Кейнсиандықтың пайда болуының тарихи жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 23:02, реферат

Краткое описание

1929-1933 жылдары болған экономикалық дағдырыстан және одан кейін ұзақ жылдарға созылған экономикалық тоқырауды зерттеп отырып, Дж. М. Кейнс, өзінің “Қамтылу, процен және ақшаның жалпы теориясы” кітабында статистикалық үлгіні (моделді) жасап шығарды (1936). Ол бүкіл экономикалық процестердің, негізгі параметрлерін (бәрінен бұрын өндіріс көлемін) уақытпен өзгермеген, қысқа мерзім шеңберінде қарастырды. Бұл кезде экономиканың ұзақ мерзімді өсу мәселері оқымыстының алдында тұрмаған.

Файлы: 1 файл

Кейнс.docx

— 33.44 Кб (Скачать)

Кейнсиандықтың пайда болуының тарихи жағдайы.

1929-1933 жылдары болған экономикалық  дағдырыстан және одан кейін  ұзақ жылдарға созылған экономикалық  тоқырауды зерттеп отырып, Дж. М.  Кейнс, өзінің “Қамтылу, процен және  ақшаның жалпы теориясы” кітабында  статистикалық үлгіні (моделді) жасап  шығарды (1936). Ол бүкіл экономикалық  процестердің, негізгі  параметрлерін (бәрінен бұрын өндіріс көлемін) уақытпен өзгермеген, қысқа мерзім  шеңберінде қарастырды. Бұл кезде  экономиканың ұзақ мерзімді өсу  мәселері оқымыстының алдында  тұрмаған. Дж. Кейнс одан неғұрлым  маңызды сұрақтарға “Толық емес  жұмыспен қамтудан толық жұмыспен  қамтушылыққа қалай көшуге болады?”, “Жаппай жұмыссыздықты қалай  жоюға болады?”. “Өндіріс қуаттарының  толық өспе қосымшалығын қалай  пайдаланып тауарларды артық  өндіруге болады?” деген өзекті  сұрақтарға  жауап беруді маңызды  көрді. Кейнс ұлттық табыстар, жинақтар, инвестициялар мен сұраныстар  арасындағы экономикалық пропорцияларға  қол жеткізу міндеттерін алға  қойды. Кейнсиандықтың басты экономикалық  идеясы инвестициялар мен жинақтар  арақатынасын талдаумен, “Тиімді  сұраныс” (кейнсиандықтардың негізгі  категориясы) сияқты макроэкономикалық  категорияларды зерттеумен байланысты. Дж. Кейнс, Бреттон – Вуд конференциясында  қабылданған, соғыстан кейінгі қаржы  қатынастарының негізі және Халықаралық  Валюта қоры (ХВҚ) мен Халықаралық  қайта құру және Даму Банкісін (ХҚДБ) құруға себеп  болды. Оның  бастамасы бойынша бір елдің  тауарларын өткізуден түскен  ақшаны, кез - келген басқа елдің  тауарларын сатып алу үшін  пайдалануды қамтамасыз ететін,  мемлекетаралық клирынгелікті одақ  құрылды. Бұл халықаралық квазивалюта  құру идеясы, өзінің сыртқы тапшылығын  жою үшін, одақтас - елдердің барлық  Орталық банкілеріне есеп- шоттар  ашуды қамтамасыз етті. Дж. М. Кейнс  теориясының мағынасы, дәстүрлі  келістердің экономикалық даму  процестерін жайғана қарастыру  емес ол, агрегирленген (агрегированный) категориялар ретінде, нақты  экономикалық  дамудың өзара байланыстары мен  функционалдарының тәуелділіктерін  зерттеудің жалпы теориялық негіздерін  қалап, олардың экономикалық даму  тенденцияларына тиетін әсерін  көрсетті. Кейнсиан теориясы мемлекеттің  белсенді экономикалық саясаты  жағдайындағы әлеуметтік, психологиялық, ұйымдастыру факторларының есебін  жүргізуді болжады. Сондықтан қазіргі  экономикалық  теория Дж. М. Кейнстің  экономикалық  дүние таныуы және  методологиясымен тікелей байланысты. Ол экономикалық даму процестеріне  әсер еткен алуан түрлі жағдайлар  мен факторларды кең түрде  түсіндіріп, ғылыми пәнінде  пайдаланды. Кейнс жаңа экономикалық категория  – “инвестициялар  мультипликаторларын”  ұсынды. Кез келген саладағы инвестициялардың  мәні өндірістің дамуына және  осы салаларда көптеген адамдарды  жұмыспен қамтушылықты тұдырады, ал ол, тұтыну заттарына деген  сұраныстың қосымша  көбейуне  әкеледі. Бұл салалар өндіріс  құралдарына деген қосымша сұранысты  білдіреді. Сөйтіп, инвестиция арқасында, жиынтық сұранысты, жұмыспен қамтуды  және табыстың көбеюін  тұдырады. Сонымен Кейнстің зерттеу методологиясының  ерекшеліктері мыналар:  қысқа  мерзімдік макроэкономикалық талдаудың  негізгі өлшемінің екі бірлігі  – ақша бірлігі мен еңбек  бірлігін құру;  экономикалық  ғылымдар теориясына өзгермелі (переменных)  басым көпшілік санымен өзара  байланыста негізделген, математикалық  үлгілерін (модельдерін)  енгізу.  экономикалық теорияның жаңа тілін құру – агрегатты шамалар уақытының қысқа мерзім аралығында аса аз өзгеретін санының тілі, содан соң осының көмегімен бүкіл экономикада  өзара байланысты төрт рыноктардың (тауарлар мен қызметтер рыногы, енбек рыногы, ақша рыногы және бағалы қағаздар рыногы) қызметіне  келіп тоғысуы;  экономикалық процесте  ұсыныстың негізгі ролін анықтау яғни бағаның көтерілуін күткен кезде, шаруашылық өмірі соған бейімделеді, ал содан соң бағаның одан да жоғары көтеруілін мүлде сезбейді;  капиталдың шекті тиімділігі түсіндігін енгізу – ол қалпына кетірілетін қайыра өндіріске енгізілетін негізгі капиталдың бірлігіне шаққанда келетін пайда қатынасының түсініктерін көрсетеді. 