Таным психологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 18:55, реферат

Краткое описание

Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк Адам аралық қатынас дегенiмiз қарапайым да күрделi проблема. Күнделiктi тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкiн емес. Адам арасындағы қатынастардың түрi келесiдей: жеке жəне қызметтiк, дара жəне топтық, тең құқықты жəне тəуелдi, қарамақарсылықты жəне даудамайлы. Жеке қатынастар екi адам арасындағы сүйiспеншiлiк пен жеккөрушiлiктен, сыйластық пен араздықтан, сенiм мен күдiктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы əр жеке адамның қоғамдағы орыны мен мiндетiне тəуелдi емес. Мысалы, бала өз атаанасын сыйлауы да, жеккөруi де мүмкiн; өз қызметiн ойдағыдай атқарып жүрген мұғалiм бiр шəкiртiне үлкен сүйiспеншiлiк танытса, екiншiсiн көргiсi келмейдi.

Оглавление

Жоспары:
1. Адам аралық қатынастар жөнiнде жалпы түсiнiк.
2. Адамдардың бiрiнбiрi қабылдауы мен түсiнуi.
3. Таным мен түсiнiсудегi қателiктер себебi.

Файлы: 1 файл

АДАМ АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ПСИХОЛОГИЯСЫ.doc

— 215.00 Кб (Скачать)

түзетулер енгiзiп, нақтылап барады.

Асыра сiлтеу əсерi адам жөнiндегi алғашқы бағаның кейiнгiлерiне күштi ықпал етуiнен пайда болады.

Мұндай əсерден бiрiншi берiлген мiнездеме қатып қалған, өзгермес күйге түседi. Егер қандай да адам бiр

көруден бiзге ұнамды тарапынан танылып қалса, кейiн де бiз осы бағамыздан танбай, басқа бiр сын

көзқарастарды ол адамға жолатпауға тырысамыз. Керiсiнше де болуы мүмкiн: алғашқы тiлдесуден

ұнамаған адам соң қай күйге түсiп жолықса да, баяғы жек көрушiлiгiмiзден арылуымыз қиын, санамызда

қалыптасқан алғашқы келеңсiз образ басқаларын ығыстырып, өз орнын бермеуге тырысады.

Психологиялық бейне жасауда ең күрделi де маңызды тəсiл жеке адамның бiтiстердi бiрiктiре

əсерлену құбылысы. Оның мəнi мынада: əрбiр адам санқилы тұлғалармен көп мəрте кездесе жүрiп,

қабылдау жəне бағалаумен жадында олардың сырт көрiнiсi, психологиялық жəне əрекетқылығы туралы

пайымдау бекiтедi. Көп қайталап кездескен бұл əсерлер бiрiгедi де, солардың iшiнде бiрi, мысалы,

адамның сырт келбетi белгiлi бiр психологиялық iшкi қасиетпен ұштастырылады. Осы бiрiккен образ

негiзiнде екiншi бiр адамды кездестiргенiмiзде, одан оның сырт пiшiнiне қарап, өзiмiздiң санамызда

орныққан осы пiшiнге сəйкес қасиеттi iздестiремiз. Мысалы, қабағы түксиген адамдар көбiне тұйық, ауыр

мiнездi келедi. Мiне осы жалпылай, бiрiктiре түзген iшкi бейнемiздi қабағы түксиген нақты адамдардың

бəрiне бiрдей баламалай саламыз. Адамдардың психологиясындағы жалпылық олардың iсəрекетiнде

жалпылай кездеседi, ал iсəрекеттегi жалпы қасиеттер адамдардың жалпы сырт тұлғалық бейнесiнен

көрiнедi. Осылай жалпылай бiрiктiрiп, образ жасау қасиетi жас өспiрiмдiк шақтан орнығып, кейiн өмiр

бойы түзетулермен реттелiп барады. Осы тəсiлдi жақсы игеруден адам психологиясы құрылымының бiр

белгiсi: əрекетқылығы, дүниетанымы немесе мiнезi бойынша сол адамның басқа да қасиеттерiн

бағалаушы адам өзiнде қалыптасқан бiрiкпе образ арқылы ашуға бейiмденедi. Егер осы бiрiкпе образ

жасау тəсiлi адамның сырт көрiнiсi мен iшкi дүниесi арасындағы байланыстың шындыққа жақын екенiн

дəлелдей алса, онда бұл адамдарды бағалауда, олардың əрекетқылығын күнi бұрын болжастыруда

таптырмас құралға айналады, ал керi жағдайда жаңсақ əңгiмелерге тап қылады.

