Психология китап

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 16:46, курсовая работа

Краткое описание

Жас ерекшелік психологиясы пәні – психиканың даму динамикасын, психикалық процестердің және жеке адам өмірінде жиі өзгеріске ұшырайтын тұлғаның психологиялық сапаларын оқытады.
Оқырман назарына ұсынылып отырған оқу құралы Мемлекеттік стандарттағы «Жас ерекшелік психологиясы» курсының оқу бағдарламасына сәйкес келеді.

Файлы: 1 файл

Психология китап.docx

— 237.50 Кб (Скачать)

    Осылайша, жеткіншектің  қиялы танымдық іс-әрекетке, эмоциялық  еріктік сфераға және тұлға  дамуына әсер етеді.

    Жеткіншектің  сөйлеуіндегі өзгерістер. Сөйлеу  дамуы сөздік қордың кеңеюіне  және ана тілінің жаңа мәнді   сөздерін меңгеруге байланысты  дамиды.Жеткіншектің сөйлеу дамуы  танымдық дамуды анықтайтынын  түсіне бастайды. Жеткіншектің сөйлеуі  сол жастық топтың тілдік нормалары  негізінде қалыптасады.

    Л.С.Выготский  жеткіншек жастағы қызығушылық  мәселесін қарастырған  және  оны «жеткіншектің психологиялық  дамуы мәселесінің кілті» деп  атаған. Адамның әрбір даму сатысындағы  психологиялық функциялары жүйесіз,автоматты  түрде кездейсоқ емес, нақты қызығушылықтар, ұмтылыстармен бағытталатын белгілі  бір жүйе бойынша қызмет етеді.  Жеткіншек жаста, ескі қызығушылықтар  жойылып, жаңалары қалыптасады,-деп  жазады Выготский. Жас кезеңнің  басында романтикалық ұмтылыстар  басым болса, соңына қарай нақты,  жеткіншектің таңдаған өмірлік  жолымен байланысты қызығушылықтар  көрінеді.

    Л.С.Выготский  жеткіншектердің негізгі, анық  байқалатын доминантты қызығушылықтарын  көрсетті. Олар, «эгоценристік доминантасы» ( жеткіншектің өз тұлғалығына  қызығушылығы), «алыстық доминантасы» (жеткіншек үшін кең,масштабты  үлкен нәрселер күнделікті жақыннан  гөрі қызықтырақ), « күштілік доминантасы» ( жеткіншектің қарсыласуға,жеңуге  ұмтылысы, бұл ұмтылыс кей жағдайларда  бұзақылық, қырсығу, тәрбиелеушілерге  қарсылық сияқты негтивті көрініс  алуы мүмкін) « романтика доминантасы» ( белгісіздікке, тәуекелшілдікке,  батырлыққа ұмтылыс)

    Жеткіншек өмірінде  танымдық қызығушылықтың рөлі  ерекше. Г.И.Щукина зерттеулерінде  танымдық қызығушылықтың көрсеткіштері  анықталды: 

  1. Ізденімпаздық танымдық есептерді шешуге ұмтылыс;
  2. Іс-әрекетке деген тұлғалық қатынас;
  3. Таңдап алынған сала бойынша мектеп бағдарламасынан тыс іздену;
  4. Дүние танымның кеңдігі,көп оқу;
  5. Белсенділік, білуге құмарлық

    Кең танымдық  қызығушылық – жеткіншек тұлғасының  құнды құрылымы, оның үстіртін  болмауы аса маңызды.

   Л.Кольберг зерттеулерінде  моральдық пайымдаулар дамуының  үш деңгейі көрсетіледі: жеткіншек  жасының басына моральдық пайымдаулар  дамуының конвенционалды деңгейі  тән, бала өз референтті тобын  ( отбасы, сыныбы, діни ұйымы) сынсыз  қабылдайды. Осы топтардың моральдық  нормалары ақиқат ретінде қабылданады.  Топтық ережелер мадақтау алып, жазалаудан қашу үшін орындалады.

