Сіз қандайда бір курстарға
жазылып қоюынызға болады немесе
сабақ беріңіз (педогогикалық
жұмыс өз-өзін жетілдірудің қайнар
көзі болып табылады), өзіңізді
қызықтырған пәнді оқыңыз. Ең
бастысы, ақыл-ойды үнемі жұмыс
істеп тұру қажет және де
өз идеяларыңызды басқа адамдармен
ашық талқылап тұрыңыз. Белсенді
достармен, жастармен, немерелермен
бірлесіп жұмыс істеу қарт
адамды өзін құрметтеуді жоғарлатуға
ықпал ететін әлеуметтік ортамен
қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, рухани гигиенаны
да ұмытпаңыз. Көңіл-күйді жақсарту
үшін табиғатқа немесе әуенге
жүгінуге болады: бұлардың екеуі
де жағымды эмоцияға жатады. Биохимиялық
зерттеулер көрсеткендей, қартайған
кезде мидағы биогенді аминдер
азаяды, мұнымен қарт адамдардың
неліктен күйзеліске көп ұшырайтынын
түсіндіруге болады (биогенді аминдердің
азаюы, керісінше, айфорияны болдырады).
Өмірге оптимистік көзқараспен
қарап үйрену қажет (өз бетімен
немесе маманның көмегімен), болашақтағы
белгілі бір жақсылықтарды көре
білу қажет, алға нақты мақсат
қою керек. Біз көбінесе жағымсыз
әсердің ықпалымен әрекет етеміз,
оларды міндетті түрде позитивті
ету керек. Д. Лапп жеке тұлғаны
қолдау негізінде еске сақтау
қабілетін күшейту үшін психотерапевттік
жаттығуларды ұсынады.
- «Түсінікті, мен енді ештеңені еске түсіре алмаймын, мен қартайдым». Мұндай түсініктің түп тамыры сенімнің, үміттің жоқтығында жатыр. Өкінішке орай, бұл біреудің жеке ерекшелігі емес, бұл стереотип, мұны қазіргі қоғамда көпшілігі бастан өткеріп отыр. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, геронтогенезге әкеп соқтыратын еске сақтау қабілеті мен ой-өрістің нашарлауы – фотальды шарасыздық емес. Күйзеліске ұшырау көп жағдайда жоқтан өзгеге сенуді шындыққа айналдырады. Мұның орнына өз-өзіңізге былай деңіз: «Бәлкім, менің еске сақтау қабілетім біршама нашарлап қалған болар, бірақ мен жұмыс істей аламын және мендегі қабілетті өте жақсы пайдалана аламын».
- «Енді маған шынымен де еске сақтаудың қажеті жоқ». Мұндай өз сызығының өзінің бағасын түсіру адамның жеке бағдарын жояды. Жұмысқа қатысты әлеуметтік және интеллектуалдық стимулдарды жоғалта отырып, зейнетке шығу, кенеттен керексіз болып қалу және әлеуметтік статустағы үзіліс адамдарды өзін-өзі бағаламауға әкеледі. Бәрақ сіз капитуляцияның орнына өзіңізге былай деңіз: «Менің қартайғаным рас, бірақ мен ақылды сақтап қаламын, осы үшін мен өз күшіме қарыздармын».
- «Мен еске сақтау қабілетімді жақсарта алмаймын, бәрі бітті, енді менің есімде түк қалмайды». Бұл жағымсыз психологиялық көзқарастың негізінде торығу жатыр немесе үміт үзу. Көптеген психологиялық зерттеулер көрсеткендей, бүгін де еске сақтау қабілетін жақсартуға болады деген жаңа дәлелдерді табудың қажеті жоқ; түрлі стратегияларды қолдану барысында оның жақсарту деңгейін қалай бағалау керек, әңгіме сонда. Одан да өзіңізге былай деңіз: «Менің еске сақтау қабілетім сондай жақсы емес шығар, бірақ біреулердің көмегі арқылы және тиісті тәсілдермен мен оны жақсарта аламын».
- «Менің есте сақтау қабілетім нашар! Мен, тіптен, жаңа ғана сатып алған азық-түліктің бағасын немесе газеттегі оқыған мақаланың мазмұнын есіме түсіре алмаймын». Бұл психологиялық ойлаудың мәнісі – кемелденуге шектен тіс жеткісі келетіндіктен; күйзеліс барысында да осылай болады, адамға кемелденбеген нәрсенің еш құны жоқ болып көрінеді. Мұндай жағдайда былай деу керек: «Мен мұнша көп ұсақ-түйекті еске түсіре алмаймын, бірақ маған ең маңыздысы есімде». Сәйкесінше, өз жасыңыздың шындығын сезіну өз өміріңізді белсенді басқарумен қосқанда адамның болашақтағы онтогенезде дамуына ықпал етеді.