Бөгде адамның тұлғалық ерекшелiктерiн тануда жекедара жəне кəсiби ерекшелiктер көп роль ойнайды.

Қайырымды, мейiрман, серлi адам басқаларды жеңiл түсiнедi, қабылдайды, себебi мұндай адамдар,

əдетте үлкен де бай қатынас тəжiрибесiне ие болумен, басқалардан əрқашан жақсылық қасиеттердi

iздестiруге бейiм келедi, ал өз өмiр жолы сəтсiздiктен қаланып, көпшiлiкпен тiл табыса алмаған адам

басқалардың да оңды образын жасауға қабiлетсiз келедi.

Кең əлеумет ортасында жүрген кəсiп, қызмет иелерi (педагог, дəрiгер, экономист, саясаткер, əдебиетшi,

өнер адамы) төңiрегiндегiлердi дұрыс бағалап, қасиеттерiне сəйкес қабылдай бiледi.

3. Таным мен түсiнiсудегi қателiктер себебi

Бiрiн бiрi түсiнiсуде адамдар көбiне шектен тыс өзiмшiл, субъективтi, асығыс қорытынды жасауға

бейiмшiл келедi.

Адамның өзiмшiлдiгi оның төңiрегiндегiлерге баға берудегi өз қабiлетiн асыра дəрiптеуiнен келiп шығады.

Өзiнiң кейбiр iстерге байланысты ойөрiсi мен ептiлiктерiнiң мүлтiксiз жұмыс атқаруға жарайтынын

пайдаланып, адам сипаттауда да сол қабiлетiм жеткiлiктi дегендей жаңсақ ойдың арбауында қалып

қояды да, нəтижеде назарға алған адамы жөнiнде қате пiкiрге тап келедi. Ал онысын өзi сезбейдi де,

мойындамайды. Мұның түпкi себебi заттар мен жан дүниелi адамдарға болған қатынастардың өзiндiк

ерекшелiктерiн бiлмеуден.

Субъектив қателiктiң мəнi: нақты кезеңдегi өзiнiң психологиялық кейпiне назар салмастан, адам нақты

көрiп тұрғаны мен естiгенiне сенiп қалады, ал көз бен құлақ қабылдауы əрқашан адамның жеке

көңiлкүйiнiң жағдайына тəуелдi. Қандай да адамды қабылдауымыз бiздiң өзiмiздiң сол мезеттегi жан

толғанысымыз, көңiл шарпуымыз бен қажетсiнуiмiзге байланысты келедi. Осы тұрғыдан адам бағалауда

өз сезiмiң мен пiкiр пайымдауыңа да толығымен сене беруге болмайды.

Ситуативтiк қателiк мəнi: басқаны бағалай жəне қабылдай отырып, тұлға өз қабылдау процесiнiң

қандай жағдайда өтiп жатқанын ескермеуi жəне сол жағдайдың оның өзiнiң əрекетқылығы мен

бақылауындағы адамның болмысына нендей əсер етiп жатқанын байқамауы мүмкiн. Ал адам өзiнiң

бақылау астында екенiн сезсе, өзiнiң əдеттегi, қалыпты қылықтарын бұрмалап көрсетуге тырысады.

Бақылаушының өзi де нақты жағдайларға орай өз əрекетiнiң формасын өзгертедi. Мысалы, дəрiгердiң

сырқатты өзiнiң қызмет кабинетiнде қабылдауы мен сол адамды кездейсоқ көшеде не демалыс орнында

кездестiрiп, тануы үлкен өзгешелiктерге ие. Осыдан психологиялық образ қалыптастыру процесiне

ситуацияға орай реттеу мен түзетулер ендiрiп тұрған шеп болмайды.

Асығыс қорытынды жасауға байланысты қателiк мəнi: бақыланушы адам жөнiндегi пiкiр мүмкiн болған

мəлiметтердiң бəрi жинақталмай, үстiрт берiледi. Мұндай қателiк болмауы үшiн төңiрегiндегiлердi

түсiнуге ниет еткен əрбiр адам өзiн ұстамдылықпен, болжамы нақты деректермен айқындалмағанша,

бақылауға алынған тұлға жөнiнде ой топшылаудан аулақ болғаны жөн.

