Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 22:48, реферат
Жұмыссыздық - соңғы кезде қоғамымызда белең алып отырған осы бір қолайсыз құбылысқа да бойымыз үйрене бастағандай. Бұрындары «екі қолға – бір жұмыс» деп, алыстан жылтыраған шамның болар-болмас жарығындай көкейде бір үміт сәулесі болғаны еді. Оның да әлсіз оты бірте-бірте сөнуге айналған тәрізді. Қазіргі жағдайда халықты жұмыспен қамту түбегейлі өзгерістерге түсуде. Оның басты себебі – экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты: кімнің өнімі сұранымға ие, соның кәсіпорындарда жұмыс орны болады.
Кіріспе
1. Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері
2. Қазақстан Республикасындағы еңбек биржасының қалыптасуы. Еңбек
нарығы.
3. Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу
жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жұмыссыздықпен күресуде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы жұмыспен қамтамасыз ету департаменті біраз шаруалар атқаруда. Жұмысқа орналастыру, жәрдемақы, стипендия тағайындау істерін мүмкіндігінше жүзеге асыруға тырысуда.
Осыған орай шұғыл қолға алып, мұхият жүзеге асыратын шаралар аз емес.
Біріншіден, жұмыс берушілерге талапты күшейте қажет олар қысқарту жасаған кезде жұмысшыларының шағын жекеменшік бизнеспен айналысуына қамқоршы болса құба-құп. Яғни, пайдаланылмай тұрған құрал- жабдықтарды , станоктарды, көліктерді жекешелендіріп, солардың қолына берген дұрыс та болар, бәлкім. Алғашқы кезеңде жекеменшік өндірісті ұйымдастыруға тиісті қаражат бөлінсе тіпті жақсы.
Екіншіден, қысқарту қарсаңында кәсіпорындар мен ұйымдар аудандық жұмыспен қамту орталықтарына тиісті дәлелдемелер мен жұмысқа орналастыру жөніндегі ұсыныстарын айтуға міндетті деп ойлаймыз.
Қазіргі облыстағы жұмыспен қамтылу жағдайын тұрақты деп сипаттауға болады. Бұл экономикадағы оң өзгерістерге байланысты. Облыстың еңбек рыногында біртіндеп жұмыспен қамтылғандар артып, жұмыссыздардың кемуін оң құбылыс деп бағалауға болады. Жұмыссыздық деңгейі айқын төмендеу тенденциясына ие.
Экономикасы дамыған елдер кәсіпорындар мен компанияларында жұмыс күшін жалдау екі жағдайды ескере отырып жүргізіледі:
- біріншіден, фирманың ағындағы тұтыныстарын, оның қосымша даму стратегиясын және фирманың өз ішінде кадрлар дайындау мүмкіндіктерін ескеру керек;
- екіншіден, жұмыс күшінің ұлттық нарығының жағдайын ескеру керек.
Жұмыс күшін жалдау кезінде төмендегідей тәсілдер қолданылады:
- жоғарғы және орта оқу орындарынан мамандарды тарту;
- жұмыспен қамту (биржа) орталығы арқылы кадрларды жалдау;
- жарнамалық хабарлау мен жаппай ақпараттық құралдар көмегімен кадрларды тарту;
- орналасатындарды конкурстік (бәсекелестік) негізде мұхият таңдау, сондықтан бір жұмыс бірнеше орналасатындарды тарта білу;
Талдау іс - әрекеті мұқият талқыланып, онда әр түрлі тестілерді қолдану
ескерліді.
Тестілер жұмыс орнына таласатын іздемпаздың лауазымды қызметіне байланысты әр түрлі болып құрылады. Тесті жалпы интеллектуалды деңгейі тексеруге, кейде әр түрлі дайындық деңгейін байқататын, жалпы және өндірістік сипатты көрсететін сауалдарға, оның ішінде талапкердің таңдап алған мамандығы бойынша сұрақтарға негізделіп жасалады.
Қазақстан Республикасында тұрғындарды жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламасы жасалған. Еңбек нарығындағы жағдайды отырып , жұмыссыздарды қайта оқыту шаралары, қарастырылған, жастар, әйелдер, мүгедектерді жұмыспен қамтуға қамқорлықтар жасау көзделген. Кәсіпорындарда оларды жұмысқа алудың үлесі белгіленген.
Қорыта келгенде яғни біздің еліміздегі еңбек нарығының жағдайы жылдан жылға жоғарлауда. Әрине, біз тез арада жұмыссыздықты мүлдем жоя алмаймыз. Бірақ халықты жұмыспен қамту мәселесін алға қойып, оған қолымыздан келегенінше шаралар жасауымыз керек.
Елбасымыз кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес стратегиясында:
- кіші кредиттер жүйесін енгізу;
- шағын және орта бизнесті дамыту;
- еңбекті көп қажет ететін салаларды басымдылықпен дамытуға және
бұларға шетел инвестиция мен ұлттық капиталды белсенді тарту;
- қоғамдық жұмыстарды, ең алдымен жол құрлысы мен орман отырғызуды
дамыту;
- жеке кәсіпкерлікті дамыту жолындағы қажетсіз әкімшілік кедергілердің бәрін алып тастау, және т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқулық - Алматы: Экономика,2003-432 бет.
2. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық жолдауы.
3. Кодекс законов о труде Казахской ССР по состоянию 1октября 1998г. Алматы: Баспа 1998. 96 бет.
3. Қазақстан Республикасының еңбек кодексі. 2004.
4. Ғ. Сапарғалиев «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық құқығы» Оқулық, Алматы «Жеті жарғы» 2004. 74бет
5. Шеденов Ө.К. «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе, 2000. 94 - 100 беттер
6. Я. Ә. Әубәкіров, «Экономикалық теория», Оқу құралы, Алматы «Қазақ университеті» 1999. 120-126 бет.
7. Б. Мәдешов «Экономикалық теория негіздеріне кіріспе»,
Алматы, 1994. 110-119 бет.
8. Жүнісов Б. А. «Нарықтық экономия негіздері» Алматы,1994, 25-32 бет.
9. Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф. Н., «Экономикалық теория негіздері», Оқу құралы, Алматы, 1999. 105-120 бет.
10. С. Райымқұлұлы, «Экономикалық теория негіздері», Оқу
құралы, Шымкент, 2005. 154-158 беттер.
13. Макконнелл К. Р., Брю С. Л. «Экономикс» : Принципы,
проблемы и политика, Том 1, 157-162 стр.
14. Шеденов Ө.,Нұрымов Ғ. «Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі еңбек нарығы», Алматы, 2001. 103-110 бет.
15. Осипова Г. М. «Экономикалық теория негіздері», Алматы, 2002. 250-253 беттер.
16. Крымова В. «Экономикалық теория», Кестелі оқу құралы. Алматы. Арқайм, 2003. 81-88 беттер.
Информация о работе Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері