Компанияның қысқаша тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 22:19, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіптік сараманның негізгі мақсаты алған білімді бекіту және тереңдету болып табылады, сонымен қатар студенттің оқу кезінде жоғары оқу орнында алынған практикалық дағдыларын пайдаланып білу. Практикалық дағдылар кез - келген маманның кәсіптік қызметінде анықтауыш рөл атқарады. Адам баласының теориялық біліміне қарағанда практикалық тәжірибесі жоғары болса, мұндай жұмысшының жұмысы эффективті болып табылады. Кәсіптік сараманның өту орны – АҚ “ Конденсат ”. Осыған баланысты кәсіптік сараманның негізгі мақсаты газды конденсатты өңдеу технологиясымен танысу, алынған отынның қасиетін және оны байқау әдістерін анықтау.

Файлы: 1 файл

Менің есебім.doc

— 318.00 Кб (Скачать)

Кіріспе

 

Кәсіптік сараманның негізгі мақсаты алған білімді  бекіту және тереңдету болып табылады, сонымен қатар студенттің оқу  кезінде жоғары оқу орнында алынған  практикалық дағдыларын пайдаланып білу.

Практикалық дағдылар кез - келген маманның кәсіптік қызметінде анықтауыш рөл атқарады. Адам баласының теориялық біліміне қарағанда практикалық тәжірибесі жоғары болса, мұндай жұмысшының жұмысы эффективті болып табылады. 

Кәсіптік сараманның өту орны –  АҚ “ Конденсат ”. Осыған баланысты  кәсіптік сараманның негізгі мақсаты газды конденсатты өңдеу технологиясымен танысу, алынған отынның қасиетін және оны байқау әдістерін анықтау.

1973 жылдың 16 ақпанында Батыс жылулық  ауданында газдың конденсатпен  бұрқағы (фонтан) алынды. Бұл ашылу  Каспий маңы мұнай газ провинциясында алғашқы болды және мұнай газ іздеу жұмыстарының көптеген аймақтарға оның негізгі бағытын анықтады, сонымен қатар көмірсутек шикізатының көп көлемді және тиімді кен орындарының ашылуына мүмкіндік тудырды (Жаңажол, Қарашығанақ, Теңіз, Чинарев).

1979 жылдың  15 қыркүйегінде бұрғылау жұмысының шапшаңдығын жоғарылата отырып, Қарашығанақ аймағының П10 ұңғымасында тереңдігі  4165- 4262 метрге жететін өте қуатты газды конденсаттың фонтаны алынды. 16мм штуцермен газ дебиті тәулігіне 180000 мқұрады, ал конденсат тәулігіне 690 м3 жетті. Қарашығанақ Тұрақсыз газды конденсат кен орны 3680 – 5270 м тереңдікте өзінің көп компанентті көмірсутек шикізатының құрамы бойынша және қоры бойынша өте тиімді болып табылды.Оның өнімділік қабатының биікткгі 1,5 км ( салыстыратын болсақ Орынбор кен орнының биіктігі 530 м).

Жер қабатында барлық Қазақстан  Республикасы бойынша табиғи газ  қорының шамамен 70% Қарашығанақ құрайды. Шамамен тұрақты конденсаттың 200 метрге дейін жететін қоры өзіне Ақтөбенің екі Жаңажолын сыйдыра алатын үлесті құрайды, яғни 92%. Ондаған эксплуатациялық ұңғымадан алынатын өнім  негізінен газ тасымалдау және конденсат тасымалдау бағыттары бойынша өңделу үшін Орынбор газ өңдеу кешеніне жіберіледі. Қордың басым бөлігі жер астындағы тиімді Қарашығанақ тұрақсыз газды конденсат кен орнына негізделген.