Қартайған шақтағы ой-өрістің
азаюы мен толығуы туралы механизмді
зерттей келе, П. Балтез қарт
адамдар танымдық қабілеттернің
объективті және субъективті
шығындарын сезінгенде және толығу
мен азаюдың арасындағы баланстың
өзгеруіне қарай оларда Мен
– концепцияның сәйкесінше қайта
ұйымдастырылуы болады. Мен –
концепция – бұл ауызша анықтамада
мақұлданған және белгіленген
адамның өзі туралы түсінігі.
П. Балтестің ойынша, бұл қайта
ұйымдастыру, бәлкім, неліктен көпшілік
қариялар жеке адамның жақсы
өмір сүруіне байланысты сезімнен
арылмайтынын және өз өмірлерін
қадағалауды жалғасыратынын түсіндіретін
болар.
9.3. Э. Эриксонның
тұлға теориясындағы кәрілік
жастағылардың психологиялық ерекшеліктері.
Эриксон теориясы дамуының эгосы
үшін негіз, адамның өмір ағымында
барлық адамзатқа тән бірнеше
әмбебап кезеңдерден өтуі болып
табылады. Осы кезеңдердің өрістеу
үрдісі эпигенетикалық принциптің
дамуына сәйкес бағдарланады.
Мұны Эриксон төмендегідей түсіндіреді:
- көбіне тұлға кезең бойынша дамиды. Алдын ала анықталып қойғандай тұлға бір кезеңңен екінші кезеңге өтуде кейінгі даму бағытына қарай қозғалу дайындығымен, саналы әлеуметтік ой-өрісінің және әлеуметтік өзара радиусының өрістеуімен ілгері жүріп отырады;
- қоғам, адамның әлеуметтік мүмкіндігінің дамуымен құрылғандықтан қалыпты түрде қабылданады, қоғам осы тұжырымдамаларды сақтап қалуға және де дұрыс дамудың салдары мен тиісті темпін қолдауға тырысады.
Э. Эриксонның «Детство и общество»
деген кітабында адам өмірін
психоәлеуметтік дамудың сегіз
жеке кезеңіне бөледі («адамның
сегіз жасы»). Оның ойынша бұл
кезеңдер тұқым қуалау арқылы
берілетін «тұлға жоспарының»
эпигенетикалық жетілуінің нәтижесі
болып табылады. Айқынырақ тоқталсақ,
кәрілік жастағылардың психологиялық
ерекшеліктері дамуының сегізінші кезеңі
– «кеш кәрілі». Соңғы психоәлеуметтік
кезең «65 жастан өлгенге дейін адамның
өмірін аяқтайды. Бұл уақытта адамдар
өткен өміріне көз жүгіртіп, өзінің өмірлік
шешімдерін қайта қарастырып, жетістіктері
мен шалыс басқан жерлерін еске алады.
Көбіне барлық мәдениеттерде бұл кезең
кәріліктің басталуымен белгілі, демек
адамды сансыз көп қажеттіліктер жаулап
алады: физикалық күштің азюына, денсаулықтың
нашарлауына, жалғыздыққа және қарапайым
материалдық жағдайға, әйелінің немесе
күйеуінің, жақын достарының, сондай-ақ
өзінің жастық тобындағы адамдармен қатынасын
орнатуға бейімделуіне тура келеді.
Э. Эриксонның пікірі бойынша
кәріліктің соңғы фазасына жаңа
психоәлеуметтік кризис емес, тұңғиықтың
эгоның барлық өткен даму кезеңіндегі
баға мен интеграция тән. Тек
қандай да бір іспен адамдарға
қамқолық жасаған, өмірде нәтижеге
немесе үлкен жеңіске қол жеткізгендер
басқаларды өзіне қаратып, өзгелерге
ой тастай білетін адамды ғана
өткен жеті кезеңңің нәтижесі
біртіндеп, кемеліне жетеді. Осы
түсінікке Э. Эриксон эго интеграция
деген анықтама береді.
Эго – интеграцияның сезімі
адамның өткен өміріне қарай
білу қабілетіне (неке қиюы, балалары
мен немерелері, жетістіктері, әлеуметтік
қатынасы) және үлкен басын кішірейтіп,
бірақ өзіне «Мен ризамын»
деген адамдарда болады. Өлім
заңдылығынан қорықпайтын адамдар
өмірінің жеке тұқымының жалғасуын
немесе шығармашылық жетістіктерін
көре біледі. Э. Эриксонның болжауынша
тек кәрілікте ғана нағыз кемелдену
және «жасаған жастың даналық»
пайдалы сезімі келеді. Бірақ,
ол белгілеп көрсеткен: «кәріліктің
даналығы адамның өмірі ағымының
белгілі бір тарихи кезеңінде
алған барлық білімдеріне қатысты
өзіне есеп беруі. Даналық –
бұл өлім алдындағы өмірдің
мәнін сөзсіз түсіну».