18.Классикалық саяси экономия дамуының кезеңдері Классикалық саяси экономияның өкілдері капиталистердің мүдделерін, олардың прогрестік ролін қорғады және капитализмді қоғамдық өндірістің мәңгілік  формасы  деп дәлелдеді. XVII ғасырдың ортасында өнеркәсіптің жекелеген салаларының (әсіресе сукно) маңызды түрде дамуымен капитализмнің ауыл шаруашылығына ептеп енуі басталды. Ендігі жерде  классикалық саяси экономияның өкілдері капиталдың  қорлану жинақтары айналым саласында  емес, өндіріс  саласында, осыдан туған проблемаларды шешуге кірісті   (1 үлгіні қараңыз) Атамыш  үлгі XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Англияда индустриалды өнеркәсіп өндірісі мен ірі жер пайдаланудың (оларға тән барлық қарамақайшылықтардың) дамуын көрсетеді. Классикалық саяси экономия дәл осы жаңа тап – өнеркәсіп капиталистерінің мүдделерін қорғау мақсатында туындады.     19.Классикалық саяси экономияны оқып-үйрету      әдістері мен пәнінің ерекшеліктері Англиядағы классикалық саяси экономия капитализмнің қалыптасу кезеңінде пайда болды. Классикалық саяси экономияның өкілдері капиталистік өндірісті зерттеп сонымен бірге, саяси экономияның ғылыми негізін қалады. К. Маркс жазғандай, «Классикалық саяси экономия - бұл, сонау У. Петтиден бастап буржуазиялық өндірістік қатынастардың ішкі тәуелділіктерін зерттеген,  бүкіл саяси экономия». Саяси экономия классиктері, зерттеу пәнін айналым аясынан өндіріс аясына ауыстырып, еңбек құн теориясы негізін  қалай отырып және капиталистік ұдайы өндірістегі қосымша құның кейбір формаларына талдау  жасау арқылы,  меркантилистермен салыстырғанда экономика ғылымының алға дамуына үлкен қадам жасады. Классикалық саяси экономияның өкілдері капиталистердің мүдделерін, олардың прогрестік ролін қорғады және капитализмді қоғамдық өндірістің мәңгілік  формасы деп дәлелдеді. XVII ғасырдың ортасында өнеркәсіптің жекелеген салаларының (әсіресе сукно) маңызды түрде дамуымен капитализмнің ауыл шаруашылығына ептеп енуі басталды. Ендігі жерде классикалық саяси экономияның өкілдері капиталдың  қорлану жинақтары айналым саласында  емес, өндіріс  саласында, осыдан туған проблемаларды шешуге кірісті  (1 үлгіні қараңыз) Атамыш  үлгі XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Англияда индустриалды өнеркәсіп өндірісі мен ірі жер пайдаланудың (оларға тән барлық қарамақайшылықтардың) дамуын көрсетеді. Классикалық саяси экономия дәл осы жаңа тап – өнеркәсіп капиталистерінің мүдделерін қорғау мақсатында туындады. 20.Классикалық саяси экономияның пайда болуының әлеуметті-экономикалық алғышарттары  Англиядағы классикалық саяси экономия капитализмнің қалыптасу кезеңінде пайда болды. Классикалық саяси экономияның өкілдері капиталистік өндірісті зерттеп сонымен бірге, саяси экономияның ғылыми негізін қалады. К. Маркс жазғандай, «Классикалық саяси экономия - бұл, сонау У. Петтиден бастап буржуазиялық өндірістік қатынастардың ішкі тәуелділіктерін зерттеген,  бүкіл саяси экономия». Саяси экономия классиктері, зерттеу пәнін айналым аясынан өндіріс аясына ауыстырып, еңбек құн теориясы негізін  қалай отырып және капиталистік ұдайы өндірістегі қосымша құның кейбір формаларына талдау  жасау арқылы,  меркантилистермен салыстырғанда экономика ғылымының алға дамуына үлкен қадам жасады. Классикалық саяси экономияның өкілдері капиталистердің мүдделерін, олардың прогрестік ролін қорғады және капитализмді қоғамдық өндірістің мәңгілік  формасы деп дәлелдеді. XVII ғасырдың ортасында өнеркәсіптің жекелеген салаларының (әсіресе сукно) маңызды түрде дамуымен капитализмнің ауыл шаруашылығына ептеп енуі басталды. Ендігі жерде классикалық саяси экономияның өкілдері капиталдың  қорлану жинақтары айналым саласында  емес, өндіріс  саласында, осыдан туған проблемаларды шешуге кірісті  (1 үлгіні қараңыз) Атамыш  үлгі XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Англияда индустриалды өнеркәсіп өндірісі мен ірі жер пайдаланудың (оларға тән барлық қарамақайшылықтардың) дамуын көрсетеді. Классикалық саяси экономия дәл осы жаңа тап – өнеркәсіп капиталистерінің мүдделерін қорғау мақсатында туындады. 21.Қазіргі экономикалық ой-пікір “Олимпі”: П.Самуэльсонның “Экономикс” еңбегі Қазіргі заманғы батыс экономикалық ойлар әр түрлі ағыстар мен мектептердің жиынтығын білдіреді. Мұнда үш негізгі бағыты бар: неоклассицизм, кейнсиандық және әлеуметтік – институционалдық бағыттар. Бұлар барлық құрылымдарды тамамдамайды, тек қана оған жалпы көрініс береді.  