Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 18:55, реферат
Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк Адам аралық қатынас дегенiмiз қарапайым да күрделi проблема. Күнделiктi тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкiн емес. Адам арасындағы қатынастардың түрi келесiдей: жеке жəне қызметтiк, дара жəне топтық, тең құқықты жəне тəуелдi, қарамақарсылықты жəне даудамайлы. Жеке қатынастар екi адам арасындағы сүйiспеншiлiк пен жеккөрушiлiктен, сыйластық пен араздықтан, сенiм мен күдiктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы əр жеке адамның қоғамдағы орыны мен мiндетiне тəуелдi емес. Мысалы, бала өз атаанасын сыйлауы да, жеккөруi де мүмкiн; өз қызметiн ойдағыдай атқарып жүрген мұғалiм бiр шəкiртiне үлкен сүйiспеншiлiк танытса, екiншiсiн көргiсi келмейдi.
Жоспары:
1. Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк.
2. Адамдардың бiрiнбiрi қабылдауы мен түсiнуi.
3. Таным мен түсiнiсудегi қателiктер себебi.
тиянақтылығы болмағанынан жеке адам елiктегiш келедi. Қызығулар ұқсастығы мiнез теңдiгiн
аңдатпайды. Мысалы, өнертапқыштар арасында көңiлдi не мұңды, кiшiпейiл не өзiмшiл тұлғаларды
айыруға болады.
Мiнез адамның қолы бос уақытындағы (досуг) өзi қалап шұғылданған iстерiнен де танылуы мүмкiн.
Мұндай қызуғалар тұлға мiнезiнiң жаңа, ерекше қырларынан хабардар етедi. Мысалы, ұлы ғалым химик
Ебней Бөкетов қолы босаса, аудармашылықпен айналысып, орыс, батыс қаламгерлерiнiң небiр əйгiлi
көркем шығармаларын қазақ оқырманына жеткiзген; атақты тiл ғалымы Əбдуəли Хайдари демалыс
уақытында қазақы ертұрман, қамшы жəне т.б. заттарды оюлап, жолдастарын таң қалдырған;
ғұламатүркiтанүшы академик Рахманкүл Бердiбай колы босаса, күйшiлiк өнермен айналысады. Адамның
рухани немесе заттай қажеттiлiктерiнiң қайсысының басым болуына қарай оның тек ой, сезiмдерiнiң ғана
емес, сондайақ iсəрекетiнiң де бағытбағдары айқындалады. Бұл арада аса маңызды нəрсе iсəрекеттiң
алға қойылған мақсатқа тiкелей сай болғаны, себебi адам не iстеп жатқаны немесе не iстейтiнiне қарай
бағаланбайды, əңгiме сол iстi қалай орындайтынында. Осыдан мiнез калпы адамның бағытбағдары мен
iсəрекет кейпiнiң бiрлiгiнен келiп шығады.
Мақсатқа жетуде бағытбағдар бiрдейлiгi болғанымен, əр адам өз жолын таңдайды, өзiне қолай,
қайталанбас əдiстəсiлдердi пайдаланады. Осы дербестiктен адам мiнезiнiң ерекшелiгi көрiнедi. Белгiлi
ықпалға ие мiнез бiтiстерi əрекет немесе қылық түрiн таңдауда айқын жүз бередi. Бұл тұрғыдан тұлғаның
табысқа жету қажеттiгiн туындатқан ықылас, ниет көрiнiсiнiң деңгейiн (табандылық, шешiмдiлiк, жүректiлiк
немесе ерiксiздiк, қорқақтық, күдiкшiлдiк ж.т.б.) мiнез бiтiсi деп тануға болады. Осыған байланысты кей
адамдар күмəнсiз табыс қамтамасыз ететiн əрекеттердi (ынта бiлдiру, жарысқа түсу, тəуекелге бел
байлау ж.т.б.) таңдап алады, ал екiншiлерi сəтсiздiктен қашуды көздейдi (жауапкершiлiк алмайды,
жүрексiнедi, ықыласы мардымсыз ж.т.б.).
2. Мiнез жөнiндегi бiлiмдер
Мiнез құбылысын зерттейтiн ғылым характерология ұзақ даму тарихына ие. Ғасырлар бойы бұл
психология саласы мiнездер типiн саралап, адамның əртүрлi өмiр жағдайларындағы əрекетқылығын
болжастыру мақсатында əрқандай мiнез сипатын нақтылаумен шұғылданып келдi. Адамның тума емес,
өмiр барысында қалыптасатын белгiсi болғандықтан, мiнез типтерiн жiктеу көбiне тұлға дамуындағы
сыртқы, жанама факторларға негiзделедi. Осы бағытта ежелден өрiстеп келе жатқан, мiнез танып,
əрекетқылық болжастырудың психологиялық жолдары бар. Солардың кейбiрiне қысқаша түсiнiк:
Жұлдызнама (гороскоп) адам мiнезiн туған күнiмен байланыстырып түсiндiредi. Жалпы қабылданған
уақыт өлшемдерi белгiлi кезең, аралыққа бөлiнедi, олардың əрқайсысына нақты белгi, символ берiледi.
Осы символға (ағаш, от, су, жануар т.б.) тəн əртүрлi қасиеттерге орай адам мiнезi суреттеледi. Мысалы,
кельт жұлдызнамасында 22 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында туылған алмаға тектес, осыдан мұндай
адам сүйкiмдi, ақ жарқын, кеуiлшең т.б., ал қазақы жұлдызнамада жоғарыда аталған күндерi туылғандар
таутеке, яғни мұндайлар өжет, тұрақты, төзiмдi, тұйық, сыршыл келедi.
Физиогномика (phisis табиғат, gnomon бiлу) адамның сыртқы келбетiне жəне сондай келбеттi
тұлғаларды ұқсастығымен белгiлi топқа бiрiктiрiп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым.
Адам дене бiтiстерiне қарай жануармен салыстырылады да сол жануарға тəн мiнез ерекшелiгi оған
таңылады. Мысалы, Аристотель пiкiрiнше, адамның мұрын танауы өгiздiкiндей жуан да қалың болып
келсе, ол ерiншектiк белгiсi; шошқадай кең танау, жалпақ мұрын ақымақтық; қой, ешкi жүнiне ұқсас
шашты адам үркек; доңыз, арыстан қылшықтарындай тiке шашты адам ержүрек, батыл ж.т.б.
Адамның басқа да келбет көрiнiстерi (көз, ауыз, отырыстұрыс т.б.) негiзiнде мiнездi байқастыру осы
физиогномика аймағында жоғары дамыған.
Хиромантия (cheir қол, mantia бал ашу) адам мiнезiн алақанның терi бедерлерi, түсi арқылы
болжастыру жүйесi.
Дерматоглифика бармақ, алақан терiсiне тумадан түсетiн өрнектер арқылы адам мiнезiн анықтайтын
ғылым жүйесi.
Графология мəнерлi əрекет жазу таңбасына орай адам мiнезiн анықтауға бағытталған ғылым.
3. Мiнез бiтiстерi
Адам мiнезi сан алуан. Бұл iсəрекетте айқын көрiнедi: бiреудiң барша қимылы шапшаң, екiншi
асықпайды, бiрақ iсi тыңғылықты; үшiншi iске ойланбастан асыла салады, кейiн барып ойланады,
жағдайға қарай iсiн ретiне келтiредi. Адам мiнезiнде көрiнетiн мұндай ерекшелiктер мiнез бiтiстерi деп
аталады. Қандай да бiтiс əрекетқылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгiсi.
Мiнез бiтiстерi өзара көрiнуi тиiс болған қалыпты жағдайлардан бөлек қаралмайды (кейде əдептi
адамның өзi де дөрекiлiк танытады). Сондықтан қалаған мiнез бiтiсi нақты жағдайда u1086 орынды көрiнген
қылықтың тұрақты формасы.
Мiнездiң бiтiстерi мен сипатын белгiлi қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан да бiлуге болады,
яғни белгiлi бiтiстiң көрiну мүмкiндiгi неғұрлым жоғары болса, ол адам мiнезiнiң тұрақты белгiсi ретiнде
танылады. Дегенмен, ықтималды болғандықтан бiтiс ұдайы көрiне бермейдi, яғни мiнез бiтiстерi адам
əдетiндей бiрқалыпты, механикалық қайталана бермейдi. Солай да болса, мiнез бiтiстерi мен əдеттер
арасында жақындық та бар: мысалы, мiнез бiтiсi ретiнде жауапкершiлiк адамның ұқыптылық əдетiнде
көрiнедi. Бiрақ əдет мiнез бiтiсiне өте бермейдi, ол тек қандай да қылыққа ыңғайлылықты танытады.
Мiнез бiтiстерi өз iшiне ойлау, түсiну əдiстерiн қамтиды. Қайсы бiр тұлғаға тəн қылықты жасауда ерiк,
сезiм қосылады. Ал əдет мұндай психикалық процестердiң бiрiмен де байланыспайды. Сонымен бiрге
бiтiс адам қылығына ықпал ете отырып, сол қылықəрекет барысында қалыптасады, бекидi. Мiнез
бiтiстерiнiң қалыптасуын əрекетқылық мотивтерiнен айыра қарауға болмайды. Қандай да қылық мотивi
əрекетте iске аса отырып, мiнезде бекидi. Əрқандай мəндi, тұрақталған мотив болашақ мiнез бiтiсi. Мiнез
бiтiстерi мотивте алғашқыда ниет түрiнде көрiнiп, ал кейiн оны əрекет тұрақты қасиет ке айналдырады.
