Психология китап

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 16:46, курсовая работа

Краткое описание

Жас ерекшелік психологиясы пәні – психиканың даму динамикасын, психикалық процестердің және жеке адам өмірінде жиі өзгеріске ұшырайтын тұлғаның психологиялық сапаларын оқытады.
Оқырман назарына ұсынылып отырған оқу құралы Мемлекеттік стандарттағы «Жас ерекшелік психологиясы» курсының оқу бағдарламасына сәйкес келеді.

Файлы: 1 файл

Психология китап.docx

— 237.50 Кб (Скачать)

          Ең алғашқы белгі – ұмытушылық. Алғашқыда адам ұсақ-түйектерді  ұмытады; аурудың дамуына қарай  болған жерлерін, күнделікті жұмысты  және жақында болған оқиғаларды  тез уақытта ұмытады. 

          Аурудың алғашқы белгілері байқалған  кезде, оларға үйрену жеңіл  тиеді. 

          Кәрілік кезінде ақыл-ойының төмендеуінің  себептері психологиялық күтімдер, психологиялық денсаулық және  басқа да факторлар болуы мүмкін. Адамның психикалық денсаулығын  тану есептерінің шешіміне тікелей  әсер етеді. Жақын адамды жоғалтқан  кезде, адам депрессияға ұшырайды. Нақты айтқанда, депрессия – мотивациялық саланың өзгеруімен, тану мүмкіндігінің және мінез-құлықтың жалпы төмендеуімен сипатталатын адамның психикалық жағдайы.

9.2. Ұзақ өмір  сүру және танымдық әрекеттердің  психологиялық шарттары.

          60, 70, немесе 80 жастағыларға қарағанда  ғылымда тоқсан жастағылар туралы  дерек аз. Себебі бұл жастағы  адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік  шарттары мен денсаулығы туралы  жүйелі ақпарат алу қиын.

          Адам шындығында қанша жыл  өмір сүре алады, оның өмірінің  ұзақтығы қандай? Геронтологияның  тұжырымдауынша, адам өмірі 120 мен  180 жастың аралығына жетуі мүмкін. Бұл әр адам үшін қол жетерлік  жас деп есептейік. Сонда бұл  жағдайда барлығы бірдей осынша  уақыт өмір сүре ала ма? Егер  де өмір тек жылмен өлшенетін  болса, онда жас шамасы туралы  айтудың мәнісі болмас еді.  Психологиялық өмір әр түрлі  ағымда өтетіні түсінікті. Бір  өмірге жүздеген жылдар еніп  кете алады. В. И. Вернадскийдің  биографиясын құраумен айналысқан  Р. Баландин былай деп жазды:  «Адам өмірінің ұзақтығын жылдармен  өлшеу – кітапты бет санымен,  сурет өнерін шаршы метрмен,  мүсін өнерін килограммен өлшегенмен  бірдей. Бұл жерде есеп басқа  және мүлде басқа нәрсе, яғни  бітірген ісі, басынан кещкендері, ойлағандары бағаланады». 

          Қарттық және ұзақ өмір сүрушіліктің  қызығушылық тудырған феномендерінің  бірі ретінде шығармашылық қабілетінің  кенеттен жарқ ете қалуы болып  табылады. Аңызға сүйенсек, жапон  суретшісі Хокусаи өзінің 73 жасқа  дейінгі туындыларын түкке тұрғысыз  деп айтқан, оның суретшілік мансабы  осы жасынан кейін басталған.  Тициян өзінің сурет туындыларын  шамамен 100 жасында жарыққа әкелді. Верди, Рихард, Штраус, Шютц, Сибелиус  және көптеген сазгерлер 70 жастарына  дейін жұмыс істеді және нағыз  осы жастарында көңіл қобалжытар  әуендер жазып шығарды.

          П. Ламарк, К. Лаплас, Г. Галилей,  И. Кант, А. Гумбольд (оның «Космосы»  76-89 жас аралығында жазылды) сияқты  ғалымдар 70 жастарынан кейін табысты  еңбек ете бастады, И. П. Павловтың  «Двадцати летний опыт» шығармасы  73 жасында жазылды. Ал «Лекции  о работе больших полушарий  головного мозга» атты еңбегі 77 жасында жазылды), жазушылар В.  Гюго, С. Вольтер, Б. Шоу, В.  Гете (ол шамамен 80 жасқа толғанда  «Фауст» - тың екінші бөлімін  жазды, ол осы жасында «ребенок  – реалист, юноша – идеалист, мужчина – скептик и старик - мистик» деп айтқан болатын), Л. Н. Толстой 76 жасында «Хаджи  – Муратты» жазды, суретші  К. Мане 86 жасында сурет туындысын  шығарды. Психолог Б. В. Зейгарник  85 жасында МГУ психология факультетінде  патопсихология туралы лекцияларын  оқыды, курстағы студенттер арасынан  диплом иелерін, аспирант пен  докторанттарды дайындады. 