Кейнсиандық теория алдынғы бөлімде қарастырғандықтан. Мұнда неоклассицизм мен әлеуметтік – институционалдық бағыттың негізгі алғашқы пайымдарына тоқталамыз. Неоклассицизмді жақтаушылар әлі күнге дейін мемлекеттің экономикаға араласпауын тілейді. Бұған қарамастан капитализм рыноктық механизмінің арқасындағы сұраныс пен ұсыныс, тұтыну мен өндіру арасындағы динамикалық тепе – теңдікті қамтамасыз ете отырып  экономикалық процестерді реттейді. Неоклассиктер – еркін кәсіпкерлікті, тең мүмкіндікті, нарық күшінің еркін болуын, экономиканың өзін-өзі реттеу формаларын  жақтаушылар. Олар бірінші орынға инфляциямен күресу, бәсекелестікті, өндірістің тиімділігін арттыру мәселелерің қояды. Неоклассицизмнің теориктері жаңа міндеттердің іске асырылуының негізгі шарты деп әлемдік ҒТП кеңеюін есептейді. Маржиналдық экономикалық теория «Классикалық мектептің» құндылықтарын қайта бағалау арқылы экономикаға «маржиналдық революция» ретінде кірді. Маржинализмнің негізгі ойы фирма масштабындағы шекті экономикалық мөлшерді, салаларды (микроэкономика), сондай – ақ бүкіл халық шаруашылығының өзара байланысқан құбылыстарын зерттеу. П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:   - халықтың жалпы саны;   - жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;   - белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);   - халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес.   Осы көрсетілген факторлармен қатар, керісінше әсерін тигізетін теорияда екі фактор бар. Бұл алмастыру эффектісі - жұмыс орнын қамту тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі).   Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты. Жалақы өскен кезде әрбір атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды ұлғайтады, сондықтан еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс күші ұсынысының өсуіне әкеледі.   Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне қарсы бағытта қызмет атқарады. Жалақының өсуіне еңбеккер өзінің бос уақытын өсіру мүмкіндігі ретінде қарайды, яғни жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос уақытының өсуі еңбек ұсынысының төмендеуіне әкеледі. 22.Маржинализм және “Маржиналдық төңкеріс” Маржинализм — экономикалық теория. М. шекті өнімділік, шекті шығын, шекті пайдалылық табыстылықтың кему заңдарын, сұраныс пен ұсыныс заңдарын басшылыққа алады. 1870 — 80 ж. тарихи экон. ілімде “маржиналистік төңкеріс” дәуірі деп аталады. Шекті, маржиналдық тәсілді Австрия мектебінің негізін қалаушылар: К.Менгер (1840 — 1921), Ф.Визер (1851 — 1926), О.Бәм-Баверк (1851 — 1919) игіліктердің пайдалылығын зерттеуде тұңғыш рет қолданды. Жаңа класс. теорияны жасаушылар шекті талдауды тауар, көрсетілетін қызмет бағасының құралуын, бәсекелі рыноктегі өндіріс факторларын зерделеу үшін пайдаланды. Мұндағы өзекті мәселе — кемел бәсеке экономикасының тепе-теңдігін сақтау идеясы. Экономиканы сипаттауға микроэкон. көзқарас осы теорияның айрықша белгісі болып табылады. М. теориясында құндылықтың субъективтік сияқты ұғымдарғa негізделеді, шекті пайдалылықтың, өнімділіктің теориясы, шекті пайдалылық теориясы, жарасымды экономикалық теория, т.б. тұжырымдалады. Маржинализмнің негізгі ойы фирма масштабындағы шекті экономикалық мөлшерді, салаларды (микроэкономика), сондай – ақ бүкіл халық шаруашылығының өзара байланысқан құбылыстарын зерттеу. Маржиналдық теорияның өзгешелігі:  болып жатқан өзгерістерді сипаттау үшін шекті шараларды анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық талдаудың жаңа әдістерін қолдану;  маржиналистер экономиканы шаруашылық игілікке ие өзара байланысқан субъектілердің жүйесі ретінде қарастырады;  маржиналдық теория математикалық әдістерді кең қолданады, сонын ішінде дифференциялдық теңдеулерді;  маржинализмнің әдістемелік құралы экономикалық категориялардың бастапқы және қайталама сұрақтарын шешуге мүмкіндік жасауы. Қазіргі заманғы экономикалық әдебиеттерде маржинализмнің ізбасарларының негізгі принциптері (сондай–ақ «маржиналдық революция») бірінші және екінші «Госсен заңымен» сипатталады. Бірінші «заңға» сәйкес белгілі игіліктің өсуімен, игіліктің шекті пайдасы азаяды, ал екінші «заңға» сәйкес, тұтынудың (сұраныстың) оптималдық құрылымы барлық қолданылатын игіліктердің шекті пайдасының тепе – теңдігі кезінде жетіледі. Маржиналдық революция – классикалық экономикалық мектептің концепциясынан неоклассикалық теорияға ауысу. Маржиналдық революция екі кезеңге бөлінеді.  Бірінші кезең – ХІХ ғ. 70-80 жж. саяси экономиада тауар құндылығын анықтау шартымен тауардың шекті пайда теориясын бекітуге байланысты «субъективті бағыт» аталуына ие болды. Соңғысы психологиялық деңгейдегі нақты тұтынушының позициясымен қалыптасқан.  