Қарама-қарсы полюста өз өміріне
кезінде іске аспай қалған
мүмкіндіктер мен қателіктер
сияқты қарайтын адамдар да
бар. Енді өмірдің батысында
олар барлығын қайта бастауға
немесе өз «Менінің» тұтастығын
сезіну ұшін қандайда бір жолдарды
іздестіруге тым кеш қалғанын
түсінеді. Интеграцияның жеткіліксіздігі
немесе мүлде болмауы бұл адамдарда
өлімге деген жасырын қорқынышынан,
үнемі сәтсіздікке ұшырауынан
және «не болады» деген ой
мазалауларын түйсінулерінен көрінеді.
Э. Эриксон ашулы және әбден
зығыры қайнаған адамдардың көңіл-күйінің
басымдылығын екі типке бөледі:
өмірін жаңадан бастауға болмайтынына
өкінуі және өзінің кемшіліктері
мен ақауларын сыртқы әлемге проекциялау
жолы арқылы жоққа шығару. Кейде Э. Эриксон
поэтикалық түрде егде шақтағы адамдардың
үміт үзуін бейнелейді: «Тағдыр өмір қаңқа
тәрізді қабылданбайды, ал өлім – оның
соңғы сызығы тәрізді. Үміт үзу тұтастықтың
басқа жолын таңдау үшін тым аз уақыттың
қалғаның білдіреді; сондықтан да қарттар
өздерінің естеліктерін ажарландыруға
тырысады».
Ауыр психопотология жағдайын
қозғай отырып Э. Эриксон күйініш
және өкіну сезімі түбінде
кәрі адамдарды кәрілік кемақылдығына,
депрессияға, ипохондрияға, қатты
күйзеліске және параноялдылыққа
әкеп соқтыруы мүмкін деп болжайды.
Мұндай қарттарда жаппай таралған
қарттар үйінен шығам ба деген
қоқыныш болып табылады. Авторлық
бірлестікпен жазылған «Жизньненная
вовлеченность в старости» деген
кітабында Э. Эриксон эго –
нтеграция сезімінің шарықтау
шегінде қарт адамдарға көмек
көрсетудің жолдарын талдайды. Кітап
жетпіс жастан асқан көптеген
адамдардың тарихын зерттеуге
арналған. Э. Эриксон олардың өміріне
бақылау жүргізіп, сол кезеңдегі
өмірлік мәселелерді қалай шешкендіктерін
талдады. Ол қарт адамдар іс-әрекеттің
немерелерін тәрбиелеу, саясат, физикалық
сауықтыру бағдарламаларына қатысулары
керек деген қорытындыға келді.
Қысқаша айтқанда, Э. Эриксонның
ойынша, қарт адамдар өз «Менінің»
тұтас күйінде сақталуына қызығушылық
танытса, онда өткен өміріңді
ойлағаннан гөрі, одан да көп
нәрсе жасауға мүмкіндіктері
бар.
9.4. кәрілік пен
қартаюдың тарихынан.
Бұрыңғы кезден бастап адамдар
кәріліктің келуін ескерту немесе
бәсеңдету үшін әр түрлі тәсілдер
іздестірген. 3-4 жылды есептейтін
шумерлік тесттер шаштың ағаруымен
көз жанарының нашарлауына қарсы
дәрі-дәрмектер ұсынған.
Қартаю жайлы ең көне папирус
б.д.д. 1600 жылы жазылған болатын.
Бұнда қарияны жас жігітке
қалай айландыруға болатындығын
оқуға болады.
Көне египеттіктердің ойынша, адамда
110 жасқа дейін өмір сүруіне
үміттенулеріне болады.
Көне грек дәрігері Гипократ (б.д.д.
460 ж.) ұзақ өмір сүргілері келетіндер
үшін уақытында дұрыс тамақтанып,
физикалық жаттығулармен айналысып
және ыстық ванна қабылдауды
ұсынды. Сол уақыттарда кәрілік
адамның табиғи жылуының жойылуымен
және ағзаның құрғауымен түсіндіріледі.
