Салық тексеруі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 09:50, реферат

Краткое описание


Салық - мемлекеттiң бекiтуi.

Оглавление


КІРІСПЕ.........................................................................................................3

1. Cалықтық тексерістің ұйымдастырылуының кезеңділігі......................4

1.1. Салықтық тексеруінің түрлері....................................................4

1.2 Салық тексерулерін жүргізу тәртібі............................................6

1.3 Салық тексеруін жүргізудің басталуы........................................7

1.4 Cалықтық тексерісі нәтижелері бойынша шешім.....................8

2. Cалықтық тексеру нәтижелерін рәсімдеу әдістері ..............................11

2.1 Камералдық бақылау нәтижелерін рәсімдеу әдістері............11
2.2 Рейдтік тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері.....11

2.3 Хронометраждық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу әдістері........13

2.4 Құжаттық тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері.15

3. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы «Шаруашылық басқармасы» филиалында өткен тақырыптық құжаттық тексеріс туралы.....................................................................................................20

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................22

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................23

ҚОСЫМШАЛАР......................................................................................25

Файлы: 1 файл

Салық тексеруі.doc

— 189.50 Кб (Скачать)

     Сонымен қатар, СК 66-бабы 1 тармағында белгіненген  жағдайлар олар, салық салу объектілері  мен салық салуғабайланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу үшін негіз болатын бастапқы құжаттар, бухгалтерлік есептің тіркелімдері және өзге де құжаттар есеп құжаттамасы болып табылады.

     Салық қызметі органы лауазымды адамдарының  тексеруді жүргізу үшін аумаққа немесе үй- жайға жіберілуі

     1. Салық төлеуші салық қызметі  органының салық тексеруін жүргізетін  лауазымды адамдарын табыстарды  алу үшін пайдаланылатын аумаққа  немесе үй-жайға, не салық салу  объектілері мен салық салуға  байланысты объектілерге жіберуге міндетті.

     2. Салық қызметі органының салық  тексеруін жүргізуші лауазымды  адамдарының көрсетілген аумақтарға  немечсе үй-жайларға кіруіне бөгет  жасалған жағдайда хаттама жасалады.

     3. Хаттамаға салық органының тексеруді  жүргізуші лауазымды адамдары  және салық төлеуші қол қояды.. Аталған хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде салық төлеуші бас тартуының себептері туралы жазбаша түсініктеме беруге міндетті.

     4. Егер Қазақстан Республикасының  заң актілеріне сәйкес салық  төлеушінің аумағына немесе үй-жайына  кіру үшін арнаулы рұқсат қажет болатын болса, салық қызметі органы лауазымды адамдарында ол болуға тиіс.

     5. Салық төлеушінің мынадай жағдайларда,  егер:

     нұсқама белгіленген тәртіппен тапсырылмаса не рәсімделмеген болса;

     нұсқамада көрсетілген тексеру мерзімдері әлі басталмаған немесе өтіп кеткен болса;

     бұл адамдар нұсқамада көрсетілмеген  болса; тексерілетін салық кезеңіне қатысы жоқ құжаттамалар сұратылса, салық органының лауазымды адамдарын  салық тексеруін жүргізу үшін аумаққа немесе үй-жайға жібермеуге құқығы бар. Құжаттарды алып қою Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүргізіледі. Салық тексеруін аяқтау

     1. Салық тексеруі аяқталған соң  салық қызметі органының лауазымды  адамы мыналарды:

     1) салық тексеруінің жүргізілген  орнын, акті жасалған күнін;

     2) тексерудің түрін;

     3) салық қызметі органының салық  тексеруін жүргізген лауазымды  адамдарының қызметін, тегін, атын, әкесінің атын;

     4) салық төлеушінің  тегін, атын, әкесінің атын не толық атауын;

     5) салық төлеушінің орналасқан  жерін, банктік деректемелерін, сондай-ақ оның тіркеу нөмірін;

