Салық тексеруі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 09:50, реферат

Краткое описание


Салық - мемлекеттiң бекiтуi.

Оглавление


КІРІСПЕ.........................................................................................................3

1. Cалықтық тексерістің ұйымдастырылуының кезеңділігі......................4

1.1. Салықтық тексеруінің түрлері....................................................4

1.2 Салық тексерулерін жүргізу тәртібі............................................6

1.3 Салық тексеруін жүргізудің басталуы........................................7

1.4 Cалықтық тексерісі нәтижелері бойынша шешім.....................8

2. Cалықтық тексеру нәтижелерін рәсімдеу әдістері ..............................11

2.1 Камералдық бақылау нәтижелерін рәсімдеу әдістері............11
2.2 Рейдтік тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері.....11

2.3 Хронометраждық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу әдістері........13

2.4 Құжаттық тексерісті жүргізу нәтижелерін рәсімдеу әдістері.15

3. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы «Шаруашылық басқармасы» филиалында өткен тақырыптық құжаттық тексеріс туралы.....................................................................................................20

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................22

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................23

ҚОСЫМШАЛАР......................................................................................25

Файлы: 1 файл

Салық тексеруі.doc

— 189.50 Кб (Скачать)

     Алғашқы кезеңде мобильдік топ қызметкерлер сыртынан бақылайды. Мұнда салық төлеушінің фискалдық жады бар бақылау-касса машиналары жоқ не қолданбайтын субъектілерді анықтайды. Осы этапа бақылау-касса машиналарын тексермейді, ал тек қана визуалды бақылауда бұзушылықтардың мінездемелерін және сол бойынша ақпарат жиналады.

     Жиналған  ақпаратты талдау мақсатында белгіленген  салық төлеушілердің тобы анықталады. Содан кейін, бақылау-касса машиналарын  дұрыс қодану сұрағы бойынша рейдтік  тексеріс өтеді.

     Қазіргі уақытта салық қызметкерлері  (контрольных закупов) сатып алу бақылауын жасамайды, олар тек басқа адамдар сатып алу жолын қадағалап отырады. Салық комитеті қызметкерлерінің көз алдында салық төлеуші жай сатып алушыға ақырғы есеп бергеннен кейін ғана, олар өздерінің қызмет куәлігін көрсетеді.

     Содан кейін салық төлеушіден келесі құжаттарды сұралынады:

  • Шағын бизнес субъектісі ретінде мемлекеттік тіркеу куәлігін;
  • Фискалдық жады бар бақылау – касса машиналарының қолдануға есептік карточкасын;
  • Ақша қаражатының қозғалу есебінің кітабын;
  • Жұмыскерлермен жасалған келісім-шартын.

     Осыдан  кейін, кассадан ақша алынады, яғни тексеріс уақытында түскен ақша жазылынып  алынады. Бірақ, бұл қаражатты салық  төлеуші өзі санап, ал салық комитетінің  қызметкерлері дұрыс саналуын қарап  отырады.

     Келесі  жол болып БКМ бойынша Z-есебінің чегі печатетіледі. Ол чекте тексеріске дейін түскен ақша сомасы көрсетіледі.

     Келесі  этап болып тексеріс кезінде, Z-есебін кассадан ақшаны алған кездегі сомасымен салыстыру табылады. Осы кезде есеп пен касса сомасы тең болу керек.

     Барлық  анықталған келіспеушіліктер мен бұзушылықтар рейдтік тексеріс актісінде көрсетілу  керек. БКМ қолданған жауапты  тұлғада салық тексерісі кезінде  заңдылық бұзушылықтар болса, әр бұзушылықтарға жазбаша түрде түсініктеме алынады.

     Егер  бұзушылықтар анықталатын болса, онда салық төлеушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарастыру жері, мерзімі және мезгілі туралы хабарлану керек.  

     2.3 Хронометраждық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу әдістері  

     Хронометраждық  зерттеуді жүргізу мерзімі 7 күннен кем емес және СК 535 бабында белгіленген мерзімнен аспауы керек. Хрономераждық зерттеуді жүргізу мерзімі салық қызметі органының бірінші басшысымен немесе оның орынбасарымен белгіленеді. Белгіленген мерзімге демалыс күндері мен мейрам күндері де тіркелуі мүмкін. Егер тексерілетін салық төлеуші белгіленген мерзімдерде қызметін жүзеге асыратын болса, сонымен қатар тексеру жұмыс тәртібінен тыс жүргізілуі мүмкін (вне зависимости от времени суток). Хронометраждық зерттеу 1жылына 4 реттен кем емес жүргізілуі тиіс. Хронометраждық зерттеу бойынша сұрақтар өз бетімен (самостоятельно) салық қызметі органдарымен анықталады. Сонымен қатар міндетті түрде тексерілуі тиіс:

  1. салық салу объектісі мен (немесе) салық салуға байланысты объектілер;
  2. салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектілерге қатысты қолма-қол ақша, ақша құжаттары, бухгалтерлік кітап, смета, бағалы қағаздар, декларациялар, есеп-қисап және басқа да құжаттар;
  3. табыс алу үшін қолданылатын кез келген салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер. Керек жағдайда салық қызметі органы салық төлеушінің тауарлы-материалдық құндылықтарын тексеруге құқығы бар;
  4. фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарының фискалдық есебі (отчет).

