Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 21:18, доклад
«Әдіс» сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын біл- діреді, сонымен бірге болмыст ы тәжірибелік және теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады.
Психологияға орайластыра әдісті психика жөніндегі деректерді алудың және оларды талдап түсінудің жолы деп білеміз.
Кейбір басқа да ғылымдардағыдай, психологиядағы зерттеу әдістерінің негізгілері - бақылау және эксперимент.
Бақылау - зерттеудің ғылыми әдісі - деректі суреттеп баянда- удан оның ішкі мәнін түсіндіруге өту үшін қажет. Бақылау әдісінің негізгі тиімділігі - психикалық үдерістерді табиғи жағдайларда зерттеу мүмкіндігінің мол болуы.
Араласа бақылау - зерттеушінің зерттелуші топпен етене жақын қатынастар әрекетінде болуы.
Кестеде психологиялық зерттеудің эксперименталды емес эмпирикалық әдістер ерекшеліктері анализмдерді оларға бақылау, әңгімелесу және «Архивті әдіс» (іс-әрекет продуктивтілігі мен мінез-құлықтың анализі) жатады.
Психологияның пәні және оның міндеттері
Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде (1940) былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады...". Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі - жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы - тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басынан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды .
Психологияның салалары:
1.Жалпы психология-ересек
адамның
2. Жас ерекшелік психологиясы-
3.Педагогикалық психология-
4. Еңбек психологиясы
– еңбек әрекетінің
5. Инженерлік психология
– адам мен техниканың қарым-
6. Космостық психология – санасыздық жағдайындағы психикалық көріністерді зерттейді. Ұзақ мерзім жеке қалуда психикалық қызметтің ерекшеліктерін және космонавттардың жүйкелік-моралдық даярлығын қарастырады.
7. Әскерипсихология – адамның соғыс жағдайындағы, ұрыс кезіндегі және жоғары әскери оқу мен тәрбиелеудің психолгиялық мәселелерін зерттейді.
8. Спорт психологиясы
– спорттық дағдылар мен
9. Өнер психолгиясы –
бұл өнер туындыларын жасауға
бағытталған психологиялық
10. Әлеуметтік психология
- әртүрлі топтардың психикалық
көріністерін олардың көңіл-
11. Этнопсихология - әлеуметтік
психолгия негізінде пайда
12. Заң психология –
бұл қылмысты , адамның психикалық
ерекшеліктерін, қылмыстық коллонияларының
тәрбиелік әсерінің
13. Патопсихология - өзгеріске ұшыраған адамның психикасын зерттейді. Патопсихология 3 бөлімге бөлінеді : олигофрено , тифло , сурдо.
14. Салыстырмалы психология
– бұл жануарлармен адамның
психикалық айырмашылықтарын
Психолдогиялық процестер дегеніміз-сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.
Алғашқы психологтар, философтар олар идеялистер және материалистер болып бөлінді.
Материалистер-адамның жаны бар, бірақ ол мәңгі емес. Бұған: Демокрит, Әл-Фараби.
Идеалистер жан мәңгі, ол өлмейді деп тұжырымдады. Бұған Платон, Фома Аквинский т.б.
Психология
ғылымы тарихының даму
1879ж бастап
психология эксперименталдық
Психологиялық
құбылыстардың топтастырылуы
Платон пікірінше,жан мен тән бірге дамиды,тәнсіз жан жоқ.Адамда қатарынан екі жан болмайды.Адам жаны,тәні де өткінші деп көрсетті.Жанның да, тәннің де иесі – жүрек,бұған мидың да қатысы бар.
1.Психологияның зерттеу әдістері.
Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұраққа жауап беру ойлағандай оңай емес. Бұл сауалға жауап беру үшін ғылыми психология тарихының әрбір даму кезеңіндегі психологиядағы ғылыми ілімнің мағынасы туралы көзқарастың қалайша өзгеретініне үңілу қажет. Психология көне әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені бола тұрса да, келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пән ретінде таралуына жүз жылға жетер-жетпес уақыт болды, бірақ басты мәселесі, философия пайда болғаннан бері, философиялық ой ретінде кездеседі .