          Тарихтағы тіркелген фактілер  қартаю процесі өте терең дараланған  екенін аңғартады. 

          Венгрия тұрғыны Чартен – 185 жыл өмір сүрді.

          Ирандық ер адам Китахи –  185 жыл.

          Колумбиялық Солис – 182 жыл. 

          Жоғары мәртебелі ағылшын королевасына  берілген Йорат мырза – 180 жыл  өмір сүрді. 

          Оның әйелі Мэрфи Йорат –  177 жасқа жетті. 

          Ирактық көшпенді Хелу – 170 жыл.

          КСРО-дан Ширали Муслимов –  162 жыл.

          Колумбиялық сайқымазақ Перейра  – 167 жыл. 146 жасында оны мемлекет  қайраткерлері құттықтап келіпті.  Олар Перейраның суреті бар  естелік маркаларды шығару үшін  одан рұқсат сұрайды. Перейра  жоғарғы лауазымды қонақтарға  қарсылық білдірмейді, бірақ бір  шарт қояды: «Маркның төменгі  бұрышында «Ішемін де, шылым да  шегемін» деген жазу болуы  тиіс» - деген екен ол.

          Пәкістандық Саят, Абдул, Мабуд  – 159 жыл өмір сүреді.

          Англиядан әйгілі Томас Парр  – 152 жыл өмір сүрді.

          Мурей Сулейман Даут – 150 жыл.

          Танзаниядан Китано Кингамконо  – 139 жыл.

          Таитидан Накаео – 137 жыл.

          Мысырдан Нефиса Абдалах –  135 жыл.

          АҚШ-тан Сюзанна Брунс – 112 жыл.

          Ең ұзақ (142 жыл) ерлі-зайыптылық  өмір кещкендер ретінде венгерлік  Джон мен Сара Ровель тіркелген  екен. Әйелі 164 жасында, күйеуі 172 жасында қайтыс болыпты. Анкарадан  түрік әйелі Фатима Эдигер 95 жасында  егіз баланы – бір ұл, бір  қызды дүниеге әкелді, ол кезде  күйеуі 127 жаста болыпты. 

          Адамның резервтік мүмкіншілігін  ашатын әр түрлі рекордтардан  мысалдар келтірейік:

          65 жасында Гарнер (АҚШ) Ла-Манштан  жүзіп өтіпті.

          Шведтік Янсон марафондық аралықта 3 сағат 2 минутта жүгіріп өтіпті.

          69 жасында Шантон Мехикодан Мәскеуге  дейін Олимпиадаға жаяу барған.

          Виллис 70 жасында Тынық мұхиттың  толқынына қарамай, жалғыз өзі  12000 км қашықтықты жүзіп өткен.

          Вессель 73 жасында 15 сағатта 100 км бағындырды.

          Қарт марафоншылар халықаралық  бірлестігінің төрағасы Ласибер  79 жасында 4 сағатта 42 км 195 м қашықтықты  жүгіріп өткен. 

          Николай Золотов 83 жасында 30 км  жүгіріп өткен, ол «Правда»  газетінің сыйлығы үшін жарысқа  қатысқан екен.

          Өз санаты бойынша грек Иорданис 98 жасында Марафон-Афина аралығы  бойынша (42 км 195 м) жеңіске жеткен.

          105 жасында Гарри Льюистің жұмыс  уақыты төмендегідей болған: таңертең  – 10 км жүгіру, содан соң 30 минут  дене жаттығулары. Таңғы астан  кейін – жұмысқа жаяу бару. Ол қонақ үйде даяшы болып  жұмыс істеген.

          Э. Эриксон қарттықты даму сатысы  ретінде санады, бұл сатыда интегративтік  – толықтай тұлғалық немесе  өмір аяқталады, бірақ ол ойдағыдай  немесе жоспардағыдай сүрілген  жоқ дегеннен уайым шегу сияқты  қасиетті табуға болады.

          Э. Эриксон интегративтік сезімді  бастан өткерудің бірнеше түрін  белгілейді: 1) тәртіп пен ойлауға  өзінің бейімділігіне жалпы өскелең  тұлғалық сенімділік; 2) оларға қалай  қол жететініне қарамастан, қандайда  бір әлемдік тәртіпті және  рухани мағынаны көрсететін уайым  сияқты адамның тұлғалық махаббаты; 3) өз өмірінің жолын ауыстыруды  қажет етпейтін және жалғыз  қажетті деп санау; 4) өз ата-анасына  деген жаңа, бұрынғыдан да жақсы  махаббат; 5) осы істердің нәтижелерінде  және сөз жүзінде көрсетілген  түрде түрлі іс-әрекеттер мен  жекелеген уақыттардағы ұстанымдарға  қосылатын, соларға қатысты жолдастық  қарым-қатынас. Дамудың бұл деңгейінде  адамға ақылдылық келеді, оны  Э. Эриксон өлім алдындағы өмірге  деген кейінге шығарылған қызығушылық  деп атайды. Ақылдылықты Э. Эриксон  адамның оның өліммен шектелген  өмірі мен тәуелсіз, белсенді  қарым-қатынасы формасы ретінде  түсінуді ұсынады. Ол ақылдың  кемелденуімен, ойлы талқылаулармен, терең түсінікпен белгіленеді. 

