Психология китап

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 16:46, курсовая работа

Краткое описание

Жас ерекшелік психологиясы пәні – психиканың даму динамикасын, психикалық процестердің және жеке адам өмірінде жиі өзгеріске ұшырайтын тұлғаның психологиялық сапаларын оқытады.
Оқырман назарына ұсынылып отырған оқу құралы Мемлекеттік стандарттағы «Жас ерекшелік психологиясы» курсының оқу бағдарламасына сәйкес келеді.

Файлы: 1 файл

Психология китап.docx

— 237.50 Кб (Скачать)

 

                                      Тапсырма 

    Төмендегі жағдайдағы  жасөспірімнің өзіне өзі жауап  бере алу\алмауы сәйкестігінің  даму түрінанықтаңыздар:

    Сыныпқа жарты  жыл бұрын келген жаңа оқушы  тұйық еді. Ол көптеген құрдастарымен  тіл табысып кетті, бірақ бәрібір  дос таба алмады. Оның ойында  не бар екенін, оны не мұңайтып, не қуантатынын ешкім білмеді.  Мұғалімдер оның бойынан шыдамдылық  қасиетін аңғарды, сонымен қатар,  оның болашақ жоспарлары айқын  еді.

 

                                             Шешім

 

Әр алгоритмге аталған  оқиғадан нақты сәйкестік алып, кестені  толтырыңыздар.

 

р\с

Алгоритм

Ұсынылған алгоритмге аталмыш оқиғаның нақты сәйкестігі

1

Өте тығыз тұлғааралық қарым қатынастан қашу ықыласын анықтау

Оқушы құрбы құрдастары арасындағы жақын  қарым қатынастан қашады

2

Болашаққа жоспар құру қабілетін анықтау

Болашаққа жоспар құру қабілеті жоғары

 

Жұмысқа араласу қабілетін анықтау

Жұмысқа араласу қабілеті орташадан  жоғары

 

Жасөспірімнің  отбасында және жақындарының арасында бағаланатын рөл деңгейін анықтау

Бұл туралы ақпарат жоқ


 

Жауап: өзіне өзі жауап  бере алмау сәйкестігінің түрі жақын  қарым қатынастан кету.

Өз беттеріңізбен  шешіңіздер:

 

    1. Тапсырма

 

Төмендегі жағдайдағы жасөспірімнің  өзіне-өзі жауап бере алу/алмауы сәйкестігінің даму түрін анықтаңыздар:

К.Л. 12 жастан асқын соң  өзгерістерден қорқа бастады, жағдайдың  жақсы жаққа қарай өзгеруіне  сенбейтін болды. Жүрек түкпірінде өзгерістерден қашып құтыла алмайтын үрей пайда болды. Алайда, ол бұл  сезімдердің оны қуантатынын  немесе мұңайтатынын дөп басып айта алмады.

    1. Тапсырма

 

Төмендегі жағдайдағы жасөспірімнің  өзіне-өзі жауап бере алу/алмауы сәйкестігінің даму түрін анықтаңыздар:

Н, жасынан еңбекқор болып  өсті. Алайда, есейе келе, ата-анасы  Н. қандай да бір жұмыстан қорқатынын, сондықтан табысқа жете алмайтынын аңғара бастады. Осының бәрі жасөспірімнің  эмоционалдық жағдайын қиындата берді. Соның салдарынан ол бір істе тиянақтап  тұра алмады және де назар аударуға байланысты проблемамен шағымданатын болды.

 

    1. Тапсырма

 

Төмендегі жағдайдағы жасөспірімнің  өзіне-өзі жауап бере алу/алмауы сәйкестігінің даму түрін анықтаңыздар:

Л. жыныстық қабілеті жетіле басталғаннан-ақ отбасындағы, жақындарының арасындағы құндылықтарға, іс-шараларға  қатысты онда жеккөрушілік сезім  пайда болды. Ол жақындары ұсынған  іске қарама-қайшы жұмыспен айналысуға тырысты.

 

    1. Тапсырма

 

Төмендегі жағдайдағы жасөспірімнің  өзіне-өзі жауап бере алу/алмауы сәйкестігінің даму түрін анықтаңыздар:

А. авторитарлы отбасында  өсті, оларды балалары үшін ата-ана  шешім қабылдаса, ол талқыға салынбайтын  еді. Оның ойынша, осындай тәрбиеден  көптеген «тәрбиелі» адам шығады және өңірдегі ең маңызды мәселелер бойынша 18 жасында да оның өз көзқарасы болмады. Оның осындай кертартпа, талқыға  жатпайтын пікірі кез келген әлеуметтік алаяқтарға оны оңай олжа етті.

 

20. Сәйкестігін  анықтап, түсініктерге дұрыс анықтама  беріңіздер

 

 

Түсініктер

Анықтамалар

Жастық шақ

Адам өмірінің қорытынды кезеңі, оның шартты бастауы қоғамның өндіруші өміріне тікелей қатысудан адамның алшақтауына байланысты

Кемел шақ

Онтогенез кезеңі, жастық шақтан кемел шаққа өтуі 

Қарттық

Онтогенездің барынша  ұзақ кезеңі, ол адамның шығармашылық, интеллектуалдық, рухани дамуына қол  жеткізу тенденциясы арқылы көрінеді

Геронтология

Адамның барлық өмірлік күштерінің кезеңі туралы ғылым

Танатология

Адамның ұзақ өмір сүруі, қартаюы, қарттығы туралы ғылым

Акмеология

Өлім мен өлу алдындағы  зерттеу бағыттары

Депривация

Үнемі қарттық жасқа байланысты адамның өзгеруі мен еске сақтау қабілетінің нашарлауын күшейтетін таным кемшіліктерінің қосқандағы кемшіліктер кешені