XIX ғасырдың
соңы - XX ғасырдың басында, белгілі
психолог Г.Эббингауз
Пәннің атауы ежелгі грек тілінен аударғанда, психология (псюхе-жан, логос-ілім) жан туралы ілім дегенді білдіреді. Кең таралған көзқарастар бойынша, алғашқы психологиялық түсініктер діни нанымдармен байланысты болды. Шындығында, ғылымның ақиқатты тарихы көрсеткендей, ежелгі грек философтарының ертедегі көзқарастары адамның алғашқы білімімен тығыз байланыста болатын практикалық таным үрдісінде пайда болады және жаратылысты - жалпы, жанды - жеке деп санайтын мифологиялық нанымдары бар дінге қарсы туып келе жатқан ғылыми ой күресі барысында дамиды. Жанды зерттеу және түсіндіру - психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде анықталды. Алайда, жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге әр түрлі мазмұн берді. Психиканың мәніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы және дамуы әрқашанда философияның негізгі мәселесінің шешіміне -материя мен сананың, рухани және материалдық субстанциялардың арақатынасына байланысты болған.
Дәл осы мәселе төңірегінде бір-біріне диаматериялы қарсы екі философиялық бағыттар пайда болды: идеалистік және материалистік. Идеалистік философия өкілдері психиканы материядан тыс, жеке болатын, бірінші болатын құбылыс ретінде қарастырады. Материалдық түсінік психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс түрінде көрсетеді.
Идеалистік философия өкілдері материядан тәуелсіз ерекше рухани бастаудың бар екендігін мойындайды, олар психикалық әрекетті материалдық, тумайтын әрі өлмейтін жан түрінде қарастырады. Ал барлық материалдық заттар мен үрдістерді сезімдер мен түсініктер ретінде немесе қандайда бір "абсолютті рух", "жаратылыстық ерік", "идеялар" сияқты жұмбақ құбылыстар ретінде қарастырады. Адамдар психикалық құбылыстарды ерекше, тылсым күштердің - адам туған кезде тәніне еніп, ал өлгенде ұшып кететін жан мен рухтың әрекеттері деп тәннің құрылысы мен қызметі туралы қате көзқараста болған кезде идеализм пайда болды. Алғашқыда жан әр түрлі ағзаларда болатын жіңішке ерекше дене немесе тіршілік иесі деп түсіндірілді. Дін пайда болған кезде, жан тәннің өзіндік көшірмесі, адамды тастап кеткеннен соң мәңгі өмір сүретін қандай да бір "басқа дүниемен" байланыста болатын, денесіз және өлмейтін рухани тіршілік иесі ретінде ұғыныла бастады. Осының негізінде идея, рух, сана-бірінші, барлық тіршіліктің қайнар бұлағы, ал табиғат, материя - екінші, идеядан, санадан, рухтан туындайды деп тұжырымдайтын философияның әр түрлі идеалистік жүйелері пайда болды .
2.Психика– эволюциялық үрдістің нәтижесі
Психиканы адамның рухани өмірінің көрінісі және ол барлық материалдық табиғат бағынатын заңдарға бағынбайды деп қарастырған идеалистік философия, адам психикасын түсінудегі материалдық көзқарасты көптеген ғасырларға ығыстырды. Жан туралы көзқарастар қандайда болмасын метаморфозаларды бастан өткерсе де, жанды өмірдің қозғаушы көзі деген тұжырым тұрақты болып қалды. Тек XVII ғасырда ғана Рене Декарт психологиялық ілімдердің дамуының жаңа кезеңін бастады. Ол тек ішкі ағзалардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар ағзаның әрекеті - оның басқа сыртқы денелермен әрекеттестігі де жанды қажет етпейді дегенді көрсетті. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі тағдырына ерекше ықпал етті. Декарт бір мезгілде екі ұғымды енгізді: сана және рефлекс. Алайда, ол өз ілімінде кенеттен жан мен тәнді қарама-қайшы қояды. Ол өзара тэуелсіз екі субстанцияның - материя мен рухтың - бар екендігін айтады. Сондықтан психология тарихындағы бұл ілім "дуализм" (латын тілінен duaIіs - "қосалқы") деген атаққа ие болды. Дуалистердің көзқарасы бойынша, психикалық құбылыстар мидың өнімі мен қызметі емес, мидан тыс әрі одан тәуелсіз өздігінен болады деп санайды. Философиядағы бұл бағыт объективтік идеализм деген атқа ие болды.
