Таным психологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 18:55, реферат

Краткое описание

Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк Адам аралық қатынас дегенiмiз қарапайым да күрделi проблема. Күнделiктi тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкiн емес. Адам арасындағы қатынастардың түрi келесiдей: жеке жəне қызметтiк, дара жəне топтық, тең құқықты жəне тəуелдi, қарамақарсылықты жəне даудамайлы. Жеке қатынастар екi адам арасындағы сүйiспеншiлiк пен жеккөрушiлiктен, сыйластық пен араздықтан, сенiм мен күдiктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы əр жеке адамның қоғамдағы орыны мен мiндетiне тəуелдi емес. Мысалы, бала өз атаанасын сыйлауы да, жеккөруi де мүмкiн; өз қызметiн ойдағыдай атқарып жүрген мұғалiм бiр шəкiртiне үлкен сүйiспеншiлiк танытса, екiншiсiн көргiсi келмейдi.

Оглавление

Жоспары:
1. Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк.
2. Адамдардың бiрiнбiрi қабылдауы мен түсiнуi.
3. Таным мен түсiнiсудегi қателiктер себебi.

Файлы: 1 файл

АДАМ АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ.doc

— 215.00 Кб (Скачать)

тұлғалар егде жасында қайырымдылығымен, ымрашылдығы жəне данагөйлiгiмен жұртты өзiне тартады.

Осыдан əрбiр адам мiнезiнде белгiлi бiр жас сатысында қандай да қасиеттердiң толық ашылуына

себепшi бiр факторлардың болуы мүмкiн деген ой келедi. Ал осы факторлардың табиғаты ғылым үшiн

əзiрге сыр.

Өмiр ақырына жасанды, жалған сенiмдер (иллюзии) ғайып болып, өмiр жағдайынан жамылған

бүркемелер ысырылып, шынайы мiнез көрiнiс бередi, əлеуметтiк роль мəнмағынасын жоя бастайды.

Адам фəни ақырында өзiн танып, өз болмысының төркiнiн бiлетiн халге жетедi. Өмiр балалық

күндердегiдей бақылау, меңзей қарау (созерцательность) кейпiне қайта оралады. Жас күнде де игiлiк,

лəззəт бермеген көптеген құмарлықтар өшедi. Алайда, бозбалалықтың мұңнан қашып құтылмағанындай,

кəрiлiкке де рух көтерiңкiлiгi жат емес. Көптеген шектеулерден босап, өмiр аяғында адам өзiн еркiн

сезiнiп, дүниемал, досдұшпанның шын мəнiн пайымдау деңгейiне жетiседi.

Қоғамда əдейi, мансап иелеу үшiн бүркенген жалған зероқалары (мишура) мен дүниеқоңыздық

күйбеңдерiн ысырып қойып, кəрiлiк ақиқат дүние құндылықтарына объектив баға бередi.

Кəрi адамның ең күштi психикалық қасиеттерi өткен өмiрдегi өз мəндiлiгiн сезiнуi, жетiскен адамдық

дəрежесi жəне жемiстi iсəрекеттерiнен қанағат рахатын тауып, мəңгiлiк өмiр дариясының бiр тамшысы

болғанынан қуанышқа бөленуi. Бұл фаниден бақи дүниеге жолдама алып тұрған шақта да адам өзiнiң

мəңгiлiктен өшiп кетпейтiнiн бiлiп, оны медет тұтады. Оның өмiрi адамзаттың мəңгiлiк ағымын

жалғастыруға себiн тигiздi; мұны түсiну кəрiлiк даналығы.

Қайталау жəне бекiту сұрақтары

1. Мiнез анықтамасы қандай жəне оны қандай дəлелдермен түсiндiрер едiңiз?

2. Мiнез қалыптасуына ықпал етушi факторлар түрi қандай?

3. Мiнез бiтiстерi жəне олардың темперамент, сезiм, сана қасиеттерiмен арақатынасын қалай

түсiндiресiз?

4. Мiнез түрлерiнiң ажыралуына себепшi факторларды қалай сипаттар едiңiз?

5. Жалпыланған мiнез типтерi қандай?

6. Мiнез асқынуы деген не?

7. Ұлттық мiнез қалыптасуының себептерi қандай?

8. Жас сатыларына байланысты мiнез өзгеруiн қалай түсiндiрер едiңiз?

9. Мiнезге орай ұлы ғұламалар даналығынан не бiлесiз?

Тақырып бойынша семинар жоспары

1. Мiнез анықтамасы.

2. Мiнез типологиясы.

3. Мiнез қалыптасуы.

4. Жеке адам жəне мiнез.

Өзiндiк оқуiзденiс, ғылымизерттеу (курс, бақылау, реферат, баяндама) жұмыстарының тақырыбы

1. Мiнездiң əлеуметтiкадамгершiлiк типтерi.

2. Жеке адамның жалпы құрылымындағы мiнез орыны.

3. Мiнез қалыптастыру жолдары мен шаралары.

4. Мiнез жəне адамның басқа қасиеттерi арасындағы байланыс.

Əдебиеттер:

1. 1дəрiсбаяндағы əдебиеттер.

2. Левитов Н.Д. Психология характера. М., 1969 (1826, 4254, 5786, 117127, 332377 беттер).

3. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т.2. М., 1989 (211235 беттер).

4. Стихов И.В. Психология характера. Саратов 1970, (380 беттер).

5. Бодалев А.Л. Психология личности. М., 1988, (1124 беттер).

6. Галин А.Л. Личность и творчество. Новосибирск, 1989 (733 беттер).

7. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Курс лекции. М., 1988, (257280 беттер).Личко А.Е.

Психология и акцентуация характера у подростков. Л., 1983 (610 беттер).

8. Буянов М.И. Ребенок из неблогополучной семьи. Записи детского педиатра. Книга для учителей и

родителей. М., 1988 (190199 беттер).

9. Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигиене общения. Книга для учителей и родителей.

М., 1997 (3565 беттер).

10.Норакидзе В.Г. Методы исследования характера. Тбилиси, 1989 (618 беттер).

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Таным психологиясы