Екінші кезең – ХІХ ғ. 90 ж., бұған саяси экономианың «субъективті бағытынан» және заттардың пайдалылығын бағалаудың психологиялық аспектілерінен бас тарту тән. 23.“Маржиналдық төңкеріс” кезеңдерінің ерекшеліктері Қазіргі заманғы экономикалық әдебиеттерде маржинализмнің ізбасарларының негізгі принциптері (сондай–ақ «маржиналдық революция») бірінші және екінші «Госсен заңымен» сипатталады. Бірінші «заңға» сәйкес белгілі игіліктің өсуімен, игіліктің шекті пайдасы азаяды, ал екінші «заңға» сәйкес, тұтынудың (сұраныстың) оптималдық құрылымы барлық қолданылатын игіліктердің шекті пайдасының тепе – теңдігі кезінде жетіледі. Маржиналдық революция – классикалық экономикалық мектептің концепциясынан неоклассикалық теорияға ауысу. Маржиналдық революция екі кезеңге бөлінеді.  Бірінші кезең – ХІХ ғ. 70-80 жж. саяси экономиада тауар құндылығын анықтау шартымен тауардың шекті пайда теориясын бекітуге байланысты «субъективті бағыт» аталуына ие болды. Соңғысы психологиялық деңгейдегі нақты тұтынушының позициясымен қалыптасқан.  Екінші кезең – ХІХ ғ. 90 ж., бұған саяси экономианың «субъективті бағытынан» және заттардың пайдалылығын бағалаудың психологиялық аспектілерінен бас тарту тән. 24.“Маржиналдық төңкерістің” бірінші кезеңіндегі субъективизм теориялары Маржиналдық революция – классикалық экономикалық мектептің концепциясынан неоклассикалық теорияға ауысу. Маржиналдық революция екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең – ХІХ ғ. 70-80 жж. саяси экономиада тауар құндылығын анықтау шартымен тауардың шекті пайда теориясын бекітуге байланысты «субъективті бағыт» аталуына ие болды. Соңғысы психологиялық деңгейдегі нақты тұтынушының позициясымен қалыптасқан. Екінші кезең – ХІХ ғ. 90 ж., бұған саяси экономианың «субъективті бағытынан» және заттардың пайдалылығын бағалаудың психологиялық аспектілерінен бас тарту тән. 25.Монетаризмнің чикаголық мектебі. Филлипс қисығының пайда болуы.М.Фридменнің монетарлық тұжырымдамасы Филлипс қисығы.      Инфляция  жұмыссыздыққа да айтарлықтай ықпал жасайды. 1958 жылы ағылшын экономисі О.Филлипс осы ықпалды өлшеп көрсететін сұраным инфляция үлгісін (моделін) жасап ұсынған екен. 1861-1956 жылдар аралығында Ұлыбритания статистика мәліметтерін қолданып Филлипс еңбек ақы келісімдері мен жұмыссыздық деңгейлерінің арасындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты (функцияны) анықтаған.      Филлипстің  анықтауынша, Англияда жұмыссыздықтың 2,5-3%-тен артық өсуі бағалар мен жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы баға мен еңбек ақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығады. Басқаша айтқанда, ұлттық экономикада жұмыссыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру арқылы қысқартуға болады. Кейіннен американ экономистері Р. Солоу және П. Самуэльсон Филлипс қисығын жетілдіріп, оның жаңаша үлгісін жасап берген. Олар Филлипс моделінде еңбек ақы мөлшерлемесін (ставкасын) тауар бағаларының өсу карқынымен ауыстырады. Бұл түрінде Филлипс қисығы белгілі экономикалық саясатты жүргізу үшін, ең алдымен, жұмыспен қамту, экономиканың өсуі, бағаларды тұрақтандыру жағдайларын анықтауда қолданылады.  Филлипс қисығын жұмыссыздық пен инфляция баламасын, талдау құралы ретінде тек баяу инфляция жағдайында қолдануға болады деген пікір бар. Ал тосын инфляция жағдайында (мысалы, 70-ші жылдары энергия ресурстарына бағаның тосын өскен кезіндегідей) бағалардың күрт өсуі жұмыссыздықты бұрынғыдан да жоғары көтеріп жіберуі мүмкін. Басқаша айтқанда, статистикалық деректердің негізінде жасалған Филлипс қисығы ұзақ мерзім үшін тұракты экономикалык заңдылықты көрсетпейді.      Филлипс қисығының орнына 1979 ж. бастап АҚШ-та және Англияда «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деп аталатын теория қолданылатын болған. Бұл теорияның мәні мынадай: ұзақ мерзімде жұмыссыздықтың деңгейі оның табиғи деңгейінен артпаса ғана қоғамда баяу инфляция калыптасады, ал баяу инфляция экономиканың өсуіне, қоғамның оңды дамуына әсер ететін фактор болады. Монетаризм – бұл кейнсиандыққа қарсы шыққан бағыт, «еркін нарық», «мемлекеттің араласпау» идеяларын қорғаушы, мұнда ақша теориясы басты мәселе ретінде қарастырылады. Монетарлық мектеп шеңберінде ақша және ақша процестері талданады. Осы заманғы монетаризм орталығы Милтон Фридмен (1912 ж.т.) бастаған АҚШ-тың Чикаго мектебі. Оның ең бірінші назар аудартқан еңбегі «Позитивті экономикалық ғылымның әдістемесі» (1953ж.) болды. Фридман позитивті және нормативті экономикалық теория арасын батыл түрде ашты прогресс тек позитивті негізінде ғана мүмкін деп берік мәлімдеді. Фридменның басты еңбектері мыналар: «Позитивті экономика очерктері» (1952 ж.), А.