Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 18:55, реферат
Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк Адам аралық қатынас дегенiмiз қарапайым да күрделi проблема. Күнделiктi тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкiн емес. Адам арасындағы қатынастардың түрi келесiдей: жеке жəне қызметтiк, дара жəне топтық, тең құқықты жəне тəуелдi, қарамақарсылықты жəне даудамайлы. Жеке қатынастар екi адам арасындағы сүйiспеншiлiк пен жеккөрушiлiктен, сыйластық пен араздықтан, сенiм мен күдiктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы əр жеке адамның қоғамдағы орыны мен мiндетiне тəуелдi емес. Мысалы, бала өз атаанасын сыйлауы да, жеккөруi де мүмкiн; өз қызметiн ойдағыдай атқарып жүрген мұғалiм бiр шəкiртiне үлкен сүйiспеншiлiк танытса, екiншiсiн көргiсi келмейдi.
Жоспары:
1. Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк.
2. Адамдардың бiрiнбiрi қабылдауы мен түсiнуi.
3. Таным мен түсiнiсудегi қателiктер себебi.
АДАМ АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ
Жоспары:
1. Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк.
2. Адамдардың бiрiнбiрi қабылдауы мен түсiнуi.
3. Таным мен түсiнiсудегi қателiктер себебi.
1. Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк
Адам аралық қатынас дегенiмiз қарапайым да күрделi проблема. Күнделiктi тұрмысымызда осы
қатынассыз жасауымыз мүмкiн емес.
Адам арасындағы қатынастардың түрi келесiдей: жеке жəне қызметтiк, дара жəне топтық, тең құқықты
жəне тəуелдi, қарамақарсылықты жəне даудамайлы. Жеке қатынастар екi адам арасындағы
сүйiспеншiлiк пен жеккөрушiлiктен, сыйластық пен араздықтан, сенiм мен күдiктенуден тұрады. Мұндай
сипаттағы қатынастардың пайда болуы əр жеке адамның қоғамдағы орыны мен мiндетiне тəуелдi емес.
Мысалы, бала өз атаанасын сыйлауы да, жеккөруi де мүмкiн; өз қызметiн ойдағыдай атқарып жүрген
мұғалiм бiр шəкiртiне үлкен сүйiспеншiлiк танытса, екiншiсiн көргiсi келмейдi.
Қызметтiк қатынастар əлеуметтiк топ не мекеме мүшелерi арасында олардың сол топтағы құқы не
мiндеттерiне орай қалыптасады.
Егер ара қатынастар əрбiр адамның меншiктi қажеттерi сипатында қаралса, олар жеке қатынастар
атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелiкке сүйенiп, екi, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретiнде
қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.
Тең құқықты қатынастар қатынас мүшелерiнiң құқтары мен мiндеттерi теңгерiлген жерде, ал тəуелдi
қатынастар құқтары мен мiндеттерi бiрдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
Адамдар арасында қарамақарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесiмдi
қатынастар нышан бередi.
Топ iшiнде кейбiр тұлғалардың ұнамды ниеттерi екiншi бiреулердiң келеңсiз ниеттерiмен тоғысқан
шақтарда қарамақарсылықты қатынастар бой тiктейдi.
Адамдардың бiрбiрiне деген өшпендiлiгi болған жерде даудамайлы, жанжалды қатынастар өрбидi.
Адамдар арасындағы, тiптi кейде бiр тұлғаның да бойынан көрiнетiн адамдық қатынастар түрi мiне
осындай. Бұл қатынастардың бəрi өмiрде адамдардың бiрбiрiне беретiн бағалары мен
мiнездемелерiнде, əр адамның басқаға бағытталған iсəрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен
сезiмiнде көрiнiс бередi.
Түрақты да келелi қатынастар жүйесi қалыптаспаған ортада адамның өрелi өмiр сүруi өте қиын, себебi
əрбiр жеке адамның да, топ пен ұжымның u1076 да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды.
Балалық шақта орныққан адам аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерiн тiктейдi.
Ересектердiң төңiрегiндегiлермен қатынасынан сол ортаның көңiлкүйi айқындалып, алға қойылған
мұратмақсаттардың сəттi орындалуы не кедергiге ұшырауы мүмкiн.
Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс бұл остранизм, қоғамнан
аласталу, яғни кейбiр адамдардың көпшiлiк арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан
шеткерiлеп қалуы. Мұндай адамдар көпшiлiктiң жек көрушiлiгiне тап болып, назардан тыс қалады,
еленбейдi. Осыдан өзi қатарлардан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершiлiк қасиеттерiнен
айырылып, қауымдық өмiр тiршiлiгiнен айрылғандар да кездеседi.
Адам аралық қатынастардың ерекшелiгi олардың эмоционалды болуында. Адам өзi тектеспен араласа
отырып, бiрбiрiне болған айрықша сезiмдер мен ықластарға кезiгедi. Жеке аралық қатынастар, əдетте,
субъектив сипатта болып, əр адамның шын мəнiндегi тұлғалық оң не терiс қасиеттерiне сай келе
бермейдi. Олар əрқашан адамның көңiлкүйiне байланысты, бiр адамның екiншiсiне деген сезiм
толғанысының ауысуымен өзгерiске келiп тұрады. Көңiлкүйдiң бiр сəттiк болуынан, жеке қатынастар
құбылмалы келедi: бүгiнгi тəптəуiр сыйлы қатынас күн өтпейақ керi сипатқа енуi баршаға аян құбылыс.
Қызметтiк қатынастар жеке қатынастарға қарағанда бiршама тұрақты, олар, əдетте, көңiлкүйге
байланысты өзгере бермейдi. Мұндай қатынастардың əрбiр тұлғаның көңiлкүйiне бағына
бермейтiндiгiнен, оларды ресми қатынастар деп те атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа
түскен адамдардың əрқайсысының жеке ерекшелiктерi мен психологиялық кейпiне тəуелдi болмауы
қажет.
Бiрақ өмiрде жеке жəне қызметтiк қатынастар өзара кiрiге байланысқан, сондықтан оларды нақты
айырып, таза күйiнде қарастыру мүмкiн емес. Бiрiншiден, əр __________адам өзiнiң даралығымен қызметтiк
қатынастарға əрқашан ерекше мəн мен сəн берiп отырады; екiншiден, əрқандай тұлға нақты
қатынастарға өзiнiң жеке ниет, ой, толғаныс жəне сезiмдерiмен кiрiседi, ал бұлардың бəрi адамның
басқалармен болған қызметтiк қатынасына əсерiн тигiзбей қоймайды.
Адамдар арасындағы үйлесiмдi қатынастар өмiрде сирек кездеседi, сондықтан мұндай қатынастарды
адамдардың мəнгi арман еткен мұраты ретiнде қарастырған жөн. Бұл қатынастар типiне тұрмыста
кезiгетiн "сүйiспеншiлiк" қатынасты жатқызуға болады. Егер бiр адамның екiншiсiне психологиялық
тартымы болса, бiрiн бiрi адамгершiлiк сезiммен қабылдаса, екiншi адамға қолынан келген жақсылығын
аямаса, мiне мұндай қатынасты үйлесiмдi қатынас деп бағалау əбден жарасымды.
Қарамақарсылықты қатынастар негiзiнде толық үйлесiм болмағанымен, оған қатысқан адамдар
бiрбiрiнiң əрекетi мен ниетiн түгелдей шектемейдi. Бiрде келiссе, бiрде қарсы тұрып, алға қойған
мақсатқа жетуi жолында қажеттi қатынасын үзбейдi. Қатынас түгелдей елемеу мен даудамайға
бармайды.
Кейде екi адам бiр ортада бола тұрып, бiрбiрiне деген ыстық та, суық та шырай сезiнбейдi, яғни өзара
қатынас жасауға ешқандай қажеттiктi таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат
алады.
Қоғамдықəлеуметтiк жағдайларға байланысты бiр ортаға түсiп қалған адамдардың бiрi екiншiсiнен өзiн
алшақ ұстау қажеттiгi де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бiрбiрiне тiкелей жек көрушiлiк
танытып, арадағы мəселе бойынша ешбiр келiсiм мүмкiндiгiн таба алмайды да, iздемейдi де. Мұның бəрi
ортадағы жанжалды қатынастың ушығуынан.
