Таным психологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 18:55, реферат

Краткое описание

Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк Адам аралық қатынас дегенiмiз қарапайым да күрделi проблема. Күнделiктi тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкiн емес. Адам арасындағы қатынастардың түрi келесiдей: жеке жəне қызметтiк, дара жəне топтық, тең құқықты жəне тəуелдi, қарамақарсылықты жəне даудамайлы. Жеке қатынастар екi адам арасындағы сүйiспеншiлiк пен жеккөрушiлiктен, сыйластық пен араздықтан, сенiм мен күдiктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы əр жеке адамның қоғамдағы орыны мен мiндетiне тəуелдi емес. Мысалы, бала өз атаанасын сыйлауы да, жеккөруi де мүмкiн; өз қызметiн ойдағыдай атқарып жүрген мұғалiм бiр шəкiртiне үлкен сүйiспеншiлiк танытса, екiншiсiн көргiсi келмейдi.

Оглавление

Жоспары:
1. Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк.
2. Адамдардың бiрiнбiрi қабылдауы мен түсiнуi.
3. Таным мен түсiнiсудегi қателiктер себебi.

Файлы: 1 файл

АДАМ АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ.doc

— 215.00 Кб (Скачать)

болуынан көздеген iсiне бара алмайды. Керiсiнше, альтуристiк қасиет басым келсе, алғы екi жағымсыз

бiтiстердi қаймықпай басып, қайырымдылық iсiнде батыл мiнездi қадам жасайды.

Адам мiнезiнiң белгiлi түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл

қатынастардың мəнi адам араласып, байланысқа келген өмiрлiк объекттердiң маңызымен анықталады:

1. Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл өтiрiкшi, əдептi дөрекi т.б.).

2. Орындалатын iс қызметiне орай (еңбеккер – ерiншек т.б.)

3. Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншылөзiмшiл т.б.).

4. Заттарға қатынасынан (сақи ашкөз, ұқыпты – салақ т.б.).

Аталған қатынастардың бəрiнiң де мiнез түрiнiң қалыптасуында үлкен маңызға ие екенi сөзсiз, дегенмен

тұрақты, нақты мiнездiң орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу

дəрежесiне тəуелдi. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. формаларда көрiнетiн iзгi

ниеттерiнен бөлек мiнез түрi болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бiрi екiншiсiнiң

мiнезiне таңбасын салады, осыдан кей адамдар əрекетқылығында өзара ұқсастыққа келедi немесе

қарамақарсы, бiрақ бiрiнiң кемшiлiгiн екiншiсi толықтыратын бiтiстердi игередi. Алайда, еңбек, iсəрекет

қатынастарында қалыптасқан мiнез бiтiстерi мəндiрек келiп, мiнез түрiнiң басқаларынан ажыралуына

себепшi болады.

Мiнез əр тұлғада өзiнше көрiнiске ие, солайда болса, оның құрамында белгiлi топ адамдарына ортақ

бiтiстердi бiрiктiруге болады. Осыдан, мiнез түрi (типi) адамдардың кейбiр тобына тəн қасиеттiң бiреудiң

дара мiнезiнде нақты көрiнуi. Мұның түпкi себебi мiнез тума берiлмейдi, əр адамның белгiлi топ, қоғам

өкiлi болуынан оның өмiр жағдайы мен iсəрекетiне сай қалыптасады.

Мiнезде жеке бiтiстер жəне сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуiн қамтамасыз етушi

жалпы қылық тəсiлi мiнез типтерiн ажыртуға болады. Мiнез типiн анықтауда нақты адамдар мiнезiнiң

жалпы да мəндi, өмiрлiк қажеттi тараптары ескерiледi.

Осыған орай мiнез келесi типтерге бөлiнедi:

1. Үйлесiмдi (гармонический) мiнез типi қоршаған ортаға икемдiлiгiмен ерекшеленедi. Мұндай мiнездi

адамда iшкi қарамақарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен iстеген iс бiрбiрiне сай келедi. Көпшiл, ерiк

күшi мол, қайсар, бiр сөздi. Өмiрдiң барша қиын жағдайларында таңдаған бағытбағдарынан қайтпайды,

көзқарас, талғамын ауыстырмайды. Мақсатмұраттары мен принциптерi үшiн күреске дайын. Бұл

адамдардың өмiр сүру тəсiлi жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту.

