Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 17:37, творческая работа
Ойлаудың табиғаты
Ойлау дегенiмiз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуi.
Ойлау - өзiндiк iшкi қарама-қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ойлау дамуының және iске асуының қозғаушы күштерi болып табылады, яғни ойлау осы қарама-қайшылықтарды, басқаша айтқанда, проблемалық жағдаяттарды шешу барысында өрбидi.
Ойлау - аса күрделi психикалық процесс. Оны зерттеумен бiрнеше ғылымдар айналысады. Солардың iшiнде логика мен психологияның орны ерекше. Бiрақ екi ғылымның ойды зерттеудегi әдiс-тәсiлдерiнде өзiндiк айырмашылықтары бар.
Ойлау - түйсiк пен қабылдаудағы анализ
жаңа мазмұнға ие болған түрi. Анализ дегенiмiз
ой арқылы түрлi заттар мен құбылыстардың мәндi жақтарын
жеке бөлiктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың,
құбылыстың барлық элементтерi бiрiктiрiледi. Анализ
бен синтез – бiрiмен-бiрi тығыз байланысты,
бiрiнсiз бiрi болмайтын құбылыс. Бұл екеуi –
бiрiнен бiрi ешқашан ажырамайтын ойлау
процесiнiң негiзгi компоненттерiнiң бiрi.
Ойлау операциясының күрделi түрi –
абстракция және жалпылау.
Шындықтағы заттар мен құбылыст
жалпылау арқылы елеулi қасиеттерiн
басқа қасиеттерiнен ойша бөлiп
алуды абстракция деп атайды.
Абстракцияның келесi түрлерi бар:
1)Шеттетушi абстракция – белгiлi бiр тұтастылықтан құбылысты бөлiп алу.
2)Жалпылаушы абстракция - құбылыстардың жалпыланған сипатын беру.
3)Идеализация – шынайы-эмпирикалық құбылыстарды идеалды схемаға алмастыру.
Нақтылау – абстракциялық
ұғымды соған сәйкес
келетiн жеке ұғымдармен
түсiндiру, яғни жеке
заттар мен нәрселер туралы ой.
Жалпы ұғымдар – абстракциялау
нәтижесi. Жалпылау дегенiмiз – бiр тектi заттардың,
құбылыстардың ортақ қасиеттерi
Жалпылау арқылы шындықтағы зат
құбылыстарды белгiлi-бiр принц
орналастыруды жүйелеу дейдi.Жүйелеудiң
жоғары түрi топтастыру (классификация).
Ойлау қасиеттерi