Деменция

Ұзақ уақыт бойы кейбір негізгі психикалық қажеттіліктер- дің жеткілікті мөлшерде қанағаттандыру мүмкіндігі болмау салдарынан туындаған субъектінің психикалық жағдайы

Сенсорлы депривация

Танымдық үшін алынатын ақпараттың жоқтығы немесе аздығына жауап ретіндегі  психикалық жағдай

Когнитивті депривация

Адамның өзінің әлеуметтік рөлін жүзеге асыру үшін мүмкіндігін  шектеуге негізделген психикалық жағдай

Эмоционалды депривация

«кедейленген», яғни сенсорлы тітіркендіргіштердің біркелкі сапасымен  немесе шектеулі өзгергіштігімен, жеткіліксіз  санымен көрсетілетін ортаға негізделген  психикалық жағдай

Әлеуметтік депривация

Қандай да бір тұлғамен жыныстық эмоционалдық қатынас орнату үшін жеткіліксіз мүмкіндікті көрсететін психикалық жағдай немесе егер бұдан  бұрын құрылған болса, осындай эмоционалдық байланыстың үзілуі


 

21. Онтогенез кезеңдерінің  дұрыс ретін жазыңыздар

      1. жастық шақ
      2. қарттық
      3. кемелдену

22. Ғылымдар тізімі  ішінен қартаю мен қарттық  проблемасын меңгеретін ғылымды  табыңыз.

      1. геронтология
      2. геронтопсихология
      3. танатология
      4. акмеология
      5. философия
      6. педагогика

23. З.Фрейд бойынша  психикалық даму эрогенді аймақтардан  сексуалды энергияның алмасу  деңгейіне байланысты. Жас кезеңдерін  сәйкестендіріңіздер

 

Оралды деңгей

(3-5 жас)

Анальды деңгей

(12-18 айдан 3 жас)

Фаллистік деңгей

(0-1 жас)

Латентті кезең

(12-18 жас)

Генитальды кезең

(5-12 жас)


 

ІСКЕРЛІК ТРЕННИНГІ

Ікерлік треннингі  жаттығуларын орындау мысалы

 

Тапсырма

Зейнеткер О.А. жұбайы қайтыс болғаннан бері жалғыз тұрады. Балалары мен немерелері оған үнемі келіп, қажетті заттармен қамтамасыз етіп тұрады. О.А.-ның өзі сол қайғылы  күннен бері бірнеше жыл өтсе де, жұбайының жоқтығына үйрене алмады. Жұмыс істеу мүмкіндігі болғандықтан (денсаулығы мен ол тұрған қаладағы еңбек нарығына байланысты), О.А. барлық ұсыныстардан бас тартып, өмірін жалғыздықпен өткізеді. Ол теледидар көрмейді, телефон  да ашуына тиеді. О.А. көршілерімен де араласқысы келмейді. Барлық достарымен де байланысты үзді. Оған жақын туыстары келген кезде  қуанады, бірақ олардың кеткенін қалайды. Алайда, оның сүйікті ісі  бар – ол отбасылық фотоальбомнан  ескі суреттерді қарап отырады.

Жоғарыда айтылғандар  негізінде Ф.Гизе классификациясы  бойынша қарияның психологиялық  түрін анықтаңыздар: қария-негативист, қария-эстраверт, қария-интроверт.

 

Шешім

Алгоритмге аталмыш тапсырмадан  нақты сәйкестік тауып, кестені  толтырыңыздар.

 

№, р/с

Алгоритм

Ұсынылған алгоритмге аталмыш  оқиғаның нақты сәйкестігі

1

Қарияның өзіне қатысты  ерекшелігінің талдауы

Зейнеткер О.А.-ның өмірінен түсінгеніміздей, ол өзі қолдан жасаған  оқшаулау жағдайында. Бұл жағдай жұбайының  өліміне үйрену процесінің патологиялық ағымымен, болашақ бейнесінің болмауымен күрделене түседі. Осыған орай, О.А-ның  өзіне деген мұндай қатынасы жағымсыз деп бағалауға болады.

2

Қарияның жастарға қатысты  ерекшелігінің талдауы

О.А.-ның жастарға деген  қатынасы қосымша нақтылауды қажет  етеді (шынайы зерттеу барысында  бақылау, сыналушының өзімен, оның туыстарымен  әңгімелесу сияқты тәсілдерді қолдануға  болады). Алайда, адамның сыртқы әлемге қатысты қорғану позициясын ұстанатынына қарай мұндай әрекет жағымсыз-бейтарап деген шешім шығаруға болады.

3

Қарияның ғылым мен  техниканың жетістік-теріне қатысты ерекше-лігінің талдауы

Ғылыми-техникалық жетістік толығымен алғанда О.А.-ның шамына тиеді, ол оны өзінің өткенді еске алу туралы тұйық әлеміне енгізгісі келмейді, қарапайым телефон да оның наразылығын тудырады. Мұндай жағдай жағымсыз болып табылады.

4

Ф.Гизе классифика-циясы  бойынша қарт-тар түрін суреттей отырып, талдаулардың нәтижесін салыстыра  келе қарттың психоло-гиялық түрін  анықтау

Осылайша, зейнеткердің сәйкестік  белгілерінің талдауы және оларды өздерінің  психологиялық мазмұнына қарай  жағымсыз деп бағалау Ф.Гизе классифика-циясы  бойынша қария-негативист түріне сәйкес келеді.


 

 

 

 

 

           

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Психология китап