2. Iштей қарамақарсылықты, бiрақ сырттай келiсiмдi (внутренне конфликтный, но внешне

согласованный) мiнез адамы. Бұл типтi адамның iшкi ниеттерi мен сырт əрекет қылығы арасында

келiспестiк бола тұрып, өзiнiң қоршаған ортамен қатынасында əлеумет талаптарына ыңғай бередi,

iсəрекетiн соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзiн ерiк билiгiнен бiрде босатпайды, жан, ой

дүниесiн сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жолдарын iздестiруге дайын тұрады.

Сыртқы дүниемен болған араздықты мұндай адамдар өздерiнiң ойпiкiрлерiн қайта қарастырумен,

психологиялық қорғаныс iздестiру жəне əлеумет қолдамаған күнделiктi тұрмыс күйбеңiне берiлмеу

жолдарымен шешуге бейiм келедi. Қоғам мүшелерi қабылдаған рухани құндылықтарды мойындайды,

бiрақ сыртқы жағдайларды өзгертуге ынталы емес.

3. Икемi кем, қарамақарсылықты (конфликтный с пониженной адаптацией) мiнез адамы: көңiлкүй,

ниеттерi мен əлеуметтiк борыштары арасында үйлеспестiк орын алған, шамданғыш, ұнамсыз

эмоциялары басым, тiлдесу қабiлетi нашар дамыған, iсəрекетiн ақыл сарабына сала бермейдi. Бұл мiнез

адамдарына тəн u1179 .асиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты əрекетқылық жүйесiне келтiрмеген,

өмiр желiсi қарапайым бағытты тез өзгерiп тұратын қажеттерi, олар пiкiрiнше, қандай да күш жұмсамайақ

бiр сəтте қанағаттандырылуы тиiс.

Олар өмiр үшiн күреске дағдыланбаған, қажырсыз. Балалық шағында бұл адамдар шектен тыс

мəпеленiп, төңiрегiндегiлердiң орынсыз артық қамқорлығынан дербестiк қалыпқа үйренбеген. Осыдан,

əрқандай кедергiден қорқады, ойланып, жол iздестiруге шамасы жетпейдi. Қиыншылықтарды абыржумен

қабылдап, ырықсыз психологиялық қорғаныстармен (шарбаялық, қыңырлық, нəтижесiз армандау)

айналып өтуге тырысады.

4. Тиянақсыз (вариативный) мiнездi адам бағытбағдарының тұрақсыздығынан, принциптiк бостығынан

төңiректегi жағдайға ыңғайшыл келедi. Жеке адамдық деңгейi төмен. Тұрақты мiнезқұлығы қаланбаған,

осыдан барша iсəрекетiнде қоршаған ортаға ыңғайлану, қатынас адамдарына жағымпаздану бұл

адамның бойына сiңген мiнездiк көрiнiс.

Мұндай адамдардың iшкi жан дүниесi дөрекi қарапайымдылыққа негiзделген; тiршiлiк үшiн болған

əрекетқимылы тiке, бiрбеткей. Күнделiктi күйбең мүдделерiне жетуде ойланыптолғануды бiлмейдi, өз

мүдделерiн шектей алмайды. Олар үшiн кедергi бiреуақ сыртқы; iшкi сапалық, жандүниелiк

қиыншылықтарды өлшестiруге ақылы жетпейдi, бар көздегенi мол, оңай олжа, бiр мезеттiк игiлiк. Бұл

адамдардың барша ынтаықласы, нақты, қалыпты жағдайды пайдаланумен қажеттерiн мейлiнше толық

қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен iшкi дүниесiн тысқы жағдайларға бағындыру

мұндайлардың негiзгi мiнездiк болмысы.

5. Мiнездiк бiтiс асқынуы

Мiнездiк бiтiс асқынуы (акцентуация) психологияда мiнездiң кейбiр бiтiстерiнiң қалыптан тыс дамып,

тұлға психикасының "əлсiз жерлерi" формасында көрiнiс беруi. Мұндай да адам жалпы тұрақты

қасиеттерге ие бола тұра, кейбiр əсерлерге өте шəмшiл, шыдамсыз келедi. Асқынба мiнез адамы қиын

жағдайларда төзiмдiлiктен айрылып, мiнезқұлығының ақаулығын жасыра алмайды. Тұлғалық мiнез

асқынуына тап болған адам қоршаған орта əсерлерiне берiлгiш, психикалық күйзелiске көп түседi. Егер

жағымсыз əсерлер мiнездiң "əлсiз жерлерiне" соққы болып тиетiндей жағдай болса, адам қылығы күрт