Осыдан қандай да мiнез бiтiстерiн қалыптастыру қажет қылықəрекет мотивтерiн түзiп, оларды бекiтуге
арналған iсəрекеттердi ұйымдастырудан басталады.
Мiнездiң жалпыланған қасиеттерi өздерiнiң диалектикалық қарамақарсылықтарында көрiнедi: күштiəлсiз,
қаталжұмсақ, тыңғылықты өзара қайшы, кеңтар ж.т.б. Егер мiнез күштiлiгi адамның алға қойған
мақсатына жетудегi, кедергiлердi жеңуiндегi қуатынан көрiнсе, мiнез əлсiздiгi қорқақтықтан, ниет
тұрақсыздығынан, т.б. байқалады. Мiнез қаталдығы өжеттiк, тайсалмастықпен байланысты, ал
жұмсақтықтан u1072 адам икемшiл, орнымен шегiнедi, келiсiм жолдарын табуға ұмтылады. Мiнездiң
тыңғылықтылығы мен қайшылығы мiнез бiтiстерiнiң iшiндегi жетекшi жəне екiншi деңгейлi қасиеттердiң
дəрежесiмен анықталады. Қасиеттердiң бəрi өзара үйлесiмдi келсе, тыңғылықты мiнез, ал бiр қасиет
екiншiсiмен үндеспесе қайшылықты мiнез орнығады. Адам қызығулары мен ұмтылыстарының,
iсəрекеттерiнiң жанжақты дамығандығы мен көп түрлiлiгi мiнездiң кеңдiгiн танытады. Мұндай адам
əлемдегiнiң бiрiне қызығып, бəрiне араласқысы келедi. Ал бұларға қарсы мiнезi "тар" адамдар өзiнөзi
шектеуге бейiм, ниет əрекеттерiнiң өрiсi өте елеусiз.
Сонымен бiрге, адам мiнезiнiң тұтастығы мен көп тараптылығы кейбiр жағдайларда бiр адамның өзiнде
де əрқилы, тiптi қарамақарсы қасиеттердiң болатынына шек келтiрмейдi. Адам бiрдей өте нəзiк
мəдениеттi болуымен бiрге қатал талапшаң болуы мүмкiн. Осыған қарамастан, оның мiнезi сақталып,
оның қырлары айқын көрiне түседi.
Көп жағдайда мiнез жəне темперамент салыстырылып түсiндiрiледi, кейде бiрiнiң орнына бiрi
қолданылады. Ал iс жүзiнде олай болмауы керек.
Мiнез бен темперамент ұқсастығы адамның физиологиялық ерекшелiктерiне, яғни жүйке жүйесiне болған
тəуелдiлiктен. Қандай да мiнездiң қалыптасуында белгiлi жүйкелiк сипатты темперамент үлкен маңызға
ие. Сонымен бiрге, темперамент жете дамығанда ғана мiнез бiтiстерi қалыптасады. Темперамент мiнез
дамуына негiз. Мiнездегi ұстамдылық ұстамсыздық, қозғалғыштық салғырттық ж.т.б. тiкелей
темпераментке байланысты. Бiрақ мiнез темпераментке бүтiндей тəуелдi емес. Бiргелкi темпераментке
ие адамдарда əрқилы мiнез белгiлерi болуы мүмкiн. Темперамент ерекшелiктерi қайсыбiр мiнездi
дамытып, басқаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке қарағанда меланхоликтiң өзiне жiгерлiлiк пен
жүректiлiктi дарытуы __________қиынға соғады. Ал холерик флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик
сангвиник ұқсап көпшiлiкпен тез тiл табысып кете алмайды, т.с.с.
Мiнезi тұрақталған адамда темперамент дербес əрекет көрiнiсi болудан қалып, мiнез бiтiстерiне сай
əрекетқылықтардың iске қосылу динамикасын айыруға көмектеседi. Мiнез жəне темперамент бiтiстерi
адамның бiртұтас келбеткейпiнде өзара байланысқа түсiп, тұлға даралығының интегралды
сипаттамасын бередi.
Мiнез бен ерiк арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда "мiнездi адам" жəне "еркi күштi адам" сөз
тiркестерiн бiр мəнде түсенемiз. Ерiк, көбiне, мiнез күшiмен, қатаңдығымен, табандылығымен ж.т.б.