Адамдар арасындағы жəне бiр ерекше қатынастар түрi бұл екi ұшты, амбиваленттi қатынастар.
Мұндай ара байланыстың себебi бiр адамдағы екiншiге деген өзара тiкелей қарсы екi бiрдей эмоцияның:
жек көрушiлiк пен құрметтiң қосарлана u1078 жүруi. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерiнiң көңiл
төркiнiнде жатқан ниеттерiнiң нендей жағдайда екенiн айырып алуында бiраз қиналады.
Адамдар аралық қатынастар негiзiнде адамдардың бiрiменбiрi өзара əрекетке, тiлдесуге болған өмiрлiк
қажеттiгi жатыр. Түрмыстық не қоғамдық қажетсiнуден бiрiнбiрi керексiнген адамдар өзара қатынасқа
келiп, ал ол болмаса бiрбiрiне бейтарап қалады. Өмiрлiк маңызды қажеттiктерi бола тұрып, оларды
қанағаттандыруда кедергiлiк ететiн қалыптар да болады. Бұл жағдайда да қатынастар үзiлмейдi, бiрақ
мұндағы қатынастар өшпендiлiк не жек көрушiлiкпен ұштасады.
Адамдар қажетсiнулерiнiң арасында өз мəнi бойынша iзгi адамгершiлiк сипатты байланыстар да болады.
Мұндайды психологияда альтруистiк қатынас деп атайды. Альтруист адамдардың барша ойы, iсəрекетi
əрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да жəрдем етуге бағышталады.
Адамдар аралық қатынастар сипатына ықпал етушi факторлардың бiрi психологиялық үйлестiк
(үйлесiмсiздiк). Көп жағдайда адамдар өз қажеттiктерiн қанағаттандыру үшiн бiрiнбiрi керек етедi, бiрақ
көзқарас, ниеттерiндегi болмашы айырмашылықтардан өзара қатынастарын қалыпқа түсiре алмайды.
Мұндай толық психологиялық үйлесiм таба алмаған жандар арасында бiршама ұнамды қызметтiк
қатынас болғанымен, уақыт өтумен бiртебiрте өрiм түскен арақатынастағы жеке психология лық
үйлеспестiк олардың ресми байланыстарының кедергiсiне айналады.
Адамдар арасындағы қатынастардың өзгеруiне мүмкiн болар себеп бұл нақты адамдар қатынастарының
туындап, дамитын əлеуметтiкпсихологиялық орта сипатының ауысуы. Екi немесе одан да көп адамдар
бiрiнбiрi өте қажетсiнедi, орталарында толық психологиялық үйлестiк болған, бiрақ кенеттен өзгерген
əлеуметтiксаяси жағдай оларды əртүрлi партиялар мен ағымдарға енуiнен екi жiкке бөлiп тастайды.
Мұндай жағдай жастарда кездесiп тұрады: өзара келiсiмдi жас жұбайлардың өмiрi кенет олармен
психологиялық үйлесiм таппаған жақын туысқандарының ықпалынан құрдымға кетедi. Мейлi, бұл жас
жұбайлар арасындағы қатынас кейiн ресми бекiгенiмен, татутəттi туысқандық қатынастар
арасындағыдай шапағатты жалғасын табуы қиын.
Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруiне жəне бiр себепшi фактор бұл адамдардың жас
деңгейi. Өмiр бойы топтаған тұрмыстықəлеуметтiк тəжiрибе адамға, оның төңiрегiндегi жандарға, болып
жатқан оқиғаларға əсерiн тигiзбей қоймайды. Жас деңгейi əртүрлi адамдардың бiр оқиғаға болған бағасы
бiрiнен бiрi алшақ болуы əбден ықтимал, жастық айырма неғұрлым үлкен болса, психологиялық
келiспеушiлiк те соншама болады. Мысалы, жастардың киiмi, өнер талғамы үлкендерге ұнай
бермейтiнiне бəрiмiз де куəмiз. Бұл жағдай əулеттер арасындағы қатынастардың мəнмағынасына өз
əсерiн бiлдiрмей қоймайды.
Ал осы төңiрегiндегiлермен болған өз қатынасының сипатын адам өзi сезе алады ма, не сезбейдi ме?
