Ұлыбританияның салық жүйесі
Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 14:38, курсовая работа
Краткое описание
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.
Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.
Оглавление
Кіріспе
Салық ұғымы, тарихы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
2. Ұлыбританияның салық жүйесі
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиет
Файлы: 1 файл
Салық реф.docx
— 41.54 Кб (Скачать)ЖОСПАР
Кіріспе
- Салық ұғымы, тарихы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
2. Ұлыбританияның салық жүйесі
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиет
Кіріспе
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.
Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.
Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер ставкалар табыстың өсуімен көбейсе, онда прогрессивті, үдемелі ставкалар болғаны. Салық салудың тәжірибесінде бір объектіге оның құнына қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседі.
Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.
- Салық ұғымы, тарихы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
Ұйымдық–құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы
категориясы болып табылады. Салықтар
мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің
өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.
Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына
салық нысандары мен әдістері өзгерді,
игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері
мен сұрау салуларына бейімделді. Салықтар
тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер
ете отырып, олардың дамыған жүйесінде
айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының
өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің
қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса
жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық
құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан
ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі
көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты
қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін
және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың
шешуші көзі болып табылады. Салықтарда
мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты
түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік
–экономикалық мәні, олардың түрлері
мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен,
мемлекеттің табиғатымен және функцйяларымен
айқындалады. Белгілі философ Френсис
Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың
қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.
Салықтарды ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын ) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
- пайда (алынған игіліктер ) қағидаты;
- «қайыр көрсету» (төмен қабілеттілігі ) қағидаты.
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.
Салықтың Ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын Адам Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:
- салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
- салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықталық қағидаты);
- әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);
- салықты алудың шығындары өте аз юолуы тиіс (үнем қағмдаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және Адам Смитке «салықтар – оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлденді, толықтырылды.
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтың міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төламдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтың міндеттемелері туындауының, орындалуынынң және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарды міндетті түрде жариялануға жатады.
Салықтардың әлеуметтік- экономикалық
мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларда
толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы
тұрғысынан салықтар қосалқы категория
болып табылатындығын есте ұстаған жөн,
сондықтан қаржыға қатысты салықтардың
функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының
құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған
жөн. Қазіргі кезде салықтар фискалдық,
реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі
үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы
осы қаржы категориясының ішкі белгілері
мен өзіндік ерешеліктерін білдіреді.
Фискалдық функция- барлық мемлекеттерге
тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттің
кірістерін толтыра отырып, экономиканы,
әлеуметтік- мәдени шараларды жүзеге асыруды
қамтамассыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы
мемлекеттің экономикалық қызметінің
ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол
ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын
бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл
орайда салықтардың нысандарын таңдау,
олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің
өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады.
Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің
құрылымы мен үйлесісіміне, қорлану мен
тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер
табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына
өтеді. Бұл функцияның іс- әрекетінің ауқымы
жалпы ішкі өнімде салықтардың алатын
үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың
мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді:
бұл үлес 1997 жылы - 19,7%, 1998 жылы – 16,6%,1999
жылы-17,4%, 2000 жылы- 22,6%, 2001 жылы-22,2% болды
(салыстыру үшін: Украйнада-29%, Ресейде
-33 %).
Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.
Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты тұтынудың орталықтандырылған қоғамдық қорлары арқылы халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін қалыптастырудың өзін ақтамаған қағидатынан бас тарту болып табылады. Бұл еңбек белсенділігінің күшеюіндегі экономикалық ынталылықтың уәждемелік механизмі арқылы халықтың еңбекке жарамды бөлігінің табыстарын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік жасайды. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің неғұрлым тиімді және берік әлеуметтік қорғалуы қамтамасыз етіледі.
2. Ұлыбританияның салық жүйесі
Дамыған елдерде салық
инспекциялары территориялық
Өткен жүзжылдықта қалыптасып,
құрылған Ұлыбританияның салық жүйесі
1973 және 1987 жылдары реформаларға
ұшыраған болатын. Осы салықтық
реформаларды құрайтын негізгі шараларға:
жеке табыс салығының төменгі
ставкасын 27-ден 20 процентке дейін
төмендету; тұрғылықты халыққа
салынатын табыс салығын 20,24 және
40 процент ставкалар мөлшерінде
алу; ерлі-зайыптылардың
Орталық салықтар: тұрғылықты халықтан алынатын табыс салығы; корпорацияға салынатын табыс салығы; мұнайдан түсетін табысқа салынатын салық; мұраға салынатын салық; қосылған құнға салынатын салық; елтаңбалық алым; баждар және акциздер.
Жергілікті салықтар жылжымайтын мүліктерге: зауыттар мен фабрикаларға, жер учаскелеріне, тұрғын үйлерге, дүкендерге және мекемелерге салынатын салықтардан тұрады.
