Ұлыбританияның салық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 14:38, курсовая работа

Краткое описание


Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.
Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.

Оглавление


Кіріспе
Салық ұғымы, тарихы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
2. Ұлыбританияның салық жүйесі
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиет

Файлы: 1 файл

Салық реф.docx

— 41.54 Кб (Скачать)

ҚҚС-тан босатылатындар: жер, сақтандыру, патша қызметі, бизнес, лотерея, қаржылар, білім беру, денсаулық  сақтау, жерлер қызметі, спорт жарыстары, өнер шығармалары және т.б.

Жылдақ айналымы 52 000 ф.ст. асқан салық төлеуші салық органына ҚҚС төлеуші ретінде тіркелуі тиіс.

Ал, акциздер темекі, алкоголь, авто жанармайы, автокөліктерге салынады. Спирттік ішімдіктер мен жанармайға тауар бірлігінің сомасынан алынады. Темекі өнімдеріне тауар бағасының  қосымшасы ретінде бекітіледі. Акциз  төлемдерінің мөлшерлемесі 10-30% аралығында.

Елтаңбалық алым болса, Ұлыбританиядағы  ең көне салықтар. Ол 1694 жылы енгізілген. Бұл құжаттарға салынатын салық 1891 жылы заң негізінде жүзеге асырылып жатқан—тұлғалар арасында азаматтық-құқықтық келісімшарттар бекітілген жағдайларда алынады.

Елтаңбалық алым келісімшарттардағы меншік құнының белгілі бір пайызы ретінде алынады. Өткен  жүзжылдықта қалыптасып, құрылған Ұлыбританияның салық  жүйесі 1973 және 1987 жылдары реформаларға  ұшыраған болатын. Осы  салықтық  реформаларды құрайтын негізгі шараларға: жеке табыс  салығының  төменгі ставкасын 27-ден 20 процентке дейін төмендету;  тұрғылықты  халыққа  салынатын  табыс салығын 20,24 және 40 процент ставкалар мөлшерінде  алу; ерлі-зайыптылардың табыстарына бөлек  салық  салуды енгізу және т.б. жатқызылған еді. Ұлыбританияның қазіргі  кездегі салық  жүйесіндегі  салықтар (өз деңгейлеріне орай) :

Орталық салықтар:  тұрғылықты халықтан  алынатын табыс салығы; корпорацияға салынатын табыс салығы; мұнайдан  түсетін табысқа салынатын  салық; мұраға салынатын  салық; қосылған құнға салынатын салық; елтаңбалық алым; баждар  және акциздер.

Жергілікті салықтар жылжымайтын  мүліктерге: зауыттар мен фабрикаларға, жер учаскелеріне, тұрғын  үйлерге, дүкендерге және мекемелерге салынатын  салықтардан тұрады.

Ұлыбританияның салықтық заңдарының  негізі ретінде: 1970 жылғы  халықтан және  корпорациялардан алынатын  табыс салығына қатысты заң Актісін, 1979 жылғы қосылған құнға салынатын  салыққа қатысты Актіні және 1996 жылғы  корпорациядан алынатын салыққа  қатысты Актіні атап  көрсетуге  болады. Британия парламентінің заң  шығарушылық билігі  және осыған орай салықтық құзыреті Англияға Уэльске, Шотландияға және  Солтүстік Ирландияға таралды. Ұлыбританияның Үкіметі мен  Қазынашылығы салық жүйесін  басқаруды  жүзеге асырады.

Ал салық  қызметін ұйымдастыруды  жүзеге асыру міндеті үкімет департаменттері: Ішкі кірістер жүзеге асыру міндеті  үкімет департаменттері: Ішкі кірістер басқармасы мен Баждар және  акциздер басқармасына жүктелген. Бұл жерде  айта кететін  бір қызықты жәйт, елтаңбалық алым ең (ескі) көне салықтар қатарына жатады, себебі ол салық салу жүйесіне  1694 жылы енгізілген болатын.   Мысалы, меншік құны 60 000 ф.ст.-ке бағаланса, елтаңбалық алым мөлшерлемесі 1% т.с.с. Ал мұнай өндірумен айналысатын компаниялар табыс салығынан бөлек тағы екі салықтар төлеуге міндетті. Оларға арнаулы салық режимі қарастырылған. Қосымша екі салықтар мыналар:

  • Роялти, мөлшерлемесі 12,5%, бұл төлемдері 1982 жылдың 1 наурызына дейін мұнай өндіруге лицензия алған компаниялар төлейді.
  • Мұнайлан түскен табысқа салынатын салық 1975 жылы енгізілген. Бұл салықпен мұнай табыстарына салық салу басқармасы айналысады.