Дуалистік ілімдердің негізінде XIX ғасырдағы психологияда психофизикалық параллелизм (яғни психикалық және физикалық құбылыстар қатарлас - өзара тәуелсіз, бірақ бірге деп тұжырымдайтын) деген идеалистік теория кеңінен таралды. Психологиядағы бұл бағыттың басты өкілдері - Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо. Бине, Джемс және басқалар.
Шамамен, осы уақыттан бастап психология пәні туралы жаңа түсініктер пайда болады. Сезіну, ойлау, тілеу қабілеттерін сана деп атай бастады. Сонымен психика санаға теңестірілді. Жан психологиясы орнына сана психологиясы келеді. Алайда, сана ұзақ уақыт бойы басқа табиғи үрдістерден оқшауланған ерекше құбылыс ретінде түсінілді. Философтар сананы құрайтын қарапайым "элементтері" бар, субъективті сезінудің нәтижесі немесе құдайдың ісі деп санай отырып, саналы өмір жайында әр түрлі тұжырымдарды айтты. Бірақ барлық идеалист-философтарды "психикалық өмір -өзін-өзі бақылау арқылы ғана танылатын және себебін түсіндіруге объективтік ғылыми талдаудың шамасы келмейтін субъективті ерекше жаратылыстың көрінісі" деген ортақ пікір біріктірді. Мұндай түсінік кең таралды, ал көзқарас сананың интроспективтік ұғымы арқылы белгілі болды. Осы дәстүр бойынша психика санаға теңестіріледі. Осы ұғымның салдарынан сана өзімен-өзі шектелді. Бұл психиканы объективтік тұрмыстан жэне субъектінің өзінен түбегейлі алшақтауын білдірді.
Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасқан уақытынан басталатын дамуы, XIX ғасырдың екінші жартысындағы әр түрлі мақсаттағы және зерттеудің әр түрлі әдістерін пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың үздіксіз күресіне ұштасты. Бірақ XIX ғасырдың соңындағы теориялардың барлығы және XX ғасырдың теорияларының бір бөлігі сананың интероспективтік психологиясының төңірегінде жасалды. Бұл теория психологиялық зерттеулер пәнінің шынайы қоршаған ортадан және адамдардың практикалық әрекеттерінен тыс қаралатын, адамға түсінікті уайымдар аумағының шектелеуімен сипатталады. Сана мен мидың ара қатынасы туралы мәселе дуализм ұстанымының басымшылығымен осы теориялар арқылы шешімін табады.
Сананың құрылымының, мазмұнының және белсенділік деңгейінің әр түрлі сипатталуы - интероепективтік психология шеңберіндегі теориялар арасындағы негізгі айырмашылық болып саналады. Ереже бойынша, сипаттамалардың біреуі жетекші ретінде айқындалды. Әдетте, осының негізінде сананың идеалистік психологиясының бес түрін атап көрсету қажет: сана элементтерінің теориясы, негізін салушылар В. Вундт және Э.Титченер, Вюрцбургск психология мектебінің кейбіреуінің осыған қатысы бар:
сана актілерінің психологиясы, Франц Брентаноның атымен байланысты;
сана ағымының теориясы, Уильям Джемс жасаған;
гештальт психология - ерекше аумақтар теориясы;
Информация о работе Психология әдістері психологиялық зерттеулер кезеңдері