     Тексеруші салық төлеушіден зерттеуге керек  келесі бухгалтерлік құжаттарды талап  етеді:

  • бас кітап немесе айналым баллансы;
  • банкілік және кассалық құжаттар;
  • жалдамшы жұмыскерлердің еңбек келісімдерін;
  • еңбек ақы бюойынша төлем-есеп ведомості
  • жеке кәсікердің табыс есебі кітабын;
  • кассир-операционисттің кітапшасын, ақша қаражаты есебінің кітапшасын, жұқа чектер есебінің кітапшасын.

     Хронометраждық  зерттеуді жүргізу барысында  салық қызметі органының лауазымды  тұлғалары зерттеуден алынған мәліметтерді хронометраждық-бақылау картасына  күнделікті толық және нақты түсуін бақылау керек. Әр салық салу объектісіне  және салық салуға байланысты объектіге сонымен қатар әр табыс көзіне бөлек хрономераждық – бақылау картасы құрылады. Ол келесі мәліметтерден тұрады:

  1. салық төлеушінің атауы, тіркеу нөмірі және қызмет түрі;
  2. зерттеу жүргізілген күні;
  3. салық салу объектінің орналасқан жері;
  4. хронометраждық зерттеудің басталғанжәне аяқталған уақыты;
  5. салық салу объектісі және өндірілген тауар (көрсетілген қызмет) құны;
  6. зерттелген салықсалу мәліметтері;
  7. зерттеудің қорытындысы;
  8. күн басына және күн аяғына кассалық-бақылау машиналарының көрсеткіштері;
  9. басқа да мәліметтер.

     Күн сайын тексеру аяқталған күн  бойынша  салық салу объектісі  мен салық салуға байланысты объектілер, сонымен қатар табыс алу көздері  бойынша еркін кесте құралтырылады.

     Хронометжардық  – бақылау картасы мен еркін  кестеге салық қызметі органның лауазымды тұлғасы мен салық төлеуші қол қояды.

     Хронометраждық  зерттеудің аяғында күнделікті өгей кестенің негізінде әр салық салу объектісі тексерілген кезең  бойынша алынған табыстар мен  нақты кеткен шығыстардың нәтижесіне шығады. Анықталған орташа мәліметтер негізінде салықтексерісіне дейінге іс жүзіндегі табыстармен табыс алуға байланысты есептелген шығыстар және төленуге тиісті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің салық төлеушімен байланысты олардың толықтылығы анықталады.

     Хронометраждық зерттеу аяқталған соң акт құрастырылады.

     Онда  мыналар көрсетіледі:

  1. нұсқманың нөмірі мен күні, хронометраждық зерттеуді жүргізілген орны, акт жасалған күні;
  2. хронометраждық зерттеуді жүзеге асырған салық қызметі органының лауазымды тұлғаларының толық аты-жөні, қызметі;
  3. салық төлеушінің толық атауы немесе аты-жөні;
  4. салық төлеушінің орналасқан жері, банктік деректемелері, сондай-ақ оның тіркеу нөмірі;
  5. салық төлеушінің салық есептілігі мен бухгалтерлік есептілікті, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін қамтамасыз ететін жауапты басшысы мен адамдарының тегі, аты, әкесінің аты;
  6. алдыңғы жүргізілген тексеру мен бұрын анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды  жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;
  7. тексерілетін салық кезеңін және тексеру жүргізу үшін слық төлеуші табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;
  8. хронометраждық зерттеудің нәтижесі.

     Хронометраждық  зерттеу бойынша акт негізінде  салық қызметі органдары артық  төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомсын бюджеттен салық төлеуші арнаулы салық режимінде қызметін патент бойынша жүзеге асыратын шағын бизнес субъектілеріне қайтарылады. Салық төлеушіден кешенді және тақырыптық құжаттық салық тексерулері және басқа да шаралар заңға қайшы келмейтіндей хронометраждық зерттеудің қорытындылары пайдаланылады.

     Салық төлеушінің хронометраждық зерттеу  нәтижесі кешенді және тақырыптық құжаттық салық тексеруін жүргізудің  нәтижесінде  салық және бюджетке төленетін басқа  да  міндетті төлемдердің есептелген сомалары тіркелген кезде саналады.