Ал жергілікті деңгейдегі мүлік салығы 1990 жылға дейін жергілікті бюджетті қалыптастырып келген негізгі нысан болатын. Салық жылжымайтын мүліктен жер, тұрғын үйлер, дүкендер мекемелер, зауыттар мен фабрикалардан алынған. Салық базасы болып мүліктің таза жылдық құны салынған. Бірақ, 1990 жылдың наурыз айында М. Тэтчер үкіметі мүлік салығының жойылып, орнына жан басының салығы пайда болғанын хабарлады.

Бұл салық жергілікті емес, ұлттық сипаттығы салық еді. Жасы 18-ге келген әрбір ағылшын азаматына  қатысты бұл салықты Ұлыбритания  азаматтарының барлығы төлеуге  тиіс болды. Нәтижесінде бұл реформа  халықтың наразылығын тудырып, жан  салығы біртіндеп жүйеден шығарылып  тастайдф да, орнына жылжымайтын мүлікке  салынатын салық деген атпен  алмастырылды.

Қорыта айтқанда, Ұлыбританияның салық жүйесі түрлі реформаларды жүргізе отырып, жетілдірілу үстінде. Барлық салықтық түсімдер ішінде халықтан алынатын табыс салығының үлесі айтарлықтай, ол мемлекеттік бюджетке тікелей салық ретінде түсімдердің 64% қамтамассыз етеді, ал компания табысына салынатын салықтар үлесі шамамен 19% құрайды.

Жалпы Ұлыбританияда салықтарды жинау бойынша шығындар салықтық табыстардың 2% құрайды, бұл Швеция мен  Канадаға қарағанда 2 есе жоғары, АҚШ-қа қарағанда 4 есе жоғары.

Салықтық тәртіп бұзушыларға  заң бойынша қарастырылған шаралар  төмендегідей:

  • Қылмыстық іс үшін, салықтың үш дүркін өтелуі немесе 6 айдан 7 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырылуы қарастырылған;
  • Бұзақылық, салық сомасының қосымша ұсталуымен жазаланады;
  • Тіркеуді кешіктіру үшін, салық сомасының 30% мөлшерінде айыппұл салынады, т.с.с.

1999-2000жж. Ұлыбританияның  салық жүйесінде мынадай негізгі өзгерістер болды:

  • Еуропалық Одақ шарттарына сай салық заңдылығы қайта қаралуы, әсіресе ҚҚС-на байланысты, қосарлы салық салуды болдырмау мақсатында;
  • Корпорация табысына салынатын салық мөлшерлемесі 35-тен 30% төмендеді;
  • 1999 жылы корпорация табысына, 300 000 ф.ст. көлеміндегі табысқа салынатын 25%-20%-ға төмендеді, сондай-ақ роялти 33%-дан 20 және 24% көлемінде азайтылды;
  • 2000 жылдың 1 сәуірінен бастап 10 000 ф.ст. дейінгі корпорациялар үшін 10% мөлшерлеме бекітіледі;
  • ҚҚС-ы 15%-дан 17,5% көтерілді;
  • Жеке табыс салығының төменгі мөлшерлемесі 10% енгізілді;
  • Жасы және отбасылық жағдайына байланысты салық төлеушілерге біршама салықтық несиелер енгізілді.

Осылайша британдық салық  жүйесі айтарлықтай күрделі бола тұра салық салуды жеңілдете түсудің  біршама шарттары мен талаптарын ұстана отырып, экономиканы ынталандыруды басты мақсат етіп көздеуде.

Бүгінде салық салу мәселесі мемлекет тарапындағы өзекті мәселесінің  бірі болып қала бермек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Салықтар – мемлекет қазынасын толтырудың, экономиканы дамытудың негізгі көзі болып табылады. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған күннен бастап қысқа мерзімде қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз ететін өзінің салық жүйесін құруды көздеді. Яғни 1991 жылы салық мәселелеріне байланысты заң актілерін қабылдау мемлекеттің басты мақсаты болды. Бұл актілердің құрамына 14 заң актілері, солардың ішіндегі ең негізгісі „Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы” заңы кірді. Атап айтқанда, осы заң салық жүйесін құрудың жалпы принциптерін, салықтар мен төлемдер өндіріп алуды реттеу, сонымен қатар салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттерін және төлемдердің бюджетке толығымен, әрі уақытында есептелуін анықтайды.

Сонымен, қорыта айтқанда ұсынып отырған осы бағыттарды қаржы және салық саясатын жетілдіруде мақсатты түрде жүзеге асыру үшін, қаржы ағынында мемлекеттің реттеуші және бақылаушы рөлін дамыту керек деп ойлаймын. Бұл өз кезегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуды қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет

 

  1. Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев // Қаржы // Алматы, 2003, бет 214
  2. М.Н. Нәдіров, Д.Б. Қалыбекова// Шет мемлекеттер қаржылары//Экономика, 2006, бет 240

Информация о работе Ұлыбританияның салық жүйесі

Похожие темы