          Оның интеграциясының болмауы  немесе шығынға ұшырауы нерв  жүйесінің бұзылуына, бітпес қайғыға,  торығуға, өлім үрейіне әкеп соқтырады.  Торығу – өмірді қайта бастау  үшін, оны басқадай сүру үшін  және толықтай тұлғалыққа басқадай  жолмен кету үшін уақыт өте  аз қалғандығы сияқты сезімді  білдіреді. Торығу жеке адамдар  мен белгілі бір әлеуметтік  институттардың наразылығы немесе  жеккөрушілігімен бетперделенеді. Қалай болғанда да осының бәрі  адамның өз-өзін жек көруіне  дәлел бола алады, бірақ көп  жағдайда «миллион азап» бір  үлкен өкінішке сыймайды.

          Бұл «соңғы сұрақтар» жеке  адамдарды қандай да бір тұңғиыққа  әкелсе де, адам бәрібір психоәлеуметтік  жаратылыс ретінде өз өмірінің  соңында сәйкестік дағдарысының  «жаңа реакциясына» кездеседі,  оны «Мен – менен көп өмір  сүрген нәрсемін» формуласы арқылы  белгілеуге болады.

          П. Балтес және оның әріптестері  көп жылдар бойы өмірдің маңызды  немесе нақты емес мәселелері  бойынша пайдалы кеңестер мен  өлшенген талқылаулар ретінде  түсіндірілетін ақылдылықты меңгерді. Балтеске сәйкес, ақылдылықтың бес  негізгі қасиетін анықтауға болады:

          1) ақылдылық өмір мағынасына қатысты  маңызды және күрделі мәселелерді  шешумен байланысты;

          2) ақылдылықта көрсетілетін білім,  пікір мен кеңестер деңгейі  барынша жоғары;

          3) ақылдылықпен байланысқан білім  кең және терең, сонымен қатар,  ерекше жағдайларда қолданыла  алады;

          4) ақылдылық ақылдан құралады  және мейірімділік жасаушы, ол  адамзат пайдасы үшін, жеке бас  саулығы үшін қолданылады;

          5) ақылдылыққа қол жеткізу оңай  емес, көптеген адамдар оны еш  қиындықсыз таниды.

          Ақылдылық сирек емес психологиялық  сапа болғанына қарамастан, кейбір  қарт адамдар бәрібір танымдық  әрекеттің төмендегеніне уайымдайды  және өмірге деген қызығушылықты  жоғалтады.

          Геронтопсихологтар адамның өмір  ұзақтығы психологиялық факторын  және оның жеке потенциялының  ары қарай дамуын анықтады, олар  мынамен қорытындылады: 1) өзінің  күнделікті өмірінің дұрыс ұйымдастырылуында; 2) интеллектуалдық белсенділігінде; 3) продуктивті тіл табыстуда; 4) оптимистик  құрылуда.

          Б. Скиннер «қартықпен күресудің  үміт арттыратын тәсілі – өзінді  қоршағандарды өзгерту, себебі  өз ағзанды өзгерткеннен оларды  өзгерту оңай» деген. Ч. Дарвин  жануарлардың кейбір түрлері  қоршаған ортаның өзгерісіне  бейімделе алатын болса, олар  ары қарай өмірлерін жалғастыра  алады деген. Бұл адамдарға  да қатысты, олар жекелей немесе  ұжымдық түрде қоршаған ортаға  әсер ете алады және оны  өз қажетінше бағындыра алады.  Б. Скиннер 78 жасында жастық  өзгерістерді мойындаудың қажеттілігін  айтты және соған қарай, өз  өмірінді құруға болады деді.

