Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 18:55, реферат
Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк Адам аралық қатынас дегенiмiз қарапайым да күрделi проблема. Күнделiктi тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкiн емес. Адам арасындағы қатынастардың түрi келесiдей: жеке жəне қызметтiк, дара жəне топтық, тең құқықты жəне тəуелдi, қарамақарсылықты жəне даудамайлы. Жеке қатынастар екi адам арасындағы сүйiспеншiлiк пен жеккөрушiлiктен, сыйластық пен араздықтан, сенiм мен күдiктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы əр жеке адамның қоғамдағы орыны мен мiндетiне тəуелдi емес. Мысалы, бала өз атаанасын сыйлауы да, жеккөруi де мүмкiн; өз қызметiн ойдағыдай атқарып жүрген мұғалiм бiр шəкiртiне үлкен сүйiспеншiлiк танытса, екiншiсiн көргiсi келмейдi.
Жоспары:
1. Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк.
2. Адамдардың бiрiнбiрi қабылдауы мен түсiнуi.
3. Таным мен түсiнiсудегi қателiктер себебi.
көнiгiп, өзара үйлесiмге бейiмделуi.
Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың қай сипатта
боларын аңғара салу өте қиын. Көп жағдайда, тым жақсы басталған таныстық қапелiмде үзiледi, ал
кейде тiптi басқаша да болады: алғашқысында əйтеуiр бiрдеңеден ұнатпай жүрген адамына барабара
үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайлар адамдардың бiр бiрiне алғашқы
танысуда берген бағалары мен қабылдауына байланысты психологиялық заңдылықтарға орай
туындайды.
Нақты мезеттегi адамдар арасында болатын қатынастардың сипаты көптеген шарттарға тəуелдi,
мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық кейпi. Ден сау, көңiл көтерiңкi болса,
төңiрегiндегiлермен қатынас та əпəдемi, үйлесе түседi. Көңiлкүйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан
əрi беки түседi, ал қандай да əбiгер күйде түзiлген қатынас көбiне баянды болмайды.
Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мiнезқұлығына да байланысты. Əрдайым ұнамды
арақатынастардың орнығуына адамдағы қайырымдылық, ақ көңiлдiк, үйiршеңдiк, достық пен
ұжымшылдық қасиеттер пайдалы. Ал сенiмсiздiк, күмəншiлдiк, өшпендiлiк, тұйықтық пен өзiмшiлдiк
қалыпты қатынастар орнығуына керi əсерiн тигiзедi.
Ойөрiсi кең дамыған, жасы бар адамдар өз қатынастарын меңгере алады, бiрақ бұл көптiң қолынан келе
бермейтiн iс, себебi көп жағдайда аралық қатынастардың мəнiн соларды түзушi адамдардың өздерi де
түсiне бермейдi, ал түсiнбеген затты саналы басқару мүмкiн емес.
Жас ұлғайған сайын u1179 .атынастар тек тұрақталып қана қоймастан, адамның оларды басқару қабiлетi де
артады. Мұндайда адамға жəрдемге келетiн оның даралық ерекшелiктерiне қосымша өмiрлiк тəжiрибесi.
Əрқашан адам аралық қатынастарды жеңiл де ұтымды реттейтiн адамдар арасында кəсiби қызмет
бабымен жұмыс жүргiзетiн, сендiре əңгiме айта бiлетiн, əлеуметтiк жетекшiлiкке ыңғайлы мамандар
болады, мысалы: саясаткер, мекеме жəне өндiрiс басшылары, мұғалiмдер, дəрiгерлер мен актерлер.
Адам аралық қатынастарға ықпал жасай бiлу қабiлетiн қатынастар психологиясын үздiксiз үйрену арқылы
жетiлдiре, дамытып баруға болады.
2. Адамдардың бiрiнбiрi қабылдауы мен түсiнуi
Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, əдетте, олардың бiрiнбiрi қабылдай алуы, түсiнуi жəне
бағалауына байланысты, яғни тiлдесу нəтижесiнде бiр адамның екiншiсiнiң образы (кейпi) жөнiнде
топшылаған ойпiкiрi. Екiншi адамның тұлғалық образын оның сырт пiшiнi мен психологиясын жəне
əрекетқылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне (кейiп) əр адамның
қажетсiнуiнен, қылық мотивтерiнен, мiнез бiтiстерiнен, əрқандай өмiрлiк жағдайлардағы көңiлкүй
толғаныстары мен əрекеттерiнен көрiнедi. Бұлардың бəрi "Ат кiсiнесiп, адам сөйлесiп" дегендей
əңгiмелесу барысында назарға алынып, санада жiктелiп, бекидi де адамның жеке, нақты бағасын беруге
негiз болады.