Ұлыбританияның салықтық заңдарының негізі ретінде: 1970 жылғы халықтан және корпорациялардан алынатын табыс салығына қатысты заң Актісін, 1979 жылғы қосылған құнға салынатын салыққа қатысты Актіні және 1996 жылғы корпорациядан алынатын салыққа қатысты Актіні атап көрсетуге болады. Британия парламентінің заң шығарушылық билігі және осыған орай салықтық құзыреті Англияға Уэльске, Шотландияға және Солтүстік Ирландияға таралды. Ұлыбританияның Үкіметі мен Қазынашылығы салық жүйесін басқаруды жүзеге асырады.
Ал салық қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыру міндеті үкімет департаменттері: Ішкі кірістер жүзеге асыру міндеті үкімет департаменттері: Ішкі кірістер басқармасы мен Баждар және акциздер басқармасына жүктелген. Бұл жерде айта кететін бір қызықты жәйт, елтаңбалық алым ең (ескі) көне салықтар қатарына жатады, себебі ол салық салу жүйесіне 1694 жылы енгізілген болатын.
Салық инспекцияларының қызметтеріне
жататыны: салық декларациялары мен
талаптарын қарап шығу; толтырылған
декларацияларды тексеру; толтырылған
декларациялар негізінде
Ұлыбританияда салық инспекторларын даярлау шамасы 10 мың фунт стерлинг көлемінде қарастырылған.
Жалпы Ұлыбританияның салық жүйесі екі деңгейлі негізде жүргізіледі: жалпы мемлекеттік салықтар және жергілікті салықтар.
Мемлекеттік бюждеттің кіріс бөлігін қалыптастырудағы салықтардың үлесі шамамен 90%.
Ұлыбританияның салық жүйесінің құрылымы мынадай:
- Орталық салықтар:
- Халықтан алынатын табыс салығы (10%-дан 40% дейін)
- Корпорациялардан алынатын табыс салығы (шағын бизнеске 10-20%, корпорациялар үшін-33%)
- Мұраға салынатын салық (мұра салығы 223.000 ф.ст. дейін-0% және одан жоғары 40%) бұл салық 1965 жылы енгізілді.
- Жанама салықтар: ҚҚС (20%) 1975 жылы енгізілген, сондай-ақ акциядер, баждар, мұнайдан түскен табысқа салықтар елтаңбалық алым.
- Жергілікті салықтар:
- Мүлікке салынатын салық.
Жеке табыс салығын
Ұлыбританияның табысы бар барлық халқы
төлейді. Дегенмен, салық салу тәртібі
салық төлеушінің мәртебесіне байланысты.
Салық заңдылығына сәйкес салық
төлеушілер резиденттер және резидент
еместерге бөлінеді. Резидент табыстары
шығу көздеріне байланыстысыз
Ұлыбритания территориясында алты айдан астам уақыт болған тұлға резидент есебінде санала бастайды.
Ұлыбритания салық жүйесінің бір ерекшелігі, табыс салығы жиынтық табыстан емес, яғни бөлектемелі жүйесі арқылы алынады. Салық салу түрлі алты шедулалар арқылы жүзеге асады:
- А шедуласы бойынша, жер, құрылыс меншігінен тапқан пайдасына салық салынады;
- В шедуласы бойынша коммерциялық мақсатта қолданылатын орман алқаптарынан түскен табысқа салық салынады;
- С шедуласы бойынша белгілі бір үкіметтің құнды қағазсадарынан түскен табыстарға салық салынады;
- D шедуласы бойынша, өндірісті-коммерциялық саладан түскен табыстарға; еркін мамандық иелерінің табыстарына салынады;
- E шедуласы бойынша, еңбек табыстарына: еңбек ақы, зейнетақы т.б., салық салынады;
- F шедуласы бойынша, дивиденттерге және басқа да бөлінетін компания табыстарына салық салынады.
Ал, корпорациялық табысына салық салу, олардың шағын немесе ірі сияқты түрлеріне байланысты алынады. Салықтың негізгі мөлшетлемесі—30%. Ал, табыс мөлшері 30000 ф.ст. дейінгі корпорацияларға бекітілген мөлшерлеме 32,5. Ал, Ұлыбританияда тұрақты өкілеттілігі жоқ резидент емес корпорацияларға—23%. Тұрақты өкілеттілігі бар резидент корпорациялар үшін бекітілген мөлшерлеме—33% құрайды.
Діни бағыттағы кәсіпорындарға, қайырымдылық ұйымдарына, зейнетақы қорлары, кәсіподақтар және жұмысшылар мен тұрғын-үй қауымдастықтарына салық салынбайды.
Салықтар ішінде ҚҚС ерекше рөл атқарады. Ұлыбританияда ҚҚС-ң үш мөлшерлемесі қолданылады:
- 0%, тауарлардың 17 тобына қолданылады: азық-түлік тағамдары, сумен қамтамассыз ету, кітаптар, соқырлар мен мүгедектердің жәрдемақысы,
- 17,5% стандартты мөлшерлеме көптеген тауарлар мен қызмет түрлеріне,
- 8% коммерциялық емес сипаттағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметіне қолданылады.