Бұл сұраққа жауап бiрнеше жағдайларға тiреледi. Бiрiншi ден, бұл нақты адамның ойөрiс (санасезiмi)
даму деңгейiне байланысты. Ақылесi бiршама жетiлген адамдар өздерiнiң төңiрегiндегiлермен
қатынасын жақсы түсiнiп, дұрыс қабылдайды. Адам аралық қатынастарды орынды сезiну жəне бағалау
жоғары дамыған рефлекстiк қабiлеттi керек етедi (қоршаған ортадан келiп түскен ақпараттық
сигналдарды жанжақты мəндiк байланысымен қабылдап, жауап бере алу).
Екiншiден, бұл адамның жасына тəуелдi. Егделер балаларға қарағанда өзара қатынасты дəлiрек
пайымдайды, ұнамды не бiржақты келеңсiз қатынастарды оңай бағалап, бейтарап қатынасты да орынды
сезiнедi. Өмiрде екiұшты немесе амбиваленттiк жəне өз iшiне ұнамды да, жағымсыз да сипаттарды
бiрдей қамтыған қарамақарсылықты қатынастарды бағалау күрделiрек келедi.
Адамдар арасындағы қатынастар сол қатынастардың нақты адам өмiрiндегi маңызына қарай да
бағаланады. Қарымқатынас адам үшiн неғұрлым маңызды болса, оның бағалануында соғұрлым
дəлсiздiктер жiберiлуi мүмкiн. Өзiнiң төңiрегiндегiлермен байланысына аса үлкен мəн берген адамдар,
арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейiм келедi. Керiсiнше, кiмде кiммен ұнамсыз
қатынаста болса, адам ондай да қарсыласын түбелегiн түсiре жамандауға ниеттенедi де тұрады.
Əрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптеген жеке дара ерекшелiктер бар. Кейбiр ойсезiмi
толысқан, парасатты адамдар өзара қатынастарды жанжақты пайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабiлеттi,
екiншi бiреулердiң жалпы оң пiкiр айтуға тiптi өрiсi жетпейдi, ал үшiншiлер төңiрегiндегiлердiң өзiне деген
бағасын бiрде дұрыс түсiнсе, бiрде оған санасезiмi жетпей қалады.
Адам аралық қатынастар толық қалыптасып, орныққаннан былай бiркелкi тұрақты қалыпқа келедi. Егер
де қатынастарға тəн осы қасиет болмағанда, адамзаттық қауымдар: мемлекет, мекеме жəне топтар
түзiлмес едi. Себебi қауымдық бiрлестiктердiң негiзi жалпы адамдардың өзара қатынасының
тұрақтылығымен бiртектi болжамға келуiнде. Ал жеке тұлғалар арасындағы өзара байланыстар
тұрақтылық дəрежесiнiң бiршама кемдiгiмен ерекшелiнедi.
Үлкен əлеуметтiк топтардағы қызметтiк, ресми қатынастар өзiнiң күштi мызғымастығымен байқалады,
кiшi топтағы байланыстар да бiршама осылай. Iрiлiкiшiлi қауымдастықтардағы қарымқатынастар көптеген
өмiрлiк маңызы зор факторларға тəуелдi, сондықтан адамдар мұндай жағдайдағы қатынастарды өзгерте
бергендi онша құптамайды. Егер күнара субъекттердiң ниетiне орай төңкерiстер бола берсе, қоғам
аласапыраны таусылмай кетерi баршаға аян.
Жеке адамдар арасындағы қарымқатынастар өте нəзiк те үзiлгiш келедi, себебi нақты тұлғалар
арасындағы қатынастар сол қатынас иелерiнiң құбылмалы көңiлкүйiне тəуелдi. Уақыттың өтуiмен,
жастың __________егде тартуымен аралық қатынастар тұрақтала түседi, балалық пен жас өспiрiм шақтағы адамдар
арасындағы бұрқасын жол таңдау бұл кезде сабасына келе бастайды, адамның iшкi дүниесi сабыр
тауып, кездейсоқ қатынас, байланыстарға құлай түспей, өз қалауын таңдай алу қабiлетiне жетедi.
Қатынастардың тұрақталуының жəне бiр жөнi адамдар бiрiн бiрi жете танып, бiрiнiң қылығына екiншiсi