           Психолог Д. Лапптың кеңестері  қарт адамдарға өмірдің барлық  салаларын саналы түрде басқару  тәсілін үйретумен бекітіледі. Мысалы, егер де жасыңыз ұлғайып келе  жатқаның сезінсеңіз, онда ештеңеге  асықпаңыз, сонда сіз үшін маңызды  істерді жақсы атқаратын боласыз.  Өзіңізден сұраңыз: «Не үшін  асығамын? Бір секунд асса немесе  жетпесе, не өзгереді?». Өз күніңізді  жоспарлар кезде бір жұысты  атқаруға көбірек уақыт бөліңіз.  Асығыстық тудыратын жағдайлардан  аулақ болыңыз. Егер де сіз  бірден есіңізге түсіре алмасаңыз,  қапаланбаңыз, сабыр сақтаңыз, себебі  жас ұлғайған сайын мидан ақпарат  алу баяулайды. Миыңызға уақыт  беріңіз, ол жаңа ритммен жұмыс  істесін, жасқа қарай баяулаудың  және сонымен байланысқан қосымша  энергия шығындаудың орнын толтыратын  ақылдылық стратегияларын үйреніңіз.

          Назар аудару шегі де жасқа  қарай кішірейе береді, сондықтан  қарт адамдар бұрынғыша ұзақ  және нәтижелі жұмыс істей  алмайды. Егер сіз тез шаршап  қалатыныңызды аңғарсаңыз, мұны  мойындау керек. Назар аудару  нашарлағанын сезінген кезде  үзіліс жасаңыз, біраз ұйықтап  немесе серуендеп келген дұрыс.  Жұмысыңызды ауыстырыңыз, таза  ауамен немесе дене жаттығуларымен  миыңызды тынықтырыңыз. Бірнеше  сағат қатарынан кітап оқудың  орнына жарты сағат оқығаннан  кейін үзіліс жасаңыз (кітаптың  арасына қыстырғыш қойыңыз, сонда  келесіде келген жеріңізді тез  табасыз), тұрып, аяғыңызды созыңыз.  Егер де арқаңыз ауырып қалса,  басқа орындыққа отырыңыз. Өте  жұмсақ жастық қолданбаған жөн,  одан ұйқы келеді. Жарықтың жақсы  түсіп тұрғанына көз жеткізіңіз.

          Әрине, жас ұлғайған сайын адамдар  тез шаршайды, енжар тартады, сондықтан  сыртқы ортаның әсері оның  еске сақтау қабілетін төмендетуі  мүмкін. Егер де сіздің жұмысыңыз  маңызды болса, сізге кедергі  жасамайтын бөлмеге орналасыңыз.  Егер де сіздің ісіңізді тоқтатып, белгі соғып алуға мүмкіндік  береді, содан ары қарай жалғастыруға  жеңіл болады. Жалпы, телефонмен  әуреленгенді қысқартыңыз. Достарыңыз  бен жақындарыңызды алты қоңырауға дейін күте тұруларын сұраңыз, ал ең дұрысы телефонға автоматты жауап бергішті орнатыңыз. Бұл сіздің еске сақтау қабілетіңізді үзіліске дейін не істегеніңізді сақтап қалуға көмектеседі. Өмір басымдылықтарының сатыларын анықтап, бір мезетте екі істі бірдей атқаруға тырыспаңыз.

          Құрылымдарды рет-ретімен ойға  беру қиынырақ болады. Бәлкім, себеп  өмірлік белсенділік төмендегеннен  қажеттіліктің жоқтығында шығар;  бірақ ескі модельдерді қайталауға  бейімділік те өз рөлін ойнауы  мүмкін, сондықтан ойдың жаңа  бейнесін қалыптастыру үшін аз  орын алады. Жаңа түсінікпен  ойлау, жаңа идеяларды жетілдіру  барған сайын төмендей береді. Жас ұлғайған сайын шығармашылық  қабілет кемімес үшін ой-өрісті  кеңейтетін жұмыспен көбірек  айналысу керек, ескіні қаза  бергенше, жаңа кеңістіктерді бағындыру  қажет. Ойлаудың жаңа стратегиясын  меңгеру барлық адамның қолынан  келеді, мұнымен бірге ойды реттеу  қабілетінің төмендеуін табиғи  жолмен толтыруға болады. Бұл  ойластырылған тәртіпке көшуге  тағы бір мысал бола алады.

          Белсенділік – психикалықпен  қоса дене функцияларының да  стимуляторы. Егер сіз дене  жаттығуларын жасауды қойып кетсеңіз, сіздің буындарыңыз «тат басып  қалады». Егер сіз ақылмен жұмыс  істеуді қойсаңыз, сіздің ой-өрісіңіз  барынша аз өңдейтін болады. Өзіңізге  жаңа іс ойлап табыңыз, алдыңызға  жаңа жеңіске жеткізетін жаңа  мақсат қойыңыз. Дарыныңызды таныту  үшін жол ашыңыз, мұнымен сізді  қоршаған адамдардың өміріне  жаңа рең бересіз. Бұл кезеңде  көпшілік адамдар ойлаған ниеттерін  жүзеге асырады. Өз өміріңіздің  жаңа түрін табу маңызды. Б.  Скиннер айтқандай, «біз қартайған  кезде ойлаудың жаңа бейнесін  шығаруымыз қажет».

Информация о работе Психология китап