Қарашығанақ тұрақсыз газды конденсат  кен орнының тұрақсыз газды конденсатын  біріншілік өңдеу және дайындау үшін аз салмақты қондырғы  МТУ – 400 жұмыс  атқарады. Алынатын конденсат біріншілік сепарацияны газды дайындаудың кешенді қондырғысында өтеді УКПГ-16 ( ГП-3), яғни шикі газдың ағындары мен тұрақсыз газды конденсаттың бөлінуі жүреді. Тұрақсыз газды конденсаттың негізгі бөлігі Орынбор газ өңдеу зауытына бағытталады және санаулы емес бөлігі МТУ – 400-де өңделеді. Өңдеудегі тұтыну көпке дейін жоғарылағандықтан, өңдеу бойынша қуаттылығы жоғары жаңа зауыт салу жоспарлануда. Соңғы уақытта Қарашығанақ тұрақсыз газды конденсат кен орнының тұрақсыз газды конденсатының физико - химиялық қасиетінің төмендеуі байқалуда. Құрамындағы күкірт (S)  үлесі 25% көбейді. H2O және хлорлы тұздың болуы көбейді. Процесстің мақсаты тура айдалмалы дистиллятты фракцияларды және Қарашығанақ тұрақсыз газды конденсат кен орнының газды конденсатынан айдау қалдығын алу болып табылады. Алынатын фракциялар мотор отындары мен түтінді мазут өндірісі  үшін негізгі компонент болып келеді.

Жобаның мақсаты: Қарашығанақ мұнайгазконденсатты кен орнындағы «Конденсат» АҚ мұнай өңдеу зауытындағы тұрақсыз газ конденсатын өңдеу барысында пайда болатын шығару және тұрақтану газдарын кәдеге жарату.

Жобаның арналуы: экологиялық жоба

Жобаның техникалық шешімі және параметрлері: пайда болған шығару және тұрақтану газдарын жинақтау, оларды конденсациялау (қысу) және КПО б.в. компаниясының УКГП-3 технологиялық процесіне кәдеге жаратуға тасымалдау.

Шикізаттық газ бойынша жобалық  өнімділігі – қалыпты 9,0 т/сағ, ең жоғарғысы  – 10,35 т/сағ.

Ең төменгі қысымы – 8,5 МПа, есептік  қысымы – 10 МПа.

Жобаны жүзеге асыру құны – 1,6 млрд теңгеден астам.

Жобаның жағымды жақтары:

  • мұнай өндіретін зауыттың технологиялық қондырғысынан зиян заттардың шығарындыларын алып тастау;
  • Қарашығанақ мұнайгазконденсатты кенорнында өнеркәсіптік қауіпсіздікті жақсарту;
  • КПО б.в. УКПГ-3 технологиялық процестеріне сұйылтылған көмірсутектерді қайтару.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Негізгі бөлім

 

1.1 Компанияның қысқаша тарихы

 

Компания 29 маусым 1992 жылы құрылды. Болашақ компанияның ұйымдастырушылары болып  «Казахгаз» Мемлекеттік холдинг компаниясы, «Казнефтепродукт» мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік концерні, «Мұнай Өнiмдерi» өндірістік қоғамдастығы   және де  дат фирмасы «Hillah Consultаnts Ltd» табылды.

Кәсіпорынның алғашқы  этаптағы мақсаты құрылыс жүргізу  болды, ал кейін Қарашығанақ мұнайгазконденсатты кенорнында жылына 400 мың тонна қуатымен газды конденсатты өңдеу бойынша азтоннажды зауытты пайдалану үшін құрылды.

Күрделі өндірістің азаматтық  бөлігінің жобасы Донецк қаласындағы  «ЮжНИИгипрогаз» украин институты болып табылатын мекемеде жасап дайындалды.

Жүргізілген тендер нәтижесінде  негізгі технологиялық құрал- жабдықтарды дайындау канадалық «Пропак системс» компаниясына тапсырылды.

Қарашығанақ шикізатын  өңдеудің технологиялық ерекшеліктерінің консультацияларын мұнайхимия өндірісінің башқұрт НИИ өткізді.