     6) салық төлеушінің салық есептілігі  мен бухгалтерлік есептілікті,  салықты және бюджетке төленетін  басқада міндетті төлемдерді  төлеуге тексеру жүргізуге жауапты  басшысы мен лауазымды адамдарының   тегін, атын, әкесінің атын;

     7) алдыңғы жүргізілген тексеру  мен бұрын анықталған салық  заңдарын бұзушылықтарды жою  жөнінде қолданылған шаралар  туралы мәліметтерді;

     8) тексерілетін салық кезеңін және  тексеру жүргізу үшін салық  төлеуші табыс еткен құжаттар  туралы жалпы мәліметтерді;

     9) Қазақстан Республикасының салық  заңдарының тиісті нормасына  сілтеме жасай отырып, салық бұзушылығының  егжей-тегжейлі жазылған сипаттамасын;

     10) салық тексеруінің нәтижелерін  көрсете отырып, салық тексеруінің  актісін жасайды. 

     2. Салық тексеруінің актісі салық төлеушіге тасырылған күн  салық тексеруі мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.

     3. Салық тексеруінің аяқталуы бойынша салық заңдарының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салық тексеруі актісіне тиісті белгі қойылады.

     4. Салық тексеруі актісіне қажетті құжаттардың көшірмелері, салық ызметі органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және салық тексеруі барысында алынған басқа да материалдар қоса тіркеледі.

     5. Салық тексеруі актісі кем  дегенде екі дана етіп жасалады  және оған салық тексеруін жүргізген салық қызметі органының лауазымды адамдары қол қояды.

     6. Салық тексеруі актісі салық  тексеруі актілері мен хабарламаларын  тіркейтін арнаулы жрналда тіркеледі,  ол нөмірленуге, бау өткізілуге  және салы ызметі органының  миөрімен куәландырылуға тиіс.

     7. Салық тексеруі актісінің бір  данасы салық төлеушіге тапсырылады.  Салы төлеуші салық тексеруі  актісін алған кезде оны алғаны  туралы белгі қоюға міндетті. Салық тексеруі нәтижелері бойынша шешім

     1. Салық тексеруі актісінде көрсетілген  нәтижелер негізінде салық тексеруін аяқтау бойынша  салық қызметі органы осы Кодекстің 31-бабына сәйкес белгіленген мерзімде салық төлеушіге жіберілетін салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомалары, айыппұлдар мен айыппұлдар туралы хабарлама шығарады.

     2. Салықтың және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдердің,  айыппұлдар мен айыппұлдардың  есептелген сомалары туралы хабарламаны  және салық тексеруі актісін  тіркеуді, осы баптың 5-тармағында  көрсетілген жағдайды қоспағанда, салық қызметі органы бір нөмірмен жүзеге асырады.

     3. Салықтың және бюджетке төленетін  басқа да мідетті төлемдердің,  айыппұлдар мен айыппұлдардың  есептелген сомалары туралы хабарламада  мынадай деректемелер мен мәліметтер:

     1) хабарламаны және салық тексеруі  актісін тіркеу күні мен нөмірі;

     2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің  аты не толық атауы;

     3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

     4) салықтың және бюджетке төленетін  басқа да мідетті төлемдердің,  айыппұлдар мен айыппұлдардың  есептелген сомасы;

     5) төлеу туралы талап және төлеу мерзімі;

     6) тиісті салықтың және бюджетке  төленетін басқа да мідетті  төлемдердің , айыппұлдар мен  айыппұлдардың деректемелері;

     7) шағым жасау мерзімі мен орны  болуға тиіс;4. Салықтың және бюджетке  төленетін басқа да міндетті  төлемдердің, айыппұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны алған салық төлеуші, егер салық төлеуші тексеруі нәтижелеріне шағым жасамаса, оны хабарламада белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

     5. Егер салық тексеруінің аяқталуы  бойынша салық заңдарын бұзу анықталмаған болса, салық тексеруі нәтижелері бойынша хабарлама шығарылмайды.