    Кеңестік психологтар  жеткіншектің моральдық дамуын  іс-әрекет бағыты шеңберінде қарастырған.  Жеткіншектің адамгершіліктік дамуы  моральдық нормаларды меңгеріп, жалпылап, адамгершілік іс-әрекетте  жүзеге асырылатын ішкі « моральдық  инстанцияларға» айналдыру арқылы  жүреді.Кеңестік зерттеушілер еңбектерінде  шыншылдық,намыс сияқты тұлғалық  қасиеттер зерттелді. Д.И.Фельдштейн  зерттеуінде шыншылдық дамуының  бірнеше сатысын бөледі: бірінші  саты, 10-11 жас, жеткіншек өзі үшін  маңызды ересектер арасында өз  мүмкіндіктерін мойындатуға, сенімге  ие болуға ұмтылады. Екінші кезең, 12-13 жас, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі  өзіндік сана-сезімнің қалыптасуымен  сипатталады, жеткіншек өзін қоғамда  маңызы бар субъект ретінде  ұғына бастайды. Қоғамға ену үшін  ересек деңгейінде өзіне жауап  бере алу мүмкіндігі ретіндегі  шыншылдықтың дамуы жүреді. Бұл  басқа адамдарға деген саналы  қатынастың , ұжымда өз орнын табуға  ұмтылуға алып келеді. Үшінші  кезеңде,14-15 жас, қоғамда қызмет  етуге даярлық пайда болады, өзінің  қоғамға қатыстылығын ұғыну өзін  анықтау, өзін жүзеге асыру  қажеттіліктерін жандандыра түседі.

     Адамның жеткіншек  жас кезеңіндегі дамуының ерекшеліктерін  қорыта келе, жеткіншек жасының  негізгі міндеті – өзіндік  сана-сезімнің, қалпы қоғамдық қатынастар  жүйесіндегі өзін анықтау, қарым-қатынастың  жаңа деңгейін қалыптастыру екенін  ескереміз.

                        7.5 Жеткіншектің эмоцияларының дамуы

     Г.Дюпон зерттеулерінде  жеткіншектік жаста эмоциялар  дамуының психологиялық сатысы  басталатыны көрсетілген. Яғни, өзінің  басқалардан ерекшеліктерін іздеу,  адамдарды жасына, жынысына, топқа  байланысты бөлу енді эмоциялық  әрленген: батылдық,шыншылдық, адалдық,  мейірмділік, тәуелсіздік,таланттылық,  ерекшелік сияқты қырлар маңызды  болады, өзін және өзгелерді осылайша  психологиялық  зерттеу нәтижесінде  жеткіншектің құндылықтар, идеалдар, өзінің өмірлік стилі, әлеуметтік  рөлдері, мінез-құлөы туралы түсініктері  жүйеленеді.

     Бұл түсініктерді  шынайы өмір барысында сынап,  отбасылық, топтық, әлеуметтік құндылықтармен  сәйкестендіру жүреді. Негативизм  – тұлғалық және қоғамдық құндылықтардың  сәйкес келмеуіне антиқоғамдық  реакция.

    Эмоция дамуының  келесі сатысы – автономды  эмоциялар сатысы, өзіндік құндылықтар  мен қоғамдық құндылықтар қақтығысы  жеткіншектің өз өміріне өзі  жауап беретін позициясын тудырады. Сыртқы жағдайлар қысымын сезінеді, бірақ оған негативизм де танытпайды, бейімделіп те кете бермейді. Мұндай тұлғаның дамуының негізгі  қозғаушы күші ішкі және сыртқы  құндылықтар қақтығысын төмендетуге  бағытталған өзін анықтау прцестері.

    Х.Ремшмидт көзқарастары  бойынша, жеткіншек жаста эмоциялық  реакцияның төрт типі бар:

      1. Эмоциялық  тұрақсыздық. Эмоциялық сферада  таңдалған мінез-құлық формасына  қатысты сенімсіздік сақталады.  Жаңа сезімдер туындады,бірақ   адекватты көрініс таппаған. Мотивация  дербестілікке, өзін силауға ұмтылса,  екінші жағынан, басқалардың күтімімен,  регламентациясымен қақтығысады.  Бұл қарам-қайшылық жеткіншектерді  конфликтіге итермелеп, имрульсивті  эмоциялар тудырады.

     2. Шабуыл немесе  шегіну. Жағдай агрессивті мінез-құлыққа  немесе қақтығыстан қашуға итермелейді.  Орнаған  тәртіппен келіспеу, қоршаған орта ережелері мен  заңдарына қарсыласу пайда болуы  мүмкін, ересектермен қатынасынан  бас тарту. Сонымен қатар, өз-өзіне  көңілі қалудан шегіну де болуы  мүмкін.

     3.Идеализм. Қоршаған  шындыққа сыни көзбен қарай  алмау нәтижесінде әлемді біржақты  көру – көтеріңкі көңіл-күй  тудырады. Идеалистік көзқарасты  жеңіп адекваттыға ауысу, негативизмге  ауысудан гөрі қиынырақ.

