Салықтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 17:52, доклад

Краткое описание

Салықтьң түрлері. Әр түрлі негіздерге байланысты салықты бірнеше топтамаларға бөлуге болады. Салықтың ауыртпалығын көтеретін субъектіге байланысты салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салық салық төлеудің субъектісі оның ауыртпалығын өзі тікелей көтереді, яғни төленген салық тікелей оның мүлкінің, еңбек ақысының азаюына әкеледі. Мысалы тікелей салыққа жеке табыс салығын жатқызуға болады.

Файлы: 1 файл

Салық дегеніміз мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген.doc

— 31.00 Кб (Скачать)

Салық дегеніміз мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтьң түрлері. Әр түрлі негіздерге байланысты салықты бірнеше топтамаларға бөлуге болады. Салықтың ауыртпалығын көтеретін субъектіге байланысты салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салық салық төлеудің субъектісі оның ауыртпалығын өзі тікелей көтереді, яғни төленген салық тікелей оның мүлкінің, еңбек ақысының азаюына әкеледі. Мысалы тікелей салыққа жеке табыс салығын жатқызуға болады.

Жанама салықта салық төлеуші салықты төлеудің ауыртпалығын басқа бір тұлғаға жүктейді. Жанама салықтарга қосылған құн салығы мен акциз жатады. Заң жүзінде аталған салықтардың төлеушісі тауарды сатушы, бірақ негізінде салықтың сомасы осы сатылған тауардың кұнының ішіне кіретіндіктен оны тауарды сатып алушы өтейді. Сонда салық төлеу міндеті, ауыртпалығы салық төлеуші тауар сатушыдан, тауарды сатып алушыға көшіп отыр.

Тікелей салық нақты және жеке больш екіге белінеді. Мүлікке, затқа салынатын салық нақтгы салық деп аталады. Мысалы көлік құралдары салығы мен мүлік салығын айтуға болады.  Жеке салық деп салық төлеушінің тікелей табысына, пайдасына салынатын салықтарды айтуға болады. Мысалы жеке табыс салығы.

Түрпішіңдеріне байланысты салықтар заттай және ақшалай болып бөлінеді. Салықтың субъектілеріне байланысты салыктар заңды тұлгалардан және жеке тұлғалардан алынатын салықтар болып бөлінеді.

Аумақтық деңгейлерге байланысты салықтар республикалық (жалпымемлекеттік) және жергілікті болып бөлінеді.

Бюджеттік реттеудің әдісі ретінде қолданылуына байланысты салықтар бекітілген және реттеуші болып бөлінеді. Белгілі бір бюджеттің кіріс (табыс) көзі ретінде заңнамаға сәйкес бекітілген салықты бекітілген салық дейміз. Белгілі бір бюджетке берілгеніне қарамастан, бюджетті жыл сайын бекіту барысында бюджетін теңгермелеу барысында төмен сатыдағы бюджеттерге берілетін салықтарды реттеуші салықтар дейміз.

Салық мәні,мазмұны және элементтері

Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.           

Салықтар –  шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория.

Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

«Салық»ұғымымен «салық жүйесі»ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен  әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық  жүйесін құрайды.

Информация о работе Салықтар