Шварицпен бірігіп шығарған кітап – «Құрама Штаттарының монетарлық тарихы, 1867-1960 жж.» (1968ж.) Өзінің қалыптасуында, М.Фридменның монетарлық коцепциясы бірнеше кезеңнен өтті: 50-ші жылдар – перманентті табыс теориясын жасау; 60-шы жылдар – шаруашылық циклдің монетарлық теориясын жасау; 70-ші жылдар – номиналды табыстың монетарлық концепциясын жасау және ақшаның негізгі экономикалық параметрлерге әсерін түсіндіру. Монетаристер кейнсиандық талдаудың негізгі қағидаларына қарсы тұрады. Мәселен, М Фридмен сұрансты мемлекеттің экономикаға араласу шараларымен реттеу бағдарламасына қарсы шықты. Ол бюджеттік дефицит саясатын жиынтық сұранысты жандандыру құралы ретінде жоққа шығарады. Монетаристер кірістің пайда болу көз өндірісті емес , барлық көріністегі байлықты есептеді. Байлықтың негізгі бес түріне М.Фридман ақшаны, облигацияларды, акцияларды, физикалық игіліктерді, адам капиталын жатқызады. Модификацияланған сандық ақша теориясы негізінде монетаристер кейнсышылармен «макроэкономика-ақша» бағытында мынадай үш деңгейде қарсы шықты: Ақша айналысы жылдамдығының тұрақты- тұрақсыздығы туралы мәселе «түйінді» болды. Монетаристік концепция ақшаның сандық теориясына сүйенеді. Оның мәні : тауардың бағалары ақша қаражатының мөлшерімен белгіленеді. Ақша көлемі артса- баға да өседі және керісінше ақша азайса баға да арзандайды. Ақшаның негізгі қасиеті өтімділігі. Өзінің сандық теориясын түсіндіруде Фридмен әркімнің сұранысы байлықтың мөлшерімен, баламалы активтерге ие болу, пайданы шығарып алуға ұмтылу мен шектелетіндігін көрсетеді.Ақша көп болғанда оны бағалы қағаздар сатып алуға, қосымша пайда алуға пайдаланады.Ақша ұсынысынан ақшаға сұраныс салыстырмалы түрде тұрақты. Ақшалай сұранысқа кірістерден басқа әсер ететіндер: бағаның деңгейі, проценттік ставканың мөлшері. Ақша ұсынысы айналыстағы ақшаның санын білдіреді. Ол ақша эмиссиясының мөлшерімен, коммерциялық банктерін несиелермен, бағалы қағаздардың сату-сатып алумен анықталады. Ақшы массасының сұранысымен ақша ұсынысы арасындағы сәйкестік нарықтың өзін-өзі реттеу механизмін қамтамасыз етеді. Егер ақша ұсыныс азайса, онда несие шарты қатаяды, проценттік ставка көтеріледі. Осының нәтижесінде ақшаға сұраныс біраз төмендейді, ақшаның бір бөлігі пайдалы активтерді сатып алуға пайдаланатын болады. Ақшаға сұраныс пен ұсынысының тепе-теңдігі бұзылады, одан кейін ол жаңа нүктеде тоқтайды. Осы жағдайда орталық банк өз саясатын түзетеді - ақша ұсынысы артады, ставка төмендейді. Процесс кері бағытта жүреді. Осыдан Фридмен мынандай қортынды шығарды:  Нарықтық экономикада, сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңділікті қалпына келтіруге кедергі жасамау керек;  Егер ақша массасының қарқыны тауар массасының өсу қарқынынан артса немесе керісінше ақша массасы тауар айналысының өсім қарқынынан артта қалса, онда жағымсыз ауытқулар пайда болып, экономикалық дамудың тұрақтылығы бұзылады;  Ақша массасының өсуі бағалардың орнықтығын қамтамасыз ететін қарқынмен жүріп, ұлттық жиынтық өнім (ҰЖӨ) динамикасына сәйкес келуі тиіс. Фридменнің пікірі бойынша ақша саясатының проблемасы сұраныс пен оның ұсынысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде жатыр. Фридменнің ойынша, ақшаның өсімі ұлттық жиынтық өнімнің өсуіне сәйкес болуы тиіс. Фридмен айналыста болатын ақша массасының өсу қарқыны іскерлік циклдің қозғалысына байланысты екендігін анықтайды. Ғалым экономикалық циклдің шындарының орташа айналыстағы ақша массасының максимум мен салыстырғанда 16 айда құрайтын заңдылығын анықтады, ал олардың орташа кемуі – оның минимумынан кем 12 ай. Осылардан ол мынандай қортынды шығарды: ақша несие саясаты шеңберінде проценттік ставкаларды емес, ақшалай ұсыныстың өсім қарқынын тұрақтандыру керек. Фридмен монетарлық ережені заңдылықпен белгілеуді жақтады, ақшалай ұсыныс жыл сайын сол қарқында нақты ҰЖӨ әлеуметтік өсімнің жыл сайынғы қарқыны сияқты сол қарқының артуы тиіс, яғни 3-5% не. 26.Неміс тарихи мектептерінің жалпы мінездемелері. А.Мюллер мен Ф.Листтің экономикалық ой-пікірлері Ф.Лист (1789-1846 жж) “ескі” тарихи мектептің өкілі және оның негізін қалаушы болып саналады. Оның негізгі еңбегі – “Саяси экономияның ұлттық жүйесі” (1841). Оның экономикалық көзқарастарынша: “Әрбір елге өзіндік ұлттық саяси экономия тән, сондықтан да жекелеген елдердің экономиясы өзіндік заңдары бойынша дамиды” деген. Сондықтан да Лист: “Герман мемлекеті, біртұтас жалпы ұлттық нарық құру және ұлттық экономиканы шетелдіктер тарапынан, ең алдымен ағылшын кәсіпкерлері тарапынан болатын бәсекелестіктен қорғау мақсатымен, экономикаға белсенді араласуы тиіс” – деп бекітті.