 

      3. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы «Шаруашылық басқармасы» филиалында өткен тақырыптық құжаттық тексеріс туралы 

     2009 жылдың 13.04.2009 күнгі №2443 нұсқамасы бойынша «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы «Шаруашылық басқармасы» филиалында салық салынатын обьектісінің Астана қаласының Салық департаменті Өскемен ауданы бойынша Салық басқармасынан есептен шығып Риддер ауданы бойынша тіркеуге тұрғандықтан ҚҚС бойынша міндетті тақырыптық құжаттық тексеріс жүргізілді.  Тексеріс 14.04.2009 – 29.05.2009 аралығында 32 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылды. Тексерісті жүргізген Өскемен ауданы бойынша Салық басқармасының «Заңды тұлғалардың салықтық аудиті» бөлімінің бас маманы Нұғыманов Н.Д. жүргізді.

     Жалпы «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы»  Акционерлік қоғамы «Шаруашылық  басқармасы» филиалы орталық  аппаратты құрал-жабдықтармен, шаруашылық қызметтермен қамтамасыз ететіндіктен бұл филиалда тауарлық және қызмет көрсету бойынша операциялар көп жүзеге асырылады. Яғни бұл операциялар бойынша ақша айналымы өте үлкен болғандықтан қосылған құн салығы бойынша салық салынатын обьектілер болып саналады. Бірақ Қазақстан Республикасының «Құрылымдық бөлімшелер туралы» ережсіне сәйкес филиал өз бетімен ҚҚС салығын төлеуші болып табылмайды. Бірақ «Қазақстан Темір жолы»  Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының орталық аппараты ҚҚС бойынша салық есебінде тұрғандықтанң оның құрылымдық бөлімшелердегі ҚҚС бойынша обьектілер бойынша салық төлеп отыруы тиіс. Осы жерден біз ҚҚС бойынша салық дұрыс немес дұрыс емес төленгендігін анықтауға жататындығын көреміз.

     Салық тексерісі 14.04.2009 жылы Өскемен ауданы бойынша салық инпекторы Нұғыманов Н.Д. 2009 жылдың 13.04.2009 күнгі №2443 нұсқаманы көрсетуден басталды. Нұсқаманы лауазымды адамға ұсынған уақытта ол салық органында шынымен қызмет жасайтындығы туралы куәлікті көрсетті. Осы жерден бухгалтерия бөліміне жоғарыдан салық тексерісін ұйымдастыру үшін қажетті ақпраттарды толық және уақтылы ұсыну туралы бұйрық келіп түсті. Бұл тақырыптық-құжаттық тексеріс болғандықтан филиал жұмысын жалғасытыра берді. Бухгалтерия бөлімінде салық есептілігіне жауапты тұлға бөлім бастығы Ашуова Г.А. салық инспекторына толық деңгейде қажетті мағлұматтарын ұсынып тексеріс барысында қажетті жағдайлармен қамтамасыз етті: жеке компьютері бар орын мен калькулятор, қалам, корректор, қарандаш т.б. ұсынды. Тексеріс барысында ҚҚС бойынша бюджетпен есеп айырысуда ешқандай құқық бұзушылық табылмады. Оның қорытындысы Нұғыманов Н.Д. 29.05.2009 күнгі №2678 актте көрсетті. Оның түпнұсқасы Өскемен ауданы бойынша салық басқармасына аттандырылп, көшірмесі Өскемен ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы Мия-тов И.Ж.-нің қолымен бекітіліп «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы «Шаруашылық басқармасы» филиалының бухгалтерия бөлімінде қалды.

     Жалпы салық тексерісі барысында қызметкерлердің  жұмыс жасау барысын бақылау  барысында мен құқық бұзушылық  аңғармадым. Тексеруші тұлға мен  тексеріліп жатқан тұлғалар арасынд этикалық және құқықтық нормалар толығымен сақталып, әрбір тұлға өз құзыреті шегінде жұмыстарын атқаруға тырысты. 