Қателiктердiң жəне бiр тобы жалған қарапайымдылықтан келiп шығады. Мұндай қателiк өзiн өзi шын

мəнiнде кiм екенiн бiлмейтiн, қоғамдық беделi жоқ, аңғырт адамдарда болады. Бұл типтегi жандар

төңiрегiндегiлердiң iшкi жан дүниесi мен əрекетқылығының мəнiн түсiнуге қабiлетi жетпегенiнен, өзiн

дүниеден хабарсыз, не болса, соған сенгiш кейiпте танытып, кiм болса, соның арбауына түсiп кете

бередi.

Қайталау жəне бекiту сұрақтары:

1. Адам аралық қатынастардың пайда болу жəне даму себептерi неде?

2. Адамдар арасындағы қатынастардың түрi қандай?

3. Остранизм деп адамдар арасындағы қай қатынастарды атаймыз?

4. Қатынастардың эмоционалдығын қалай түсiнесiз?

5. Жеке жəне ресми қатынастар айырмашылығы неде жəне олардың өзара ықпалын қалай түсiнемiз?

6. Үйлесiмдi қатынастардың мəнi не?

7. Қарамақарсылықты қатынастар төркiнiнде не u1078 жатыр?

8. Амбиваленттi қатынастар мазмұны неде?

9. Альтруист болған жақсы ма не қажетсiз құбылыс па?

10. Адам аралық қатынастарға ықпал етушi факторлар қандай?

11. Адамның өзiнөзi сезiнуi неге байланысты?

12. Адамдар қауымдастығының түзiлу себебi нелiктен?

13. Адам аралық қатынастардың орнығуы мен түзiлу себептерi қандай?

14. Адамдардың бiрiнбiрi қабылдауы мен түсiнiсуiне себепшi факторлар қандай?

15. Адам үшiн өзiнөзi танудың қандай маңызы бар жəне ол қалай жүзеге асады?

16. Адам образын жасау тəсiлдерi қандай?

17. Таным мен түсiнiсудегi қателiктер нелiктен туындайды?

Тақырып бойынша семинар жоспары

1. Психологияда қалыптасқан адам аралық қатынастар сипаты.

2. Адамдардың өзара қабылдау жəне түсiнiсу негiзiнде жатқан факторлар.

3. Таным мен түсiнiсудегi қателiктер.

Өзiндiк оқуiзденiс , ғылымизерттеу (курс, бақылау, реферат, баяндама) жұмыстарының

тақырыбы

1. Адам аралық қатынастардың жалпылаған түрлерi.

2. Адамдардың бiрiнбiрi қабылдауы мен түсiнуiне ықпал етушi факторлары.

3. Адам образын жасау түрлерi.

Əдебиеттер:

1. 1дəрiсбаяндағы жалпы əдебиеттер.

2. Бодалев А.А. Личность и общение. М. 1983 (85265 беттер).

3. Гозман Л.Я. Психология эмоциональных отношений. М. 1987 (643, 4492 беттер).

4. Гребеньщиков И.В. Основы семейной жизни. М. 1991 (1732 беттер).

5. Бодалев А.А. Восприятие и понимание человека человеком. М. 1982 (3256, 5699 беттер).

6. Кроник А.А., Кроник Е.А. В главных ролях вы, мы, он, ты, я. Психология значимых отношений. М. 1989

(59112, 113173 беттер).

7. Петровский А.В. Личность. Деятельность. Коллектив. М. 1982 (4144 беттер).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МIНЕЗ

Жоспары:

1. Мiнез жөнiндегi түсiнiк.

2. Мiнез жөнiндегi бiлiмдер.

3. Мiнез бiтiстерi.

4. Мiнез түрлерi мен типтерi.

5. Мiнездiк бiтiс асқынуы.

6. Мiнездiң ұлттық ерекшелiктерi.

7. Мiнез жəне адамның жас сатылары.

1. Мiнез жөнiнде түсiнiк

Мiнез жеке адамның өзiне тəн қылық əрекетiнде, тiл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара

ерекшелiктерiнiң жиынтығы.

Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар əртүрлi

жағдайларды көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды

əрекеттерi мен қылықтарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер жəне түзетулер ендiруге

болады. Мiнездi адамның қандай əрекетке келетiнiн жаңылмай, дəл айтуға болады.

Алайда, жеке тұлға ерекшелiкке бай келедi, ал солардың бəрi де адам мiнезiн танытады деу қате. Мiнез

көрсеткiшi адамның барша жағдайлардағы мəндi сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттерi.

