Психология әдістері психологиялық зерттеулер кезеңдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 22:33, доклад

Краткое описание

Бала психологиясы — жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды.

Файлы: 1 файл

Бала психологиясы.docx

— 22.53 Кб (Скачать)

Бала  психологиясы

Бала психологиясы — жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің “Бала жаны” атты кітабы (1882) — Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала психологиясының пәні — балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе — баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:

1) биогенетикалық;

2) социогенетикалық.

 Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды (биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, балаң жас психологиясы). Бала психологиясындағы “балалық шақ” ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылатын “балалық шақ” ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б. Бала психологиясының қалыптасуы мен дамуына зор ықпалы тигізген ағым — педалогия. Баланы біртұтас зерттеуді мақсат тұтқан педалогия қазіргі Бала психологиясының құрамына енген көптеген ғылыми мағлұматтар мен күні бүгінге дейін маңызын жоймаған психология концепцияларды өмірге әкелді. Бала психологиясының мәселелерін зерттеумен айналысқан орыс психологтарының көрнекті өкілдері осы педалогия саласында қызмет етті (П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Б.М. Бехтерев, А.П. Негаев, Г.И. Россолимо, т.б.). 20 ғасырдың 30-жылдарында педалогияның “жалған ғылым” ретінде қудалануы Бала психологиясының дамуына үлкен зиянын тигізді. Бала психологиясы саласында дүние жүзіне әйгілі Дж. Уотсон, В. Штерн, К. Бюлер, Ст. Холл, К. Левин, А. Валлон, З. Фрейд, Ж. Пиаже, Э. Эриксон, Д.М. Узнадзе, А.Р. Лурия, А.Н. Леонтьев, т.б. психологтар еңбек еткен. Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар: С. Балаубаев, Е. Суфиев, Ш. Әлжанов, А. Темірбеков, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т.б.

 

Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясының ерекшеліктері

Мектепке дейінгі балалық – адам өміріндегі қысқа кезең, бар болғаны алғашқы жеті жыл. Бірақ баланы ересектерден бөлетін дәл осы кезең, қамқорсыз сәбидің біршама толыққанды, белсенді тұлғаға айналады.

Жетекші іс-әрекет – ойын, адамдардың іс-әрекеті және мінез-құлық нормаларын игеру.

•1 жасқа дейін бала 7-14 сөз қолданады, бір іске назары ауып 15 минут айналысады, «болмайды» деген сөздің мағынасын түсінеді, жүре бастайды (+2 ай).

•1,5 жасқа дейін баланың сөздік қоры 30-40 сөзді құрайды, ол жақсы жүреді, тамақ ішеді және оған айтылып отырған сөз екенін түсініп, суреттердегі бейнелерді танып, көрсетеді. Баланың негізгі сұрақтары: не? кім?

•2 жасқа дейінгі сөздік қоры – 300-400сөзді құрайды, Баланың негізгі сұрақтары: мынау не? мынау кім? Зат есім, есімдік, сын есім, одағай, етістіктерді игереді. Сөйлем құрауы қалыптасады (қыз балаларда жиі 1,5 жаста). Сұрақтарды қоя білуі баланың ақыл ойының «жақсы» дамуын көрсетеді. Қаламды жұдырығына ұстап сызықтар сала бастайды, текшелерден мұнара орнатады.

•2,5 жасқа қарай сөздік қоры 1000 сөзді құрайды. Бағыт-бағдарлы сұрақтар қояды: қайда? қалай? қашан? Бұл жаста тіл дамының тежелуі ойландыруы керек, психикалық дамуы және құлағының ауыр естуіне күмән бар.

•3 жасқа қарай – Неге? Деген сұрақ туындайды. Балаға бағыт беретін сұрақтар қойып отырса ол көрген-білгенін айтып береді. Салалас құрмалас тіпті бағыныңқы құрмалас сөйлемдерді қолданады, бұл оның ойлау қабілетінің жетілгендігін көрсетеді. Біреу, аз, көп деген не екенін түсінеді. Бүтін заттың бөлігін көріп танып біледі: құлағынан – қоянды, тұмсығынан – пілді.

•3,5 жаста құрастыруды игереді, жоспарлау қасиеттері болады. Түрлі заттармен және сәл кейін – өз құрдастарымен сюжетті-рөлдік ойындардың үзінділері пайда болады. Бала әсерге берілгіш: ұялады, ренжиді, қуанады, қайғырады, мейірімді, қызғаншақ, ниет білдіруге қабілетті.

•3-4 жаста – өзін таныту: мүмкін қылықтар: тыңдамау, қырсықтық, теріс қылықтар, қыңырлық, «үлкендерді балағаттау» («Мен, өзім» өзін мақтайды). Жалғыз ойнайды (заттық, құрастыру, сюжетті-рөлдік ойындар).

•4 жаста өзі көрмегенді оған түсіндіріп айтып бергенді түсінуге қабілетті. Сурет бойынша мүмкіндігінше толық қарапайым әңгіме құрай алады, ересектердің бастаған сөйлемін ойланып толықтырады, қарым-қатынасқа қабілетті. Негізгі сұрақтары неге? Құрдастарымен сюжетті-рөлдік ойындар ойнайды. Бір іспен 40-50 минутқа дейін айналыса алады.

•4,5 жасқа қарай алдына мақсат қоя біледі және оған жетуді жоспарлайды. Не үшін? деген сұрақтар қояды.

•5 жаста бала өзінің тегін, атын, әкесінің атын, жасын, мекен жайын, үйге баратын көлікті айта біледі. Құрастырма ойыншықтарды қолдану біледі, кесте бойынша ойыншықты жинайды. Адамның бейнесінің негізгі мүшелерімен суретін салады.

•5,5 жаста оқытудың барлық түрлері қолжетімді, ол негізінде оқытуға дайын.

•5-6 жаста ересектермен дұрыс сөйлесе алады, ата-аналар тарапынан сүйіспеншілікке, мейірімділікке деген қажеттілігі жоғары, ата-анаға деген махаббаты, бауырмалдығы өседі – басқа адамды жақсы көру қабілетінің қалыптасуы үшін қиын кезең.


Информация о работе Психология әдістері психологиялық зерттеулер кезеңдері