     Хронометраждық  зерттеу актісі 2 дана етіп жасалады және оған салық тексеруін жүргізген  салық қызметі органдарының лаузымды тұлғалары қол қояды. Сонымен  қатар ол салық тексеруі актілері мен хабарламаларын тіркейтін арнаулы  журналда тіркеледі. Актінің бір данасы салық төлеушіге тапсырылады. Салық төлеуші актіні алған туралы белгі қоюға міндетті. Салық қызметі органдары хронометраждық зерттеуді аяқтаған соң салық төлеушінің тексерілетін есептілік кезеңін талдау жасап, басқа да салық есептілік нысандармен салыстырып, жеке есеп шоты мен т.б. құжаттардан деректемелер алып салық және басқа да міндетті төлемдерден кемшіліктер байқалатын жағдайларда керек шаралар қолданады.  

     2.4 Құжаттық тексерісті жүргізу  нәтижелерін рәсімдеу әдістері 

     Салық тексерулерін жүргізу тәртібі

              Салық тексеруін жүргізу негіздемесі

              1.Салық тексеруін жүргізу үшін  мынадай деректемелерді:

             1) нұсқаманың салық органында  тіркелген күні мен нөмірін;

              2) нұсқама шығарған салық органының  атауын;

              3) салық төлеушінің толық атауын;

      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

     5) тексеру түрін;

     6) тексеретін адамдардың, сондай-ақ  осы Кодекске сәйкес тексеру  жүргізуге тартылған өзге де  адамдардың лауазымын, тегін,  атын, әкесінің атын;

     7) тексеру жүргізілетін мерзімін;

     8) құжаттық тексерулер кезіндегі  тексерілетін салық кезеңін қамтитын  нұсқама негіздеме болып табылады.

     2. Рейдтік тексеру тағайындалған  кездегі нұсқамада аумақтың тексерілетін  учаскесі, тексеру барысында анықталуға  жататын мәселелер көрсетіледі.

     3. Тақырыптық, қарсы тексерулер тағайындалған  кезде нұсқамада салықтың және  бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдердің тексерілетін  түрі, сондай- ақ банктер мен банк  операцияларының жекелеген түрлерін  жүзеге асыратын ұйымдардың осы  Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындау және трансферттік бағалар қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері көсетіледі.

     4. Нұсқамаға салық органының бірінші  басшысы немесе оны ауыстыратын  адам қол қоюға, ол салық  органының елтаңбалы мөрімен  расталуға және уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпке сәйкес арнаулы журналда тіркелуге тиіс.

     5. Тексеру мерзімі ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін адамдардың  саны өзгерген жағдайда қосымша  нұсқама рәсімделіп, онда бұдан  бұрынғы нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын адамдардың тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

     6. Бір ұйғарым негізінде бір  ғана салық тексеруі жүргізілуі  мүмкін.

     Салық тексеруін жүргізудің басталуы

     Салық төлеушіге нұсқама берілген кез салық тексеруін жүргізудің басталуы болып табылады.

     2. Салық органының салық тексеруін  жүргізуші лауазымды адамдары  салық төлеушіге (салық агентіне) қызмет куәлігін көрсетуге міндетті.

     3. Салық органының салық тексеруін  жүргізуші лауазымды адамы, рейдтік тексеруді қоспағанда, салық төлеушіге нұсқаманың түпнұсқасын табыс етеді. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеуші (салық агенті) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы белгі қояды.

     4. Рейдтік тексер жүргізілген кезде  салық төлеушіге танысу үшін  нұсқаманың түпнұсқасы көрсетіледі және оның көшірмесі табыс етіледі. Нұсқамамен таныстырылғаны және оның көшірмесін алғаны туралы түпнұсқаға белгі қойылады.

     5. Салық төлеушінің (салық агентінің)  нұсқаманы алудан бас тартуы  салық тексеруін жүргізудің күшін  жоюға негіз болып табылмайды.

     6. Салық тексерулерін жүзеге асыру  кезеңінде тексерілетін салық  кезеңіндегі салық есептілігіне  салық төлеушінің өзгерістер  мен толықтырулар енгізуіне жол  берілмейді.

     Кешенді тексерістерге шыққан кездерде салық  органдарының қызметкерлері салық төлеушіден сұралатын құжат атаулары:

  • бас кітап
  • бухгалтерлік балланс
  • отчет о результатах финансово-хоз. деятельности
  • кассалық кітап, кіріс және шығыс кассалық ордерлер, чектер,
  • жұмыс жоспар шоты
  • салық төлеушінің есеп саясаты
  • кезеңдер бойынша оборотно-сальдовые ведомости
  • журнал-ордерлар
  • шоттардың аналитикалық басылымдары
  • ведомость және аналитикалық кестелер
  • шаруашылық келісім-шарттар
  • банкілік құжаттар; платежное поручения, требования, выписки банка
  • кедендік декларациялар
  • бастапқы құжаттар (шот-фактуралар, накладные, акты выподненных работ, транспортные накладные және т.б.)
  • және тағы да басқа құжаттар тексеріске қатынасы бар.

Информация о работе Салық тексеруі

Похожие темы