Бөгде адамның бейнесiн қалыптастыру арқылы бiз оған болған қатынасымыздың сипатын айқындаймыз,
оның даралық ерекшелiктерiн тануға мүмкiндiк аламыз. Адамды жөнiмен танып, дұрыс бағасын берiп,
оның əрекетқылығының мақсаттары мен мотивтерiн айқындап, ол тарапынан болып қалар жауапты
əрекеттердi күнi бұрын болжастыра, бiз бұлардың бəрiн өз қажеттiктерiмiз жəне мүдделерiмiзбен
салыстырамыз, əңгiмелесудiң қолайлы жолдарын болжастырамыз, осы арқылы екi тарапқа да ортақ
ниеттердi табумен тұлғалар арасындағы қызметтiк қатынастарға кiрiсемiз. Сонымен, қызықтырған
адамның мiнез бiтiстерiн бiлiп алып, ендi оған бағытталған өз əрекетқылығымыздың формасын
таңдастырамыз. Қайткенде де, бiз таңдаған əрекетқылық түрi ол адамның даралық қасиеттерiне сəйкес
болғаны жөн. Осының нəтижесiнде екi адам ортасында толық өзара түсiнiм, жайлы да берiк аралық
қатынастар орнығады.
Адамның эмоционалдық жағдайын бағалай отырып, бiз оның нақты көңiлкүйiне сəйкес қарымқатынасты
дамытып, тереңдете түсуге мүмкiндiк аламыз жəне өзiмiздiң, оның жəне төңiрегiндегiлердiң мүдделерiне
орай ол адамға тиiмдi психологиялық ықпал етудiң жолдарын iздестiрiп, пайдаланамыз. Егер бiз
қатысқан адамдарымыздың əртүрлi тұрмыстық жағдайлардағы əрекетқылығын күнi бұрын болжастыра
алсақ, оның мiнезқұлығын қажеттi бағытта басқаруға жəне онымен ұнамды адам аралық қатынастар
алып баруға қосымша мүмкiндiктерге ие боламыз.
Бөгде адамның тұлғалық дəрежесi жөнiнде бiз оның дене құрылымы, психологиялық жəне
қылықəрекеттiк белгiлерi бойынша топшылаймыз. Бұл белгiлер адамның сырт көрiнiсiнен, киiмiнен,
əрекетқылығынан, сөзiнен, бет əлпетi мен ымишарасынан байқалады. Адамның сырт көрiнiсi мен
психологиялық бейнесi арасында тiкелей де толық байланыс болмағанымен, бұлардың екеуi қандай да
өзара ықпалды қатынаста. Əрқандай адам жөнiндегi бiздiң бiрiншi пайымдауымыз осы сырт келбет пен
сөз, қылық көрiнiсiнен туындайды. Ғылым ежелденақ адам мiнезi мен дене құрылысының өзара
байланысты екенiн дəлелдеген (Э.Кречмер, У.Шелдон т.б.). Дене құрылымы ерекше бiтiске ие болған
адамдар, мiнезi жағынан да өзара ұқсамас. Осы тұрғыдан барша адамдар үш типке жатады: астеник,
пикник, атлетик. Пикник типтес адамдар көңiлдi, үйiршең, əңгiмешiл, əрқандай қиыншылыққа
жасымайды; астеник адамдар көбiне тұйық, оңашаланғанды ұнатады, ұдайы ойға шомып жүредi; ал
атлетиктер ұстамсыз, дүлей келедi.
Адамның iшкi жан дүниесi оның сөзi мен тiлiнен айқын көрiнедi. Қандай сөздер мен тiркестердi
қолдануына қарап, сөз ырғағы мен əуенiн талдай отырып, сөйлеу процесiндегi тыныстары мен
жеделдiгiне орай жеке адамның ерекшелiктерiн байқаймыз. Адамның сөйлеу мəнерiнiң бiразы тума
берiледi де, көбi оқутəрбие барысында пайда болады.
Кейбiр қатынастарға байланысты адамдардың психологиялық бейнесi тұрақты келедi де, көбiне
ауыспалы болады. Адамның сырт көрiнiсiне орай оның образы бiршама өзгерiссiз сақталады. Осыдан бiз
адамды көпшiлiк iшiнде ажырата бiлемiз. Жəне бiр тұрақты сақталатын қасиеттер адам мiнезi,
қылықəрекетi мен əдеттерi. Осылар бойынша санамызда жасалған образдар арқылы бiз көп заманнан
ажырасқан адамымызды танимыз.