өзгередi, мiнездiң шектен тыс дамыған бiтiстерi адам билiгiне ырық бермей, басқа ұнамды қасиеттердiң

бəрiн жоққа шығарады. Кейбiр адамдардың жəй əзiл немесе сын көтермеуi, екiншiлердiң орынды,

орынсыз тiке, шыншыл болуы осы мiнез бiтiсi асқынуының айқын мысалы. Мiнездiң мұндай ұнамсыз

жəйтi жасөспiрiм шақта қарқынды дамып, уақыт өтумен қалыпты күйге түсуi мүмкiн, ал адамды қоршаған

ұнамсыз жағдайлар басымдау болса, психикалық сырқаттарға тап қылады.

6. Мiнездiң ұлттық ерекшелiктерi

Ұлттық мiнез адамдардың тарихи қалыптасқан бiрлестiгi мен iрi топтары болып саналатын этностың,

үлттың, халықтың өмiр тiршiлiгi мен əлеуметтiк жағдайының түтастығы арқылы танылады. Əрбiр халық

пен үлттың, этностың өзiндiк мiнезқұлықтарының ерекшелiктерi болатындығы тарихи шындық жəне

объектив фактор. Қазақ халқының түркi тектес өзге халықтардан ерекшеленiп түратын өзiндiк

сипатқасиеттерi бар. Ыбрай Алтынсарин еңбектерiнде өз халқының мiнезқүлқына тəн бiрсыпыра

қасиеттердi атап көрсеткендi. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кiшiпейiлдiк,

ашықжарқын көңiл мен кеңпейiлдiлiк, өзге нəсiлдi адамдарға деген достық жəне сыйластық көзқарас,

қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тəн. Сондайақ, олардың бойында өзге де

мiнезқұлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың өз жерi мен Отанына, туған елiне деген шексiз

сүйiспеншiлiгi, мал шаруашылығымен айналасуға икемдiлiгi, меймандостығы мен балажандығы, өмiрдiң

қиыншылықтары мен əдiлетсiз iстерге төзiмдiлiгi, сөз өнерiн ардақтауы, шешендiк қабiлетi,

еңбексүйгiштiгi мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттерi болып табылады. Əрбiр ұлт пен

ұлысқа, этнос пен тайпаға тəн қасиеттердiң жайжапсары əлеуметтiк психология саласы этникалық

психологияның зерттейтiн төл пəнi.

Адамның мiнезқұлқының өзгерiп отыруына əлеуметтiк жағдайдың үнемi ықпал етiп, оның жаңа

сапаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми түрғыдан анықтылған тарихи шындық жəне объектив

фактор.

7. Мiнез жəне адамның жас сатылары

Адамның алғашқы өмiр қадамдары тiршiлiк проблемаларын шешуден гөрi көбiрек төңiректегi оқиғалар

мен құбылыстарды бақылауға (созерцательность) бағытталады. Негiзiнен объекттермен қатынасқа түсе

отырып, бала болмыс мəнiн түсiнуге ұмтылады. Соған байланысты өз қылықəрекеттерiнiң орынды не

орынсыз екенiн бағамдай бастайды. Баланың сезiмталдығы жас ұлғайған сайын кеми бастайды.

Солайда болса, балалық шақта игерiлген тəржiрибе мен бiлiм бозбалалық кезеңнiң тұрақты мiнез

бiтiстерiне арқау бередi.

Бозбалалық (юность) шақтың өмiрге қойған талаптары өте жоғары да бiрбеткей келедi, қажеттiктер

ауқымы кеңейедi, аласапыран, күйзелiсi мол, ерiк күшiн керек ететiн өмiр басталады. Қоршаған дүниемен

белсендi араласу, тiкелей қатынас жасау сырттай бақылаудан гөрi анағұрлым қиын. Көрер көзге əдемi iс,

оқиға, зат нақты орындауға келгенде сүйкiмсiз де ауыр болуы мүмкiн. Жағдайға билiк ету оңай емес, ал

өзiңдi өзiң басқаруың одан да күрделiрек. Өмiр бұрқасынында əрекет ете бiлу алғы шарт, ал кей

жағдайларда өз əрекетiң басқалар қимылынан ұтымды болғаны керек. Бұрын жағымды түртүс, əуенге

толы дүние ендi бозбаланы əлеуметтiк талаптар мен қалтқысыз мiндеттерге орайды. Бозбалалық

шақтың дағдарысынан балалық шақтағы жасанды бағыт моделi құрдымға кетiп, "бақыт" мəнмағынасы

өзгерiске келедi. Бақытқа деген көзсiз ұмтылыс ендi "бақытсыздықтың" қорқынышына ауысады. Бiрақ бұл

жаста бұрқасын қуат мол, сондықтан қиыншылықтардың бəрi де өтпелi. Болашаққа деген сенiм шексiз.