 

      ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ 

     Қазақстан Республикасының  дамуының негiзгi принциптерiнiң  бiрi Қазақстан Республикасының бюджет құрылымын жетiлдiру. Яғни, бюджет құрылымындағы өзгерiстермен, кiрiс шығыс арасындағы айырмашылықтарды ескере отырып, бюджет тапшылығына тиесiлi шаралар мен әдiстер қолдану. 

         Өркениеттi iрi мемлекеттердiң   экономикалық даму деңгейлерi  олардың жан-жақты жетiлдiрiлген, тиянақты да, қолданбалы салық  заңдары жүйесiне- “к үштi салық заңы- к үштi мемлекет” қағидасына байланысты екенi белгiлi.

         Елiмiз экономикалық  дамудың нарықтық  бағытына  бет алған кезеңнен  бастап- ақ Республика Президентi  салық мәселесiне  үлкен маңыз берген едi.  Өйткенi, бұрынғы Кеңестiк жоспарлы экономиканың  салық жүйесi нарықтық қатынастар  заңдылықтары талабынан шыға алмады.  Бұл заңды да құбылыс.  Қайта құру кезiнде салық жыл сайын, кейде халық шаруашылығындағы  күрделi дағдарыстар мен әр түрлi әлеуметтiк орталардың қысымына байланысты, жылына бiрнеше реттен де өзгерiске  үшырап отырады. Түрлерi көбейiп, мөлшерi, мерзiмi сан түрлi құбылып, қайшылықтарға түскен салық ережелерi салық төлеушiлердiң де мүддесiн қорғаудан қалды.

          1991 жылы елiмiз тәуелсiздiк алып, өз алдына  егемендi  мемлекет болған жерде шүғыл мерзiм iшiнде дербес экономикалық реформалар жасау мiндетi алда тұрды.  Сондай iрi өзгерiстер енгiзетiн экономиканың басты тармағының бiрi- салық жүйесi болып саналды. Осы мақсатта  Салық кодексi дайындалып, қабылданды. Мұндай  саяси – экономикалық  мәнi зор заңды  құжатты жасап шығуға  Мемлекеттiң салық комитетiнiң   мамандары, заң қызметкерлерi мен  шетелдiк сарапшылар зор к үш салды. Демек, бұл заң қабылдаудан бұрын үлкен сарапқа түстi деген сөз.  Республикамызда Салық  кодексi тұңғыш рет  қабылданып отыр.  Ең бастысы, алдымызда үлкен бағыт бар. Екiншiден, салық түрлерi бұрынғыдан да  азайды.         

         Салық кодексiн  қабылдаудағы  басты мақсат – салық төлеушiлерге түсiп отырған қысымды төмендету,  салық қатынастарын реттеу, бюджеттiң табысты бөлiмiн қамтамасыз ету.Әрине, заңды қолдану барысында  алғашында кемшiлiктер болды. Дегенмен, бұл заң республикамыздың салық қызметiнiң халықаралық  қағидаларға көшуiне негiзгi  себеп болады деген сенiм бар. Халықаралық нәтижелерге сүйенсек, нарықтық  қатынастарға көшкен әрбiр елде  де осындай заң қабылданған. Бұл- салық жүйесiн жетiлдiрудiң бiрден-бiр жолы.

         Қазiргi  кезде экономика тұрақтады.  Ең алдымен, ол негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiң тұрақтануы мен, iшкi жалпы өнiмнiң өсуiмен сипатталады.  Өндiрiстiк өнiмнiң өсуi де  мұнайға дұниежүзiлiк бағаның өсуi де, салық жүйесiнiң бiр арнаға түсiрiлуiне ұйытқы болады.

         Елiмiздiң әлемдiк  аренаға  танылып қабырғасы қатайып келедi. Мемлекеттiгiн нығайтуда үлкен шаруалар атқарып та жатыр.

Информация о работе Салық тексеруі

Похожие темы