              7.6 Жас өспірімдердің когнитивті  саласының даму ерекшеліктері

     Адамның жалпы  ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай  әдетте қалыптасып болады, сондықтан  оның бала кездегідей шапшаң  өсуі байқалмайды. Алайда ол  одан әрі жетіле береді. Күрделі  интеллектілік операцияларды меңгеру  және ұғымдық аппараттың баюы  жас жігіттер мен қыздардың  ақыл-ой қызметін неғұрлым орнықты   әрі пәрменді етіп, оны бұл  тұрғыдан ересектің іс-әрекетіне  жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттер  шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының  барған сайын саралана түсуімен  қосылып, мұның өзі жастардың  ақыл-ой қызметінің құрылымын  кіш жастағыларға неғұрлым күрделі  де дара сипат береді. Қазіргі  зерттеулер ақыл-ой қабілетінің  саралануы қыздардан гөрі ер  балаларда ертерек басталып, неғұрлым  айқын көрінеді. Қабілеттер мен  мүдделердің мамандануы нәтижесінде  басқа да көптеген барлық айырмашлықтар  неғұрлым елеулі және практикалық  тұрғыдан маңызды болады. Арнайы  қабілеттердің қалыптасуының өзі  оқытудың сипаты мен бағытына  орасан зор дәрежеде байланысты  екенін есте ұстау қажет.

     Жеткіншек  кезеңнің аяқталуымен жас өспірімдік  жасқа өтуде ең алдымен олардың  теориялық ойлаулары қарқынды  дамуымен көрінеді. Жас өспірімдер  логикалық тұрғыда ойлай бастайды, теориялық пайымдаулармен және  берілген тапсырмаларға талдау  жасай алу дағдылары қалыптаса  бастайды. Олар жеткіншектерге қарағанда  адамгершілік, саяси және т.б тақырыптарда  кеңінен ойлай алады.

     Жас өспірімдер  әр түрлі тапсырмаларды шешу  прцесінде көптеген ғылыми ұғымдарды  меңгереді, әрі оны пайдалана  білу дағдыларын қалыптастырады. Бұл олардың теориялық немесе  ауызша-логикалық ойлауының қалыптасқандығын  білдіреді. Осы жаста соған  қоса танымдық процестері де  интеллектіге түседі.

     Басты бағыты  – когнитивті сфераның дамуы  жалпы және арнайы қабілеттердің  дамуының жалғасы ретіндегі іс-әрекеттің  жетекші түрлері: оқу, қарым-қатынас  және еңбек негізінде қалыптасады.  Жас өспірімдік жаста абстрактылы-логикалық  ойлау тек жаңа интеллектілік  сапаларда пайда болып қана  қоймайды, қажеттілікке сәйкес дамиды. Жас қспірімдер көбінесе сабақта  оқытушыға пәнге қатысы болмаса  да философиялық проблема тақырыптарына  байланысты сұрақ қоюға тырысады. Бұндай проблемелерды сабақтан  кейін арнайы ұйымдастырылған  диспуттарда немесе серуенге  шыққанда талқылаймыз деп айтуымыз  қажет. Жас өспірімдік жаста  ойлау процесінің айқындала басталуы олардың жыныстық айырмашылықтарынан да көрінеді.

     И.С.Конның  пікірінше, ең бастысы жас өспірімдер  ұшін – абстрактылы ойлауға  бейімділік. Бұл жаста ер балалардан  гөрі қыздар жақсы оқиды және  үлгерімі жоғары, олардың танымдық  қызығушылықтары анық болады. Олар  абстарктылы тапсырмаларға  қарағанда  нақт тапсырмаларды жақсы шешетін  болады. Жас өспірім қыздарда  көркем-гуманитарлық, жаратылыстану  ғылымдарына қызығушылықтары басым  болады. Ал ұлдар политехникалық  бағытқа жақын болады. Жас өспірімдердің  армандары тек интеллектісіне  байланысты  ғана емес, мінез-құлық  ерекшеліктеріне де қатысы бар.

     Жас өспірімдердің зейінінің дамуы. Зейін – бір нәрсеге психикалық іс-әрекеттің бағытталуы және шоғырлануы.

     Бұл жаста  жас өспірімдерде зейіннің дамуында  іштей қарам-қайшылық бар екендігі  көрінеді.Зейіннің көлемі нәрселерді  ұзақ сақтауға қабілетті, бір  заттан екінші бір затқа зейінінің  бөлінуі аясы кеңейеді және  қарқынды дамиды. Бұл жас өспірімнің  дамуының жоғары деңгейіне жетуіне  көмектеседі. Зейінмен бірге қызығушылық  бағытынан гөрі таңдамалаық көбірек  қалыптасады. Сондықтан жас өспірімдер  өздерінің бір нәрсеге зейінін  шоғырландыруға қабілетсіз  екендіктеріне  жиі шағымданады, ол зейіннің  шашыраңқылығына және хроникалық  зерігуге апарады.Д.Хэмилтон «зейіннің  тәрбиеленбеуі» яғни зейінін  қандай да бір стимулдарға,  тітіргендіргіштерге аударуға ,бөлуге,шоғырландыруға  икемсіздігі жас өсіпірімдердің  оқу үлгерімінің  нашарлауына  әкеледі және сонымен қатар  осы жаста кейбір проблемалардың  пайда болу себептерінің бірі  болып табылады.