Кейде кездейсоқ ұшырасқан адамымыз көптен таныс сияқты болып көрiнедi. Ал тiлдесе келе, оның
əрекетқылығына мəн бере, тiптi басқа бiреу екенiне көз жеткiземiз. Кейде, керiсiнше, алғашқыда
танымасақ та, адамның мiнез бiтiстерiнен, əрекетқылығынан бұрыннан бiзге таныс белгiлердi байқап,
жақындасуға тырысамыз. Осыдан, бiздiң санамызда бекiген адам бейнесiнде үлкен роль ойнайтын
мiнез бiтiстерi, екiншi орында адамның сырт көрiнiстерi.
Уақыт ағымына берiлмей, ұзақ мерзiм сақталатын белгiлер адамның қажетсiнулерi, əрекетқылық
мотивтерi мен қызығулары. Бұлар бойынша бiз адамды тануымыз мүмкiн, бiрақ бұл үшiн аталған
белгiлер сол адамның сырт көрiнiсi мен мiнезiнен бiраз байқалуы тиiс.
Жоғарыда бөгде адамды тану, бiлу мүмкiндiгiн əңгiмеледiк, ал ендi адам өзiнөзi сарапқа сала алады ма,
жоқ па деген сұраққа жауап iзделiк. Бұған оң да, керi де жауап айту мүмкiн. Егер адам өзiнөзi түк
танымаса, онда оның қауым ортасындағы əрекетқылықтары алдын ала өзiндiк болжастыруға келмей,
тұрақсыз кейiпке енер едi. Сонымен бiрге, мұндай адамның қатынас қылығы мен iсəрекеттерi ақыл
оралымынан алшақ, төңiрегiндегiлердiң iсiмен сəйкестiк таппайды. Егер адам өз əрекетiн сырт көзбен
бағалай алмаса, оның iсқадамдары кейбiр жағдайларда оғаш көрiнедi. Егде адам бала сияқты
былдырласа немесе бала жасына келмей үлкеннiң ұстамдығын танытса, төңiрегiндегiлер мұндайларды
не жай күлкiге алады, не сайқымазаққа телидi.
Екiншi тараптан, егер адам өзi жөнiнде бəрiн бiле берсе, онда өмiрге деген қызығушылықтың да қажетi
болмай қалары сөзсiз, себебi саналы адамның бар өмiрлiк болмысы осы өзiн тануға деген жоғары
ынтаықыластан нəр алады. Адамның қалыпты өмiрi үшiн өзiнөзi бiле алмастық та, аса көп бiлу де
сиыспайтын құбылыстар.
Адам өзiнiң шындыққа келетiн сырт көрiнiсiнен басқа өзiнiң мiнез бiтiстерi жөнiнде де аздыкөптi
мəлiметке ие, бiрақ бұл мəлiметтер көбiне адамның өзi жөнiндегi ұнамды пайымдауларды қамтиды.
Сонымен бiрге, адам өзiнiң кейбiр əлеуметтiк талапқа сай қажетсiнулерi мен əрекетқылығының
септүрткiлерiн тануға бейiм. Ал өз санасының астарында жатқан немесе моральдық тыйымдарға
байланысты санаға жат психологиялық бiтiстерiн тiптi де бiлмейдi.
Адам өзi жөнiндегi шындықты басқалардың оның iсəрекетiне болған қатынасынан байқауына болады. Өз
əрекеттерi мен сол əрекеттерге берген басқалар бағасын салыстыра, адам жанама түрде өзi қасиеттерi
мен сапаларын болжастыруына болады.
Iсəрекетте нəтижеге жетiсе, мақтау алып, не сəтсiздiкке ұшырап, сырттың жоғары немесе ұнамсыз
бағасына кезiгумен əр жеке адам өзiнiң қабiлет деңгейiн сезедi. Өмiрде жетiскен iсiне қанағаттануын,
болмаса қанағаттанбауын iшкi, ниеттеген психологиялық бейнемен салыстыра алса, адам өз
қажетсiнулерi мен мотивтерiнiң оң не терiс бағытын дұрыс та толық тани алады.
Есте ұстайтын жəйт, өз бағаңды қорытындылауда толығымен басқалар пiкiрiне құлай түсуге болмайды.