Экономист – тарихшылар бірте-бірте саяси экономияны экономикалық тарих пен экономикалық саясатпен алмастыра отырып, өз тұжырымдамаларын осы рухта әзірледі. Саяси экономияны, ұлттық ғылым ретінде ғана емес, сонымен бірге, табиғи даму ерекшеліктерімен, халықтың сипатымен, оның мекемелері мен институттары арқылы айқындалатын, ұлттық шаруашылықты зерттеп-үйренуге шақыратын ғылымға тән болды. Лист ұлттық саяси экономиканың міндеті, ұлттық өндіргіш күштерінің дамуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды айқындаудан тұрады деп санады. Оның түсінігі бойынша ұлттық байлық оның өндіргіш күштерінен тұрады.Өндіргіш күштердің дамуына талдау жасау негізінде ол өндіріс дамуының үш  сатысын: егіншілік, егіншілік - өнеркәсіптік және өнеркәсіп сатыларын бөліп көрсетті. Классикалық және неоклассикалық бағыттарға қарсы ара салмақ ретінде ол протекционистік мемлекет саясатын қорғады.Әлемдік сауданың маңызын қарастыра отырып, ол әлемдік нарықта,  бәсекеге қабілеті жетпейтін экономика салаларын дамыту қажет деп санады. 27.“Неоклассикалық синтез” тұжырымдамасының пайда болуы «Неолиберализмнің»  белгілі өкілдеріне американ экономисі  Людвиг Мизес (1881-1973 ж.ж.) Чикаго мектебінің экономисі Милтон Фридман (1912 ж.ж.) Германиядан  — Фредрих Август фон Хайекті (1899-1964 ж.ж.) жатқызамыз. Чикаго мектебі насихаттап жүрген экономикалық ілімінің қазіргі әдісінен осы бағытқа «монетаризмді» айтуға болады. Экономика тұрақсыздығының басты ошағы ақша аясында жатыр және оны реттеудің мәнісі шамалап бұзылған ұдайы өндіріс циклын жоюда болып табылады. «Монетаризмнің» басты стратегиясы – экономикалық өсудің мүмкіндігі мен тиімділігін қалпына келтіруді, мемлекеттік бюджеттен экономикаға ынталандыру салымын алмай жүзеге асыру.      Осы тенденцияның айқын көрінісі американ экономисі Пол Антони Самуэльсонның (1915 ж.) «Жаңа неоклассикалық синтез» теориясы болып табылады. Жаңа неоклассикалық синтез теориясының түсіндіруінше «еркін бәсекеге адамдар жұмыспен толық қамтылмайды және ресурстар түгелдей игерілмейді». Мемлекеттің экономикаға араласуы дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмай, «толық жұмыстылықты» қамтамасыз етуі қажет. Алайда, белгілі шеңберде бәсекелестіктің болуын қалайды. Кәсіпкерліктің жеке және мемлекеттік түрлерінің араласуымен – нәтижесінде аралас экономика пайда болады. «Таза жұмыстылық» жағдайында «шекті пайдалылық» және «шекті өнімділік» теориясында баяндалған классикалық принциптер өзінің «заңды күшіне» ие болып, ол Пол Самуэльсонда негізгі құн мен табысты үйлестірудің теориясы ретіңде қарастырылған. Нарықтық коньюктура тұрғысынан қарастыра отырып, Пол Самуэльсон екі бағыттағы экономист өкілдерінің ұсынысын қолданған. Оның Жаңа неоклассикалық синтез теориясы ерекше жаңалыққа жатпайды және ол екі бағыттың негізгі принциптерін экептикалық қосудан туындап, экономиканы мемлекетік реттеу теориясының басымды ролі атқаратындығын көрсетеді. Пол Самуэльсон өзінің «Жаңа неоклассикалық синтезіне» американ экономисі Джон Кеннет Гэлбрейттің (1908 ж.) негізгі тұжырымдамаларын қосқан. Дж.Гэлбрейт ғылыми-техникалық революцияға және экономиканы реттеудің түрлері – үкіметтің өзара ұзақ мерзімді келісімімен, ірі корпорация мен кәсіподақтың мәмілелеріне ерекше мән берген. Бұл ұсыныстардың басты мақсаты – мемлекеттік бақылауды күшейтіп, әлеуметтік ұтымды тәсілін кеңірек қолданып. әлеуметтік қақтығыстарды бәсендету еді. 28.Неолиберализмнің пайда болуы мен ерекшелігі Неолиберализм (ағылш. neoliberalism) - XX ғасырдың 70-ші жылдары пайда болып, 80-90-шы жылдары шырқау шегіне жеткен саяси экономикамен философияның бағыты. Неолиберализм экономиканы мемлекеттік реттеуді мойындамайды, еркін нарық пен шексіз бәсекелестікті экономикалық даму негізіндегі әлеуметтік әділеттікке жету мен дамуды қамтамасыз етудің негізгі құралдары ретінде қарастырады. Неолиберализм XX ғасыр ортасында бірлесу үрдісін, әлеуметтік әріптестік және қорғау, бәсекелестіктің мемлекеттік реттеумен сәйкес келуін күшейтуді ойластыратын либералдық идеялардың әзгеріске ұшырауына оппозиция ретінде пайда болды. Неолиберализмнің теориялық негіздері монетаризммен, Р.Манделл, А. Флеминг идеяларымен тығыз байланысты. Неолиберализмнің экономикалық саясаты экономиканың дамуын тежейтін протекционизмді жоққа шығарады. Неолиберализм кейдежаһанданудың экономикалық идеологиясы ретінде қарастырылады, оның идеяларына Халықаралық валюта қоры, Бүкіләлемдік банк, Бүкіләлемдік сауда ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар арқа сүйейді. Неолиберализмнің әлеуметтік тұжырымдамасы қоғамдық байланыстардың барлық түрлерін нарық тұрғысынан түсіндіреді: әрбір адамның өмірі кәсіпорындағы ұйымдастырушы еркін кәсіпкер ретінде қаралады, ал кез келген әлеуметтік өзара іс-әрекет - келісімшарт (сату-сатып алу актісі). Неолиберализм философиясында нарықтың болуы, қызмет етуі - шексіз өзіндік құндылық, ал тұтыну идеологиясы (консюмеризм) этиканың басты негізі ретінде қарастырылады. «Неолиберализмнің» белгілі өкілдеріне американ экономисі Людвиг Мизес (1881-1973 ж.