    Жас өспірімдік жастағы шығармашылықтар мен мүмкіндіктер. Жас өспірімдік жас адамдар арасында даралық айырмашылықтардың күшеюімен сипатталады. Бұл жаста танымдық іс-әрекетке қызығушылықтың  жоқтығымен сипатталса, ал басқаларда оқуға және шығармашылыққа қызығушылықтары пайда болады. Жас өспірімдерде интеллектінің дамуы осы кезеңде шығармашылық қабілеттермен тығыз байланысты, алған ақпаратты меңгеріп қана қоймайды, интеллектілік инициативасы пайда болып, жаңа нәрселерді жасауға ұмтылып жүреді.

     Осы жаста  шығармашылықтың  маңызды интеллектілік  компоненттерінің бірі – дивергенттік  ойлау басым болады, яғни бір  сұрақтың бірдей, бірнеше,тең жауаптары  болуы мүмкін.

     Дивергенттік ойлау – ойлаудың ерекше түрі, бір мәселенің көптеген бірдей,бірнеше жауаптары болуы мүмкін. Ойлаудың бұл түрі шығармашылық компоненттердің бірі болып табылады.

     Конветгенттік  ойлау – мәселені шешудің тек бір ғана дұрыс жолы бар. Кейбір жағдайда бұл ұғым « консервативтік » немесе « ригидтік » ойлау деген синониммен қолданылады.

     Алайда тұлғаның  шығармашылық мүмкіндігі интеллектілік  сапаға тең келе бермейді. Интеллектілік  шығармашылық көбінесе субъектінің  жалпы белсенділігінің қасиетіне  байланысты, яғни оның өзін-өзі  өзгертуге қабілеттілігі және  дайындығы. Бұл қасиет кез-келген  іс-әрекетте әлеуметтік белсенділікте,  көркем шығармашылықта, моральдық  шешімдерді өңдеу қабілеттілігінде  көрінеді. Жас өспірімдердің ақыл-ойы  сапа жағынан да, көлем жағынан  да біршама қалыптасып қалған. Қалыптасуда мынадай екі тетік  бар: біріншіден, бұлар өзін қоршаған  әлеуметортасынан, соның ішінде  жеке адамдар арасында кездесетін  неше түрлі қатынастың мәнісіне  түсініп, әр нәрсенің себебіне  және одан шығатын нәтиженің  мәнісіне түсініп, дүниеде   себепсіз нәтиже болмайтынын  ұғына бастайды. Екіншіден, егер  жеткіншек  жасында ересек  уақытының көбін мұң, фантазия  сияқты нәтижесі аз объектілерге  жіберетін болса, енді сол фантазиядан  нәтиже шықпайтынын біліп, күші  мен жігерін шындық нәрсені  меңгеруге жұмсайды. Осының өзі  ақыл-ойдың дамуындағы үлкен жетістіктерінің  бірі.

      Жас өспірімдер  формальдық операция негізде  ойланатын болғандықтан, ойын сол  нақты затқа негіздемейді, абстрактылық  қиял мөлшеріне ( ережеге, аксиомаға  ) негіздейді. Бұның жеткіншектердің  ойлауына қарағанда мынадай айырмашылығы  бар: жеткіншек нақты ақиқаттық  дәрежесінде ойланады. Ал жас  өспірім абстрактылық қиял дәрежесінде  кездесетін ұғымдарға сүйенеді. Осыған орай жас өспірімнің  абстрактылық дәрежедегі формальдық  операцияға әуес болғаны сонша,  Ж.Пиаженің айтуынша, ол кейде  осындай операциялардың белгілі  жүйесі шындыққа жетүдің өзінше  дербес жолы, сондықтан бұл тәсіл  қоршаған ақиқаттықтың бір бөлшегі  емес, керісінше, нақты ақиқат  осы жүйенің бөлшегі деп ойлайтыны  кездеседі. Осылай деу негізінен  қате болғанымен, мұның өзі ересектің  формальдық операцияға әуес келетініне  дәлел бола алады. Адам баласының   бұдан да басқа ақыл-ойының  өзге тәсілдері ( диалектикалық  ой тәсілі, аналитикалық ой амалы  және т.б ) кездеседі.

Информация о работе Психология китап