Себебi өзiңiз ұнамды қатынастағы адамдар сiздi асыра мақтауға дайын тұрса, қалай да жек көретiн
адамдар сiзде бiрдебiр ұнамды қасиет көре алмауы мүмкiн. Сонымен бiрге, əр адам өзiнiң афферент
жағдайындағы əрекетiн тiптi де бiлмеуi мүмкiн, себебi мұндай саналық басқарудан айрылған кезде, адам
өзiне, басқалар реакциясына объектив баға берiп, əрекетiн байқастыру қабiлетiнен айрылады.
Адамның өзiнөзi тануы төңiрегiндегiлердiң қабылдауы мен бағасына тығыз байланысты, кеңiрек айтар
болсақ, барша адамдардың өзара түсiнiсуiне тəуелдi. Күнделiктi тұрмыстық қатынастар, тiлдесу негiзiнде
адамның психологиялық бейнесiн түзу үшiн келесi тəсiлдер қолданылады: бiтiс таңу, алғашқы əсерлену,
жаңалықты əсерлену, ықтималды болжай əсерлену, асыра сiлтей əсерлену, жеке адамның бiтiстердi
бiрiктiре əсерленуi (Р.С.Немов).
Адам образын жасаудың ең көп тараған тəсiлi бұл бiтiс таңу. Оның мəнi: адам төңiрегiндегiлердi өзiне
тəн қасиеттер мен сапалар тұрғысынан бағалайды, яғни өз мiнез бiтiстерiн екiншi бiреулерге таңады,
оның қылықəрекетiн түсiнгiсi келiп, өзiн сол адамның орнына қоя салады. Мұндай тəсiл бiр адамға бiткен
мiнездi екiншi адамға таңа салуда да көрiнедi. Осылайынша, басқалардың мiнез, əрекетқылық бiтiстерiн
өзiмiздi қызықтырған адамға таңу арқылы да нақты тұлға жөнiнде бiр жөндi психологиялық мəлiмет
топтастыруымызға болады.
Алғашқы əсер тəсiлi бөгде адамды бiрiншi көргеннен қалыптасатын образды бекiту үшiн қолданылады.
Бұл құбылыстың болуы адамға байланысты алғашқы əсердiң кейiнгi əсерлерге қарағанда күштiрек
сезiлуiнен. Назарға алынған адам жөнiнде көп, əртүрлi ақпаратты бiрiнен кейiн бiрi бiр iздi қабылдау
кезiнде бiздiң санамызда ең алғашқы мəлiмет тұрақталып қалатыны ғылымда дəлелденген.
Ал ендi жеткiзiлiп жатқан u1072 ақпараттағы адам қасиеттерiнiң тiзiмi молдау болып, мəлiмет бөлiктерiн
хабарлау барысында бiршама уақыт үзiлiсi болса, алғашқы ақпарат соңына қарай ұмытылады. Бұл
жағдайда алғашқы əсерленуге қарсы құбылыс жаңалықты əсерлену тəсiлi iске кiрiседi, яғни талдауға
түскен адамның образы ол жөнiндегi ең соңғы мəлiметке орай құрылады.
Ықтималды болжай əсерлену деп келесi құбылысты түсiнемiз: адам миы болашақ оқиғаларды алдын
ала болжастыру қабiлетiне ие. Осыдан тұлға басталған iсəрекеттiң бағдарын, қарқындылығы мен ақырғы
нəтижесiн күнi бұрын жоспарлайды. Əлi қолда жоқ бүтiн затты оның бөлектерi бойынша ойда белгiлi бiр
формаға келтiрiп, жанжақты сипаттамасын бере алады.
Оқиғалар мен құбылыстарды дəл болжастыру қажеттiгi адамдардың өзара түсiнуi мен бiрiнбiрi
қабылдауында өте қажет. Мысалы, адамға тəн белгiлi бiтiстерi бойынша оның əлi белгiсiз, бiрақ онда
болуы тиiс қасиеттерiн де анықтауымыз мүмкiн: батыр адам əрқашан адал да аңғал болатынына ешбiр
күмəнданбаймыз, сондайақ, қорқақ əрдайым өтiрiкшiл, мəдениеттi ойөрiсi кең, қайырымды үйiршең,
сенгiш, өшпендi адам əрқашан тұйық, күмəншiл келедi. Егер өмiр жағдайлары адамның əлi белгiсiз
қасиеттерi жөнiндегi бiздiң болжамымызды растайтын болса, онда болжастыруға деген бiздiң сенiмiмiздi
бекiте түседi не керiсiнше де болуы мүмкiн. Адамның болжастыру қабiлетiне өмiрлiк тəжiрибе өзi