ж.) Чикаго мектебінің экономисі Милтон Фридман (1912 ж.ж.) Германиядан — Фредрих  Август фон Хайекті (1899-1964 ж.ж.) жатқызамыз. Чикаго мектебі насихаттап жүрген экономикалық ілімінің қазіргі әдісінен осы бағытқа «монетаризмді» айтуға болады. Экономика тұрақсыздығының басты ошағы ақша аясында жатыр және оны реттеудің мәнісі шамалап бұзылған ұдайы өндіріс циклын жоюда болып табылады. «Монетаризмнің» басты стратегиясы – экономикалық өсудің мүмкіндігі мен тиімділігін қалпына келтіруді, мемлекеттік бюджеттен экономикаға ынталандыру салымын алмай жүзеге асыру. 29.О.Бем-Баверктің және Ф.Визердің экономикалық ойлары Австриялық мектептің басқа  өкілі Ойген фон Бем-Баверк (1851-1914 жж.) К. Менгердің оқушысы және ізбасары. О. Бем-Баверк негізгі ғылыми еңбектері «Капитал және пайда» (1884 ж.), «Капиталдың позитивтік теориясы» (1889 ж.), «Шаруашылықтың игілік құндылығы теориясының негіздері» (1986 ж.). О. Бем-Баверк К. Менгердің пайданың шекті теориясына қарай адамның қолдануындағы игіліктердің «шекті пайдалылығын» белгілейді. Осыны дәләлдеу үшін О. Бем-Баверк жалғыз қоныстанушыны мысалыға келтірді: Оны басқа дүниеден бөліп, орман ішінде оқшауланған, жеке адам өзінің жерінен жинап алған бес қап астығын дұрыс пайдаланудың есебін жасайды;  1-ші қапты келесі егінге дейін аш қалмау үшін қолданады;  2-шіні – өзінің денсаулығы мен күшін қалпында сақтау үшін тамақтану;  3-ші наннан басқа да, ет жеу үшін, құстарды асырауға жұмсайды;  4-ші наннан жасалған «шарапқа» жібереді;  5-ші – қап тоты құстарына кетеді. Яғни, О. Бем-Баверктің айтуынша әрбір нақты игіліктің пайдалылығы бір қалыпта қалмайды. Ол қажетті игіліктердін ұлғаюына байланысты керектілік. Қажетердің бір қалып еместігі бес қапқа ие болып оның бағасын қанағаттандыру үшін емес, өйткені «тотықұстарды ұстау + ет тағамы + денсаулықты сақтау + өмірді сақтау – бұл бес есе емес, тотықұстарды ұстаудан жоғары. О. Бем-Баверк өзінің назарын «математикасыз» өндіріс факторларына баға белгілеу проблемаларына бағыттады. Оның зерттеу сферасына тек айырбас қана емес, өндіріс және бөлу категориялары да кіреді. О. Бем-Баверктің айтуынша «заттың құндылығы осы заттың шекті пайдалылығының шамасымен өлшенеді. Шекті пайдалық деп Маржиналистер қосымша пайданың шамасын түсінген. О. Бем-Баверктің жетістіктерінің бірі «күту теориясы» болып табылады. Онда ғалым капиталға пайданың проценттің пайда болуын негіздейді. Оның ойы бойынша  капиталға пайда уақытша игілік арқасында, пайда болады онда өндіріс құралдары соңғы өнімге айналады, осы құралдар мен өнім құндылықтарынан айырмашылық туындайды (процент) дейді. Фридрих фон Визер  (1851-1926 жж.) К.Менгер жақтаушы, «австриялық мектеп» ілімдерін насихаттап, жетілдіруіші. Оның негізгі еңбектері: «Экономикалық құндылықтар және оның  заңдарының пайда болуы» (1884 ж.), «Табиғи құндылық» (1889 ж.) және «Қоғамдық шаруашылық теориясы» (1914 ж.).   Фридрих фон Визер өзінің алдындағылары сияқты макроэкономикалық талдау, экономикалық мәселелерді математикалық емес әдістермен шешу, құндылықты, бағаның өндіріс шығындарын пайдануда субъективті қабылдауға артықшылық берді. Ол жалпылай  тиімділікті анықтаудың мультипликативті әдісін ұсынады. Бұл әдістін мәні игіліктің шекті пайдасын бірыңғай игіліктерге көбейткенде көрінеді. Өз ілімдерінде Фридрих фон Визер  «шаруашылықты жекелей ұйымдастыру» тұжырымдамасын негіздеді. Ғалымның  ойынша меншіктің жеке формасы ең тиімді, ең пайдалы түрі, бұл меншіктің жүз жылдаған әртүрлі формаларымен дәлелденген деді.   Дәйіктер ретінде ғалым, біріншіден шаруашылық игіліктерінің шығындарына ұқыпты қатынас қажеттілігін; екіншіден «менікі» және «сенікі» деген сұрақтардын маңыздылығын; үшіншіден, меншікті шаруашылықты пайдалану үшін құқықтық кепілдіктерді көрсетті. Шекті тиімділік тұжырымдамасының негізгі ережелер мыналар:  Игіліктердің құндылығын зерттеу негізі тұтыну сұранысының талдауы қойылады. Мәні шығындарға емес, нәтижелерге ие.  Негізгі тұтыну сұранысын зерттеу.  Шекті пайданы талдау адамдардың уәжін (мотивін) зерттеуімен байланысты.  Өндіріс құралдырының құндылығы еңбек шығындарымен емес, тұтыну тауарлардың шекті тиімділігі мен анықталады. Игіліктер айырбасы саудаға қатысушыларының субъективті бағалуларының  «тепе-теңдік» принципі негізінде бағаның туымен бітеді 30.