні.

12.2 Пайда- кєсіпорын шаруашылыѓы нєтижесініњ негізгі кµрсеткіші.

12.3 Пайдалылыќ -µткен кезењдегі ењбекті пайдалану  тиімділігініњ кµрсеткіші ретінде.

12.4 Негізгі  ±ѓымдар. 

    1. Ќоѓамдыќ  µндіріс тиімділігін  статистикалыќ  зерттеу мєні ќоѓамдыќ µндіріс тиімділігініњ  жалпы жєне жеке кµрсеткіштерін  зерттеу, тиімділіктіњ экономикалыќ талдауын ж‰ргізу жєне жеке факторлардыњ оныњ дењгейіне, динамикасына єсерін айќындау.

     Экономикалыќ  тиімділік  - б±л экономикалыќ эффект кµрсеткішініњ жетістік немесе ресурс шыѓындарына бµлінгенде аныќталатын ќатысты шама.

Информация о работе «Статистика» пәнінен дәрістің қысқаша конспектісі