Егер адам қандайда даудамайлы жағдайда дөрекiлiк көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы

адамның төл қасиетi деу жөн емес. Жайдары мiнездi, көңiлдi адамның өзi кей жағдайда мұңайып,

сылбыр халге түсуi мүмкiн. Өмiрге келумен бастауын алып, мiнез нақты адамның өмiр барысында

қалыптасады, түрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы əр адамның ойлау, сезiм, ниет,

əрекет сипатын бiрлiктi анықтап барады. Мұнда адамның бүкiл өмiрiн жанжақты қамтыған қоғамдық

шарттар мен əлеуметтiк жағдайлар маңызды келедi. Дегенмен, мiнездiң нақты қалыптасуы əртүрлi

деңгейде дамыған топтарда (отбасы, достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы ж.т.б.)

қалыптасады. Осы топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершiлiк, қоғамдық құндылықтарға

тəуелдi мүшелерiнiң мiнез ерекшелiктерi орнығады. Мiнез бiтiстерi, сонымен бiрге тұлғаның отбасындағы

абройы, топтың басқа мүшелерiмен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет болса,

өзгерiске түседi. Жоғары деңгейлi дамыған топ, ұжым мiнездiң мəндi де ұнамды бiтiстерiнiң

қалыптасуына оң əсер етедi. Жақсы мiнездi адам қалыптастыра отырып, ұжым өз дəреже, деңгейiн

арттыра түседi.

Қоғам əсерлерi мен ықпалдарын бейнелейтiн мiнез мазмұны жеке адамның өмiрлiк бағытбағдарын

құрайды, яғни оның заттай жəне рухани қажеттерiне, қызығуларына, нанымсенiмдерiне, мұраттарына

ж.т.б. негiз болады. Бағытбағдарға сай жеке адам өз мақсаттарын, өмiрлiк жоспары мен сол жоспарды

iске асыруда қажет белсендiлiк деңгейiн белгiлей алады. Мiнезге орай адамның дүние талғамы, өмiр

мəнi, белгiленген мақсатмүдделерiнiң, əрекет қылықтарының себептерi ашылады.

Мiнездi дұрыс түсiнуде адам үшiн маңызды болған қоғамдық құндылықтар мен жеке талғамдар

арақатынасы шешушi мəнге ие. Əр қоғамның өзiне сай маңызды да мəндi мiндеттерi болады. Мiне осы

мiндеттердi iске асыру барысында мiнез қалыптасады. Кейiн солар тұрғысынан тексерiледi, бағаланады.

Сондықтан да мiнез қандай да адам қасиетiнiң (төзiмдiлiк, өжеттiк т.б.) көрiнiсi ғана болып қоймастан,

қоғамдық мəнi бар iсəрекетке болған бағытбағдар сипатын аңдатады. Осыдан мiнездiң тыңғылықтылығы,

бiргелкiлiгi адамның өмiрлiк бағытбағдары негiзiнде нақты бiр қалыпқа келедi. Мiнез қалыптасудағы

басты шарт өмiрлiк мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы

босбелбеулiк, мiнезсiздiктiң белгiсi. Солайда болса, жеке адам мiнезi мен оның бағытбағдары екiталай

нəрсе. Алдыңызға ақ көңiл кейiппен келген адамның бiрi iзг___________i ниеттi де, ал екiншiсi жауыз болуы мүмкiн.

Жеке адам бағытбағдары оның барша əрекетқылығына iз бередi. Əрдайым қылық "осылай болсын"

деген ниеттен ғана емес, адам қатынастарының бiртұтас жүйесiне негiзделедi, ал бұл жүйеде қандай да

қасиет басымдау болумен адам мiнезiне белгiлi сипат ендiредi.

Қалыпқа түскен мiнезде адамның нанымсенiмдер жүйесi жетекшiлiк етедi. Тиянақты көзқарас наным

адамның өз iсəрекетiн ұзақ мерзiмдi бағытбағдарға сай белгiлеп, мақсатқа жетуде жiгерiлiлiктiң, орындап

жатқан iсiнiң дұрыс та маңызды екенiне сенiмдiлiк туғызады.

Мiнез ерекшелiктерi адам қызығуларымен тығыз байланысты, бiрақ оның бұл қызығулары мəндi əрi

тұрақты болуы шарт. Ал қызығулар үстiрт, тұрақсыз болған жағдайда, дербестiгiнiң кемдiгi мен

Информация о работе Таным психологиясы