Ойлау психологиясы және турлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 17:37, творческая работа

Краткое описание

Ойлаудың табиғаты
Ойлау дегенiмiз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуi.
Ойлау - өзiндiк iшкi қарама-қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ойлау дамуының және iске асуының қозғаушы күштерi болып табылады, яғни ойлау осы қарама-қайшылықтарды, басқаша айтқанда, проблемалық жағдаяттарды шешу барысында өрбидi.
Ойлау - аса күрделi психикалық процесс. Оны зерттеумен бiрнеше ғылымдар айналысады. Солардың iшiнде логика мен психологияның орны ерекше. Бiрақ екi ғылымның ойды зерттеудегi әдiс-тәсiлдерiнде өзiндiк айырмашылықтары бар.

Файлы: 1 файл

Есалиева Марал.Ойлау..ppt

— 347.00 Кб (Скачать)

Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанымен, тұлғаның ойлау әрекетi жеке дара ерекшелiктерге толы. Әрбiр адам бiрiнен-бiрi ойының кеңдiгi немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестiлiгi, логикалық жүйелiлiгi, сыншылдығы және т.б. сапалармен ажыратылады.

Ой өрiсi кең адам еркiн ойлайды, мәселенi ескi әдетпен, үйреншiктi жолмен шешпейдi. Ақыл-парасаты кең адам мәселенi түрлiше әдiстермен шешедi, бұрын қате деп сыналып табылған әдiске жоламайды.

Кейбiр адамдар мәселенiң барлық жақтарын көре бiледi, оны тез шеше алады, ойы аса сергек және белсендi келедi. Мұндай адамдар орынсыз асып-саспайды, жағдаймен санасады. Осындай қасиеттi ойдың ұшқырлығы дейдi. Бұған қарама-қарсы қасиет  ойдың асығыстық түрi. Мұндай адам ой жұмысымен онша басын ауыртпай ауырдың үстiмен, жеңiлдiң астымен жүредi. Бұл адамдар енжар ойлыққа әдеттенген, дайын тұжырымға жармасқыш, жеңiл ойлауға, мәселенi үстiртiн шешуге бейiм келедi.

 
 
 
 

  

Назарларыңызға рахмет !!!

Информация о работе Ойлау психологиясы және турлері