байланысты. Адам мiнезiнiң күштiлiгiн айта отырып, ондағы ерiктiк сапалар мен мақсат берiктiгiн
ескеремiз. Бұл тұрғыдан адам мiнезi ерiк сапаларын қажет ететiн қиын жағдайларда, үлкен кедергiлердi
жеңуде көрiнедi. Алайда, мiнез тек күш сипатымен айқындалмайды, онда əрқилы өмiр жағдайына орай
ерiк əрекетiнiң қызметiн бағыттаушы мазмұн бар. Бiр жағынан, ерiктiк əрекеттерде мiнез қалыптасады əрi
көрiнедi, адам үшiн маңызды ситуацияларда ерiк мiнезге ауысып, тұрақты қасиет түрiнде бекидi; кейiн
осы қасиет адам қылығы мен ерiктiк əрекеттерiне ықпал етедi. Ерiктi əрекет əруақыт мақсатына орай
нық, тұрақты жəне табандылығымен ерекшеленедi. Екiншi тараптан, еркi бос адамды көп жағдайда
"мiнезсiз" деп сипаттайды. Психологиялық тұрғыдан бұлай болмауы тиiс, еркi бос адамның да қандай да
мiнез бiтiстерi баршылық: қорқақтық, жүрексiздiк, сенiмсiздiк ж.т.б. Мiнезi айқын болмағандықтан
адамның iсəрекет, қылығын алдын ала болжастыру мүмкiн емес. Мұндай адамда оның қылықəрекетiне
жетекшiлiк еткендей дербес бағытбағдар жоқ. Оның əрекеттерiнiң бəрi өз билiгiнде болмай, тысқы
ықпалдарға тəуелдi.
Мiнез ерекшелiктерi адамның сезiмд_____________iк процестерiмен байланысты, əрi бұл байланыс өзара ықпалды.
Бiр тараптан, инабаттық, эстетикалық, интеллекттiк сезiмдердiң даму деңгейi адамның iсəрекетi мен
қатынасына жəне бұлар негiзiнде қалыптасқан мiнезге тəуелдi. Екiншiден, осы сезiмдердiң өздерi тұлғаға
тəн тұрақты ерекшелiктерге өтiп, адам мiнезiн құрайды. Борыш сезiну, əзiлдi көтеру, т.с.с. күрделi
сезiмдердiң болуы жоғары дамыған адамның сипатын танытады.
Адамның мiнез бiтiстерiнде ақылой (интеллект) үлкен маңызға ие. Ой тереңдiгi мен жүйрiктiгi, қалыптан
тыс мəселелердi қоя бiлiп жəне оны дербес шешу, ой жұмысындағы ынта мен сенiм бəрi адам мiнезiнiң
ақылдық қорының белгiсi. Ал осы ақыл қабiлетiн пайдалануда бағыт таңдау тiкелей мiнезге байланысты.
Тұрмыста ақылға кенде емес, бiрақ (мiнез жарамсыздығынан) жарытып, ештеңе өндiрмейтiн адамдар аз
емес.
Мiнез құрастырушы көптеген қасиеттер бiртұтас, олар даралап, шектеуге келе бермейдi (өшпендiлiк,
күдiкшiлдiк, сақилық т.б.). Ал кейбiр қасиеттер, мысалы, ерiктiк (жүректiлiк, дербестiк т.б.), сезiмдiк
(жайдарылық, көңiлдiлiк т.б.), ақылсаналық (ой тереңдiгi, сындарлық т.б.) адам мiнездерiнiң ерекше
құрамды бөлiктерi ретiнде талдауға келедi. Барша мiнез бiтiстерi өзара заңдылықты байланысқан: батыр
адам сақи да табанды; ашық адам жайдарлы, сенiмдi, достыққа тұрақты т.б.
4. Мiнез түрлерi мен типтерi
Мiнез түрi өзiнiң құрамындағы бiтiстердiң жалпы сипатына тəуелдi келедi, ал бiтiстер негiзгi немесе
жетекшi жəне қосалқы болып бөлiнедi. Негiзгiлерi адамның бағытбағдарын айқындауға ықпалын тигiзiп,
яғни адамның тұрақты мiнезiнiң сипатын бередi де, қосалқылары мiнез қырларын толықтыра түседi.
Мысалы, батылсыздық, қорқақтық жəне альтруистiк бiтiстердiң алғашқы екеуi жетекшi мəнге ие болса,
онда адам секемшiл мiнездi кел___________iп, бiреуге жақсылық, яғни альтруистiк қадамында жалтақшыл, күдiктi