Құрылыс - мондаждау жұмыстары бойынша бас мердігерлері болып Агротекс, Витковицке, нәтижесінде, Сидос деп аталатын чех компанияларының біріккен альянсына міндеттелінді.

Осы жайт 1993 жылдың 5 тамызында  конденсатты өңдейтін зауыттың бірінші  кірпішінің қалануына негіз болып, зауыттың құрылысы басталды.

Қондырғыны даярлау  және құрылыс жұмыстарының өндірісінің  даму қарқыны тым биік болатын. Алайда, 1994 жылдың ақпан айында «Конденсат» құрылыс аумағындағы жұмыстар тоқтатылды. Бұған негізгі себеп болып мердігерлердің финанстық жағынан жеткіліксіздігі еді. Осы салдар бойынша да канадалықтар технологиялық құрал-жабдықтардың комплектациясы мен монтаждалуын тоқтатты. Кәсіпорынның тарихындағы алғашқы қиын кезеңдер басталды.

Ұйымдастырушылардың финанстық жағдайы жобаны толықтай көлемде орындауға мүмкіндік бере алмады. Осы деректерді ескере отырып, кәсіпорын басшылығы 1993 жылдың қазан айында акционирлеу жүргізді, ал 1994 жылдың ортасынан бастап барлық финанстық құрылғыларды қолданумен қаржы шараларын қарқынды іздеуін бастады. Негізсалушы қадамдардың бірі болып 1995 жылдың қазан айында шығарылған екі эмиссия болды. «Конденсат» АҚ жұмысшылары және құрылысшыларымен бірге республиканың көптеген тұрғындары «Конденсат» АҚ акционерлері атанды.

Бұл аталған шаралар  шетел банктерімен мақсатталған бағытта жұмыс жасауға мүмкіндік берді. 1995-1996 жылдары Канада, Чехия және Израиль банктері тауарларды жеткізуді қаржыландыру үшін және азтоннажды зауыт құрылыс жобасын іске енгізуін қамтамасыз ету үшін кредиттер бөлді. Кредит алудың шарты болып Қазақстан Үкіметі жағынан қайтарған кезде гарантия бөлу болып табылады. Жоба бойынша жұмыстар тек 1996 жылдың тамыз айында қалпына келтірілді. Құрал-жабдықтардың негізгі бөлігін Канада елінен тасымалдау қиыншылықтары 1997 жылдың сәуір айында толығымен жойылды. Алда  ұзақ та қиын, жүздеген шақырымдарға созылатын құбырлар және кабельді желілердің, технологиялық құрал-жабдықтардың, аппаратураны орналастырудың және электронды жүйелердің монтаждау  процесі болды. Технологиялық қондырғының, құбырөткізгіш және кабельді сызықтардың, аппараттарды және электронды жүйелерді жөндеудің монтаждаудың ұзақ процесі басталды.

1997 жылы толықтай аяқталған  зауытта Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев болып,  отандық өндірушілердің жұмысын  жоғары бағалады.

Құрылған және істеп  тұрған зауытқа Қазақстан Республикасының Үкіметі бірнеше мүшелері келіп кеткен.

«Конденсат» АҚ отын өндіру бойынша азтоннажды қондырғының  өндірістік эксплуатациясы 1998 жылдың 19 тамызында басталды.