Сонымен бiрге, өзiңдi дербес, бiрде бiреуге керегi жоқ дүние екенiңдi сезiп, оқшаулана түсесiң. Бiрақ

дүние жұмбақ, оны тануға болған ұмтылыс өте күштi.

Адамның ендiгi өмiр желiсi көп шарпусыз, байсалды да аңдап басу кейпiне келе бастайды. Өмiрдiң бəрi

тек бақыттан тұрмайтынын түсiнiп, адам қанағат, шүкiршiлiкке бой бағындыру қажеттiгiн аңдай түседi.

Қиялдық өмiрден кешегi бала нақты, күтiлмеген, бұлтарыстары көп ақиқат өмiрге өте бастайды. Ендi

бозбала өзiнiң бар қуатжiгерiн пайдалы да қажеттi, қолынан келер iске бағыштайды. Тəжiрибе, нақты

iсəрекетке араласудан жас жiгiт, бойжеткен бұрынғы жалған түсiнiк, ұғымдарынан арыла бастайды. Өмiр

ендi адамға iшкi тұңғиық, тылсым тарапынан танылып, айқындала түседi. Тұлғаның əлеуметтiк

кемелденуi байқалады. Бiрақ əлiде жас жiгiт басқаларды бағалауда өз сезiм өлшемiне көбiрек сенедi,

махаббат, достық, əлеуметтiк қатынастардың басқа да формаларында өзiнiң тұлғалық бейнесiн нығайта

түседi.

3640 жаста адам өмiрдiң жаңа сатылық деңгейiне көтерiледi. Осы шақтан бастап өмiр қуаты кеми

бастайды. Бiрақ бұл процесс алғашында рухани құндылықтар молдылығынан онша байқала бермейдi.

Ал адам егде тартқан сайын оның көптеген рухани құндылықтары қайта қарастырылып, көбi жойылып,

өткен өмiр жеке оқиғалар жиынтығы ретiнде еске алынады. Тек өмiрдiң алғашқы шерегi ғана ең ұзақ,

қымбат əрi бақытты көрiнiп, қайталана жадқа келе бередi. Қалған шақтардың бəрi қысқа да сарсаң өмiр

күйбеңiндей көрiнедi. Көп жайт естен шығады. Өткендегi күйзелткендер мен қинағандардың баршасы

мəнiн жоғалтып, елеуден қалады. Осы жайтты даналықпен түсiнген ұлы бабамыз Қожа Ахмет Яссауи

былай дептi: "Баз кештiм елу екiде жиғанымнан, Малмүлкiм артық емес бiр жанымнан". Ендiгi өмiрдiң əр

күнi жылдарымдай шалт ағып, iзiн жуыпшайып, өткеннiң бəрiн татымсыз күйге түсiредi. Кешкен дүние

тұманданып, көз алдыңнан кете бастайды. Солай да болса, кейбiр бастан өткен қызғылықты оқиғалар

андасанда жылт ете, көрiнiп, көңiлдi рахатқа бөлейдi. Осының бəрi уақыт ендiгiндегi адамның барша

"Менi" санада сақталып қалмай, оның кейбiр көрiнiстерi ғана бекiп қалатынын дəлелдейдi.

Өмiрдiң екiншi жартысының мəнi бiрiншi өмiр бөлiгiнде топталған материалды жəне рухани қордың

шамасымен күнi iлгерi анықталады.

Адам мiнезiнiң санқилы көрiнiстерi жас сатыларына байланысты əрқилы. Бұған дəлел "Диуани хикмет"

шумақтары:

"Ғашық боп жиырма сегiз жасымда

мен, жан кешiп, мехнат шегiп,

бас ұрған ем ..." "Қанағат елу сегiзде

сезiндiрiп, Тыя гөр, қаһарлы ием, өзiң бiлiп,

Құдайым бар непсiмдi безiндiрiп".

Қ.А.Яссауи

Кейбiр адамдар бозбала шағында сүйкiмдi, ендi бiреулерi ересек кезiнде көрiктi əрi iскер. Ал кей

Информация о работе Таным психологиясы