П.Буагильбердің экономикалық ілімі, оның қоғамдық байлық тұжырымдамасы. Ф. Кенэ-физиократтық ілімнің негізін қалаушы Пьер Буагильбердің (1646-1714 жж) негізгі шығармалары: «Францияның жай-күйін толық сипаттау» (1696 ж) – меркантилизм саясатын қатаң түрде сынау; «Байлық табиғаты туралы трактат» (1707 ж) – Франция экономикасының дағдарысты жағдайын сипаттау; «Франция айыптайды» (1707ж) – ауыл шаруашылықты  байлықтың  көзі ретінде негіздеу. П.Буагильбердің еңбектерінің басты мақсаты меркантилизмді сынап, ауыл шарушылығын дамыту болды. Оның ойынша ауыл шаруашылығы экономияның өсуі мен мемлекет байлығының негізгі көзі деген пікірі- Францияның экономикалық идеясында XVIII  ғасырдың орта кезіне дейін сақталды. Осы кезде П. Буагильбердің ойы мен танысқан король Людвиг XIV  мануфактураны ұлғайтуға мемлекеттік протекция (қолдау) көрсетіп француз тауарларын экспортқа шығаруды қолдады, сыртқы – импортты тежеп, ауыл шаруашылығы өндірісіне жоғары салық салуды заңдастырды. Бұл өнеркәсіп өндірісінің дамуын тежеп, ұлттық шаруашылыққа үлкен зиян келтірді. Фермерлік ауыл шаруашылық экономикалық қатынас қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының шешуші күші деген физократтардың ойларын қолдаған . П. Буагильбер “Франция айыптайды” деген еңбегінде үкіметті қатты сынады, сол үшін бұл кітапқа тіпті тыйымда салынды, осыған қарамастан Буагильбер үкіметті сынаған жерлерін алып тастап, экономикалық реформаны жүргізудің керектігін дәлелдеп, кітапты үш рет қайта шығарды. Бірақ үкімет министірлерінен қолдау таба алмады. П. Буагильбер , У. Петти сияқты меркантилистерге қарсы қоғамдық “байлықтың” өзіндік концепциясын берді. Оның пікірі бойынша ақшаның байлығы оның жиналған массасында ғана емес, сонымен бірге қажеттілікті қамтамасыз ететін заттарды – тауарларды (нан, ет, сүт,  шарап, киім-кешектер және т.б).. жатқызды. Мұндай “байшылық” жер иеленушілердің жақсылығынан, ақшаның  көптігінен емес, жерді өңдеп, оны уақытында дайындап егін егіп, еңбек сіңіріп, өнім алу керектігін, онсыз өмір сүру мүмкін еместігін дәлелдеді. Жалпы П. Буагильбер бойынша экономика ғылымының басты міндеті тек қана ақшаны көбейту ғана емес, сонымен бірге тамақ пен киімді көп өндіру, яғни      У. Петти сияқты саяси экономия пәні өндіріс саласын талдап, айналым саласына  қарағанда оның қоғам дамуына, байлықтың өсуіне маңызы жоғары екендігін мойындады. Буагильбердің өндіріс пен айналыс қатынастарын зерттеу тәсілдерінің ерекшелігі:  Шектелмеген еркін бәсеке жағдайында экономиканың тепе-теңдігіне сену;  Ұлттық экономика үшін жеке-дара мүддені (жеке меншік), қоғамдық мүддеден жоғары санау;  Шаруашылық өмірінде ақшаның маңызы мен ерекшелігін бағаламау;  өнеркәсіп пен сауданың маңызын жоққа шығару. Англиядағы Петти сияқты Буагильбергеде  еңбек құны теориясын негіздеуші деген  (Петтиге тәуелсіз түрде) ат берілді.  Ол «нақтылы құн» шамасы еңбек шығындарымен анықталады деді. Пьер Буагильбер ауылшаруашылық өндірісі францияның экономикалық өсуінің негізі деп санады. Сондықтан да ол, ақшаны ғана емес, тауар мен заттардың бүкіл алуан түрін «байлық» деп санай отырып, өнеркәсіпті  бір жақты көтермелеуге қарсы күресті. Петти тауар құнын ақша формасында білдірсе, Буагильбер оның сөзсіз болатындығын  түсінбей тауардың ақша формасын елемеді. Ол «нақтылы құны» бойынша тауарларды айырбастауға ақша кедергі жасайды деп санады. Пьер Буагильбер ақшадан негізгі зұлымдық пен халықтың кедейлену себептерін көрді, сондықтанда ол тауарлы өндірісті сақтай отырып, ақшаның “билігін”, жою керек немесе оның рөлін қарапайым айналым құралына дейін түсіру керек деп болжады. Ол тауарларда жинақталған құн, өзгеше тауар ретінде, ақшаның көмегімен сырт түрінде көрінуі мүмкін екендігін түсінбеді. Буагильбер классикалық саяси экономия мүшелерінің ішінде, жалғыз ақшаны жоюға шақырды, себебі, тек ақша ғана тауарларды шын құн бойынша айырбастауды бұзады  деді. Француз экономист-социологтары С.Сисмонди мен П.Прудон жүз жыл өткеннен кейін, классикалық мектептің көп ережелерін (теорияларын) жоққа шығарып, өздерінің реформаторлық бағдарламаларында П.Буагильбердің идеяларын қолдады. Мысалы С.Сисмонди халықтың қал жағдайын жақсартуды үкіметтен  күтті, утопиялық тілектер мен ғылыми- техникалық прогресс сәйкес келмейтіндігін түсінбеді. П.Прудон ақшаны жоюды қолдады, утопия мен анархияға толы реформаторлық идеяларды да мойындады. Пьер Буагильбердің классикалық саяси экономия алдында сіңірген  еңбегі құнды жұмсалған жұмыс уақытымен анықтаудан ғана тұрмайды, сондай-ақ, ол Франциядағы физиократтардың ізашары болып саналады.


Информация о работе Кейнсиандықтың пайда болуының тарихи жағдайы