Зауыт іске қосылғаннан  кейін келесідей қондырғылардан тұрды: қуаттылығы жылына 400 мың тонна тұрақсыз конденсатты тұрақтандыру және атмосфералық айдау қондырғылары, химиялық-аналитикалық зертхана, технологиялық буландыру және суды жылыту қазандықтары, сыйымдылығы 4000 шаршы метр боып табылатын аралық резервуарлық парк және де сорапты станция. Диаметрі 159 мм және арақашықтығы 32 км болып келетін екі құбырлы Қарашығанақ-Ақсай мұнай өнімдерін тасымалдағыш зауыт пен Ақсай қаласында орналасқан сыйымдылығы 12 мың шаршы метр резервуарлармен жабдықталған мұнай базасымен жалғастырылады. Мұнай базасында өнімдерді қабылдау, құю, сақтау, жеткізу теміржол жағдайымен, сонымен қатар автомобиль транспорттарымен де жүзеге асырылады. Одан басқа, Ақсай қаласындағы  «Конденсат» АҚ комплектация базасы және қондырғыны, материалдарды сақтау базасы  бар.

 

1.2 Кәсіпорын жетістіктері

 

  • 2003 жылы «Конденсат» АҚ мұнай өнімдері базасының қызметтерінің сертификаттауын  жүргізді.
  • 2005 жылдың мамыр айында компания мұнай өнімдерінің өндірісінің саласындағы Қақазқстан Республикасының СТ және ИСО 9001-20001 сапа менеджментінің жүйесінің талаптарына сай сәйкестік сертификатын алды.
  • 2005 жылдың желтоқсан айында кәсіпорын ұжымы Қазақстанның мұнайгаз  саласында ең бірінші болып Қазақстан Республикасының ГОСТ Р ИСО 14001-2004 талаптарына сәйкес «Конденсат» АҚ экологиялық менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификатын алды.
  • 2007 жылдың маусым айында компания ҚР СТ 1348-2005 (OHSAS 18001: 1999; MOD) «Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджментінің жүйелері. Талаптар» талаптарына сай сәйкестік сертификатын алды.
  • «Конденсат» АҚ Батыс Қазақстан облысындағы 3 сәйкестік сертификатын енгізген компаниялардың бірі болып табылады.
  • «Конденсат» - қазіргі заманға сай дамын жатқан компания. Жаңа технологияларды енгізе отырып, қызметшілер компанияның және өңірінің болашағы туралы ойлайды.
  • 2009 жылы олар өз қызметтерінің 17 жылдығын лайықты атап өтті. Компания үшін осы басты міндеті шығару және тұрақтану газдарын көдеге жарату жобасын тапсыру (іске қосу) болып табылады. 2008 жылы осы жобаны енгізуімен қатар кәсіпорын мамандары жылына шикізаттың өңдеуін 600 тоннаға дейін зауыттың қуатын көбейту бойынша шараларды табысты жүргізді, сондай-ақ, биылғы жылы қоршаған ортаға мұнай өнімдерінің шығарындыларын азайтатын газды теңдестіру жүйесі бар АТҚ-да мұнай өнімдерін сақтаудың аралық паркінің буларының рекуперация жобасы іске асырылды.
  • cу қорларын қорғау және тиімді пайдалану мақсатында кәсіпорын 2009 жылы тазартылған суды шаруашылық қажеттіліктерге пайдалануға мұмкіндік беретін АТҚ-дағы өнеркәсіптік – жаңбырлық ағындыларды тазарту жүйесінің жетілдіруін жүргізді. Ағындыларды тазартудың жоғары деңгейіне биологиялық  және мембраналық тазарту технологиясын қолдану арқылы жетті.
  • cонымен қатар, қазіргі уақытта кәсіпорында шығарылатын өнімнің сапасын көтеру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өнімдегі күкірт қосылыстарының мөлшерін төмендетуге мүмкіндік беретін газойл фракциясын тазарту торабының құрылысы жүргізіліп жатыр, және төмен молекулярды меркаптандардан ашық мұнай өнімдерін меркаптансыздандыру құрылғысын жетілдіру бойынша жобалық жұмыстар жүргізілуде.
  • cондай-ақ, кәсіпорынмен жүзеге асырылып жатқан маңызыд экологиялық жобалардың бірі кәсіпорынның өнеркәсіптік ағындарын термиялық зиянсыздандыру  және бейтараптау торабының құрылысы болып табылады.
  • тек осы жобаларға кәсіпорын 100 млн теңгеден астам өз қаражатын жұмсады.
  • содан кейін кәсіпорын мамандары еуропалық стандарттарға сәйкес шикізатты өңдеу тереңдігін көбейту және отындардың өндірісінің жобаларын жүзеге асыруды жоспарлауда.
  • «Конденсат» АҚ – Батыс Қазақстан облысындағы ірі отандық кәсіпорын. «National Business» журналының жыл сайынғы рейтингінің қорытындылары бойынша соңғы алты жыл ішінде компания таратылған өнімнің мөлшері бойынша Қазақстанның жүз ірі компаниясының тізімнің дәл ортасында.
  • соңғы үш жылда тауарлық өнімді таратудың орта жылдық көлемі 22,9 миллиард теңгені құрады, ал осы кезеңдегі салықтық төлемдерінің көлемі 6,1 миллиард теңгені құрады.
  • компанияның тиімді жұмысы соңғы 3 жылдың ішінде демеущілік және қайырымдылық қызметіне 234 миллион теңге жұмсауға мүмкіндік берді.