Танымал көне грек философы
Платон (б.д.д. 427-347) қартаю үрдісіне
кәрілік жастағы өмір сүру
салты ықпал ететінін еске
салады. Әр түрлі өмірлік жағдайларға
бейімделе білетін адамдар кәрілік
пен қартаюмен белсенді түрде
күресе біледі.
Аристотельдің (б.д.д. 348-322) болжауынша
қартаюдың себебі адамның табиғи
жылуының жойылуы болып табылады.
Римде тәжірибе жинақтаған дәрігер
Гален (б.д.д. 130-200) «О сохранении
здоровья» деген еңбегінде жеке
адамдардың қартаю ерекшеліктерінің
маңызы жайлы жазады. Қартайып
келе жатқан адам оның ойынша
уақытында дұрыс тамақтанып, физикалық
жаттығулармен айналысып, жеткілікті
мөлшерде ұйықтау қажет. Гален
бірінші болып: қартаюды өмір
ағымымен жүретін үрдіс деп
санады.
Цицерон (б.д.д. 106-43) «О старости»
деген кітабында уақытында дұрыс
тамақтанып, физикалық жаттығулармен
айналысуды, және ең бастысы қартаю
үрдісін бәсендету үшін ақыл-ой
белсенділігін ұсынды. Ол адамды
қартайғанда да оқуға шақырады,
өйткені оқу рухани жақсартуды
сақтайды.
Сенека (б.д.д. 4 – б.д.д. 65) өмір сүру
салты жасаған жас санына қарағанда
маңыздырақ екенін айтқан.
Әйгілі дәрігер әрі философ
Авиценна (980-1037) егде адамдарға уақытында
дұрыс тамақтанып, қажетті мөлшерде
сұйықтықты пайдаланып, физикалық
жаттығулармен айналысуды ұсынды.
Еврей философы Маймуниттің (1135-1204)
ойынша, өмір жалғасы алдын ала
ойластырылған дейді, бірақ оның
болжауынша, өмірді арнайы профилактикалық
жаттығулардың көмегі арқылы
ұзартуға болады.
Англия философы роджер Бекон
(1214-1292) «Лечение старости и сохранение
молодости» атты жазған кітабында
адамның ағзасы қартаяды, өйткені
ол қажиды деп айтқан екен.
Роттер Дамски деп аталып жүрген
Дези Дерий Эразм (1469-1536) жылан
терісін ауыстыра алатындай, адамда
кәріліктен құтыла алатын болса
ғой деп армандаған.
Орыс дәрігері И. Мечниковтың
(1845-1916) ойынша қартаюдың себебі
автоинтоксикация болып табылады.
Оның ойынша ішектерді үздіксіз
тазалап отыру деген қартаю
үрдісі уақытша тоқтатады.
Адамзат тарихында қартаю мен
кәрілік жайлы ойлар бірнеше
рет өзгертілген. Азия елдерінле
кәрі адамдарды дана деп санаған.
Сол кездерде көп адамдар оқи
алмаған, байланыс құралы болмаған,
оқу ұрпақтан-ұрпаққа берілетін
тек сөз арқылы таралып қана
жүзеге асырылған. Орта ғасырларда
кемел жастағы адамдар саналды.
Ал, XIX-XXғғ көбіне жастардың мәдениеті
жайлы айтыла бастады. Соңғы
жылдары біз мүлде жаңа тарихи
көріністің куәгері болдық, яғни
өндірістік дамыған елдерде егде
адамдардың саны үздіксіз көбейіп
отырды. Мұны барлық өзара байланыстары
жағынан бағалау және қандайда
бір шешімге келу әлі мүмкін
болмай отыр.
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА
АРНАЛҒАН
ТАПСЫРМАЛАРМЕН
СҰРАҚТАР
- Кестенің бірінші бағанында түсініктеме берілген, екінші бағанға оның анықтамасын жазу керек.
1 |
Жас ерекшелік психологиясы
пәні |
|
2 |
Дамудың қозғаушы күші |
|
3 |
Жас |
|
4 |
Дамудың преформаланған түрі |
|
5 |
Эгоцентризм |
|
6 |
Егіздер әдісі |
|
7 |
Ақыл жасы |
|
8 |
Эпигенетикалық ұстаным |
|
9 |
Дамудың жаңа құрылымы |
|
10 |
Бақылау әдісі |
|
11 |
Биологиялық жас |
|
12 |
Интериоризация |
|
13 |
Даму шарты |
|
14 |
Психологиялық жас |
|
15 |
Лонгитюдті зерттеу |
|
16 |
Даму кезеңдері |
|
17 |
Қалыптастырушы эксперимент |
|
18 |
Жас дағдарысы |
|
19 |
Тестілеу |
|
20 |
Жақын аймақтық даму |
|