Жобаның негізгі қатысушылары:

 

Жобалық құжаттаманы әзірлеу

 

«Интек» ЖШС (Қазақстан Республикасы)

 

Құрылыс – жинақтау жұмыстарының өндірісі

 

«РНК - Казахстан» ЖШС (Қазақстан  Республикасы)

 

Компрессорлар өндірушісі

 

Cameron Compression Systems (США)

 

Іске қосу – реттеу жұмыстары

 

«Северодонецкий ОРГХИМ»  ЖАҚ     (Украина) атынан Қазақстандық филиалы




 

 

Жобаның жағымды жақтары:

  • мұнай өндіретін зауыттың технологиялық қондырғысынан зиянды заттардың шығарындыларын алып тастау;
  • Қарашығанақ мұнайгазконденсатты кенорнында өнеркәсіптік қауіпсіздікті жақсарту;
  • КПО б.в. УКПГ-3 технологиялық процестеріне сұйылтылған көмірсутектерді қайтару;

 

Конденсат АҚ қызметінің негізгі түрлері:

 

  • Қаращығанақ мұнайгазконденсат кенорнында отын өндіру бойынша азтоннажды қондырғыны экспуатациялау және Ақсай қаласындағы мұнай базасында өнімдерді қабылдау, төгу, құю, сақтау, өнімдерді теміржол және автомобильді транспорттармен тасымалдау. Құйғыш эстакадалардың қуаттылығы тәулігіне 2000 тоннаға дейін өнімді көтеруге мүмкіндік береді.
  • шығарылатын өнімді нақтыландыру бойынша сатушылық қызмет
  • 1998 жылы Қарашығанақ азтоннажды қондырғыны эксплуатацияға
  • енгізген кейін отындардың әртүрлі түрлері шығарылды. Қазіргі  
  • уақытта

«Конденсат» АҚ- да келесі өнімдер алынып, сатылады:

  • ауыр дистиллятты сұйық отын ТУ 27 10 ҚР 15336125 ОАО-010-2004;
  • дизельді отын СТ АО15336125-01-2006 маркалары ДЖ-0,5-40 және ЖҚп-0,5 минус 35

Одан басқа кәсіпорынның шығару және нақтыландыруы бойынша  келесі өндірістік мүмкіндіктері бар:

  • карбюраторлы қозғалтқыштар үшін этилденбеген отын маркасы ТКИ-80 ТУ 2710 ҚР 15336125ОАО-007-2004;
  • мазут түтінді маркасы М – 100;
  • нафта тура айдалған ТУ 657 ҚР-15336125-01-99;
  • тура айдалған газойль фракциялары ТУ 657 ҚР-15336125-02-99  [5].

 

 

    1.  Өндірістің жалпы сипаттамасы

Информация о работе Компанияның қысқаша тарихы